«Заманауи тәрбиешіге қойылатын талаптар және тәрбиелеу үрдісі»



Дата27.12.2016
өлшемі49,79 Kb.
#5848
  • Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей,мектепке дейінгі кезең-бала өмірінің ең бақытты сәті ғана емес,бұл сонымен қатар адамзат дамуының ешкім түсініп болмайтын ең бір ауқымды әлеуеті.
  • Ал, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің сапасы көп жағдайларда педагогтардың біліктілігінің жоғары болуына байланысты болып келеді.
  • Тәрбиеші-деген кім?
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі
  •       Лауазымдық міндеттері. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.       Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды. Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды; жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды. Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.        Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.       Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»,  «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, жеке санитария мен гигиенаны, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогика негіздерін, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техникасын, санитариялық ережелерді.      
  • Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:        біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:       мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының тәрбиешісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, осы лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:        біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы диагностикалық құралдарды меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;        біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:        біліктілігі жоғары деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы әдістерді ізденуі, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде жеке өзіндік әдістерді болуы тиіс.       Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі бірінші деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық немесе техникалық кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.       Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:       мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру тиіс.       Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.        Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:       Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуындағы диагностика элементтерін меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.       Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.       Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:       Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуде заманауи әдістерді және инновациялық технологияларды қолдану мақсатындағы ізденістерді жүзеге асыру тиіс.        Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.
  •  
  • Педагогикалық -әдеп
  • Педагог әдептілігінің  негізіне педагог еңбегінің   әлеуметтік  мәні,жеке басының  адамгершілік 
  • мазмұны,психологиялық жағынан қалыптасуы,
  • кәсіптік жағынан қарулануы,өзгелермен қарым-қатынасының сипаты,мінез құлқы,
  • жасы,мамандығы,Отбасы жағдайы және т.б.жатады.
  • Педагогтік әдепке  оның жақсылық пен жамандық,
  • педагогтік  парыз,педагогтік әділеттілік,кәсіптік 
  • намыс пен абырой,педагогтік бедел,ар-ождан,тәрбиешінің  еңбек тәртібі сияқты 
  • котегориялары  негіз болады.
  • Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.
  • Тәрбиеші –имиджі:
  • Имидж құрылымы:
  • - сыртқы  бейне;
  • - вербалды  және вербалды емес қарым-қатынасты  пайдалану құралы;
  • -  ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
  •  
  •  Сыртқы  имиджді құраушыларға:
  • - мимика,
  • - дауыс  күші мен тембрі,
  • - костюм,
  • - қимыл,
  • - мәнер.

Педагогтік оптимизм  туралы болғанда,психолог Владимир  Левидің өзіне-өзі гипноз жасау туралы кеңестерін пайдаланып (таңертең сенімді,әрі әсерлідауыспен:"Мен жұмысымды сүйемін!","Бәрі де жақсыболады!"т.б.),өзін-өзісендірутәсілінигеру қажет.Бұл педагогтік оптимизмді қалыптастырады.Педагогтік оптимизм үшін тәрбиешінің денсаулығы,күн тәртібі жүйелі түрде сақталуы қажет.Тәрбиеші киімінің эстетикалық талғамға сай,сәнді,жасына лайықты,жұмыс істеуіне ыңғайлы,тігілуі де көтеріңкі көңіл-күй тудырады.Балалар тәрбиешінің салдар-салпақ киініп,шашын жөндеп тарамай келгенін кешірмейді,ол дұрыс та.Адамның сыртқы келбет-көрінісі-айналасындағыларға  құрмет көрсетуі.Киім адамды жинақыландырып,тәртіпке салудың факторы бола алады.Мысалы:сәнді киініп тұрып балаларға дөрекі дауыспен айқайлауға,ерсі қимыл-әрекет жасауға болмайды.Ол сыртқы әсемдікпен үйлеспейді.Педагог әдептілігінің келесі бөлігі-тәрбиешінің кәсіби қарулануы.Өзін-өзі жетілдіру үшін үздіксіз жұмыс жүргізу,мамандығы бойынша білімін тереңдету,педагогика және психология теориясын білу,әдістемені игеру,әдебиет пен өнерге ден қою,үздіксіз іздену.Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар:тыныс алуды реттеу,дауысты жолға қою,анық,мақамдап сөйлеу,орфоэпия нормаларын сақтау,әдеби тілді игеру,сөздің эмоциялық әсерлілігін қалыптастыру қажет."Атына заты лайық педагог" болу үшін жоғары мәдениетті,идеялық сенімі мықты,азаматтық айқындамасы орнықты,кәсіптік білім деңгейі жоғары,жаңалыққа жаны құмар,тың шешім қабылдай алатын тәрбиеші болуы керек.Міне,осындай педагог қана болашақ қоғам иесі бүлдіршіндерге тыңғылықты тәрбие бере алады.

  • Педагогтік оптимизм  туралы болғанда,психолог Владимир  Левидің өзіне-өзі гипноз жасау туралы кеңестерін пайдаланып (таңертең сенімді,әрі әсерлідауыспен:"Мен жұмысымды сүйемін!","Бәрі де жақсыболады!"т.б.),өзін-өзісендірутәсілінигеру қажет.Бұл педагогтік оптимизмді қалыптастырады.Педагогтік оптимизм үшін тәрбиешінің денсаулығы,күн тәртібі жүйелі түрде сақталуы қажет.Тәрбиеші киімінің эстетикалық талғамға сай,сәнді,жасына лайықты,жұмыс істеуіне ыңғайлы,тігілуі де көтеріңкі көңіл-күй тудырады.Балалар тәрбиешінің салдар-салпақ киініп,шашын жөндеп тарамай келгенін кешірмейді,ол дұрыс та.Адамның сыртқы келбет-көрінісі-айналасындағыларға  құрмет көрсетуі.Киім адамды жинақыландырып,тәртіпке салудың факторы бола алады.Мысалы:сәнді киініп тұрып балаларға дөрекі дауыспен айқайлауға,ерсі қимыл-әрекет жасауға болмайды.Ол сыртқы әсемдікпен үйлеспейді.Педагог әдептілігінің келесі бөлігі-тәрбиешінің кәсіби қарулануы.Өзін-өзі жетілдіру үшін үздіксіз жұмыс жүргізу,мамандығы бойынша білімін тереңдету,педагогика және психология теориясын білу,әдістемені игеру,әдебиет пен өнерге ден қою,үздіксіз іздену.Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар:тыныс алуды реттеу,дауысты жолға қою,анық,мақамдап сөйлеу,орфоэпия нормаларын сақтау,әдеби тілді игеру,сөздің эмоциялық әсерлілігін қалыптастыру қажет."Атына заты лайық педагог" болу үшін жоғары мәдениетті,идеялық сенімі мықты,азаматтық айқындамасы орнықты,кәсіптік білім деңгейі жоғары,жаңалыққа жаны құмар,тың шешім қабылдай алатын тәрбиеші болуы керек.Міне,осындай педагог қана болашақ қоғам иесі бүлдіршіндерге тыңғылықты тәрбие бере алады.
  • «Тәрбиеші бұл-өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершлігіне алатын кәсіби адам»
  • Амонашвили.
  • Тәрбиешіге қойылатын талаптар:
  • Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
  • Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек;
  • Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;
  • Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;
  • Жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
  • Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге,
  • тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.
  • Жаңашыл педогог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог- тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен , күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті , әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестерінежоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің
  • ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.

Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар:

  • Тәрбиеші  жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын,адамгершілігі  жоғары,мәдениеті,ғылым жетістіктерін  дұрыс бағалай алатын,
  • әдебиет  пен өнердің,техниканың даму жайын  жақсы білетін,оны түсіндіре алатын адам болуы керек.Тәрбиешінің мәдениеттілігінің  көрсеткіші-әдептілігі,қоғамдық орындарда  өзін сыпайы,еркін,ортаға лайықты ұстай  білуі,өнегелі тәртібі,сүйкімділігі,адамдармен өзара сыйластыққа,адалдыққа негізделген  қарым-қатынасы.Ондай тәрбиешіні балалар  жақсы көреді,сыйлайды,құрметтейді,оған жақын жүргісі келеді,оның балалар  арасында беделі зор болады.
  •   Тәрбиешінің жеке басының үлгісі жас ұрпақ тәрбиесінде  ең әсерлі әдістердің бірі,
  • өйткені  балалар тәрбиешіге барлық жағынан  еліктейді.Сол себептен де ол  үнемі
  •  жинақы,таза,ұқыпты жүріп,сөйлеген  сөзі мәнді,ойлы,әдемі,салмақты келіп,асықпай
  • ,байыппен  сөйлеуі керек.Бала еліктегіш  болғандықтан,жақсыны да,жаманды  да тез
  •  қабылдайды.
  • Қазір талантты тәрбиешілер  өз білімін жетілдіруге,өз саласын 
  • жан-жақты зерттеп,ғылыми үлес қосуына  мүмкіндіктер туып отыр.
  • Тәрбиешілер курстарға,семинарларға,үйірмелерге  қатысу арқылы да білімін,шеберлігін,іскерлігін арттырады.Тәрбиешілер үшін мезгіл-мезгіл оқу,тәрбие ісінің көкейкесті мәселелеріне арнап педагогикалық дәрістер,баяндамалар  ұйымдастырылады.Жыл сайын
  •  өткізілетін  қалалық,аудандық конференцияларда тәжірибе алысып,шеберлігін ұштауға мүмкіндіктері  бар.Тәрбиешілердің білімін көтеру мүмкіндік тудыратын әдістемелік  бірлестіктердің маңызы аса зор.Әдетте әдістемелік бірлестіктерде тәрбие жұмысының әдістемесі талқыланып,пікір  алмасады
  • Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі.
  • Оқу-тәрбие ісін жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастыра білген тәрбиешіні шебер  тәрбиеші дейді.Тәрбиешінің шеберлігі  талантты қажет ететін ерекше бір  өнер емес,бірақ ол-дәрігер мен  музыкантты шеберлікке баулитындай  етіп үйретуді қажет ететін мамандық (А.С.Макаренко).Шебер тәрбиешінің жұмысы өз ісін терең білумен,белгілі стилі мен даусы дауыс ырғағынан,тәжірибеде тексерілген әдіс-тәсілдер жиынтығынан,күнделікті оқу-тәрбиенің мақсат,міндетін анықтауынан байқалады.Шебер тәрбиеші тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін,не үшін істейтінін,қандай дәрежеге жеткісі келетінін саналы,анық және дәл біледі.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі қағидалары:
  • 1. Дамыту қағидасы
  • Іс-әрекеттің әр түрінде баланың эмоцияналды, рухани-адамгершілік, ақыл-ойының дамуы мен өздігінен дамуын бағдарлайды, ынталандырады және қолдау көрсетеді, мектеп жасына дейінгі баланың дербестік, бастамашылық, шығармашылық қабілеттіліктерінің көрінуіне жағдай жасайды.
  • 2. Табиғатқа сәйкестілік қағидасы
  • Балаларды тәрбиелеу мен оқыту табиғат пен әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысын ғылыми түрде түсінуге және мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа сәйкестілік қасиеттерін, жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігіне негізделеді.
  • 3. Адамгершілікке бағытталғандық қағидасы
  • Тәрбиелеу мен оқытуда шығармашылық қабілеттілікті дамытуды, өзіне деген сенімін нығайтуды және «мінсіз Мен» жетістігіне жету мүмкіндігін, ересектермен тең құқықты және серіктестік қатынасты орнатуды болжамдайды.
  • 4. Мәдениетке сәйкестілік қағидасы
  • Тәрбиелеу мен оқытудың жалпы адамзаттық құндылыққа негізделуі қажеттігіне, ұлттық мәдениет пен аймақтық салт-дәстүрлермен және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылатынына көз жеткізеді.
  • 5. Вариативті қағида
  • Баланың жеке басының траекториясын анықтауға бағытталған мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асатын алуан түрлі білім беру бағдарламаларымен ұсынылады.
  • 6. Жеке тұлғаның құндылығы және бірегейлігі қағидасы
  • Әр баланың жеке құндылығы мен қайталан бастығынан көрінеді («Барлық бала сүйікті — барлық бала бірдей!»).
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процессінің жүзеге асырудың негізгі тәсілдері:
  • Жүйелі тәсіл
  • тәрбие - білім беру үдерісі компоненттерінің өзара байланысын көрсететін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалары және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының сабақтастығын білдіреді.
  • Жеке - іс-әрекеттік тәсіл
  • баланы алуан түрлі іс-әрекеттер түріне кірістіру үдерісінде өзін жеке тұлға ретінде сезінуге көмектесуді және өзін танытуға мүмкіндік туғызуды білдіреді.
  • Жеке - бағдарлық тәсіл
  • баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуға және өздік дамытуға бағытталған ерекше түрдегі білім бері үдерісін (ерекше мақсатпен, мазмұнмен, түрлермен, әдістер және технологиялармен) құруға негізделген.
  • Құзыреттілік тәсіл
  •  мәселені анықтауға, жауапкершілікпен шешім қабылдауға, оларды жүзеге асырудың жолдарын анықтауға, жетістікке жетуді жоспарлау мен ұйымдастыру үдерісіне, өзінің іс-әрекетіне және нәтижесіне баға беруге және өздік бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді.
  •  

Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай  алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы  психолог. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын  маман.

  • Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай  алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы  психолог. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын  маман.
  • Мақсаты: Жаңа заман педагог дегеніміз үнемі ізденіс үстінде өз білімін жетілдіріп отыратын, жаңа әдіс жолдарын пайдалануға құштар және жақсы жетілген педагогикалық тәжірибені өз ісіне еңгізе білетін шебер маманды айтамыз.Атақты ұлы педагог Амонашвили «Тәрбиеші бұл- өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» деп атап өткен. Біз ата-аналармен бірге балаларды тәрбиелей отыра еліміздің болашағын құрамыз. Әр бала жылылықты, қайырымдылықты, еркелетуді күтеді. Егер бұндай сезім болмаса, егер адам сезімсіз, яғни қатал ортада тәрбиеленсе жас сәби жүрегі сол қатал қайрымсыз болып дамиды.
  • Заманауи тәрбиеші
  • Балаларды сүйеді
  • Балаға балабақшада психологиялық қамқорлық жасайды
  • Баланың ойнауына , еңбек және білім алуына жағдай туғызады
  • Баланың дамып жетілуіне ат салысады
  • Өз білімін көтеруімен шұғылданады
  • Білімін жетілдіреді.
  • Тәрбишінің артистігі:  дегеніміз-түрлі қиын жағдайларға кездескенде тапқырлық көрсету.Баланың көзін жеткізетін іс-әрекет,тәсіл,ұтымды әдістауып,шеберлік көрсете білу.Өз сезімін,ішкі жан-дүниесін басқарып,ұжыммен қарым-қатынас үстінде ерік-жігерін икемділікпен іске асыру.Бұл мәселені кезінде А.С.Макаренко көтерген:"Педагогика ғылым ғана емес,өнер де,сондықтан педагог өз бойына артистік шеберлікті қалыптастыруы керек".Балаларға суық,ызалы,ашуланшақ тәрбиешілерге қарағанда,әзілді түсінетін,жайма-шуақ,шыншыл,өмірге шаттана қарайтын тәрбиешілер ұнайды.Тәрбиешінің жұмысқа шат көңілмен,ширақ қарауы балаларды сергітіп,жұмысқа жұмылдыра түседі.
  •   
  • К.Д.Ушинский: "...тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін,шындық пен жақсылықтың құдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісінің сырт қарағанда қарапайым екендігін,бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін,бұл істен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсіндіреді" деп жазды.Еңбектеген баладан ғұлама ғалымға дейін ұстаз алдынан өтеді.Мемлекет қайраткерлері де тәрбиеші-педагогтерден тәлім-тәрбие алады.Педагог адамзат қоғамы жасап шығарған байлықты жас ұрпаққа  үнемі сіңіріп отырады.
  • Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны. Ата аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, формасы. Әдістеріне тоқталамыз. Отбасы –бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен , қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адасдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасына барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.
  • Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық- баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық,әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділігі ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді. Осы орайда, балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:
  • а) Ата-аналармен педагогикалық, психолоиялық біллімдерін көтеру; (Дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастрыу, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар, т.б.);
  • б) Ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата-аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық-техникалық база жасауға көмектесу);
  • в) Балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-аналар комитеті , ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы).
  • Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың пеагогикалық мәдениетін көтеруге балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуметін арттыруға бағытталған болуы керек.
  • Ата-аналармен жұмыстың әдістері : бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.
  • ата-аналармен ашық және сенімді қарым-қатынастарды:
  • адал және ашық қатынас;
  • тәрбиелеуде өзара келісілген мақсаттар;
  • ашық екіжақты ынтымақтастық негізінде құру.
  •  
  • Тәрбиешілердің  әдіскерлік дәрежесің көтеру,мамандығын  арттыру,аудандық,
  • қалалық,облыстық  оқу бөлімі жайында ұйымдастырылатын  семинарлар мен
  •  үйірмелерде жүзеге  асырылады,онда жүздеген тәрбиешілер  әрбір 5 жылда мамандығын арттырып  отырады.
  •    Балабақшада тәрбиешілердің  білімін жетілдіру,мамандығын арттыру  тікелей
  •  педагогикалық  мәжілістерде,педагогикалық  кітаптарды талдау арқылы 
  • меңгерушінің,әдіскердің  басшылығымен іске асады.
  • Балабақшаның барлық  қызметкерлері қатысатын ашық  тәрбие сағаттарының
  •  үлкен маңызы  бар.Одан кейінгі өткізілетін  бірқатар әдістемелік талдаудың 
  • да тәрбиешілердің әдіскерлік  шеберлігін арттырудағы мәні  ерекше.
  • Күн тәртібінің орындалуы:
  • .
  • Серуен бөлімдері
  • Тәрбиеші қызметінің талдануы. Жұмыс барысын қадағалау, оның орындалуын есепке алу, атқарылған жұмыс әсерлілігін қорытындылау бағасы - бұл тәрбиеші жұмысының негізгі бөлімдері. Тәрбие теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық талдау мәселесінен басқа өзекті мәселе болмас. Талдау – бұл затты ойша бірнеше бөліктерге бөлу, оны элементтерге бөлшектеу, оның ішінде, әр элементтерге бағалау мінездемесі беріледі, ал біртұтас алғанда мұның бәрі затқа мінездеме береді. Күнделікті өмірде біз талдауға жиі ұшырасамыз. Мысалы, айнаға қарап өз бейнемізді көреміз, тағамның дәмін татамыз. Педагогикалық талдау дегеніміз – тәрбие жұмысының анықталған мерзім ішінде нәтижесін оқып-білу. Бірақ, бұл жыл ішінде атқарылған тізім емес, жұмыс әсерлілігін дамытуға немесе кедергісін анықтау. Педагогикалық талдау жасауға әкімшілік тарапынан басқа да қандай себеп бар? кәсіби қызметтің жемістілігіне көз жеткізу. Себебі, қандай да талдаудың бір анықтамасы болады: - өз қызметіңнің және балалар ұжымы қызметінің нәтижелілігі; - өткізілетін педагогикалық жұмыстың мақсаттылығы; - қолданылатын педагогикалық құралдардың әсерлілігі, қызмет нәтижесіне олардың ықпал ету деңгейі; - педагогикалық қызмет ұйымдастырудағы жетістіктер мен кемшіліктер, олардың себебі; - педагогикалық үдерісті дамыту жолдары, анықталған кемшіліктерді болдырмау; педагогикалық қызметке талдау жасау – ең бір күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір әдістемелік үдеріс сияқты, талдауда келесідей кезеңдердің сақталуын талап етеді: 1. мақсат қоя білу; 2. талдау нысанын, бағытын, тақырыбын таңдау; 3. әрекет бағдарламасын жасау, әдісін таңдау; 4. өз қызметін талдау; 5. қорытынды шығару, қарым-қатынас жасау, 6. нәтижелері; 7. талдау нәтижелері бойынша әдістемелік материалдар құрастыру, талдаудың мақсаты мен затын анықтағаннан кейін , оны толығымен жүзеге асыратын әдіс таңдап алу қажет, сондай әдістердің бірнеше түрі бар: 1. сауалнама өткізу ( ашық – жауап нұсқалары шектелмеген, жабық – жауап нұсқалары алдын ала дайындалған) 2. сұхбат, әңгімелесу, сұрақ; 3. суреттеу; 4. бақылау 5. құжаттармен танысу; 6. картотека құрастыру; 7. жеке тестілеу, 8. ұжымдық әңгімелесу;
  • шыдамдылық
  • күш-жігер
  • сабырлық
  • өзіне деген сенім
  • ниет
  • нұрлы жүрек
  • ақыл
  • шынайы сезім
  • Баланы
  • сүю
  • Жүсіпбек Аймауытов "...Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық,дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса,тәрбиеші адамның ақылын,мінезін,жанын сауықтырады",-деген.
  • Жеке тұлға қалыптастыру

Каталог: uploads -> doc -> 0ab8
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ab8 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қорықтары
0ab8 -> Сабақ жоспары: Пән аты: Автоматтандыру негіздері Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop жұмыс ортасында жұмыс істеуге арналған негізгі палитралар. Оқу тобы: шв-10Г


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет