Зертханалық жұмыс 12. Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері. Өзен торларының түрлері



бет1/2
Дата08.04.2020
өлшемі148,91 Kb.
#61954
  1   2
Байланысты:
Document
Document
Зертханалық жұмыс 12.

Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері. Өзен торларының түрлері.

Өзен аңғарларының морфологиясы олардың жергілікті физикалық-географиялық жағдайларына, геологиялық құрылысына және даму тарихына байланысты. Таулы өлкенің жоғары өрлей дамуына байланысты қарқынды түрде эрозиялық тілімдену нәтижесінде саңылау, шатқал, каньон және астау тәрізді терең аңғарлар пайда болады (1-сурет).





1-сурет. Өзен аңғарларының көлденең қимасының сипатына байланысты түрлері: a -шатқал; б - каньон; в - астау тәрізді; г - трапеция тәрізді

Саңылау (теснина, щель) - екі жағы тік құламалы, қысаң тар аңғар. Тау шатқалы (ущелье) – тік құлайтын екі жақ беткейлері төмендеген сайын сүйірлене беретін өте енсіз көлденең қимасы v - әрпі тәрізді терең аңғар. Көп жағдайда, шатқал тектоникалық жарылымдар бойында қалыптасады, кейіннен ағын сумен одан әрі кеңейіп, тереңдей түседі. Мысалы, Кавказдағы Терек өзені бойындағы Дарьял шатқалы, Іле Алатауындағы Есік, Үлкен Алматы, Шілік тау шатқалдары т.б. Каньон – көлденен бағытта қабатталған жағаларының беріктігі әр түрлі таужыныстар қабаттарының су тіліп өткен жағдайда екі жақ бетейлері кертпештеніп қалыптасқан саты тәрізді, түбі терең аңғар. Эрозияға төзімді қабаттар тегістеліп каньонның жағасында террасаға ұқсас жазық алаңшаларды, басқа да архитектуралық өрнектерге ұқсайтын «ернеулер», «бағаналар» және т.б. бедер пішіндерді құрады. Каньондар көбінесе құрғақ континенттік климатты аудандарда, қарқынды тереңдік эрозиялық жағдайларда пайда болады. Бұндай аңғарлар қарқынды тектоникалық көтерілуге ұшыраған тауларға немесе жазық бағытта жайғасқан су өткізгіш таужыныстарынан (әктас, құмтас, лесс) және лавалық жамылғылардан (базальт) тұратын биік үстірттерге тән. Каньондардың түбі көбінесе суға толған.

Дүние жүзіндегі ең үлкен және белгілі Үлкен Каньон АҚШ-тағы Колорадо өзеннің бойында орналасқан. Оның ұзындығы 320 км-ден астам, тереңдігі 180 м-ге дейін. Қазақстанда Іленің саласы Шарын өзені бойында да терең каньондар бар (61-сурет). Бұдан басқа каньондар Маңғыстауда және Үстірт өлкелерде кездеседі.

Жоғарыда айтылған үш түрлі аңғарлардың (саңылау, шатқал, каньон) түбін түгелімен немесе түгелге дерлік су басып жатады.

Аңғардың даму жолындағы кейінгі кезеңдерінде бүйірлік эрозия күшейе түсіп, аңғар кеңейіп, түбінде жазық жайылма алаңшалар қалыптасады. Аңғар одан әрі тілімденіп және аккумуляцияға ұшырап, жағалары жайпақ кең аңғардың түбінде бірнеше террасалар түзеледі. Мұндай аңғардың көлденең қимасы астау немесе трапеция пішінді болады да, өзен дамуының бұл кезеңін оның толысқан немесе жетік кезеңі деп атайды.



Геологиялық құрылымына және тектоникалық элементтеріне байланысты аңғарлар синклиндік, антиклиндік, моноклиндік, грабендік, антецеденттік және тектоникалық жарылым бойына сәйкес келген түрлеріне бөлінеді (2-сурет).


2-сурет. Геологиялық құрылымдарына байланысты өзен аңғарларының түрлері:

A - синклиндік; Б - антиклиндік; В – моноклиндік; Г – тектоникалық жарылым бойымен сәйкес келген аңғар;

Д - грабендік аңғар.

(О. К. Леонтьев, Г. И. Рычагов, 1988)
Мұндай аңғарларды жаралу тегіне орай тектоникалық аңғарлар деп айтуға болады (Германиядағы Рейн аңғары, Орта Азиядағы Алай аңғары және т.б.). Жоталармен жарыса жайғасқан аңғарларды немесе геологиялық құрылымдардың созылымымен сәйкес келген аңғарларды бойлық аңғарлар дейді (продольная долина). Бойлық аңғарлар енді келеді және олар ұзына бойында морфологиялық жағынан көп өзгермейді, яғни біркелкі болады. Ал тау жотасын жарып өтетін аңғарларды көлденең аңғарлар (поперечная долина) деп атайды. Көлденең аңғардың тұйық және ашық түрлері бар. Тұйық аңғар тау жотасының бір-ақ беткейінде дамиды. Ашық аңғарлар көлденең жатқан жас тау жотасын біртіңдеп тілгілеп өтуі нәтижесінде түзіледі. Мысалға, көлденең аңғарларға куэст аймақтарының консеквенттік өзен аңғары және жотаны тіліп өткен антецеденттік аңғарлар жатады. Антецеденттік аңғарлардың морфологиялық бейнесі терең шатқал аңғарға ұқсайды. Жалпы, көлденен аңғарлардың тар бөліктері планда кеңейген бөліктермен кезектесіп, алмасып отырған жағдайда планда тәспі тәрізді (четковидное) аңғарлар түзіледі. Олар жуып-шаюға, шайылып мүжілуге төзімділігі әр түрлі таужыныстарының өзен кесіп өткен жағдайларда қалыптасады. Көлденең аңғарлар бөгендер мен су электр станция салуда өте ыңғайлы.

Аңғарлар өзінің өтетін аймақтарының сипатына қарай таулы және жазықты аңғарларға бөлінеді. Таулы аңғарлар әдетте терең, тар және жағалары тік жарлауыт болады, ал бойлық кескіні құламалы болып келеді. Жазықты аңғарлар керісінше, кең, жағалары жайпақ, көлбеу немесе сатылы болады.

Аңғарлардың халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Қазақстанның Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария іспетті жазықтағы өзендерінің жайылмалары шұрайлы шабындық үшін, ал террасалар әр түрлі ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін кең пайдаланылады. Елді мекендер көбіне өзен аңғарларына бойында қоныстанады.

Судың еріткіштік қасиетіне байланысты карбонатты таужыныстары (әктас, бор, доломит) кең тараған аймақтарында карстық аңғарлар кездеседі. Жалпы карстқа ұшыраған таужыныстары дамыған аймақтарда карстық аңғарлардың бойлық қимасы кездейсоқ бұрылыстармен және аңғар түбінде кездесіп қалатын қуыстармен немесе "қалташықтармен" ерекшелінеді.



Мұздық аңғарларына трог аңғарлары жатады. Трог (нем. Trog – астау) тау өлкелерінде мұздықтың экзарациялық (қопарылу) әрекетінен кеңейтіліп түзілген аңғар. Трогтың көлденең қимасы тік беткейлі, астау тәріздес кең, жайпақ түпті болып келеді. Оның жағалары қаншама тік болғанымен етек жағында едәуір көлбеуленеді де, аңғар түбіне ауысады. Екі жақ беткейлердің үстіңгі тұсында трог иығы (плечо трога) деп аталатын иіні байқалады. Олар бұрыңғы мұз басу кезеңіндегі мұздықтық аңғардағы деңгейін көрсеттеді Трог – ең алғаш V - әрпі тәрізді таудың эрозиялық пішіні болған, ал кейінірек мұздық осы тау аңғары бойымен төмен ығысқан кезде, ол аңғар жағаларын өз салмағымен қопарып, кеңейтіп астау тәрізді аңғар түзген (3-сурет). Бастау бөлігінде трог цирктермен шектеліп, төменгі бөлігінде шеткі моренамен бітеді. Одан төмен қарай трогтық аңғар эрозиялық аңғарға ауысады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет