Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1E Қоректену



Дата10.10.2019
өлшемі103,5 Kb.
#49585
Байланысты:
Биология 9 ҚМЖ Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1E Қоректену

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;

9.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкесті ферменттердің арасындағы байланысты орнату.



Сабақтың мақсаттары

  • адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;

  • ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату.

Бағалау критерийлері

  • адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттайды;

  • ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнатады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді ауызша және жазбаша сипаттай алады.

- ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты ауызша жазбаша орната алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

ас қорыту, асқорыту жүйесі, температура, рН, фермент белсенділігі, пепсин, абсорбция.



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қоректік заттардың сіңірілу үдерісі жүреді ......

Асқазаннан бөлінеді ......

Майлар ... ферменті арқылы ыдырайды.



Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін-өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Органикалық заттар молекулаларының ыдырауын, асқорыту мүшелеріндегі ферменттердің оңтайлы рН ортасын талқылауда химия пәнімен байланысты.

Алдыңғы білім

Оқушылар 8 сыныпта биология курсынан қоректену тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі, полимерлер мен мономерлер, омыртқасыздардың, күйіс қайыратын, адамның асқорыту жүйесінің құрылысын біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті. Оқушылар шеңберге тұрады. Нұсқаулық: Австралиялық жаңбырдың не екенін білесіздерме? Жоқ? Енді оның қандай екенін бірге тыңдайық. Ендеше шеңбер бойында сіздер менің қозғалыстарымды қайталап, кезекпен орындап шығасыздар. Олар маған қайта оралғаннан кейін, мен келесі қимылға ауысамын. Мұқият қарап шығыңыз!

  • Австралияда жел басталды. (Жүргізуші алақандарын ысқылайды).

  • Жанбыр тамшылай бастады. (Саусактармен дыбыс шығару/ Клацание пальцами).

  • Жаңбыр күшейе бастады. (Кезекпен кеуде тұсын шапалақтау).

  • Нағыз жаңбыр басталды. (Бөксені шапалақтау).

  • Міне, нағыз дауыл, найзағай. (Аяқпен тарсылдату).

  • Бұл не? Дауыл басылды.(Жамбасты шапалақтау).

  • Жаңбыр басылды. (Кезекпен кеуде тұсын шапалақтау).

  • Майда жаңбыр тамшылары жерге түсе бастады. (Саусактармен дыбыс шығару/ Клацание пальцами).

  • Желдің нәзік сыбдыры. (Алақандарды ысқылау).

  • Күн! (Қолдарды жоғары көтеру).

Слайд 1

5 мин

ІІ Жаңа сабаққа шығу жолы.

Сипаттамасы: Мұғалімнің үстелінде асқазан, бауыр, ішек моделдері қойылған. Оқушыларға осы моделдерге қатысты келесі сұрақтар қойылады:

Сабақ не жайында болмақ? Бұл бөліктерді не біріктіреді? Қандай органикалық заттар болады? Органикалық заттардың адам үшін маңызы қандай? Берілген мүшелерді біріктірсек қандай мүшелер жүйесінің қызметін сипаттауға болады?

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады.

Күтілетін жауаптар: Асқорыту жүйесі. Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ас ішек және тоқ ішек жатады.



Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты айтылады. Бағалау критерийлері талқыланады.

Слайд 2


5 мин

ІІІ Жаңа сабақты игеру.

Оқушыларға адамның ас қорыту жүйесінің жұмысы туралы видео көрсетіледі, осы видеодағы ақпаратты пайдалана отырып, асқорыту жүйесінің «мылқау» сызбасын толтырып, қызметін жазулары тиіс.

Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетілуі мүмкін.

Критерий:

адамның асқорыту жүйесі мүшелерімен қызметі арасындағы байланысты көрсету.



https://twig-bilim.kz/kz/film/introduction-to-digestion

Қосымша 1

Слайд 3


Сабақтың ортасы

5 мин
12 мин

5 мин




«Ассоциация» әдісі.

Оқушыларға «Фермент» термині ұсынылады, алдыңғы білімдерін пайдалана отырып аталған сөзге ассоциация құрайды.

Оқушылар асқорыту жүйесі мен фермент арасындағы байланысты мұғалімнің қолдауымен байланыстырады.
Жұптық жұмыс. «Органикалық станция» әдісі. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Әрбір станцияда ферменттің тек белгілі бір органикалық затқа әсер ететіндігі туралы ақпараттық парақша ұсынылады. Жұптағы бір оқушы оқып, ақпаратты жеткізеді. Ал, жұптағы келесі оқушы ақпаратты пайдалана отырып, кестені толтыруы қажет.

Станциялар :


  1. Көмірсулар. Көмірсуларды ыдырататын фермент, ыдырау жүретін мүше.

  2. Нәруыздар. Нәруыздарды ыдырататын фермент, ыдырау жүретін мүше.

  3. Майлар. Майларды ыдырататын фермент, ыдырау жүретін мүше.

Бағалау критерийі:



  1. Белгілі бір органикалық затты ыдырататын фермент түрін дұрыс анықтайды.

  2. Белгілі бір органикалық затты ыдырататын ферменттің ағзадағы орнын дұрыс анықтайды.

Оқушылардың оқу мақсатының мазмұнын түсінгенін анықтау үшін «Жұбыңды тап» ойыны арқылы оқушылар сәйкестендіру тапсырмасын орындау ұсынылады.
Бекіту. Тапсырмада оқушылар ферментті ыдырататын органикалық затымен сәйкестендіруі шарт.

Бағалау критерийі: Дұрыс жауаптар арқылы оқушылардың өзара бағалауы.

Оқушылардың жұмыстарына мұғалім кері байланыс береді.


Слайд 4

Ақпараттық парақша

Слайд 5

Қосымша 2



Слайд 7

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс.

Мен бүгінгі сабақта білдім ...

Маған қиын болды ...

Мен үйрендім ...

Маған ерекше көрінді ...

Менің тағы білгім келгені ...



Слайд 8


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар қосымша ақпараттар тауып, өз білімдерін тереңдете алады.

Кейбір оқушыларға ағылшынша асқорыту мүшелерін атау, олардың қызметтерін сипаттау тапсырмалары арқылы;

Кейбір оқушылар асқорыту жүйесінің мүшелері туралы қосымша ақпараттармен танысып өз білімін тереңдету арқылы;

Қабілеті төмен оқушыларға бейнероликтің транскриптін ұсынуға болады.

Қабілеті төмен оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы;

Кейбір оқушылар ақпаратты оқыса, кейбіреулері жазбаша жұмыс орындауына болады.

Қабілеті жоғары оқушылар фермент- субстратты комплекске түсіндірме беруіне болады.


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Талқылау кезіндегі оқушылардың жауаптары арқылы.

Сәйкестендіру тапсырмаларының жауаптары арқылы.

Сызбаны дұрыс ретімен толтыру арқылы.

Ақпаратты нақты жеткізумен кестені толтыру арқылы.

Сұрақ қоя білуы мен сұраққа жауаптары арқылы. Сәйкестендіру тапсырмалары арқылы.


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескертіледі, мысалы, сумкаларын тиісті орынға қою, жеке заттарын ретті орналастыру, қабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау т.б.








Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет