Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» кмм



Дата02.05.2018
өлшемі61,57 Kb.
#40385
Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары


интеллектуалдық тарихи – танымдық ойын. 

Тарих пәнінің мұғалімі Надирова С.И

2016

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары».
Типі: « Атажұрт» интеллектуалдық тарихи – танымдық ойын. 

Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан ҚР - сы туралы алған білімдері бойынша қайта - лау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.


Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру.
Әдісі: дәстүрлі емес.
Құралдары, көрнекіліктері: интерактивті тақта, шарлар, ҚР картасы, безендіру құралдары.
Қатысушы: 5-6 а сынып оқушыларынан құрама «Тәуелсіз ел» және Мәңгілік ел» топтары.

Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(интерактивті тақтамен жұмыс)


А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыру
І кезең: « Қанат қақты». Топ басшыларының сайысы. 2 мин ішінде 20 сұраққа жауап беру
ІІ кезең: « Самғау». Ұпайы көп топ бастайды, қосымша көмек беріледі. 3 минутта 3 сұрақ беріледі.
ІІІ кезең: «Қара жәшік»
ІҮ.кезең: «Шырқау»

Ү кезең: «Жерұйық». «Алтын қоржыннан асықтарды алып, сұрақтарға жауап беру керек.


ІІ. Жүргізуші сөзі: Сәлемдесу, топтармен таныстыру.
ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІҮ. Ойынды бастау.
Ү. Қорытындылау: Әділқазылар алқасына сөз беру.
ҮІ. М. Шаханов «Төрт ана» өлеңі.
ҮІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

ІІ. Жүргізуші сөзі: - Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. « Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбы аясында өтетін интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.


Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім Қазақстан – Отаным,

болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары – екі топтың ойыншыларымен таныстырайық:
І топ – «Тәуелсіз ел» тобы.-Арина, Алуа, Гүлшекер Топ басшысы -Ильяс
ІІ топ –« Мәңгілік ел» тобы. Ясмина,Алина, МадиярТоп басшысы –.Алихан

ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру


- Қара қылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.
1.
2. 
3. 
ІҮ. Ойынды бастау
- Ал, іске сәт,- дей отырып, ойынымызды бастаймыз.
І кезең – «Қанат қақты» деп аталады. Топ басшылары сайысы.
І топ басшысына сұрақтар:
1. Ең қадірлі адам (Ана)
2. А. Құнанбаевтың шын аты. (Ибрахим)
3. Зерендіден шыққан батыр (М. Ғабдуллин).
4. Тұңғыш президентіміз. (Н. Ә. Назарбаев).
5. Бүркітті баптайтын адам. (Бүркітші, құсбегі)
6. Соғыста ерлік көрсеткен адам (Батыр)
7. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)
8. Бір мүшелде неше жыл бар (13)
9. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? ( Мухаммедханафия)
10. 25 санының жартысы. (12, 5)
11. Әкеңнің әкесі кім? ( ата)
12. Дастархандағы қасиетті тағам? (Нан)
13. Қазақтардың ата жауы (Қалмақтар)
14. Қазақ хандығын құрған кім? (Керей, Жәнібек)
15. «Жеті Жарғы» қай ханның тұсында жазылды? (Тәуке хан)

ІІ - топ басшысына берілетін сұрақтар:


1. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)
2. Төл тенгеміз қашан айналымға енді? (1993 ж. 15 қараша)
3. Әкеңнің анасы саған кім? ( Әже) 4. Еліміздің тәуелсіздік алған күн (1991 ж. 16 желтоқсан)
5. Ұлы Отан соғысы қай жалдары болды? (1941-1945)
6. Қазақтың соңғы ханы кім? ( Кенесары)
7. Ақмола облысның әкімі кім? (С. Кулагин)
8. Герадот кім? (Тарихтың атасы)
9. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде? (Түркістан)
10. ҚР - да қанша облыс бар? (14)
11. ҚР - ның рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
12. ҚР - ның әнұранын ата. (Ш. Қалдаяқов, Нәжімеденов, Назарбаев)
13. Абылай ханның лақап аты. (Сабалақ) 14. Алматы қаласы бұрын қалай аталған? (Верный)
15. 21 санының жартысы қандай? (10, 5).

ІІ кезең – « Самғау»
І топ - «Тәуелсіз ел » тобына берілетін сұрақтар:
1. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, автономиялық қазақ үкіметінде басшы болған. Бұл тарихи тұлғаны атаңыз?. (Ә. Бөкейханов)
2. «Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жәй жатқан елміз.  Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз» деп басталатын сөздерді кім айтқан (Қазыбек бидің қалмақ қоңтайшысына айтқан сөзі)

3. Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. 1853 ж. оқуды бітііріп корнет офицерлік атағын алып, Батыс Сібір генерал - губернаторының жанынан төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрді. 1856 ж. Ыстықкөлдің топографиялық суретін тусірді. Ол қазақтың тұңғыш географы. Осы тарихи тұлға кім?. (Ш. Уалиханов)

ІІ топ - «Мәңгілік ел» тобына берілетін сұрақтар:
1.  Күнәдан таза арым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты – құрбандық,
Атам десең атыңдар! деген өлең жолдарын кім жазды? ( Қайрат Рысқұлбеков)

2. «Аюға да тіл үйрететін уақыт болды», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Ел болашағы жастардың қолында» деген қанатты сөздер кімнің сөзі? ( Н.Ә.Назарбаев)

3. Жерге қонбастан әуеде 2 рет ұшаққа жанармай құйдырып, солтүстік полюске ұшып барып келген қазақ ғарышкері. ( Тоқтар Әубәкіров)

ІІІ кезең – «Қара жәшік»


Оқушылар сипаттама арқылы жәшіктегі затты табу керек.

ІҮ кезең – «Жерұйық» Қоржындағы асықтар бойынша сұрақтарға жауап айту.
1. Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім?. (Томирис)
2 «Абай жолы» эпопеясының авторы кім? ( М.Әуезов)
3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», деген сөз кімнің сөзі? (Төле би)
4. Үш жүздің басын біріктірген хан ( Абылай хан)

5. 1723 жылы көктемде жоңғарлар қазақтарға қарсы жойқын жорық бастады. Қайғы- қасыретке ұшыраған жұрт жаяу-жалпы босын ата-қонысынан ауа көшіп кетті.Бұл қасіретті жылдар қазақ тарихында қандай атпен сақталып қалды? ( Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама)

6. «Барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы Қазақ хандығының өзі ғана. Олар арқылы барлық Азия елдерімен қатынас орнатуымыз үшін ол Қазақ хандығы Ресейдің қоластына қарауы керек» деген сөздерді кім айтқан.( І Петр)
7. Қазақ хрестоматиясын жазған қазақтың алғаш ұстазы кім? (Ы.Алтынсарин)
8. Ұлы Отан соғысы қандай елдердің арасында болды? (КСРО-Германия)
9. «Ленинградтық өренім!» өлеңі кімдікі? (Ж. Жабаев)
10. М. Әуезовті бүкіл әлемге танытқан шығармасы. («Абай жолы» эпопеясы)

Ү. Қорытындылау. Әділ қазылар алқасына сөз беру.


- «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты қайталауға арналған интеллектуалдық тарихи - танымдық ойынымызды қорытындылаймыз. Топтардың ұпай сандарын есептеп шығарып, атап айтамыз. Ерекше жауап берген оқушыларды атайық.
ҮІ. М. Шаханов «Төрт ана» өлеңі.

ҮІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі:


- Қазақ елі туралы білмеген жер шарының түкпір - тукпірі тек тәуелсіздігін алған соң ғана танып білуде. Тәуелсіздіктің тірегі білім. Дана халқымыз: « Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады»,- деп баяғыда айтқан. Қиялына қанат біткен ойы ұшқыр, білімді жастар болатындарыңа сенемін.
Өткенім бар, өкініш жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгілейік,
Орындалсын аңсаған асыл арман
, - дей отырып, елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда»,- деген аталық сезімін ақтай біліңіздер демекпін. – Тыңдағандарыңызға рахмет
Каталог: B9A63E078CCEA9AE
B9A63E078CCEA9AE -> Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру
B9A63E078CCEA9AE -> Бекітемін Мектеп директорының м а. Сатанова Д. К. «Үздік мұғалім 2016» мектепішілік сайысты өткізу ережесі
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Тақырыбы: «Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту»
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Астана Сабақтың мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің
B9A63E078CCEA9AE -> Сыныптан тыс іс шара «Зейінділер мен зерделілер»
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет – елге құрмет. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет