Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығы АҚф оқо пқбаи, Шымкент қаласы



Дата17.03.2017
өлшемі328,54 Kb.
#11669
Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығы АҚФ ОҚО ПҚБАИ, Шымкент қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназияның география пәнінің мұғалімі Изтлеуова Шолпан Таласбаевна

УДК 378 ББК7458 3-21
Оқу үдерісінде инновациялық жаңа технологияларды енгізудің тиімділігі
Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы дамуына байланысты болмақ. Сондықтан еліміздің қарқынды дамуы педагогикалық қауымының алдына көптеген мақсаттар қоюда. Оның басты талаптарының бірі- ұстаздың өмір бойы оқып, жас ұрпаққа уақытына сай білім беру. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуінен бағаланады. Терең білім- тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл- ой- азаматтығымыздың алдаспаны» деп атап көрсеткен еді, ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің «Назарбаев Университетінде» оқыған «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты лекциясында. Олай болса, қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, саяси-экономикалық сауатты, яғни интеллектуалдық деңгейі жоғары болса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болады. Қазіргі кезде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелерді шешуші-кәсіби шеберлігі жоғары ұстаздар. Жоғары кәсіби педагогикалық құзіретті мұғалімдерге қойылатын талаптар қоғам қажеттілігінен туындайды. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқу қарқынын жақсарту мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану- заман талабы.

Педагогикалық технологияларды сипаттағанда олардың негізгі ерекшеліктері- қасиеттері, идеялары, оқу жүйесінде қолданылуы, тиімділігі мен нәтижелілігі негізге алынады. Іс жүзінде қолданылып жүрген көптеген педагогикалық технологиялар бар. Мектепте мұғалімдерге білім берудің инновациялық технологияларын жетік меңгерумен бірге мектеп оқушыларына рухани-адамгершілік іс-тәжірибесін дұрыс пайдалана білу біліктілігін де меңгеруі қажет. Осылардың барлығын іс жүзінде жүзеге асыру үшін мен өзімнің алты апталық тәжірибе жұмысымда төмендегідей мәселелерді қамту қажет деп шештім.

1 Үжымын бірінші деңгей бағдарламасынның идеясымен таныстыру;

2) Деңгейлік бағдарлама оқу тәжірбиесіне деген ұжымның оң көзқарасын қалыптастыру;

3) Тәлімгерлік пен коучинг әдісін өткізуде жеті модульді таныстыру

4)Мұғалімдерге арнап коучинг сессиялар ұйымдастыра отырып,жетімодульді сабақ барысында тиімді қолдануға үйрету;

5) Мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын:орта мерзімді жоспар және қысқа мерзімді жоспар жасауды меңгерту; 6.Мектепте мұалімдердің кәсіби қауымдастық және желілік қоғамдасты құру.

«Менің мектебімнің алғашқы жағдайы қандай еді?» рефлексиялы есепті басшылыққа ала отырып мектептегі іс-әрекет кезіндегі мұғалімдерден , оқушылардан, ата-аналардан алынған сауалнаманың қортындысы бойынша мұғалімдер зерттеу мен рефлексия жазуда,жоспарлау кезіндеіг іс-әрекетті жүзеге асыруда, оқушылардың дәстүрлі бағадан балдық бағаланудың тиімділігін арттыруда және сабаққа жоспарына критерий құруды жетілдіру жүмыстарына жүргізуді туралы ұсынымдар айтылған болатын. Осыдан келіп бүгінгі күні мұғалімдерге қойылатын талаптар туындалып отыр. Мен мектепке келгенімде өз мектебіме өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек? деген сұрақтарды қойдым.Осы сұрақтарға жауап арқылы беру үшін нүсқаулықтағы(7 бет) ұсынымды басшылыққа алдым.



Мектеп көшбасшылары тәлімгерлік пен коучниг өз мектептерімдегі мұғалімдерге тәжірбиелерін өзгертуге қалай көмектесуге болатынын және оның мақсатын анық түсіндіру қажетті болды.Сондықтан мектепте коучинг,тәлімгерлік және сыныптағы бірлескен зерттеулер арқылы нәтижелі әрі тиімді оқытуды жүзеге асыру мақсатында әріптестерді қолдау көрсетуді мақсат еттім. Мектепке келіп бірінші деңгейдің бағдарламасы бойынша бірінші,екінші кезеңін аяқтаған мұғалімдермен кәсіби қоғамдастығын құрып,жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебімде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестерімен жүргізілетін жұмысты ойластырдым. Әріптестерімнің ой-идеяларын, пікірлерін білу мақсатында «Өзгеріс енгізу не үшін керек?» атты призинтация өткіздім . Мұнда әріптестерім ,екінші, үшінші деңгейді бітіріп келген мұғалімдердің мектепке өзгеріс енгізу үшін өз жұмыстарында жетістіке жетуінде коучниг пен тәлімгерліктің жұмыстарын жетілдіру арқылы іске асыруға болатындығын ашық айтты. Әріптестеріме рефлексия жаздырып, сауалнама алдым. Анықталғаны мұғалімдер зерттеу мен рефлексия жазуда, жоспарлау кезінде зерттеу іс-әректіне енгізілетін (орта мерзімді, қысқа мерзімді) жоспарларды ары қарай жетілдіру жұмысын жүргізу, сабақ жоспарларына өзгерісті енгізу арқылы сабақың тиімділігін арттыру. Оқушыларды оқыту мен оқу тәжірибесін жақсарту кезінде оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында дәстүрлі бағадан балдық бағалау және сабаққа оқушылардың критерий құруын жетілдіру, өзін-өзі бағалауын,топтық, жұптық жұмыстарын орынды жүргізу, мұғалімдер кейбір жоспарлау кезінде критерийлерді негіздеп алмауынан оқушылардың білім сапасына кері әссерін тигізеді , мұның себебі мұғалім ынтасы төмен оқушының үнін тыңдамауында. Әріптестеріме ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамыуын көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп басқа мұғалімдердің идеяларын жүзіге асыруға қолдау көрсетіп,өз тәжірибелеін зерделеулермен айналысады (нұсқаулық 7 бет)деген.Тәлімгер ету барысымда мектептегі математика кафедерасының мұғалімдерімен және кафедра жетекшісі II – деңгейді бітіріп келген математика пәнінің мұғалімі А кездесіп, А білім саласындағы өзгерістер мен жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі туралы сұхбаттастым. Әріптесім А-ге I – деңгейдің бірінші кезеңін оқып келгенімдегімді айта келіп, алдағы мақсатым туралы, мектеп шеңберіндегі даму бағдарламасын іске асыру, өзгерту, енгізу және оқыту тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған коучинг бағдарламасын, сондай –ақ іс-тәжірибе барысында бір немесе екі әріптесіне тәлімгер болатындығы туралы таныстырдым. Бүгінгі күні сізге, әріптестерімізге сабақта жеті модулді меңгерту және сізді коуч, тәлімгер ретінде жұмыс жүргізіп, мұғалімдер сабақ барысында іске асыруын өтіндім. А -ге коучинг жоспарын жасау керектігін, коучинг сессиясын өткізу қажеттігін түсіндірдім.Жоспар бойынша төрт коучинг сессия өткізуді арасында жоспар бойынша тәлімгерлік іс-әркеттер жүргізлетіндігіне тоқталдық. Коучинг сессия сабақ үдерісіне жеті модульді кіріктіру және оның тиімділігі атты тақырыпты басшылыққа ала келе мұнда мен мектептегі тәжірибе кезінде коучинг сабақтарын өткізу арқылы тың бастама көтере отырып, жүйелі жұмыс жүргізу арқылы әріптестердің арасында жеті модульді сабақ үдерісінде тиімді қолдануын және дәстүрлі сабақтарын жаңа форматтағы оқу үлгісіне ауыстырып, жаңа үлгіде сабақ үдересінде бағалаудың балдық жүйесін қолдану туралы ой бөлістік. Мұғалім сыныптағы оқушыларды жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалаудың балдық тиімділігін арттырса, онда олардың сабаққа қызығушылығы артады,бірақ ынтасы төмен оқушыға қолдау көрсету қажеттілігі туындайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александр, 2001). деп түсніктеме берген . Оқыту үшін бағалау әдісінің тиімділігі іс-тәжірибедегі іс-әрекетпен ұштастыру мақсатында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың ойлау деңгейлеріне сәйкес тапсырма ұсынып , тапсырмаларға дискриптор құрып балалардың жас ерекшелігін ескергенін және көздеген мақсатымыз-оқушыға өмірде қолдана алатын табысты білім беру екендігін айқындайды. Мектептегі тәжірибе кезінде әр коучинг сесиясында , мұғалімдердің пікірін тыңдағанда сабақ жоспарын жазғанда қиындықта дискриптор құруда қиналғанын және оқушылардың топтық жұмыс жасауында алға ұмтылыстың бар екеніне ашық айтты және әрбір сабақтан кейін рефлексивтік есеп жасап, жоспарланған жұмыстарымыздың қайсысы нәтижелі болды, қай тапсырманың немесе идеялардың тиімділігі аз болды,келесі сабақты қалай жоспарлаймыз? деген сұрақтар төңірегінде үздіксіз пікір алмасып отырдық.

Әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қолжеткізудегі жеткен табыстарын жан – жақты және әділ бағалай білуге және оқу материалдарын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға мүмкіндіктерін ояту арқылы мектептегі оқушылардың оқудағы жетістігін бағалаудың дәстүрлі бағалаудан балдық бағалаудың артықшылығын дәлелдеу мақсатында оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланауы, оқушыға бағалау алгоритмі алдын –ала белгілі болғандықтан, оқушының білімі сапалы нәтижеге жетеді. Ал мұғалім болса сапалы нәтижеге жету үшін алдын ала өз жұмысын жоспарлауда ақпарат жинақтап критерийелер құрастырады және оқушының жеке жас ерекшіліктеріне қарай тапсырма беріп балдық жүйемен бағлалап отырды. Балдық бағалауда әр пән бойынша оқушының жетістігін өлшейтін критерийлері жасап оқушы алдына тастап оқушы өз ізденіп және алған білім жинақтап,өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарды шеше алды (рефлексия жазады) Мәселен география пәнінің А есімді мұғалімі бір сабаққа жазған рефлексия жазғанда мен өз сабағымда өзімнің сабақ беруге емес, керсінше оқушылардың ептілігін дамытуға назар аудардым. Сабақты бастар алдында оқушыларды жағымды ахуалға келтіруден бастадым. Оқушылардың сыныпта болатын жағдайлардың бәріне ынтамен және белсенді қаруын көздедім. Сондай-ақ оқушыларды бағдаршам бойынша топқа бөлдім. Сабақта оқушыларға берілген тапсырманы дұрыс уақтылы орындасаңдар көшбасшы болуына бағдар беріп отырдым.Байқағаным–үлгерімі төмен оқушы, қабілітті оқушылардан білмеген жерлерін сұрап, толықтырып отырды. Сабақтың барысында оқушылар балдық жүйе бойынша өзін-өзі бағалауда әлеументтік өзін-өзіні реттеуі өзінің қасындағы досының сезімін түсінуі және көмектесуі барысында көрінді. Топтық жұмыстарда оқушылар өздері атқарған жұмыстарға байланысты сыныптастарын бағалауды, өзара және өзіндік бағалаудың тәсілдерін меңгерді, сол арқылы олар бірін-бірі топтық жұмыстарға ынталандыра алды, бірлескен жұмысқа тартты. Осындай тәсілмен бағалауда балалар білімге деген қызығушылығы мен сабақ үстінде жақсы іс-әрекеттер жасауға, эмоциялық өзін-өзі реттеуі жүзеге асып, алға деген талпыныстарын көрсетті.



Сабақ өткізу кезіндегі оқушылардың өзін-өзі бағалауы, сабаққа критерий құруы туралы тапсырмалармен жұмыс жүргізгенде және жоспар құрған кезде ең түйінді мәселені(критерий құру) табуда қиналғаны туралы ашып айтты. Бірақ оқушыға баға қойған уақытта олардың топтағы жұмысқа қаншалықты белсенді қатысқанын және ортаға салған жаңа идеяларын ескеріп отырғандығы туралы ескерілді. Сондай-ақ сабақта оқушылармен топтық ,жұптық жүмыстар жүргізуде,оқу үдерісінде оқушыны бағалау дұрыс жүргізілсе балалардың бойында білімге деген қызығушылық және бағалауға деген сенімділік біртіндеп пайда бола басталғаны байқадым. Сабақта оқушылардың бір-бірімен қарым-қатнаса жақсарып достарының пікірлерін тыңдай білді.

Сабақтың соңында талдау кезінде жұптық жұмыста да пікірлесу арқылы ойларын толыстырып , нақты нәтижеге қол жеткізді, менің тарапымнан да жетелеу сұрақтары арқылы қолдау тапты. Ал бағалауда Д деген оқушы бағалау критерийіне сай нақты жүйелі түрде алдына мақсат қойып, бір-біріне кеңес беруді ұсынды және тапсырманы нақты орындауында және картадан жіберген қателерін оқудың ажырамас бөлігі екендігіне түсінді.

Әр пән бойынша өз әріптестерінің ой –идеясын өзгерту үшін жоспарлау кезінде талқылау болып, тиімді жақтары, кері әсерлері сабақ жоспарына критерий құрудың қиындықтардың болуы талқыланады. Мұнда жоспар жасауда нақтыланған бағыт бойынша жазылуында және үдеріс кезінде бір-бірімен сыйластық қарым –қатнас жасау арқылы бір-біріне тіжірбие алмасуында. Мен мұғалімдерге жеті модуль бойынша оқытудың тиімділігіне және әр сабаққа рефлексия жазып, кері байланыс жасаудың пайдасы көп екенін түсіндірдірдім.

Зерттеу барысында мұғалімдер оқушылардың пікірін тыңдап бірнеше оқушымен сұхбатасып онда оқушылардың іс –әрекеттеріне талқылау жүргізіліп рефлексия жаздырылып отырылды мұндағы мақсатым іс-әрекет кезінде болатын өзгерістерді бақылау арқылы жаңа әдіс –тәсілді қалай қолданды, сыныптағы оқушылардың атмосфералық аухалы мән берілдіме осы іс-әрекетті коучинг сессияда талданып жүргізіліп отырған жұмысқа бағыт беріліп отырылды.

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім беру технологияларының алдына қоятын мақсаты-білім алушының жеке басының дара және дербес  ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық технологиялардың оқыту үрдісінегі жүйесі – мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал - жол  екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық технология ұстаз  шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің  ойлау қабілетін ұштала түсуіне әері мол, оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін - өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға ,сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді.

Бүгінгі мұғалім нені біледі және ол тағы да нені білуі қажет

Ал тағы да нені білу қажет?

1. Ол оқушының ішкі дүниесін жақсы білуі қажет, өйткені баланы сабаққа қызығушылығын ояту үшін оның қандай қабілеттері мен мүмкіндіктері, ерекше ойлары мен құнды идеялары бар, оны зерттеуі қажет;

2.сондай –ақ, өзін- өзі жақсы таныған болуы қажет , мен мұғалім ретінде әлі де де нені үйренуім керек, бүгінгінің талабына сай оқытып жүрмін бе, әртүрлі оқушыларымды, олардың алуан түрлі ойлары мен белсенді әрекеттерін қалай бағалап жүрмін деп ой толғанысытары арқылы өзінің әлісз және мықты жақтарына сараптамалар жасап отыруы қажет.

3.оқушылар ортасын жақсы білуі қажет, олар өз ортасында нені көп талқылайды, нені ұнатады, нені көп оқиды, нені білгісі келеді, мұғалім өз сабақтарын оқушылардың қызығатын тақырыптарына жақындата отырып үйретуі тиіс.

4.социумдағы мәселелермен жақсы таныс болуы қажет, өйткені өмірде не болып жатса, мұғалім өзінің тақырыбын сол өмірмен байланыстыра оқытуы қажет;
Пайдаланған әдебиттер

1.Нұсқаулық (25 бет,33бет,37 бет,67 бет)



2.« Білім саласындағы инновациялық ақпараттық – педагогикалық технологиялар» жаңашыл –педагогтардың 3-форымының еңбектері ЮКМУ. М. Әуезов , Шымкент 2012 жылы(40-42 бет)

3. Асхат Әлімов .Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәсселері
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет