Xix ғ. Екінші жартысы – XX ғ. Басындағы ертіс өҢіріндегі



бет1/6
Дата28.01.2018
өлшемі2,07 Mb.
#34673
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

С.Н. Мамытова




XIX Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ

XX Ғ. БАСЫНДАҒЫ

ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Оқу құралы



Павлодар


Кереку

2009


УДК 94:338 (574.25)

ББК 63 (5 Каз)

М 21

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы ҚР БжҒМ-нің жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік қеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:

Ж.Б. Абылхожин – тарих ғылымдарының докторы, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының бас маманы;

Қ.Р. Несіпбаева - тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих кафедрасының меңгерушісі;

Р.Ж. Қадысова - тарих ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмысы жөніндегі проректоры.


Мамытова С.Н.

М 21 XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы

Ертіс өңіріндегі кәсіпкерліктің даму тарихы : оқу құралы /

С.Н. Мамытова. – Павлодар : Кереку, 2009. – 114 б.


ISBN

Бұл оқу құралында XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы Ертіс өңіріндегі кәсіпкерліктің даму тарихының кейбір қырлары қарастырылған. Бұнда автор кәсіпкерліктің даму тарихын аймақтық ерекшеліктерді есепке алып біртұтас жүйе ретінде қарастыруға тырысты. Зерттеу ҚР МОМ, ШҚО ММ, Омбы, Алтай және Тюмень облыстарының Мемлекеттік мұрағаттары, Ресей мемлекеттік әскери-тарихи мұрағатының (Мәскеу қ.), Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатының (Санкт-Петербор қ.), сонымен қатар жарияланған статистикалық және анықтамалық жинақтардың негізінде жазылған. Оқу құралы университеттің студенттері мен магистранттарына, тарих мамандықтарына және тарихты қызығып оқитын оқырман қауымға арналған.

УДК 94:338 (574.25)

ББК 63 (5 Каз)

ISBN

© Мамытова С.Н., 2009



© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2009

Кіріспе
Ұсынылып отырған оқулық С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті тарих және құқық факультетінің магистратурасында (тарих - 6N0203) және бакалавриатында (тарих - 520330, 050203) оқылатын «XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы Ертіс өңіріндегі кәсіпкерліктің даму тарихы» курсын тындаушы студенттерге арналады.

Қазақстанның егемендігі орнығып жатқан кезінде ұлттық экономиканың дамуы мемлекеттің алдында басты міндет болып табылады. Экономикалық жағынан гүлденген мемлекет болғаннан кейін, іс жүзіндегі тәуелсіздік жайлы айтуға болады. Кәсіпкерлік дәстүрлерінің қайта туу жағдайларында қоғамдастықтың тарихи тағдырына назары өте өсті. Осыған орай тарихшылардың алдында тарихи тәжірибе құралдарымен кәсіпкерліктің мүмкін қарымын тексеру, қателіктер жасамай оған баға беру міндеті тұр. Қазақстанда кәсіпкерліктің тарихи жағдайларының терең зерттеулеріне негізделіп, қазіргі заманғы мемлекеттік экономиканың құбылыстарын қайта ойластырудың жаңа деңгейіне шығуға болады.

Ертіс өңірі кәсіпкерліктің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктерін көрсетеді. Бүкіл Дала аймағынан Ертіс өңірінде ғана тауарлы егіншілік және малөнеркәсібі гүлдеді, бірінші өндірістік кәсіпорындар пайда болды, ірі жәрмеңкелік және стационарлы сауда дамыды, қалалар мен басқа тұрғылықты жерлер өсті, олардың көп бөлігі Ертіс өзені бойында орналасты. Осылайша, Семей облысында 64 поселкеден – 55-і Ертіс бойымен орналасты.

Бүгін тоталитаризмнің орнына өзінің басты бағдары ретінде әлеуметтік нарықтық мемлекетті жариялайтын үкімет келді. Бұл сөздің жақсы мағынасында, нарықтық қатынастардың зерттелуін, сонымен қатар және нарықтың революцияға дейінгі даму тәжірибесінің талдауын өзекті етіп жасайды. Экономиканы реформалаудың жаңа моделінің өндірілуі нарықтық қайта құрулардың тарихи тәжірибесін комплексті және барлық жағынан зерттелуіне негізделуі қажет. Бұл шеңберде, өлкеде кәсіпкер мен кәсіпкерлік бұрынғыны түсіну бүгінгі, одан да маңызды болашақ мүмкіншіліктерді түсінуге көмектесуі керек.

Сондықтан оқу құралының атауын «XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы Ертіс өңіріндегі кәсіпкерліктің даму тарихы» деп қарастыруды жөн көрдік.

Курстың негізгі мақсаты: XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы Ертіс өңіріндегі кәсіпкерліктің даму тарихына анализ жасау.

Қурстың негізгі міндеттері:

- кәсіпкерліктің қалыптасу үрдісінде тежейтін және тездететін факторлардың қатынасын қарастыру;

- Ертіс өңірінің дамуындағы кәсіпкерліктің орнын анықтау;

- кәсіпкерліктің әртүрлі түрлерін көрсету;

- кәсіпкерлік іс-әрекетінің дамуының негізгі бағыттарын анықтау;

- Ертіс өңіріндегі кәсіпкерлік іс-әрекетінің жалпылау тәжірибесін және ерекшеліктерін көрсету.

XIXғ. екінші жартысы – XXғ. басында қазақ қоғамының нарыққа бейімделуі, жекеменшік кәсіпкерліктің еркін дамуы және біртіндеп XXғ. Қазақстанның дамуының жаңа жағдайларға ену кезеңі болып келеді.

Бұл оқу құралында Қазақстанның бір бөлігіне жататын Ертіс өңірінің жері (Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан обл.) және Ресей (Омбы, Тюмень обл.) шеңберінде көрсетіледі. Аймақтың аталуы өлкенің басты су көзі болып табылатын Ертіске байланысты, ол өз бастамасын Қытайдағы Кайратын деген таудан алады. Содан соң Ертіс Зайсан уезінде ағады, ал сосын тура сызықпен дерлік оңтүстіктен солтүстікке қарай бүкіл Семей және Ақмола облыстарын кесіп өтеді, ал Омбы маңында Сібір теміржолымен шектеседі. Ертістің оң жағындағы жерлер Өскеменнен кең байтақ Батыс Сібірдегі Чанск өзеніне дейінгі жерлер Ертіс даласын құрайды, ал Омбыдан батысқа Тобол өзеніне дейінгі жерлер – Ішім даласын құрайды. Омбыдан төмен Ертістің көптеген ол құятын өзендері бар, мысалға сол жағында Ішімге құяды. Жағрафиялық жағынан сипатталған аймақ кәсіпкерліктің дамуына үлкен әлеуеті бар. Сонымен бірге, зерттеуді локализациялау біздің көзқарасымыз бойынша толығымен ақталған. Себебі бүкіл Қазақстанның кәсіпкерлік тарихы мұрасының жалпы толығымен бұл феноменнің жекелеген аймақтарда ерекшеліктері мен спецификалық ерекшеліктеріне акцент жасалғанда көрінеді.

Оқу құралында алғаш рет кәсіпкерліктің өлкелік ерекшеліктерін есепке алумен біртұтас жүйе ретінде дамуына баға берілді. Жұмыста сонымен қатар бұдан алдыңғы тарихнамамен жиналған дерекнамалық материалды концепциялық түрде қайта ойластыру болып келеді. Қазіргі заманғы теориялық-әдіснамалық тұрғыларынан революцияға дейінгі ұлттық кәсіпкерлік тарихының негізгі мәселелеріне талдау жасалған. Олар бұдан бұрын коммунистік идеологияға сәйкес қарастырылды. Негізінен, зерттеу жұмысы кеңес империясы кезеңінде адекватты зерттеу алмаған әлеуметтік топтың бір түрінің ұлттық буржуазияның қалыптасу үрдісіне талдау жасалды. Жаңа қорытындыларға ұлттық кәсіпкерліктің тәжірибесіндегі – кәсіпкерлік діл сияқты қиын мәселесін зерттеумен айналысты.

Бұл кітап – XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы Ертіс өңіріндегі кәсіпкерліктің даму тарихын зерттеудің бірінші талпынысын жасаған. Автор зерттеу жұмысының тақырыбының жаңашылдығына, дерекнамалық базаның жетіспеуіне байланысты оның барлық аспектілері толықтай қарастырылмаған және одан кейінгі ғылыми ізденісті талап етеді.

1 XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басында Ертіс өңіріндегі сауда-өсімқорлық кәсіпкерлік
1.1 XIX ғасырдың екінші жартысында – XX ғасырдың басындағы Ертіс өңіріндегі кәсіпкерліктің даму факторлары

1.1.1 XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басындағы Ертіс өңіріндегі кәсіпкерліктің тарихи алғышарттары

1.1.2 Кәсіпкерліктің дамуына тежеуіш әсер еткен Ертіс өңірінің ерекшіліктері

1.1.3 Ертіс өңіріндегі нарықтық инфрақұрылымының қалыптасуына және дамуына кредиттік мекемелердің рөлі.

1.1.4 Ертіс өңірінің транспорттық жүйесі.

1.1.5 XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы кәсіпкерліктің құқықтық негіздері.


XIX ғасырдың екінші жартысында – XX ғасырдың басындағы Ертіс өңіріндегі кәсіпкерлік экономиканың сауда-өсімқорлық, ауылшаруашылық саласында, сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіптің кейбір салаларында (ұн, темекі-шарап, тері және т.б.) табысты дамыды. Кәсіпкерлік іс-әрекетінің бұл салаларын бөлек қарастырылуы осы салалардың әрбіреуінің бір-бірінен автономды дамығандығын білдірмейді. Бүкіл дерлік революцияға дейінгі әдебиеттерде сауда мен өндіріс бірге беріледі. «Сауда-өнеркәсіптік тап», «сауда-өнеркәсіптік іс-әрекет» сияқты түсініктер жиі кездеседі. Бұл да кездейсоқ емес, себебі көпестердің көбі сауда саласында бастапқы капиталды жинап, кейіннен капиталды өнеркәсіптік бизнеске салуға тырысты. Ал соңғысы, белгілі болғандай, кәсіпкерлікті негізінен ауылшаруашылық өнімді өңдеу саласында көрсетті. Осылайша, кәдімгі өмірде сауда, ауылшаруашылық, өнеркәсіптік кәсіпкерлік бір-бірін толықтырып өмір сүрді. Ірі кәсіпкерлер өз капиталдарын жиі іс-әрекеттің әртүрлі кәсіпкерлігіне салды, себебі бір операциялардың бұзылуы басқалардың табыс табуымен компенсацияланады.

Кәсіпкерліктің талдауын қарастырғаннан бұрын, XIX ғасырдың екінші жартысында – XX ғасырдың басындағы өлкеде кәсіпкерліктің тарихи алғышарттарын, сонымен қатар бұл үрдісті тездететін және тежейтін факторларды анықтау қажет.

Ресеймен саяси бірлік Қазақстанның жалпыресейлік нарыққа енуіне мәжбүр етті. Бұл өлкеде кәсіпкерліктің және тауар-ақша қатынастарының кеңеюіне ықпал жасады. Бірақ, олардың тез және кең жайылуына Қазақстанды метрополияның аграрлы – шикізат отарын айналдыруына бағытталған саясаты кедергі жасады. Отарлық әкімшілік қазақтардан ең шұрайлы жерлерді тартып алып, оның қазақ шаруашылығына қалай әсер ететініне көңіл аударған жоқ. Мал шаруашылығына мал жайылатын жерлерде көшпенді жолдардың қоныс аудару жерлеріне айналуы үлкен зардап әкелді. Өлкені күшейтіп отарлаудың нәтижесінде қазақ халқы бірікті. Кәсіпкерліктің дамуының қолайсыз факторы болып табылатын нарықтың тарылуына әкелді.

Бұл үрдістің тежелуі сонымен қатар кәсіпкерлердің құқықтық жағынан әлсіз қорғалуынан болды. Кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынастары Сауда Жарғысымен реттелуі қажет. Сауда даласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің жағдайы өте қиын болды. Үлкен көлемдегі саудамен айналысу құқығы артықшылықтары бар көпестік шендердің өкілдері алды. Мұндай артықшылықтар жергілікті халыққа өте сирек берілетін. Үкіметтің қазақтарды саудаға тарту шешімдері жергілікті халықтың игілігін ойлаудан емес, ал ресей тауарларын сатудағы нарығын кеңейту үшін және қазынаға салықтардың көбеюі үшін жасалды.

Кәсіпкерліктің дамуына сонымен қатар капиталдың болмауы, мамандырылған кадрлардың жетіспеуі, сонымен қатар істерді басталған шаблондар бойынша жүргізу әдеті кедергі болды. Натуралды шаруашылықтың, әсіресе ірі сауда орталықтарынан және сауда жолдарынан алыс орналасқан жерлерде басым болуы кәсіпкерліктің дамуын тежеді. Кәсіпкерлікпен айналысқан бай адамдардың көбі негізінен өздерінің кедей құрдастарының төленбейтін еңбегіне негізделді. Күштеп жұмыс істеткізу жағдайында өндірісті жетілдірудің мүмкіндіктері өте шектелген болды. Капиталдың жетіспеуінің, нарықтық конъюнктураның тұрақсыздығы жағдайында саудада пайдаланылатын несиенің пайызы өте жоғары болатын. Бұның нәтижесінде кәсіпкердің несиені айналым құралы ретінде пайдаланған бүкіл дерлік пайдасы жойылды.

Істе бар болған салық жүйесі кәсіпкерлердің экономикалық белсенділіктерін шектеді. Ауыр салықтық қанау ең алдымен сауда-өнеркәсіптік халыққа қиын тиді. Сол уақыттың көптеген кәсіпкерлері салық ауыртпашылығы жайлы айтты, сол себептен өнеркәсіп пен сауда күйзеліске ұшырайды. Кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділікті тездететін салық саясатының қажеттілігі жайлы сауда мен өнеркәсіп өкілдерінің бүкіл съездерінде айтылады.

Ертіс өңірінің ерекшілігіне оның территориясының кеңдігі болды. Кәсіпкерлерге алыс жерлер, өлкенің сондағы дүниежүзілік сауданың дамыған коммуникацияларынан алыс болуы, транспорттық жүйенің әлсіз дамығандығы сияқты ауыртпашылықтарды басынан өткізуге тура келді. Кейбір кәсіпкерлер жолдарды жетілдіру талпыныстарын жасады, бірақ үкімет тарапынан қолдау болмағандықтан олар нәтижесіз болды.

1897 ж. санақ бойынша бүкіл Қазақстан халқының 3,6%, бұл 40 мыңға жуық адам саудамен айналысты. Бірақ, халықтың әртүрлі таптарының өкілдерінің саудада көп қатысуы кәсіпкерліктің дамуының жоғарғы деңгейін емес, керісінше Қазақстанда нарықтың қалыптасу үрдісінің бастапқы сатысын білдірді. Саудагерлерді, әсіресе минималды шығындарда жоғары пайданы алу мүмкіндігі қызықтырды. Баға тауардың жасалуына салынған ақшаға емес, ал оның сиректігіне және оған тұтынушылардың сұранысына байланысты болды. Бүкіл ресми құжаттарда далада тауарларға деген бағаның жоғары болуына тұрақты арыздар болды. Бұл жағдай қырда ірі капиталистердің жетіспеуімен қарапайым түрде түсіндірілді, бірақ олай болған жоқ. Басты себеп, ең алдымен қырда сауданың бірге жүргізілмеуінен және көпестердің үлкен «барыштарға» деген сараңдығына байланысты болды.

Өлкеде жекеменшік кәсіпкерліктің даму жолындағы басты факторлар ретінде, біздің пікірімізше, метрополия капиталистерінің монополиясы, жергілікті кәсіпкерлер үшін қолайсыз құқықтық жағдайлар және қаржы несиелік жүйенің дамымағандығы болды.

Сонымен қатар Ертіс өңірінде кәсіпкерліктің дамуын жеделдеткен факторлар да болды. Бұл өлкеде табиғат жағдайы қолайлы болды.

Қазақ кедейлігінің өсуі және аңшылықтың дамуы арзан жұмысшы күшінің қорын қамтамасыз етті. Халықтың көп бөлігі өз жұмыс күшін әртүрлі кәсіпкерлерге сату арқылы өмір сүрді. Бұл жайлы бұл кезеңде жұмысшы болып жалданған қазақтардан тартып алынған билеттік алымдардан түскен кірістер дәлелдейді. Мысалға, Семей облысында тек қана бір 1887 ж. ішінде кетпелі табыстарға 20154 билеттер берілді. Олардың ішінен Өскеменде 7028 билеттер берілді, Семейде – 6728, Қарқаралыда – 3656, Павлодарда – 2036, Зайсанда – 706.

Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуында демографиялық фактор, әсіресе қала халқы санының өсуі үлкен рөлге ие болады. Қала халқының өсуі малшаруашылығының ғана емес, сонымен қатар егіншіліктің де тауарларын сататын нарықтардың құрылуына әкелді. Ертіс өңірінің Омбы қаласы сияқты ірі кәсіпкерлік орталығында жыл сайын халықтың көбеюі байқалды. 1897 ж. санақ бойынша Омбы қаласында 37376 адам болды. 1914 ж. 1 қаңтарында, облыстық статистикалық комитеттің мәліметтері бойынша, Омбы қаласының халқы 137245 адамды құрады. Қала халқының тез өсуі Павлодарда да байқалды. Бұны келесі мәліметтер дәлелдейді: 1898 ж. қалада 7620 мың. тұрғын болса, ал 1910 ж. – 12350 мың болды. Қала халқының өсуі Ертіс өңірінің бүкіл қалаларына тән болды.

Қазақтар арасында кәсіпкерліктің таралуында арнайы маңызға салық салу жүйесі ие болды. Ол бойынша әрбір шаруа жыл сайынғы кибиткалық, жандық және т.б. салықтарды төлеу үшін ақша табуға міндетті болды.

Ертіс өңірінің инфрақұрылымының қалыптасуына және дамуына мемлекеттік, қоғамдық (қалалық банктер), кооперативті (өзара несие) және акционерлік сияқты мекемелер үлкен рөлді атқарды.

XIX ғ. 80 жылдары мемлекеттік банктер Семейлік Ертіс өңіріне, ал 1895 ж. мемлекеттік банктің бөлімшесі Омбы қаласында ашылды. Олардың іс-әрекеті табысты дерлік болды. Мысалға, Семей мемлекеттік банкінің айналымы 1893 ж. 19,9 млн. рублден 1905ж. 35 млн. рублге өсті. 1909 жылы Омбы мен Павлодарда сыртқы сауда жасау үшін Ресей мемлекеттік банкінің бөлімшелері ашылды.

Ертіс өңірінің бүкіл дерлік қалаларында қоғамдық банктер болды. Бірінші қоғамдық банк Петропавлда, ал кейін, 1875 ж. – Омбыда ашылды. Семейде - 1887 жылы ашылды. Кейін олар Өскеменде, Зайсанда, Кокпектіде пайда болады. Павлодарда сонымен қатар тағы екі банк жұмыс істеді. Павлодарлық және Павлодар уездерінің қазынасының банктерінің айналымы, мысалға, тек 1916 жылы бұдан алдыңғы 100 млн. руб. ретінде анықталды. Қоғамдық банктер өлкеде бизнестің дамуына көмектеседі.

Бұған дейінгі аталған несиелік мекемелермен бірге Ертіс өңірінде 1864 жылдан Орыс-Азиаттық, Сібірлік және Еділ-Камалық сияқты акционерлік банктер жұмыс істей бастайды. Негізінен бұл банктердің белсенді операциялары малшаруашылық шикізатын дайындауға және экспорттауға бағытталған. Кейін XX ғасырдың басында банктер бүкіл бидай шаруашылығының өнімдерін сату саудасын өз қолында ұстаған. Кемежай, сауда, өңдеу өнеркәсібінің кейбір салалары сияқты шаруашылық іс-әрекетінің ең пайдалы салаларын несиелеу олардың жұмыстарында үлкен орынға ие болды. Коммерциялық банктердің тәжірибесінде өлкенің жергілікті буржуазиясының перспективті бастамаларына қолдау жасау ісі кең етек алды. Ертіс өңірінде жұмыс істеп жатқан банктік жүйе көпестер мен саудагерлер үшін сауда операцияларын жеңілдетеді. Дала генерал – губернатордың мәліметтері бойынша, банктің 19 бөлімшелері бойынша айналымдар 1910 ж. 1739100 мың рублге, ал 1912 жылы 2338100 мың рублге жетті. Банк айналымдарының тез өсуі тауар-ақша операцияларының және сауда-өнеркәсіп капиталы іс-әрекетінің белсендеуін көрсетті.

1904 жылдың 7 маусымында үкімет жарғысымен мемлекетте тауар айналымын күшейткен ұсақ ауылшаруашылық және өнеркәсіптік несие енгізілді. Бай емес адамдардың, ең алдымен орта және ұсақ өнеркәсіптік және сауда буржуазиясының мүдделеріне қызмет көрсету үшін өзара несиелесу қоғамдастықтары құрылды. Осылайша, 1910 жылы Омбыда өзара несиелесу қоғамдастығы құрылды. Қоғамдастық жарғысымен минималды 10 руб. мүшелік салымы және максималды 10 мың руб. несие белгіленді. Несиелік мекемелер Ертіс өңірінде кең етек алды. Біртіндеп олар шаруашылықтарды несиелеуде орнықты орын алды.

Несиелік қоғамдастықтар өлкеде жеткілікті ақша болмағандығынан, оларды айналымға емес өнеркәсіпке жіберді. Бұл мекемелердің жаппай пайда болуы XX ғасырдың басына келеді. 1917 жылы олардың жалпы саны 700 жетті.

Несиелік қоғамдастықтар сонымен қатар ұйымдардың делдалдарына айналды. Бұл ауылшаруашылық халыққа өз өнімдерін жоғары бағамен сатуға мүмкіндік берді. Егер бұрын нан Плещеев диірменіне 1 пұтты 20-30 тиыннан сатса, енді несиелік қоғамдастықтар арқылы нанды шетел фирмаларына 1 пұтты 60 тиыннан сататын. Сонымен қатар несиелік қоғамдастықтар арқылы шаруалар вексельдер арқылы ауылшаруашылық машиналарын несиеге ала алатын.

Ұсақ несиелеу үрдісінің таралуы сонымен қатар қазақ халқында қамтыды. Қазақтардың нарықтық қатынасқа енгізілуі ақшаға деген қажеттілігін туғызды. Көп пайыз алатын өсімқорлардан несие алу өте пайдасыз іс болды. Сол себептен несиелік қоғамдастықтарды құру қажеттілігі өте өткір тұрды.

Өкінішке орай, несиелік мекемелердің ақшалай көмегі көбінесе халықтың жақсы тұратын табына тиді. Банктер өте ірі саудагерлер мен кәсіпкерлермен басым жұмыс жасағылары келді. Көптеген ірі көпестер жергілікті банктер бөлімшелерінің құрамына енді. Ірі коммерциялық банктердің орта қолды саудагерлерге қатысты дискриминациялық саясаты, яғни жоғарғы есептік пайызды қою (7%) және қысқа мерзімге несиелеу (9 ай тәуелді болуына) және өсімқорлық несиенің сақталуына әкелді.

Биржалар экономикалық өмірдің тамыр соғысы болып саналды. Олар XX ғасырдың басында сауда келісімдерін жасау үшін және бағалар мен тауарлар жайлы мәліметтер алу үшін жасалған кәсіпкерлердің жиналысын құрды.

Ертіс өңірінің іскерлік өмірінде 1910 жылдан жұмыс істеп жатқан Семейлік биржа маңызды орынға ие болды. Семейдегі сауда биржасының бірінші кезектегі мақсаты «жергілікті сауда мен өнеркәсіпті қолдау» болып келеді. Семей биржалық комитеті құжаттарының талдауы ол шешкен бірқатар мәселелерді көрсетеді. Мысалға, сауда-өнеркәсіптік тапты ұйымдастыру және Омбы қаласына сауда-өнеркәсіптік съезге делегацияны ұйымдастыру мәселесін қойды, сонымен қатар Семей сауда мектебін құруға қатысты, бүкіл тауарлар мен тамақтарға пайданың қалпын талқылады. Биржалық комитеттер өз қолына қалалардағы сауданы алуға тырысты. Капиталдың бастапқы жиналуы кезеңінде жабайы тауар айналымының өзенінде биржалар «өркениеттік кәсіпкерліктің аралдары» ретінде болды. Жалпы, биржалық және банктік айналымдардың маңызды түрде тірілуі сауда мен өнеркәсіптің көтерілуіне көмектесті.

Дамыған транспорт жүйесінің болуы кәсіпкерліктің дамуында маңызды шарт ретінде болды. Өлкеде басты сауда жолы ретінде өзендер болды. Олардың ішінде көрнекті рөлді Ертіс алды. Оның сауда-өнеркәсіптік маңызы ерекше кемежайлықтың дамуына байланысты өсті.

Ертісте бірінші кемелер әлі XIX ғасырдың 30 жылдарында пайда болды, бірақ кемежайлықтың Ертісте шын дамуын XIX ғасырдың ортасына жатқызуға болады. Павлодарға бірінші кеме 1861 ж. Кереку тұзын әкету мақсатымен келді. XIX ғасырдың екінші жартысында Жоғарғы Ертісте кеме қатынасын зерттеу басталады. Мұрағаттық материалдарда көрсетілгендей «1863 ж. «Ура» деп аталатын кеме жоғары Ертіс бойымен Өскеменнің қасынан өтеді және Нор-Зайсан және Қара Ертіс өзеніне енеді»[1].

Кейіннен Қара Ертіс бойымен кемежай жолдарын жасауда үлкен белсенділікті 1907 жылы Семейде пайда болған Орыс-қытай кеме қатынасы мен саудалық акционерлі қоғамы көрсетті. Қара Ертісті пайдаланудың нәтижесінде тауарларды тасымалдау дерлік көбейді. Қара Ертіс бойымен әкелінетін және жіберілетін тауарлар айналымы тек қана бірінші бесжылдық ішінде (1909-1914 жж.) екі есеге өсті. Бірақ ең көп жүретін кеме қатынасының жолы Семей мен Омбы арасында болды. Егер Семей мен Тюмень арасында тауар-пассажирлік кемелер жұмасына 3 рет өтсе, онда Омбы мен Семей арасында – күнде-күнде өтетін. Бұл тауарлар қоймасы бар 2 кеме тоқтайтын жер: біріншісі – өлкеге әкелінетін және одан әкетілетін жүктер үшін; екіншісі – өлкенің бүкіл оңтүстік-шығыс бөлігі үшін, сонымен қатар Жетісу мен Монғолия үшін болды. Кеме тоқтайтын жерден кеме қатынасына әкелінетін жүктердің көлемі Ертіс өңірінде экономиканың, әсіресе сауда кәсіпкерлігінің дамығандығын дәлелдеді. Егер 1880 жылдарда кемелер өзіне керекті жүктерді (25-100 мың пұт) әзер-әзер жинаса, онда 1892 жылы Семейде әлі 4 млн. пұт тапсырылды.

Кеме қатынасының дамуымен Ертіс бойында Жаңа-Омбы, Ақсу, Ертіс және т.б. сияқты көптеген сауда қоныстарының маңызы өсті. XIX ғасырда Ертісте кемежай мен сужайдың дамуымен байланысты сауда үшін пайдалы болашағы кәсіпкерлердің назарын аударды. Олардың ірілері кемежайлықтың және кемежай компаниялардың («Батыс-Сібірлік кемежай және сауда қоғамы», «Орыс-Қытайлық кемежай және сауда қоғамы», «Плотников М. және ұлдары сауда үйі», «Корнилов И.Н. және ұрпақтары сауда үйі» және оларға 46 буксирлі және тауар-жолаушы кемелердің) иелері болды.

Ұсақ компаниялардың отыннан жұмыс істейтін кемелері болса, ал ірі компаниялар мұнай мен мазутта жұмыс істейтін кемелерді («Ағайынды Нобель Қоғамының») және көмірде жұмыс істейтін кемелерді (Орыс-Қытай қоғамы) пайдаланды. Жол торабы министрлігінің мәліметтері бойынша 1899-1900 жж. Объ-Ертіс бассейнінде 132 кеме жүзді. Кемелерден кейін буксирмен сал-баржалар, баркастар, гусянкалар, қайықтар жүзді. Бірақ, жалпы, тасымалдардың көлемі үлкен болған жоқ, себебі Ертістегі навигацияның қысқа кезеңдері сауда қатынастарын эпизодтық қылды. Ертіс бойынша навигация мамырдан қазанға дейін жалғасты.

Өзен бойымен тауарлардың ең тіршілікті қозғалысы нан және әртүрлі мал өнімдерін: тері, жүн және т.б. тауарларды көктемде тасымалдаған кезде болды. Қыста тауарлар, аз мөлшерде көлік-арбамен, негізінен Ертістің оң жағымен Омбы-Павлодар-Семей трактымен тасымалданатын. Ертістің сол жағында Павлодар – Баянауыл – Қарқаралы тракты орналасты, мұнда қырға керуен жолдары жүретін. Павлодардан Қарқаралыға дейінгі Павлодарлық тракт Павлодар уезінің оңтүстік-батыс бөлігін, Қарқаралы қаласын және оған жататын аймақтар, және Ботовск-Коянды жәрмеңкесіне қызмет көрсетті. Негізгі сауда көлемі Омбыдан солтүстікке қарай 50 верст жерде Сібір трактымен өтті.

Ертіс өңір кәсіпкерлік күштердің келуі үшін және жергілікті кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін XIX ғасырдың екінші жартысында 90 жылдарда Ресейлік статистикалық жылнамалардың мәліметтері бойынша 1904 жылдың 1 қаңтарында Дала өлкесінің территориясы бойынша 443 км. теміржол торабы, 1913 жылдың 1 қаңтарына – 1149 км. салынды. Бірақ Семей облысында 1915 жылға дейін теміржол торабтары болған жоқ; ол экономикалық жағынан Сібір теміржолына Ертіс су жолы арқылы тартылды. Бірақ теміржол торабының жетіспеуіне қарамастан Семейлік Ертіс өңірінің Орталық Ресеймен қарым-қатынасы жылдан-жылға өсуде. Бұл тамақ жүктерінің теміржол тасымалдарының мәліметтері бойынша көрінеді.
Кесте 1 - 1912-1914 жж. Ақмола, Орал, Торғай областарының жолдарымен нанды тасымалдау көлемі


Жылдар

Жіберілген

(мың пұт)



Әкелінген

(мың пұт)



Әкелінгеннің жіберілгеннен көп

болуы (мың пұт)



1912

19629

10874

8755

1913

29112

2243

26869

1914

22755

2679

20076

Бұл тасымалданған нан өнімдерінің көлеміне Семей облысының наны да кірді, ол негізінен Омбыға Ертіс арқылы жеткізілді.



Ертіс өңіріндегі кәсіпкерлік 1915 жылы 21 қазаннан басталған Жаңаниколаевскіден Семейге дейінгі жекеменшік теміржолдың салынуының қатысуымен регулярді қозғалысты ұйымдастырғаннан кейін әсіресе кеңейді. Осы жолды салу алдында ірі кәсіпкерлердің арасында ұзақ тартыс болды. Себебі осы аймақтық жолдардың байлығы тиімді екендігі мәлім. Олар жолдар маңында егінжай жерлердің көлемінің өсуін, жақсы арам шөптің болуы малшаруашылығының дамуына көмектесетінін есепке алды. Сол себептен кәсіпкерлердің бұл іске деген қызығушылығы үлкен болды. Теміржол торабының болуы Ертіс өңірінің қалаларын ірі асулық орталықтарға айналу мүмкіндігін берді, олар сөзсіз, жергілікті өндірісті ынталандырады. Теміржол торабының дамуы арқылы бұрынғыға қарағанда мал шикізаты кең және алыс нарықтарға жеңіл ене алады. Теміржолдар өз бетімен ең алдымен Ресейдің, сонымен қатар Батыс мемлекеттерінің экономикалық ықпалдарының аймақтарын қалыптастыруда және өлкеде дүниежүзілік нарықтың қажеттіліктеріне бейімделген шаруашылық құрылымдардың пайда болуына болат каркастар ретінде болды.

XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы сауда кәсіпкерлігінің құқықтық негіздері бірқатар заң актілерінің құрамында болды, негізінен 1863 ж. 8 қаңтардағы қаулы. Ол қаулы 2 көпестік гильдияларды (үшеудің орнына) және сонымен қатар «ұсақ сауда», сонымен қатар «әкелушілік» және «апарушылық» разрядын енгізді. Кәсіпкерлік іс-әрекетімен айналысқысы келгендер тапқа қарамастан сауда жасау құқығына Куәліктерді сатып алуға міндетті болды. Көпестік куәліктер, жартыжылдық және жылдық куәліктер, 1-5 разряд саудасының куәліктері бойынша берілетін сауда құқықтары (1-і және 2-і гильдиялар) Салықтар жөніндегі 464 қаулының 1 қосымшасында болды. Сауда-өнеркәсіптік салықтар патенттік және билеттік болып бөлінді. XIX ғ. 60-жылдардың Заңдар жиынтығы сауда-өнеркәсіптік кәсіпкерлікте таптық шектеуліктерді тек формальді түрде жойды. Жағдай тек сауда мен өнеркәсіппен айналысуға құқығын 1898 ж. көпестік тапқа жазылу құқығына қарамастан берілгенде өзгерді. Бұл уақыттан сауданы тек гильдиялық көпестер ғана емес, сонымен қатар шаруалар да жүргізді. 1868 жылы қазақ далаларын артта қалған Сібірден бөлген кедендік торабтардан бас тарту ірі оқиға болатын.

Аймақтық кәсіпкерлік іс-әрекет жергілікті органдардың негізінен – Қалалық Дума мен Қалалық Басқарманың бақылауында болды. Олар сауда күндерін ауыл тұрғындарының қалалық алаңға ауылшаруашылық өнімдерін әкелуін қолдау мақсатында тағайындады. Сауданың регламенттеу Халық өнімдері жарғысымен (1902 ж.) жүргізілді. Осылайша, Жарғы бойынша, саудагерлер мен өнеркәсіпшілерге өнім заттарына бағаларды жоғарылату үшін және тауарларды тасымалдаушылардың әрекеттеріне қысым жасау ниетімен бағаларды түсіру үшін еуілдер, келісім-шарттар және басқа да келісім түрлерін жасауға рұқсат берілмеді (121 бап). Уақытша сауда орындарына қарамастан, қалаларда азық-түлік заттарын күнделікті сату үшін ерекше нарықтар, «жергілікті жағдайларға» сай ләпкелер ашылды (123 бап). Осылай, шаруалар арасында кәсіпкерлік іс-әрекетті қолдауға тырысты.

Үкіметтің прогрессивті бастамаларының бірі Павлодардан Қарқаралыға дейін Ботовская жәрмеңкемен сауда қатынастарын жақсарту үшін телеграф торабтарын өткізуге құралдарды табу талпынысы болды. Бірақ кәсіпкерлерге қатысты табиғи талпыныстардан шыққан мемлекет экономикасын күшейту үшін қорғаныш шаралар, әртүрлі құқықтық шектеуліктермен және жекеменшік іскерлік бастаманың максималды түрде бақылануын сақтау талпыныстарымен қатар жүрді. Сауда-өнеркәсіптік саясатта қорғаныш тораб ретінде делдал көпестерге қатысты протекционизм болды, олар арқылы патша үкіметі дамып жатқан метрополия өнеркәсібінің шикізат тұғырын қамтамасыз етуге тырысты. Сырттан келген көпестердің жеткіліксіз түрде келуі және жергілікті көпестердің өлкенің қалаларында аз тұруын есепке алып, үкімет қазынаға да эквивалентсіз айырбасты тәжірибе қылып, ірі саудамен айналысуға рұқсат берді және үлкен табыс жасады.

Осылайша, өлкеде кәсіпкерліктің дамуына отарлаудың енуі мен метрополия диктатының күшеюі жағдайында өтті. Бұл үрдіс тежейтін және тездететін факторлармен қатар жүрді. Бір жағынан, кәсіпкерліктің өсуіне, капиталдардың жетіспеуі және несие бойынша жоғары пайыз, маманданған кадрлардың жетіспеуі, қиын салықтық қанау, кәсіпкерлердің құқықтық жағынан әлсіз қорғалуы, қазақ халқының маңызды түрде кедейленуі, сонымен қатар Ертіс өңірінің кеңдігі, трансорт жүйесінің әлсіз дамуы сияқты өлкенің спецификалық жағдайлары кедергі болды. Екінші жағынан, кәсіпкерліктің таралуына табиғат жағдайы, арзан жұмысшы табының болуы, қалалар мен қала халқының өсуі, несиелік мекемелердің пайда болуы және дамуы, кемежайлықтың тууы Және Сібір теміржолының салынуы қолайлы болды. Бұл жағдайлардың бәрінде қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың эволюциясының нәтижесі болып келетін кәсіпкерліктің дамуы болды.
Тексеруге арналған сұрақтар
1. ХІХ ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында Ертіс өңірінің өнеркәсіп дамуына қандай факторлар тоқырау етті?

2. XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында Ертіс өңіріндегі өңдіріс - өнеркәсіптерінің дамуына қандай факторлар әсер етті?

3. Ертіс өңірінде нарық инфраструктура дамуында қандай несиелік мекемелер үлкен рөл атқарды?

4. Ертіс өңірінде XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында транспорттық жүйе қалай дамыды?

5. Революцияға дейінгі кезде кәсіпкерліктің дамуының құқықтық негіздері қандай болды?

6. Ертіс өңірі XIX ғ. екінші жартысында– XX ғ. басында іскерлік өмірде қандай биржа көрнекті орын алды?


1.2 XIX ғасырдың екінші жартысында XX ғасырдың басында сауда кәсіпкерлігіне тән сипат

1.2.1 Айырбас сауданың орнына ақшалай сауда ауысуының себептері мен ерекшеліктері.

1.2.2 Қазақ халқы арасындағы сауда кәсіпкерлігінің жыл сайын кең таралуы.

1.2.3 Тауарлық сауданың басты салалары.

1.2.4 XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы сыртқы сауданың жаңа белгілері.

1.2.5 Тауар-ақша қатынастарының даму әсерінен өсімқорлықтың эволюциясы.


Қазақстанның отарлық жағдайына байланысты, мұнда сауда кәсіпкерлігі бірінші орында тұрды. Бастысы – патша үкіметінің, орыс помещиктердің, кәсіпкерлердің және көпестердің шеткі аймақтарды шикізат көзі ретінде сақтап қалу талпынысы болды. Сол себептен қазақ капиталы негізінен, өнеркәсіптік өндіріс саласында емес, сауда саласында қолдануын алады.

XIX ғ. екінші жартысында сауда кәсіпкерлігінің дамуы бұдан алдыңғы кезеңде Қазақстанда сауда қатынастарының ұзақ дамуының логикалық нәтижесі болды. Ертіс, мұнда орыс қоныс аударушылары пайда болғанша дейін онда ірі қайықтарда ортаазиялық көпестер ғана жүзетін ірі сауда жолы болды. Нәтижесінде бұл керуендермен бірге орыс сауда-өнеркәсіп иелері пайда болды. Кейін Өскемен, Семей, Ямышево, Железинка, Омбы қамалдарының пайда болуымен мұнда көтерме қоймалар ашылды, олардан Ертістен қырға апарылатын. Ал XVIII ғ. екінші жартысынан Ертіс шептерінің қамалдарында қазақтардың регулярды ауысым саудасы өткізілді.

XIX ғ. ортасында сауданың айырбастық сипатының орнына ақшалай сипат келеді. Бұл бірқатар себептерге байланысты болды. Біріншіден, қазақ шаруашылығында тауар-ақша қатынастарының дамуы ақшалай салықтардың дамуы мен енгізілуімен тездетілді. Екіншіден, орыс фабрикалары мен зауыттардың тауарларына көшпенділердің қажеттілігі өсіп отырды: оларға күннен күнге өздері өндіре алмаған тауарларға айырбас үшін үй өндірісінің өнімдерін пайдалануға тура келді, өнімді тауарға ауыстыру ыңғайсыз және қиын бола бастады. Бұл қазақтарды ақша саудасының кеңейтуге мәжбүр етті. Біртіндеп қазақтар ақша айырбасында білімдері көбейді, малды және өзінің шаруашылығының өнімдерін қымбат бағалай бастады. Жылдан-жылға қырға әртүрлі жерлерден көпестердің көптен-көп келуінен орыс тауарларына деген бағаны құлатты, ал қыр тауарларына деген сұранысты өсірді. Қыр тауарларын жоғары бағамен сатуынан баю мүмкіндігі қазақтардың, әсіресе бай табының кәсіпкерлік іс-әрекетін белсендетті. XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басы сауда өнеркәсібінде шын өсім кезеңі болды. Бұл жайлы транспорттық тасымалдаудардың статистикасы дәлелдейді.
Кесте 2 – Ертіс өңірінен теміржолдық экспорттың мәліметтері


Тауар жүктерін түрлері

1900-1904 жж

(мың пұт)



1913-1914 жж

(мың пұт)



Нан жүктері

16924

61435
Малшаруашылықтың жүктері

2689

3860

Майлар

2061

5265

Терілер, жүндер

395

1085
Малшаруашылық жүктері барлығы

5145

11132

Статистика бойынша теміржолдар бойынша тасымал бұлжымайтын өсу бағытын алды. Әсіресе бұл нан тасымалдарына қатысты болды, 1900 жылдан 1914 жылға дейінгі оның өсім пайызы 263-і құрады. Тасымал көлемі бойынша малшаруашылық жүктері кейін болды, көрсетілген жылдарда олардың өсім пайызы 116-ға тең болды. Жоғары кәсіпкерлік белсенділік Батыс-Сібір кеме қатынасы мен саудасының Павлодар агенттігіне тән болды.


Кесте 3 – Тауарлардың Павлодардан навигацияға 1888 ж. жіберілуі


Жіберілу пункт

Тауарлар

Салмағы

Соммасы

Семейге

Мануфактуралық, дүкендік, шаруашылық тауарлар

6425 п.

926 руб.

Омбыға

Нан және май тауарлар

94607 п.

10081 руб.

Тарыға

-//-

560 п.

366 руб.

Тюменге

-//-

325630 п.

65042 руб.

Сургутқа

Тұз

900 п.

144 руб.

Томскіге

Алебастр

70110 п.

5540 руб.

Бийскіге

Тұз

50000 п.

12500 руб.

Барнаулға

Тұз

15000 п.

3500 руб.

Барлығы




563232 п.

98099 руб.

Сауданың Павлодарда мұндай кең ауқымы, күмәнсіз, өлкеде сауда капиталының маңызды дамығандығын білдірді.

Сауда кәсіпкерлігі жыл сайын қазақ халқы арасында одан сайын кең етек ала бастады. Қазақтардың сауда кәсіпкерлігінде қатысуы жайлы М. Красовский: «өз уақыты мен капиталын сауда операцияларын жүргізуге арнаған тұлғалар саны өсті, қырғыздар арасында көпестер де пайда болды…», - деген [1]. Г.Колмогоров та орта буынды қазақ кәсіпкерлері арасында сауда кәсіпкерлігінің дамуын: «шекаралық қалаларда орыстардың алғашқы қажеттіліктің ұсақ тауарларын сатып алып, болыстар бойынша оларды тасымалдап, қой, елтері, жүн және т.б. басқа ұсақ-түйекке айырбастай бастады», - деп сипаттады [1].

Қазақтардың ең ірі кәсіпкерлері көтерме сатып алуларды Ирбиттік және Нижегородтік жәрмеңкелерде жасады, сонымен қатар қыр базарларында тауарды сату мақсатында оларды Петропавлда көтерме түрде сатып алды. Сауданың дамуына географиялық жағынан қолайлы орналасқан Семей облысы арқылы Батыс Қытаймен және Орта Азиямен ірі транзиттік сауданың жасалу жағдайы көмектесті. Нижегородтік, Ирбиттік, Макарьевтік жәрмеңкелер Омбы, Петропавл және Қоянды жәрмеңкесі арқылы Орта Азияның орталықтарымен байланыста болды.

Ертіс өңірінің нарықтарында метрополияның кәсіпкерлері монопольды жағдайы алды. Олар үлкен пайдалардың кейіннен капиталдануы үшін жүйелі түрде Еуропалық Ресейге келуіне көмектесіп, жергілікті нарықтың қожайындары болды. Бұл жағдай ұлттық шаруашылық комплекстің дамуына көрінерлік езуші ықпал жасады және оның артта қалуының бекуіне және қайталануына әкелді.

Саудамен айналысатын кейбір кәсіпкерлер бір уақытта өнеркәсіптік кәсіпорындар ашты. Әсіресе, ірі байлар капиталдардың кең диверсификациясын жасады. Мысалға, Петропавл және Омбы уездерінде шаруашылыққа орташа шаққанда 500-600 бас ірі қара малы бар ірі байлардың 65-70 % сонымен қатар саудамен айналысты. Ірі кәсіпкерлердің көбі әртүрлі бұйымдарды сатумен айналысты. Бөлек кәсіпкерлердің мамандануының жоқ болуы оның бұл не басқа түрінде сауданың бір ерекшеліктерін құрады. Мұнымен олар сатып алушылардың назарын аударды және бір-бірімен бәсекелесті.

Тауарлық сауданың басты салалары ретінде мал, мал өнімдері, сонымен қатар нан болды. Ертіс өңірінің көптеген кәсіпкерлерінің капиталы тауардың бұл түрімен саудада қалыптасты. XIX ғасырдың ортасында Ресейге қырдан бірнеше млн рубль соммасынан қазақ малы және малшаруашылық шикізаты түскен. Осылайша, XIX ғасырдың екінші жартысының 50-ші жылдарында қазақтардан жыл сайын 450 тыс. қойлар 1 млн. 125 мың руб. соммасына және 110 мың басқа мал түрлері 2 млн. 425 мың руб. соммасына сатып алынды. Мал иелері малды сатудан 1,6 млн. руб. күміс соммасын дерлік алатын. Мал шаруашылығының өнімдерін және қазақ бұйымдарын әкелуінің жалтақтауы осылай болды: 10 жыл ішінде 1883 ж. 1893 ж. дейін 641632 р. (1887 ж.) 1131678 р. (1885 ж.); сату – 627553 р. (1887 ж.) 1125866 руб. (1885 ж.) дейін болды. Малды сату кезінде келесі арнайы тізбек құрылды. Көптеген қазақтар-шаруалар артығын өз ауылдарында немесе жақын орналасқан ауылдарда сататын. Одан алыпсатарлар құрастырылған мал табындарын Ертіске айдап әкелетін. Алыс аймақтардан қазақтар-қожайындар сирек түрде малды әкелді; мұнымен ұсақ барышниктер айналысты, олар 10-нан 50-ге дейін аз санды мал басын сатып алды. Әрбіреуінің бағасы 10 руб. жоғары емес. Малды тез сатуға тырысты, себебі капиталдың тез айналымынан ұтқылары келді. Олар оны өздері төленгендеріне 1 сом қосып 200 және 400 бас малы бар өнеркәсіп иелеріне сататын. Бұл үшінші қолдардан тауар төртінші қолдарға Ертіс капиталистеріне түсетін, олар малды одан да ірі сауда орталықтарына айдайтын. Содан соң олар оны соңында соңғы қолдарға – мал айдаушыларға, яғни малды Ресей мен Сібірге айдаумен айналысатын көпестерге түсетін. Осылайша, жеке шаруашылықтан мал белгіленген жерге жеткеннің алдында бірнеше асулық пункттерді және бірнеше делдалдардан өтуі керек болатын. Осыған орай малға деген баға алғашқыға қарсы екі есе өсті (20-25 күміс сом). Петропавловскіде мал сатып алушылары екатеринбургтік, шадриндік, тюменьдік, тоболдық, ишимдік, кургандық, ал негізгілері – оралдық тау-кен зауыттарында сауда жасайтын көпестер және шаруалар болатын. Осыдан қазақ малын барлық орал маңындағы губернияларға және одан соң тіпті кейін Казаньға айдады. Малды ақшаға сатып алды, сонда бағасы арзандау болады немесе жартысын ақшалай жартысын несиеге Ирбитке дейін алды. Барлығын Ирбиттік және Нижегородтық жәрмеңкелерге дейін сатып алынды және сонда баға жоғарылау болады. Семейде, Омбыда және Өскеменде барлығы дерлік жергілікті көпестер, пәтерленетін әскерлер және маркитанттар болды. Маркитанттар Алтай Тау-кен ведомстваның зауыттарын және идарасында малды соятын орындарын ұстады.

Көпестердің сауда-өнеркәсіптік іс-әрекетінің мәнісі олардың жыл сайын мамыр-маусым айларында қазақтардан қарыздарды бұрын берілген тауарлардың орнына мал түрінде жинады. Құрастырылған табындарды көпестер 4 бөлікке бөлді: біреуі бұл уақытта Бұхарадан, Қоқандтан және Ташкенттен болыстарға келе жатқан керуендердің ортаазиялық тауарларға айырбас жасау үшін орнында қалады. Басқа бөлігі Күлжаға немесе Чугучакқа шайға немесе қытайлық тауарларға айырбас жасау үшін барды. Ірі қара малдан және ескі малдан, басым түйелерден тұратын үшінші бөлігі көптеген көпестердің жекеменшігін және бай қазақтардың бір бөлігін құрайтын ерекше керуендермен Бұхараға, Қоқандқа, Ташкентке барды. Үш оқиғаның барлығындағы малға орыс фабрикалық шығармалардың, сонымен қатар қырдан малшаруашылық шикізаты қосымша ретінде болды; осында сонымен қатар малға баға өсті. Дабаларға немесе бөзге айырбастағанда қой кейде 2 руб. күмістен болатын. Малдың ақырғы және маңызды бөлігі кейбір кезде Семейге, Өскеменге, Петропавлға, ал ақшаға немесе несиеге сатылатындарды Ирбитке дейін айдалды.



Мал санының көп болуы ғана емес, сонымен қатар малшаруашылық шикізатын өңдеуі бойынша жаңа кәсіпорындардың құрылуы малды сату саудасын 1 орынға қойды. «Зерттеу бойынша материалдарда…» малға деген сұраныстың, әсіресе XX ғасырдың басында күшеюі Ертіс өңірінде қоныстанудың көбеюімен түсіндіріледі. Қазақтардың сөздерінен Нарым болысында жыл сайын қоныс аударушылардың қойлар мен сиырларға деген сұранысы күшейеді. Мал мен малшаруашылық шикізатын жәрмеңкелерде, қалалық тері қоймаларында, сонымен қатар кәсіпкерлерге үлкен пайда әкелетін жерлерде сатылды, себебі «жергілікті бағалар кейде жоғары болатын. Бұл жиі осы жерде алыпсатарлар мен жеке қожайындардың сапа жағынан жақсы және қымбат түрлерді сатып алынуымен түсіндірілді» [1]. Бүкіл дерлік «қыр тауарларының» кең саудасы малөнеркәсіп иелері арқылы өтті. Белгілі саяхатшы Аткинсон жазды, оның Семейден келген уақытында ол 300 жылқыны, 7 мың бұқаларды және 20 мың қойларды айдап жатқан малөнеркәсіп иесімен кездесті. Малдың жалпы бағасы 100 мың руб. болды [1]. Малөнеркәсіп иелері жергілікті жәрмекелерде сатып алынған малдардан табындар жасады. Олар өздерінің табыншыларын немесе «чебаштарды» ұстады, олар малды айдау кезінде жаз бойы мыңдаған верст жерлерге жіберетін. Мал өнеркәсіп иелері малды тек жәрмеңкелерде ғана емес, сонымен қатар тікелей қырдан сатып алуды және сауданы ірі сауда пункттерімен жүргізуді артық көрді. Малдың арзандылығынан қырда малөнеркәсібі өте пайдалы іс болып табылды. Ертіс өңіріндегі малөнеркәсіп иелерінен ең үлкен тапқырлықты Ботов, Колосов, Скажутин сияқты ялуторлық көпестер, павлодарлық ағайынды Сорокиндер, Пресногорьковск поселкесінің казактары ағайынды Бородавкиндер көрсетті. Олар негізінен тек қана ірі қара малдың таңдауымен айналысты. Ертіс станицалары бойынша малөнеркәсіп иелерінің станицалары бойынша олардың саны маңызды болды. Мал табындары Лебяжі, Кривинск, Черноярка, Песчаный және Павлодар станицаларының шабындықтарында жиналды, табындарда малдың жалпы саны 15 мың болды, олар 40 немесе 50 жергілікті капиталистерінің қолында жиналды, ал олардан алыпсатарлар Ресей мен Сібір үшін сатып алатын. Еуропалық Ресейге малды әкелумен 7 немесе 8 капиталистер айналысты, олар өлкелік малды негізінен Орынборлық және Мәскеу губернияларында, сонымен қатар Казаньда сатты. 1859 жылдан 1863 жылға дейін оған 26 мың мал басы жіберілетін, демек, жылына 5 мыңға жуық сатылды. Бұл губернияларға жол мал аударушыларға арзан келген жоқ: көп саны керек болған мал айдаушыларға төлемақыдан басқа (айына 10 сом), малды сақтандыру үшін төлеу, жергілікті жер билігінің тиісулерінен, олар иеленген жерлерден өткен жағдайда өтеуін төлеп алулары керек болатын және малды ыстықтан және аурулардан өлген мал үшін төленетін өтеулер де аз болмайтын. Малды енді малдың басымен емес салмағымен сататын. Бұл осылай жасалады: бүкіл табынның тең жартысындай жақсыларын, орташа және жаман бастарын таңдап 1/3 бөлігін сойды. Бұқаның орташа салмағын алып, оны бұқалар санына көбейтіп, олардың жалпы салмағын анықтап, 1 пұт етті 2 руб. 80 тиыннан сататын. Бұнда тері 1 пұт деп есептелетін. Мал сонымен қатар Батыс Сібірдің қазба кендері үшін сойылды. Жәрмеңкелерде сатылатын малдарды саудагерлер мен алыпсатарлардан басқа ірі мал иелері – байлар қырдан айдап келетін. Қазақ байлардың малды сатудағы делдалдары ретінде маклактер (маклеры – дел-делы) немесе оларды прасолдар деп аталатындар болатын. Сатып алушылар бейнесінде олар бәсекелестікті және бағалардың өтірік өсуін тудырып, жарыспалы түрде малды сатып алу қалауларын білдіретін. Табысты сауда жағдайында маклак айырбас кезінде 2 жасар қойдан 10 тиын, 1 жасар қойдан – 5 тиын, қозы терісінен – 2 тиын, киізден - 5 тиын алатын. Мұрағат материалдарында XIX ғасырдың соңында Ертіс өңірінің малөнеркәсіп иелерінің келесі аттары қалды: Ақмола облысының Черлак болысында – Абылай Самаев, Әлмүкрен Назаров, Мұса Исин, ағайынды – Ес, Айқожа және Шаймерден Шертомбаевтер, Ахмет Тайтықов, Жанқозы Нуралин; Покровта – ағайынды Байдалы және Көпей Жунусовтер, Қожакен Мамин, Мұса Шуақбаев, Исабек Тайжанов, Нөгербек Қадырбаев, Тәшім Бертубаев; Курганда – Дүйсен Жанкоскин, Данияр Телғозы, Серғазы Кұлыбеков және Омбыда – Тұрбубеков және Байболат Жапықовтар. Олар жыл сайын өз табындарынан Тайыншакөл жәрмеңкесіне әрбіреуі 50-ден 100-ге дейін жылқылар басын, 20-дан 50-ге дейін бұқаларды және 100-ден 150-ге дейін қойларды жіберді. Ертіс өңірінде ірі малөнеркәсіп иелері Қазаңғаповтар болды. Олар басым түрде малды кең сатумен айналысты, оны Шығыс Сібірдің алтын кен орнына айдады.

Сібір шептеріне әкелудің маңызды тауары қазақ жылқылары болды. Жылқыларды сату қазақтардың спецификалық кәсіпкерлігі болды. Максималды пайда алу мақсатымен олар кедендерді іскерлікпен аралап шығатын. Кеден идарасының есептері ол сауда жайлы тек шамалық мәліметтерін береді.


Кесте 4 - 1854-1860 жж. аралығында жылқыларды айдап келудің бағалары


1851 жыл

41516 руб.

1853 жыл

35430 руб.

1854 жыл

26880 руб.

1855 жыл

18458 руб.

1856 жыл

10385 руб.

1857 жыл

16765 руб.

1858 жыл

20834 руб.

1859 жыл

27755 руб.

1860 жыл

32061 руб.

Қазақ жылқылары өздерінің ерекше қасиеттері күшіне орай үлкен сұраныспен пайдаланды. Сол себептен Қазақ жылқыларын 25 руб. кем емес бағадан сататын. Үлкен шыдамдылықпен ерекшеленген жылқылар алтын кен орындарында зауыттарға кен мен жанармайды әкелу үшін, поштаны жеткізу үшін және тауарларды апару үшін керек болды.

Қойларға деген сұранысқа келетін болсақ Шыңғыстай болысының қазақтары көрсеткендей, мұнда алыпсатарлармен сатып алынған отарларды Семейге етке сатуға айдады. XIX ғ. екінші жартысында ірі қара малды сату пайда бола бастады. Егер XIX ғ. ортасында ірі қара мал күміспен 4-н 7 руб. жетсе, онда ғасырдың аяғында оларға баға 4 есе өсті.
Кесте 5 - 1899 ж. Омбы уезіндегі ірі қара малға бағалар жайлы мәліметтер





Жоғары баға

Төменгі баға

Орташа баға

Өгіздер

30р.

15р.

25р.

Сиырлар

20р.

15р.

17р.

Бұқалар

15р.

11р.

13р.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет