З. М. Сулейменова Бастауыш сынып мұғалімі


Бастауыш сынып мұғалімі № 69 мектеп - гимназия



бет2/2
Дата30.01.2017
өлшемі254,74 Kb.
1   2

Бастауыш сынып мұғалімі

№ 69 мектеп - гимназия

Астана қаласы




Сандарды айырмалық салыстыруға арналған есептер. Кері есептер, есептердің сұлбасы




Тақырыбы:Әуежайда.


Мектеп: №69 мектеп - гимназия

Күні: 19.03.2016

Мұғалімнің аты-жөні: Сүлейменова Зәмзә Мұратқызы

Сынып: 1 «З»

Қатысушылар саны: 24

Болмағандар саны:

Сабақта қарастырылатын оқыту мақсаты

Бағдарлама бойынша мақсаттың нөмірі, мақсатты анықтау

1.4.1.10. Сандарды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге арналған есептерді талдау және шешу; кері есептер құрастыру.

1.4.1.8. Есептерді шешуде тірек сұлбаларды таңдау.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

сандарды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге арналған есептерді шығару және кері есептер құрастыру.



Бірқатар оқушылар үшін:

сандарды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге берілген есептерді шығару, кері есептер құрастыру, шығару және сәйкес сұлбаларды таңдау.



Кейбір оқушылар үшін:

әртүрлі есептерге сұлбаларды өз бетімен таңдау және құрастыру.



Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

берілген есептердің неге кері болып табылмайтынын түсіндіру.

Кері есептердің жұптары мен үштіктеріндегі берілгендері мен ізделетіндерінің арасындағы өзара байланысты түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

қаншаға артық, -ға артық, -ға кем, кері есептер.



Диалог/жазу үшін қажетті сөздер

Берілген есептердің ұқсастықтары неде, айырмашылықтары неде?

Мына есептер неге өзара кері есеп болып табылады (болып табылмайды)?

Сұлбадағы (сызбадағы) сандар нені білдіретінін түсіндір?



Талқылау:

Есепті шығара (кесінділер мен фигураларды өлшеп, сыза алу) білу өмірде қандай қажетіңе жарайды?



Алдыңғы білімдер тіректік ББД

Сандарды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге берілген есептерді шығара білу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-шара

Ресурстар

0-3 минут

Қызығушылықты ояту

Барлығымыз саяхаттағанды жақсы көреміз. Көліктің қандай түрлерімен саяхаттап көрдіңдер?

Бүгін біз әуежайға барамыз, өзіміздің математикалық білімімізді қалай қолдануға болатынын білетін боламыз.





4-6


Белсендіру

Әуежайдың күту залында біз жолқапшықтар мен шабадандарды көрдік. Суретке қараңдар. Оған қандай сұрақтарды қоюға болады? (Барлығы қанша? Нешеуі артық, нешеуі кем?)






7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Есеп құрастырамыз. Залда 8 жолқапшық пен 5 шабадан болды.

Жолқапшықтардың шабаданға қарағанда нешеуі артық? Шабадандардың жолқапшыққа қарағанда нешеуі кем?


Сабаққа презентация.

12-24


Жаңаны ашу

Есепті былайша жазуға болады:

Жолқапшық – 8 дана.

Шабадан – 5 дана.



Жолқапшықтардың шабаданнан нешеуі артық екенін қалай білуге болады?

Шабадандардың жолқапшыққа қарағанда нешеуі кем?

Мұғалімнің көмегімен балалар ережені құрастырады да, оны оқулықтан оқиды.




Бір санның екінші саннан нешеуі артық немесе нешеуі кем екенін білу үшін, үлкен саннан кіші санды азайту керек.


Есептің шарты мен шешуін дәптерге жазамыз.

Біздің кейіпкерлер ұшаққа отырып, ұшып кетулері үшін біз олардың жол жүктерін тексеріп алуымыз керек. Ол үшін есептердің сұлбасына қараңдар (№2 есеп).



(Мұғалім жинақ полотносын пайдалана алады).

Есептерге не ортақ? Айырмашылықтары неде?

Бұлар – кері есептер. Оларды сюжет пен санды деректер байланыстырып тұр. Айырмашылықтары – сұрақтарында.


Сабаққа презентация

25-30


Жаңаны қолдану

Енді есептерді шығарамыз, ал біздің жолқапшықтар мен шабадандар жол жүгі бөліміне жіберіледі.

Есептерді дәптерде шығару (сұлбалардағы қысқаша жазба) (әр есепке сәйкес келетін сұлбаны таңдап алу керек).


Оқулық
Дәптер


31-40

Өткен материал бойынша жұмыс.

Біз де жолға дайынбыз. Ұшаққа отыру үшін - дәптердегі № 3 мысалды шығарамыз.

Бұдан арғы тексерісті (өзін-өзі тексеруді, немесе өзара тексерісті) мұғалім үлгі бойынша ұйымдастырады.


Оқулық

Дәптер



41-45


Рефлексия (қорытындылау)

Сабақта қай тапсырма сендер үшін қиын болды?

Не қызық болды?

Осы сабақта не үйрендіңдер?



Қандай білім өмірде сендерге қажетке жарайды?




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет