Зертеу практикасы бойынша



Дата23.03.2018
өлшемі271,22 Kb.
#39511
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Қаржы-экономикалық факультеті

«Қаржы» кафедрасы

6М050900 «Қаржы» мамандығының


күндізгі оқу бөлім магистранттарына арналған

ЗЕРТЕУ ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Семей 2013



1 ӘЗІРЛЕНДІ

6М050900– «Каржы» мамандығы магистранттары үшін педагогикалық практика бойынша бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулықты «Қаржы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: Масалимова С.Ж., Ибраева А.К., Омарова А.К., Жұртыбаева И.С. әзірлеген


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Қаржы» кафедрасының отырысында


Хаттама № 1 29.08. 2013 ж.
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к., доцент Масалимова С.Ж.


2.2 Қаржы экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды
Хаттама № 1 05.09. 2013 ж.

Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы,

а.ш.ғ.к., доцент Тойкин С.Х.

Мазмұны





1.

Мақсаты мен міндеттері

2.

Практиканы ұйымдастыру

3.

Практика өту кезеңіндегі магистранттардың міндетері

4.

Өндірістік (магистрлік диссертация алды) практика бағдарламасы

5.

Есеп беруге қойылатын талаптар

6.

Бақылаудың нысаны

7.

Практика бойынша есептің мазмұны

8.

Практика бойынша есепті қорғау

9.

Практика бойынша есепті қорғау бойынша ұсыныстар



1. Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері:
«Қаржылық менеджмент» курсы оқу пәндерінің ішінде, қаржылық – несиелік жүйенің жоғарғы білікті мамандарын дайындауда ең басты орынды алады. Экономика саласындағы магистранттардың білімін одан әрі жоғарлату үшін берілген курс пәннің базалық теориясы болып табылады.

Магистрлік диссертация алдындағы практика бойынша есеп беру бітіруші магистранттардың теориялық және практикалық деңгейін анықтайды.

Өндірістік практиканың ұзақтылығы 12 апта (72 жұмыс күні).

Мамандарды дайындауда қаржы ісін ұйымдастыруда теориялық білім мен практикалық дағдыны ұштастыра білу қажет. Оқу-өндірістік практиканың мазмұны банктік сектордағы радикалды реформаларға сәйкес қазіргі заманға сай экономиканың талаптарына жауап беруге қабілетті жоғары дәрежеде дамыған банк секторының ұйымдастырылу ерекшеліктерін түсіндірумен сипатталады.

Магистрлік диссертация алдындағы практика бойынша есеп беру бітіруші магистранттардың теориялық және практикалық деңгейін анықтайды.

Курс мақсаты: жергілікті қаржының теориялық негізінің мазмұнын, функцияларын және кәсіпорын принциптерін, сонымен қатар шетелдік тәжірибені толық меңгеру.

-оқу процесінде алған теориялық білімді тереңдету;

-заңдылық және инструктивтік материалдармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

-болашақ мамандықтың практикалық дағдысын меңгеру;

-бітіру жұмысын орындау үшін материалдар жинақтау.

Өндірістік практикадан өткеннен кейін магистрант: бағалы қағаздардың, негізгі және айналым капиталының, өндірістік кәсіпорындар мен биржалардың қызмет етуімен байланысты ерекше экономикалық қатынастар сферасын үйренеді. Пән басқа жалпы теориялық пәндермен, яғни кәсіпорындарға мамандарды дайындау жүйесінде базалық курс болып табылатын қаржы теориясы, корпоративтік қаржы пәндерімен тығыз байланысты. Сонымен қатар магистрант практика барысында қаржы менеджментiнiң рөлi, мақсаты мен мiндеттерi, қаржы менеджментiнiң казiргi теориясының даму кезеңдерiн, активтер, мiндеттемелер, капитал, табыстар, шығыстар, қаржы кұралдары және теуекелдер, бағалау әдiстерiн және сәйкес рәсімделетін құжаттарды қарастырады.
2.Практиканы ұйымдастыру
Өндірістік тәжірибе жоғары мамандырылған магистранттарды дайындаудың соңғы бөлімі болып табылады. Мамандарды дайындаған жағдайда теоретикалық білімдердің жоғары деңгейін тәжірибелік қабылдау мен органикалық байланыс қамтамасыз етуі қажет.

«Қаржылық менеджмент» мамандығының магистранттарына өндірістік тәжірибе оқу жоспарының маңызды бөлігі болады. Өндірістік тәжірибе қаржы, шаруашылық субъектініњ қаржылық қызметімен, қаржылық қатынастар, қаржылық механизм, ақшалай ағымдарды басқару туралы магистрантардың білімін құрайды.

Тәжірибенің негізгі мақасты ол оқу орнында магистрантармен алынған білімді игеру және тәжірибелік қолдануы, сонымен қатар арнайы пәндер бойынша ғылыми зерттеу негіздерін қабылдау.

Тәжірибенің негізгі міндеттеріне келесілер жатады:



  • оқу процесінде алынған теориялық білімдірді бекіту;

  • кәсіпорынның қаржылық есеп берушілігімен, заңдылық және инструктивтік материалдармен жұмыс істеу негіздерін үйрену;

  • болашақ мамандықтың тәжірибелік негіздерін қабылдап алу;

Тәжірибе орынында магистрант фирманың құрылымымен, әр бөлімдерінің функцияларымен танысуы қажет. Практиканы өткен уақытта магистрант келесілерді орындау қажет:

  • сәйкес заңдылық актілерді және инстуктивтік материалдарды зерттеу

  • кәсіпорынның құрылымымен және қызметінің негіздерімен танысу;

  • активтерді басқаруының тиімділігін талдау;

  • қызметті қаржыландыру қайнар көздерінің құрамын және құрылымын талдау;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және т.б.

Банк ісі бойнша:

  • интруктивті материалдарды қарастыруға;

  • банктік жалпы құрылымымен және жалпы жағдайларымен танысуға;

  • несиелік операцияларға талдау жасауға;

  • депозиттік операцияларға талдау жасауға;

  • бағалы қағаздарға талдау жасауға;

  • валюталық операцияларға талдау жасауға;

  • пруденциалдық нормативтерді есептеуді жүргізуге;

  • жаңа шот жоспарына сәйкес өндірістік практиканың әрбір тақырыбы бойынша бухгалтерлік жазбалар құрастыруға;

  • аудиторлық қорытынды құруға.


3. Магистранттардың практикадан өту барысындағы міндеттері
Әрбір магистрант тәжірибе өту туралы бланкті 3 данадан толтыруға міндетті.

Магистранттың тәжірибеден өту кезеңі басталғаннан бастап жұмысқа араласып, еңбек қорғау ережесі және ішкі басқару ережесімен, кәсіпорын қызметімен, белгілі бір тәртіпте таныс болуға тиіс.

Тәжірибе өту кезеңінде әрбір магистрант күнделік жүргізеді, және күнделікте олармен істелген күні белгіленеді.

Тәжірибе өту аралығында магистрант міндетті:



  • Ұжым бөлімінің жұмыстарымен танысу

  • Техникалық –қауіпсіздік және еңбек құқығы ережесін қатаң қадағалау және оқу

  • Тәжірибе орны бойынша ұжым өміріне, қоғамдық жұмыстарына қатысу

  • Тәжірибе күнделігін жүйелі құру және өту туралы уақытында есеп жасау.

Магистрант ұйымның әрбір бөлімінің қызметінің бағыты бойынша бөлімдермен танысуға міндетті.

Ұйымға келегеннен бастап магистрант тәжірибе уақытын білуі керек, тәжірибе бағдарламасынының есебін тәжірибе уақытында жүйелі пайдалануы тиіс. Ұйым өндірісі мен технологиясымен басқару жүйесімен танысу 2 күн, мәліметтер мен ақпараттарды жинау 2 күн, тәжірибе бағдарламасы және жеке тапсырмаларды орындау, жұмыстарды қарау 4 күн, тәжірибе есебін құру 2 күн. Графикте және күнделікте орын ауысуын белгілеп, өткен тақырыптарды бекітуі қажет.

Магистрант тәжірибе орнына университеттің бұйрығымен келеді, тәжірибе жетекшілігіне сай ұйымда жұмыс істейді. Күн сайын ол орындаған жұмыс көлемін күнделікке жазып отыруы тиіс.

Күнделікте қай күндері, жұмыс орнында, жұмыс істегені туралы жазылуы міндетті. Күнделік ұйымдағы практика жетекшісінің бақылауында және тексерісінде болады. Жұмыс орнында қызметі аяқталғанда тәжірибе жетекшісі магистранттың тәжірибелік қабілеттілігін тексереді және магистрантқа жұмыс туралы ескертулер береді, күнделікке тәжірибе жетекшісінің қолы және ұйым мөрі қойылады. Жеткші қолымен көрсетілген күнделік тәжірибе есебіне дайындығын көрсетеді.

Тәжірибеден өткенде магистрант еңбек ұжымының бір мүшесі болып қалыптасады, ондағы еңбек тәртібімен танысып күнделікті қызығушылықпен жұмыс істейді.

Ең басты талап, магистранттардың еңбек ұжымындағы қалыптасуды жүзеге асыру, ол ұйым өндіріс барысындағы жеке және алынған білімі мен тапсырмаларды орындауы ұйымдағы қызметкерлермен бірге қоғамдық өмірге қатынасуы, қызметте пайда болған мәселелерді өз еркімен шеше білу болып табылады.

Тәжірибе уақытында магистрант өзін белсенді жұмаскер ретінде көрсете білуі тиіс, ол нақты, әдепті, ұйым жетекшілерімен, қызметкерлерімен сөйлесе білуі қажет.

Тәжірибе басталуға 2 ай бұрын магистрант тәжірибе өту туралы 3 көшірмедегі келісім-шартты толтыруы тиіс. Тәжірибеге 1 ай қалғанда мед. қаралымнан өтуі тиіс. Техникалық-қауіпсіздік және еңбек құқық ережесін қатаң қадағалау тиіс. Ұйымның ішкі тәртібін сақтау. Тәжірибе бағдарламасымен танысып, күнделік басталуы керек. Магистрант тәжірибе аяқталғанан кейін 10 күнде тәжірибе есебін қорғауы тиіс.

Осылардан кейін магистрант тәжірибе графигін жүзеге асырып, ұйыммен толық танысады.

Тәжірибе аяқталғанда магистрант ұйымдағы тәжірибе жетекшісінің қолымен және мөрімен бекітілген келесі құжаттарды өткізеді:



  • Тәжірибе есебі (титульный лист)

  • Іс-тәжірибеден өткендігі туралы анықтама (тәжірибе күнделігінің 5 бетінде)

  • Тәжірибе күнделігі

  • Мінездеме (тәжірибе күнделігінің 18 бетінде)


4. Өндірістік (магистрлік диссертация алды) практика бағдарламасы

Жұмыс орындарындағы өндірістік тәжірибені өту кезінде магистрант тәжірибелік жұмысты өз еркімен атқара алуға дағдылануы керек, қаржылық менеджрдіњ жұмысыныњ экономикалық әдістемесіне үйренуі қажет және жұмыс барысында келесі жұмыс қызметтері орындалуы керек:





Тақырып

Мазмұны

Күн саны




1

Шаруашылық субъектілерініњ құрылымымен жалпы танысу

Кәсіпорынныњ қалыптасу және даму тарихы, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы және құрылымы. Кызмет бағыттарымен танысу.

12

2

Кәсіпорын қызметін қаржыландыру қайнар көздерімен басқару

Қаржыландыру қайнар көздеріне жалпы сипаттама:

  • компания қызметін қалыпты ұстау және кењейту мақсатындағы, қаржыландыру құралдарыныњ құрамы мен құрылымы;

  • қажетті қаржы ресурстарын бағалау және өткізу формалары;

  • қаржыландыру қайнар көздерімен байланысты тәукелдерді бағалау;

  • зайымдық қаражаттарды тарту саясатын оку, қаржылық теттік тиімділігін қолдану және есептеу, сонымен бірге меншікті қаражаттардыњ рентабельділігін анықтаудан бастау қажет;

  • кірістерді қалыптастыру және тарату;

  • шығындар түрлеріне назар аударып, табысты өсіру темпері мен массаларды максимазизациялаудыњ негізгі жолдарын талдау және оқу;

  • (өндірістік рычаг) рачагтыњ операциялық тиімділігін есептеуді құру;

  • фирманыњ дивидендік саясатын оқу;

  • кәсіпорынныњ қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастыру құрылымын талдау, сыртқы қаржыландыру әдістеріне назар аудару. Қаржыландырудыњ негізгі қайнар көздерініњ артықшылықтары мен мен кемшіліктерін белгілеу. Меншікті қаражаттардыњ таза рентабельдігін есептеуін құру.

12

3

Фирманыњ негізгі капиталымен басқару

Фирманыњ айналымнан тыс активтердің құрамы мен құрылымы.(материалдық емес активтер, негізгі қаражаттар)

  • айналымнан тыс активтердің түсуы және шығу тәртібі

  • айналымнан тыс активтердің бағалау тәртібі

12

4

Айналым капиталымен басқару

- ТМЗ басқару: бекіту тәртібі (шикізат, материалдарды тасымалдаушыларымен келісімдер), кәсіпорындардың қоймауында материалдық запастардың сақталу тәртібі, материалдық өнімнің шығуына запастарының қажетілігін есептеу әдісі, материалдық запастардың бағалау әдістері.

- Дебиторлық қарызбен басқару (дебиторлық қарызды таладау, заказдарды есепке алу. потенциалдық көрсеткіштердің бағалау, шоттарды рәсімдеу)

- Ақша ағымымен басқару ( ұлттық және шетел валютасында ақша қаражаттардың қозғалысы, кәсіпорында қолданатын есеп формалар, кәсіпорынның бағалы қағаздары, оларды сатыпалуы, бағасы, ағымдағы қарыз, құжатттар)


12

5

Инвестициялық қызметімен ұйымдастыру

- Инвестициялық саясаттың жалпы сипаттамасы: инвестициялық қызметтің бағыттары (ішкі және сыртқы салымдар, қаржылық немесе капиталдық), инвестициялардың тиімділігін бағасы

12

6

Фирманың қаржылық жағдайын талдау

Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру (қаржылық ресурстарды жоспарлау, ақша қаражаттардың бюджетін құрастыру)

  • кәсіпорынның қаржылық есепберудің негізгі түрлері;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерін бағалау және талдау (қаржылық тұрақтылық, өтімділік, төлемқабілетілік, несиекәбілетілік);

  • ақша қаражаттардың қозғалысы туралы есептің талдауы;

  • кәсіпорынның салық салуды ұйымдастыру (түрлері, мерзімдері, салықтарды төлеу тәртібі, құжаттар)

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

  • Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауының ұйымдастырылуы

Негізгі қаржылық есепберушілігінің түрлерімен танысу

12




Барлығы:

72




  1. Банк ісі практика бағдарламасы



Тақырып

Мазмұны

Күн саны

1

Банк қызметінің жалпы принциптері

1.1.Банк қызметінің мәні мен мақсаты;

1.2.Банктің ұйымдастырушылық құрылымы:

-жарғы банктік құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі заңдылық құжат;

-банктің басқару органдарының құрылымы;

-банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы;

-филиалдар мен бөлімдер қызметтерін ұйымдастыру.



6

2

Несиелік операциялар

Келесі сұрақтар бойынша құжаттарды рәсімдеу, қарыз алушының несиелік қабілеттігіне талдаужасау, қарыз алушының қамтамасыз етуін талдау, бизнес жоспардың тиімділігіне талдау жасау, банктік несиелердің жіктелуін талдау, коэффициенттерді есептеу, пайыздары есептеу, бухгалтерлік жазбаларды құру, несиелік операциялар бойынша аудиторлық тексеру жүргізу;

-несие түсінігі несилік қатынастар субьектілері;

-банктік несиелердің жіктелуі;

-қарыз алушының несиелік қабілеттігі,оны анықтау әдістері, несиелендіру әдістері;

-ссудалық шот бойынша операцияларды ашу және жүргізу тәртібі;

-несиенің қамтамасыз етілуін тексеру тәртібі;

-банктік ссудалардың қайтымдылығын қамтамасыз ету формалары мен түрлері;

-банктің қарыз алушымен несиелік келісім шарты;

-қарыз алушыны несиелендіру тәртібі;

-ссудалық пайыз, оларды алу тәртібі;

-несиелік тәуекелдер, тәуекел дәрежесі бойынша кәсіпорындардың жіктелуі;

-экономиканың әртүрлі салаларын несиелендіру ерекшеліктері;

-ұзақ мерзімді несиелендіру.

Осы сұрақтарды қарастыру барысында магистрант оларды нақты практика мысалдарында, атап айтқанда экономиканың әртүрлі салаларының бір немесе бірнеше қарыз алушыларды несиелендіру мысалында ашу керек.



10

3

Банктегі жоспар-лық және эконо-микалық жұмыстар

Келесі сұрақтарды қарастыру:

-банктің меншікті капиталы туралы түсінік

-меншікті капиталдың құрылымы мен оның функциялары;

-банктің акционерлік капиталының қалыптасу тәртібі:

-коммерциялық банктердің акциялары мен облигацияларын шығару тәртібі;

-бағалы қағаздарды шығару және жүзеге асыру тәсілдері;

-банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін бағалау;

-банктің басқа да қорларының қалыптасуы.

Құжаттарды рәсімдеу, талдау жасау, коэффициенттерді есептеу;

-салықтардың түрлері, салық салу тәртібі;

-банк өтімділігін анықтау.


10

4

Банктің валюталық операциялары

Құжаттарды рәсімдеу, аудиторлық тексеру жүргізу, басқа да сұрақтармен танысу:

-ҚР-дағы валюталық операцияларды заңдылық реттеу;

-валюталық шоттарды ашу реті;

-валюталық шоттар бойынша операцияларды жүргізу тәртібі;

-валюталық несиелерді беру тәртібі;

-ішкі нарықта шетел валютасын сату және сатып алу;

-айырбастау пункттерінің жұмыста-рын ұйымдастыру;

-экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысу формалары.


8

5

Банктің бағалы қағаздармен операциялары

Келесі сұрақтар бойынша құжаттармен танысып, рәсімдеу және талдау жасау:

-банктер бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары ретінде;

-бағалы қағаздар түсінігі, олардың жіктелуі;

-банктің бағалы қағаздар эмиссиясы;

-банктердің бағалы қағаздарға инвестициясы;

-банктердің мемлекеттік займдар облигациясымен операциялары;

-«ДЕПО» шоты бойынша операциялдарды ашу және жүргізу тәртібі;

-банктердің векселдермен операциялары;

-банктік сертификаттар.


8

6

Клиенттерге есептік – кассалық қызмет көрсету

Келесі сұрақтар бойынша құжаттармен танысу, рәсімдеу, талдау жасау, аудиторлық тексеру жүргізу:

-ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру;

-банктік шоттар:

а) банктегі ашылатын шоттар түрлері;

б) шоттарды ашу тәртібі;

-ақшасыз есеп айырысу формалары;

-банктің кассалық операциялары:

а) нақты ақшалай айналымды ұйымдастыру;

б) кассалық айналым болжамын құру тәртібі;

в) клиенттерге есептік кассалық қызмет көрсету тәртібі;

-тұрғындар төлемі бойынша ақшасыз есеп айырысулар;

-банкаралық есеп айырысулар.



10

7

Депозиттік операциялар

Құжаттарды рәсімдеу, аудиторлық тексеру жүргізу, басқа да сұрақтармен танысу:

-банктегі депозиттік операцияларды заңдылық реттеу;

-депозиттік шоттарды ашу реті;

-депозиттік шоттар бойынша операцияларды жүргізу тәртібі;

- депозиттерді жүргізу тәртібі.



10

8

Банктегі есеп және есеп берушілік

Келесі сұрақтар бойынша құжаттармен танысып, рәсімдеу, банктің қаржылық есеп берушілігін құру, талдау жасап, аудиторлық тесеру жүргізу:

-бухгалтерлік есеп негіздері:

а) бухгатерлік есептің заңдылық негізі;

б) бухгалтерлік есептің шот жоспары;

-аналитикалық және синтетикалық есеп;

а) жеке шот;

б) бухгалтерлік журналдар;

в) кассалық журналдар;

г) жиынтық карточкалар;

д) тексеру ведомостары;

е) айналым ведомолстары;

ж) баланстар.

-бухгалтерлік есеп құжаттары:

а) ақшалай есептік құжаттар түрлері;

б) құжат айналымын ұйымдастыру;

в) бухгалтерлік құжаттарды сақтау

-банктік операциялардың қаржылық есеп беруде бейнеленуі және есебі;

-қаржылық есеп берушілікті құру;

а) жылдық бухгалтерлік есеп беру;

б) периодтық банктік есеп берушілік.




10







Барлығы

72

Ескерту: практиканы өту мерзіміне байланысты тақырптардың саны (сағаты) бойынша өзгеруі мүмкін.
5. Есеп беруге қойылатын талаптар.
Өндірістік практикасын өту бойынша бағдарламаны негізге ала отырып магистранттар кәсіпорындағы барлық бөлімшерлерге сипаттама беретін есеп беруді құрастыру қажет. Құжаттармен таныса отырып, қажетті материалдар жинакталады және есеп беруге тіркеледі.

Тәжірибе аяқталғанда магистранттар кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің мінездемесімен бірге жазбаша есеп өткізеді және толық толтырылған тәжірибе күнделігі, жеке тәжірибе графигі беріледі. Кәсіпорын тәжірибе жетекшісінің қолы мен мөрі бекітілген: титулдық бет, күнделік.

Есеп беруде толтыру келесідей талаптар бойынша орындалады:


  1. Практика аяқталғаннан кейін магистрант кәсіпорынның мөрімен расталған жетекшінің пікірі мен жазбаша түрдегі есеп беруді жетекшіге тапсыру қажет;

  2. Есеп берудің мазмұны - бағдарламада қойылған сұрақтардың мазмұны және реті бойынша сәйкес келу керек;

  3. Жұмыстың жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 30-35 бет болуы керек

  4. Есеп беру стандарты форматтағы қағазға 1,5 интервалмен келесідей өлшемдермен жазылуы керек: сол жағынан 30 мм, оң жағынан 15 мм, жоғары жағынан 20 мм, төменгі жағынан 20 мм;

  5. Тақырыппен текст арасындағы қашықтың көлемі 3-4 интервал болуы керек;

  6. Жұмысты бір түсті сиямен жазу керек, графиктерді, суреттерді, диаграмма мен сызбалдарды әр түрлі сиямен рұқсат етіледі;

  7. Беттің номері оң жақ жоғары бөлігіне қойылады кіріспе және қосымшылар нөмерленбейді;

  8. Жұмыста ешқандай түзетулер болмау керек, сонымен қатар сөздерді, сөз тіркестерді қысқартуға болмайды;

  9. Есеп берудің әр бір бөлімі жаңа беттен басталуы керек, ал бөлімшілер беттің ортасынан жалғастыра беруге болады;

  10. Есеп берудің сыртқы беті бірінші қосымшада көрсетілгендей толтырылады, ол бетте практика жетекшісінің мөрімен расталған қолы болу керек;

  11. Есеп берудің соңғы бетінде магистрант өз қолын қойып, жұмысты аяқтаған күнді жазу керек, соныңда рецензент пен пікірі үшін бір неше таза беттер қалдыру керек. Есеп беруге қосымшылар оның маңызды бөлігі болып табылады. Есеп беруге қосымшылар ретінде келесілерді пайдалануға болады:

  • нормативтік инструкциялар

  • бланктік материалдар

  • сызбалар

  • схемалар

  • диаграммалар

  • бухгалтерлік және қаржылық есеп беру формалары

мөрмен расталған кәсіпорыннаң практика жетекшісінің қолы қойылған күнделік

  • Есеп барлық компьютерлік жүйеге сай бір ақ бет А4 форматында 1-2 интервалда, шрифт қалыпты, кегль 14. Есептің мазмұны келесі өлшемдер бойынша шығарылады: сол., жоғары, төмен-2,5 см, оң-1,5 см. Шеттен бастан коллонтитул көлемі 1,5 см.

  • Барлық есепте көрсетілген текстер ЭВМ жүйесінде кестелер толық түрде шығарылады.

  • Есепте қате табылған жағдайда оған ақ түспен белгілеп береді.

  • Есепте ұйым атауы, өнім атауы нақты жазылады.

  • Есептің жүйелік элементтері есеп жүйесінің атаулары болып табылады.

  • Есептерді бөлімдерге бөлуге болады. Әрбір бөлім есебі барлық құжаттарға байланысты араб цифрларымен нүктесіз абзац пен жазылады. Бөлімдер номерленуі тиіс. Әрбір бөлім 2 және одан жоғары түрде болады.

Мысал


1 Типі және негізгі өлшемдері

1.1

1.2 1-ші бөлімнің бөлімшелерінің номерленуі

1.3

2 Техникалық қажеттілік

2.1

2.2 2-ші бөлімнің бөлімшелернің номерленуі

2.3


  • Бөлімдер, бөлімшелердің атаулары болуы тиіс. Әрбір бөлім аяқталған ақпаратты көрсетуі тиіс.

  • Есептің әрбір бөлімін жаңа беттен бастау керек. Бөлім ішіндегі бөлімшелер өзара екі жолдан кейін жазылады.

  • Есеп беттерін араб цифрларымен номерлеу керек және бет номері беттің төменгі жағында ортасында нүктесіз орналасқан.

  • Титулдық бет өзара барлы номерленуді қосады. Титулдық бетте номерлену көрсетілмейді.

  • Есепте көрсетілген формулалардың мәндері берілу керек. Көрсетілген есепте сандық коэффициеттер символдардың анықтамасын тексте формуламен берілуі керек және оларды әрбір жаңа жолдан бастайды. Олар өзара үтірмен бөлінеді.

  • Формулаларды және теңдіктерді текстен бөлек жолға қоюға тиіс. Олар кем дегенде текстен бір жол төмен орналасуы керек. Теңдікте қосу, алу, көбейту, бөлу символдары орналасқан.

  • Текстегі сілтемелер жақшаның ішінде көрсетіледі.

  • Формулаларды номерлеу бөлімдерден бөлек орналасады.

  • Кестелер, диаграммалар, графиктер мемлекеттік стандарттқа сай болуы керек.


6. Бақылаудың нысаны

Тәжірибені бақылау 2 жетекшінің қатысуымен өтеді.

Тәжірибе аяқталғанда магистрант ұйымдағы тәжірибе жетекшісінің қолымен және мөрімен бекітілген келесілерді өткізеді:


  • Тәжірибе есебі (титульный лист)

  • Іс-тәжірибеден өткендігі туралы анықтама (тәжірибе күнделігінің 5 бетінде)

  • Тәжірибе күнделігі

  • Мінездеме (тәжірибе күнделігінің 18 бетінде)

Тәжірибені өту есебі кафедраға келген уақытында тапсырылады. Практика жетекшісі магистрантқа пікір береді егер тәжірибе есебінде қателіктер табылса, магистрантты есепті қайта толықтыруға жібереді. Пікір алған магистрант есебі қорғауға босатылады. Қорғау уақытында есепті қорғау хаттамасы тіркеледі. Есепті қорғау аяқталғанда магистрантқа балдық жүйе бағасында баға қойылады.
7. Зертеу тәжірибе есебінің мазмұны

Магистр диссертация алдында өткен тәжірибе бойынша есеп құрылады.

Есепті құру жұмыстары келесілерден тұруы қажет:


  • Тәжірибе бағдарламасымен танысу және магистр диссертация жұмысының жетекшісінің айтуымен орындау

  • Магистр диссертация тақырыбына сай келетін соңғы шыққан әдебиеттермен танусу. (кітаптар, журналдар, газеттер, және заңдылық актілер және т.б)

  • Кәсіпорынның әлеуметтік эккономикалық құжатнамасымен және есеп берулерімен танысу.

  • Кәсіпорын қызметінің жұмысындағы материалдардың дәрежесін талдау

  • Материалдардарды өңдеу кезіндегі есептік көрсеткіштермен жұмыс жасай білу және үйрену.

Әр бөлімнің мазмұны мен құрамы кәсіпорынның мақсатымен байланысты болады, оның қазіргі жағдайы мен даму конъюктурасына байланысты жазылуы тиіс. Ол келесі бөлімдерден тұруы қажет:



Тақырып

1

Шаруашылық субъектілерініњ құрылымымен жалпы танысу

2

Кәсіпорын қызметін қаржыландыру қайнар көздерімен басқару

3

Фирманыњ негізгі капиталымен басқару

4

Айналым капиталымен басқару

5

Инвестициялық қызметімен ұйымдастыру

6

Фирманың қаржылық жағдайын талдау


8.Тәжірибелік есеп беруді қорғау
Университеттен тәжірибе жетекшісі тәжірибе біткеннен кейін,(10 күн ішінде) «Қаржы» кафедрасының деканатпен келісілген графигіне сәйкес, сынақтан өтіп, баға қойылады. Есеп беру қорытындысы 4 баллдық жүйеде GPA есебімен есептеледі.

Есеп беруді қорғау кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссиямен алынады. Есеп беруді магистрант тәжірибеден өткеннен кейінгі 3 күн ішінде кафедра оқытушыларына тапсыруға міндетті.

Қорғауда жұмыстың бағдарламаға сәйкестігі мен көлемі, құжаттардың толық дұрыс толтырылуы, мінездеме мазмұны, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берулер, талдау жасай алу, есеп беруге қосымшалар қаралады.

Магистранттардың есеп берулерін бағалау критериі:



  • Жинақталған мәліметтердің бағдарламаға сәйкес болуы;

  • Тәжірибеден өтуде ұйымның жұмыстарына байланысты нормативтік актілерді білу, сұрақтарға кәсіби маман ретінде жауап беру;

  • Ұйым мінездемесінің мазмұны – тәжірибеден өту орынынан алынады.

Тәжірибеден есеп беруді арнайы себептерсіз орындамаған магистрант университеттен шығарылады. Ал тәжірибе жұмыстары толық көлемді болмаған жағдайда магистрант магистр диссертациядық жұмысты қорғауға жіберілмейді. Тәжірибе мәліметтері (есеп беру, күнделік, мінездеме.) қорғаудан өткеннен кейін жетекшіге кафедраға жіберу үшін өткізіледі.

9.Практика бойынша есепті қорғаудың ұсыныстары

Есеп беруді жазып біткеннен кейін магистрант есепті қорғауы тиіс. Жұмыс барлық талаптарға сәйкес жазылғандығын университетпен бекітілген жетекші тексереді.

Магистранттың тәжірибеден өткендігін дәлелдейтін барлық мәліметтер мен құжаттар дұрыс жинақталып, бөлек папкада көрсетіледі. Тәжірибе қорытындысы негізінде 3-күн бұрын университеттен жетекшіге мынадай құжаттар тізімі тапсырылады:



  • Есеп берулер, ұйымнан, университеттен жетекшілер қолы мен мөр қойылған титулдық бет;

  • Тәжірибеден өту күнделігі қолмен, сиялы қаламмен жазылады және әр жұма сайын кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісімен тексеріліп қол қойылады; Тәжірибе бағдарламасына сай жазылған жұмыстар, жеке орындалған тапсырмалар, қарастырылған құжаттарға талдау жұмыстары, тәжірибеден өтуде туындаған сұрақтар, сонымен қатар күнделіктің бірінші бетінде жетекші қолы мен ұйымның мөрі қойылады;

  • Мінездеме ұйымның жетекшілігімен жазылады. Жетекші қолы мен мөр болуы тиіс. Мінездемеде магистранттың тәжірибеден өткен кезеңіндегі теориялық білімін тәжірибеге ұштастырғаны, жұмыс жасаудағы біліктілігі мен құжаттармен атқарған жазбалары жазылып, баға қойылады.

  • Ұйымның басқа да құжаттары магистрант жұмысына тіркеледі. Алынған құжаттарда мемлекеттік, коммерциялық құпиялар, жеке құпиялар, басқа да маңызды мәліметтер, тәжірибе бағдарламасында қарастырылмаған тақырыптар көрсетілмеуі керек.

Есеп тәжірибе бағдарламасына сай орындалады, ессепте барлық бөлім бағдарламасы бойынша материалдар қамтылған, тәжірибелік есеп кәсіпорын қызметі бойынша соңғы 3-5жылдағы әртүрлі талдау жасалуы тиіс.

Есеп комиссия алдында 8-10мин мөлшерінде қорғалады. Оған есепті қорғау хаттамасы беріледі. Комиссия есепті орындау көлеміне, күнделіктің мазмұны, сапасы, есептің қорғалуын бағалайды. Есептің қорғау нәтижесі рейтингтік балдық жүйеде бағаланады және магистранттің курстан курсқа өту GPA мөлшері есептеледі.


Баға шкаласы

Әріптік бағалау

Дәстүрлі бағалау жүйесі

Цифрлік балл

Пайыз

А

Өте жақсы

4.0

95-100

А-

3,67

90-94

В+

Жақсы


3,33

85-89

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+




2,33

70-74

С

2,0

65-69

С-

Қанағаттаннарлық

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

Қанағаттананрлықсыз

0

0-49

I

Аяқталмаған

NA

-

W

Тәжірибеге кіргізілмеген

NA

-

AW

Әкімшіліктен кіргізілмеген

NA

-

P

Тәжірибеден өтті

-

өтті












ҚОСЫМША А




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қаржы» кафедрасы


ЗЕРТТЕУ ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША


ЕСЕП БЕРУ

практика түрі

___________________________________________________________

практика орны

______________________

шифр, мамандық атауы

Магистрант _____________ _____________ _________________________

топ, курс қолы, күні Аты – жөні


Кәсіпорыннан

жетекші _____________ _________________________

қолы, күні Аты – жөні
Университеттен

жетекші _____________ _________________________

қолы, күні Аты – жөні
Комиссия мүшелері _____________ _________________________

қолы, күні Аты – жөні

_________________

бағасы


Семей – 20__ ж.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет