Зерттеу жұмысымның экперименттік бөлімін жүргізуді 7 «Б» сыныбын алдым



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі356,46 Kb.
#29667
  1   2
Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінде 7«Б» сыныбымен жүргізілген зерттеу, бақылау жұмыстың жалпы есебі

Оқушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі - пәнді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану. Ендеше бүгінгі күні білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сонымен қоса, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық т.б қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы мүмкіндігіне сенім артуына оның табандылығы мен шыдамдылығына шәкірттеріне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Зерттеу жұмысымның экперименттік бөлімін жүргізуді 7 «Б» сыныбын алдым. Бұл сыныпты алу себебім, география сабағы бойынша мониторинг көрсеткіші барысында шамасы келе тұра төмен оқитын оқушылар саны көп болғандықтан , осы сабақ арқылы балалардың қызығушылығын арттыру болды.

Мектеп әкімшілігімен бірлесіп оқушылардың сынып жетекшісімен, ата- аналарымен зерттеу жұмысымды бастайтыным жайында өз ұсынысымды айттым. Сынып жетекші оқушыларды жинап, зерттеу жұмысы жүргізілетіні жайлы баяндады. Кейбір оқушылар бұндай сабаққа дайын еместігін айтты. Сынып жетекші мектеп психологына жүгініп бұл қарапайым түрде өтетін сабақ екенін бала санасына түйдірді. Осы сәттен бастап психологпен жұмыс тығыз қарым- қатынаста болды. Сыныптағы қарым қатынасты зерттей келе, әр оқушының өзін өзі бағалауын, бойындағы агрессиясын, іс әрекет белсенділігін, өзін өзі ұстауын, дарындылығын бойындағы қорқынышын зерттеді. Әр баланың мінезін анықтау мақсатында темперамент әдісін алынды. 7 «Б» сыныбында 19 оқушы. Сынып жетекшісі Д.М. Мергенчинов. Сыныптағы оқушылардың география сабағынан осы күнге дейн 1 оқушы үлгерімі жоғары, 7 оқушы орташа, 11 оқушы төмен болды.

Зерттеу жұмысының сонында үлгерімі жоғары -1 оқушы орташа үлгерімі оқушы-12, төмен оқушы -6. Осы сабаты жүргізе отырып, мен өзіме түйгенім жеткіншектік жастағы балалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алып, әр сабақты тиімді ұйымдастырғанды жөн көрдім. Бірінші сабағыма келер болсам Аустралия материгі тақырыбымен бастадым. Алғашқы сабағымды осы оқыған курста алған білімімді практикамен ұштастыра аламын ба , оқушылар қалай қабылдайды, топпен жүмыс істей ала ма деп бойыма біраз қорқыныштар іштей сезілді.Әр топты бөлу мақсатында сынып оқушыларына кесілген суреттерді құрастыру арқылы бес топқа бөліп отырғыздым.Әр топта төрт оқушыдан отырды,топта белсенді, орташа, баяу оқушыларда болды.Топ мақсаттарын түсіндіріп, ақ қағазбен маркер таратылып, топ ережесін құру, оны қорытындылау тапсырылды. Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға Африка тақырыбын қайталау кезінде бірнеше оқушылармен диологтық оқытуды, оңай сұрақтан қиын сұрақтарды қолдандым. Мақсатым, Африка материгін қаншалықты меңгергендерін бақылау үшін сыныптағы орташа оқитын Бектің ойлау қабілеттерін дамыту барысында сұрақтар қоя отырып жауаптар алынды.

Орташа оқитын Бек африка материгін жақсы меңгеріпті. Картамен жұмыс істей алады, кескін картасында толық көрсетілген. Ал, жақсы оқитын Гүлнұр көбінесе дұрыс айтпадым ба, картадан көрсете аламын ба деген қобалжу болды Гүлнұр қаншалықты жақсы оқығанымен зерттеу жұмысы барысында ойының шашыраңқылығын көрсетті. Сол сәттен бастап мен сабақ бере отырып, психологиялық жағдайларды ескердім. Мәселен, американ психогогы А. Гезельдің жеткіншектердің мінез -құлық ерекшеліктерін яғни, 13 жасар балалардың бойында өзіндік сананың пайда болуы, сынға сезімталдығы жайында дәлелденгені ескере отырып оларды қолдап, мадақтай отырдым. [Т.С Сламбекова. Психологиялық психология, 2008.]

Кері байланыс жүргізу барысында бұндай сабақ бірінші рет өтіп тұрғандықтан барлық оқушылардың көңіл қүйлері жақсы , сергіту сәті ұнағандарын жазды.

Жалпы сабақ жақсы өтті, мақсатымызға жеттік. Оқушылардың топпен жасаған жұмыстары, топ ережесін құрып, түсіндіргендері, өздерін еркін ұстауы, сұрақтарға толық жауап беруі, қатты ұнады. Сабақ барысында әсіресе, көшбасшылар, дарынды, белсенді оқушылар қатысты.

Балалардың сыни ойлауын дамыту жолдары оларды мәселеге көңіл аударуға шақыру және саяхаттар мен көліктер туралы мәліметтерді талдау жолымен қарастыратын және бағалататын болды. Осы сәтте сабақты меңгере алмаған оқушылар Тұрғылдинов Ерік, Даулетбекова Бота, Алатаев Дастан, схема сызу арқылы, суреттерге қызығушылық арқылы жанағы бағалауда түрлі түсті қағаздардың өзіне , плакаттар мен маркерларға қарап та баланың қызығушылығының пайда болғанын аңғардым. Міне, бұның өзі психология.

Бұлар: өзара қарым -қатыныс, мүмкіндіктерін ескермей асығыс шешім қабылдау, ұжымшылдыққа баулу. Яғни, зерттеу сабақтарымды, осы күнге дейін диологтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, білім беру және білім алудағы жаңа тәсілдер, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде ақпараттық комуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды оқушыларды оқыту, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және білім беру, білім берудегі басқару және көшбасшылық модульдер арқылы оқытқаным нәтижесін аңғара бастадым. Бұл оқыту түрі жеткіншек балаға тиімді әрі сенімді екенін айтқым келеді. Мұндай еркін түрде сабақ ала отырып, өздері еш қиналмастан еркін жауап беру арқылы сабақта жақсы жетістікке жетті. Рефлекция кезінде оқушылар бұл сабақтың өтіліу барысы 75% құптағаны көрінді.



Салыстырмалы диаграмма көрсеткіші

Басында Соңында

5%- жоғары 5%-жоғары

36%- орташа 63%-орташа

58%- төмен 31%-төмен

Оқушылар өзінің жетістіктерін бағалай отырып осындай тәсілдердегі сабақтар әр пәнге еңгізілсе деген пікірлер қалыптастырды.

Эксперементтік жұмыс барысында Аустралия материгі тақырыбын 4 сағат оқытып, соңынан қорытындыладым.

ОМЖ 7 –cынып


26

Аустралияның физикалық-географиялық орны Оқушыларға Аустралия матери гімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.Оқушылар басқа мемлекет термен таныса отырып, өз елін сүюге, құрметтеуге, табиғатты аялауға бірін-бірі сыйлау арқылы топтық жұмысқа дағдылануға баулу1 сағ

"Сұрақ менен,жауап сізден" тапсырмасы,

геотапсырма,топтық жұмыс.



Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау,

. Оқушыларға Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына білетін болады.Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін сүйіп, құрметтеп, табиғатты аялап, бірін-бірі сыйлау арқылы топтық жұмысқа дағдыланады.

27

Жер бедері және пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен Оқушыларға Аустралияның жер бедері,пайдалы қазбалары, климат қалыптастырушы факторлары, климаттық белдеулері, ішкі сулары жөнінде түсіндіру.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. 1сағ

Термин кестесі,Блум,Кубизм,,жұптық,топтық жұмыс

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау,

Оқушыларға Аустралияның жер бедері,пайдалы қазба лары, климат қалыптас тырушы факторлары, клим аттық белдеулері, ішкі сулары жөнінде түсінеді.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланып, өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттері артады

28

Табиғат зоналары Материк табиғат зонасының қалыптасу тарихын түсіндіру. Материкті басқа құрлықтармен салыстыра сипаттауға үйрету,табиғат зонасынын шаруашылыққа әсерін, табиғат жағдайымен байланыс тырып, тұжырымдайды 1сағ

Картамен жұмыс,Сұрақты алып таста тапсырмасыОл Не,Бұл кім тапсырмасы,маршрут картасы

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау,

Материк табиғат зонасы ның қалыптасу тарихын біледі.Материктің басқа аудандармен салыстыра алады. Материктің шаруа шылығының жетекші салаларын ерекшеліктерін табиғат жағдайымен байланыстырып, тұжырым дайды

29

Халқы және аймақтың саяси картасы, Аустралия Одағы Материктің халықтары ,саяси ахуалы жайында тұсіндіруОқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятаотыр

ып, картамен жұмыс істеуге, өз бетімен шығармашылықпен шұғылдануыға дағдыландыру 1сағ



Венн диаграмасы,Зымыран сұрақтар,сөздер банкісі,тест жұмысы,картамен жұмыс.

.


Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау,

Халықтар мен саясатын таныса отырып,

негізгіерекшеліктері мен маңызына тоқталып әр түрлі ұғымдар қалыптасады Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояна отырып, картамен жұмыс істеуге, өз бетімен шығармашылықпен шұғылдануыға дағдыланады



КМЖ 7- сынып

Сыныбы:7 күні

Сабақтың тақырыбы : Аустралияның физикалық-географиялық орны



Оқып-үйренудің негізгі мақсаты : Оқушыларға Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін сүюге, құрметтеуге, табиғатты аялауға бірін-бірі сыйлау арқылы топтық жұмысқа дағдылануға баулу.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына білетін болады.Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін сүйіп, құрметтеп, табиғатты аялап, бірін-бірі сыйлау арқылы топтық жұмысқа дағдыланады.

Түйінді идеясы:Әлемдегі ең кішкентай құрлық Аустралия

Сабақтың әдіс-тәсілдері,жұмыс түрі: "Сұрақ менен,жауап сізден" тапсырмасы,

геотапсырма,топтық жұмыс.



Ресурстар :Интерактивті тақта,атлас карта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:2 жұлдыз,1ұсыныс арқылы,бағалау парағынан.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, білімге байланысты мотивациялық бейнебаян көрсетіледі.Аустралияның туы мен елтаңбасының суретін құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

"Сұрақ менен,жауап сізден" тапсырмасын орындатып,бағалау парағын береді.



1.Оқушылар амандасады, бейнебаянды тамашалайды,топқа бөлініп,топтық міндеттерді бөліседі.

2 Оқушылар үйден дайындалуға берген оқулықтағы "Біліміңді тексер"тапсырмасы бойынша қойған мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.Ең көп жауап берген оқушы ,сол топтың топбасшысы болады,бағалау парағын алады.



Тұсаукеср


Мұғалім Аустралия бейнебаяның көрсетеді.Сұрақтар қойып тақырыпты ашады,сабақтың мақсатын айқындайды.

Аустралия материгі туралы не білеміз ?

Оқушылар дәптермен ,мәтінмен жұмыс жасайды.


Оқушыларбейнебаянды көріп,сұрақтарғажауап береді,

мағынасын нақтылайды.

Ең кішкентай материк.Ең оңтүстікте орналасқан материк.2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында ,қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б Саттарханов алтын иеленді.

Бұл материкте қалталы жануарлар қөп. Соның бірі кенгуру .Оның баласы туғанда жаңғақтың үлкендігіндей ғана болады екен.Содан ол үлкен болғанша анасының қалтасында жүреді


Негізгі

бөлім


«Географиялық тапсырма»Оқушылар картаны,оқулықты,ғаламторда пайдалану арқылы тапсырманы орындайды.

1 топқа Материктің экваторға,бастапқы меридианға ,тропик шеңберіне қатысты орны.1 Шеткі нүктелерін,координатасын анықтау.2 солтүстіктен оңтүстікке ,батыстан шығысқа км мен алғандағы қашықтығы.

2 топ Тақырып соңындағы №1,2,3,4 сұрақтарға жауап тауып орындап анықтама береді.

3 топ Аустралияның зерттелу тарихын ,зерттеушілерді анықтап,картадан көрсете отырып сипаттайды.

2 жұлдыз ,1 ұсыныс арқылы топтық бағалау жүреді.

Материк түгелімен оңтүстік жарты шарда ,түгелімен бастапқы меридианның шығысында орналасқан,оңтүстік тропик шеңбері оңтүстігінен кесіп өтеді.

  1. Шеткі нүктелері:Солтүстік -

Иорк-10 о.е;142 ш.б

Оңтүстік-Саут-Ист-Пойнт-26 о.е:113 ш.б Батыс-Стип Пойнт-26 о.е;113 ш.б Шығыста –Байрон-28 о.е;153 ш.б 3. Батыстан шығысқа-

1)а) 153°–113°=40°

б) 100 км Х 40* =4000 км;

2) Солтүстіктен оңтүстікке-

а) 39°–10°=29°;

б) 111 км Х 29* = 3219 км.

Зерттелу тарихы:

Б Янсзон


Л Торрес

А Тасман


Дж Кук





Қорытынды

.Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма береді :өтілген тақырыпты оқуға, кескін картмен жұмыс тапсырмасын орындайды.



Оқушылар сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытынадылайды.



Топта белсенді қатысып отырған оқушыларға топ басшысы Смайликтер арқылы парақшаларға іліп отырады.

Р/с

Оқушының аты

Топтағы белсенділігі

Білімінді тексер тапсырмасы

Географиялық тапсырма

Картамен жұмыс жасауы

Қорытынды бағасы
















































































Каталог: uploads -> doc -> 0a8d
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a8d -> Сабақ Әзірлемесі пәН: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет