"зоология" пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет4/5
Дата10.03.2017
өлшемі1,28 Mb.
#11267
1   2   3   4   5

Қолданылған әдебиеттер:

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007


2 Блок Бассүйектілер тип тармағы
Дәріс №11. Балықтар класы.

Мақсаты: Балықтар класына сипаттама беру.

Дәріс жоспары:

1. Балықтар класының жалпы сипаттамасы.

2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.

3.Систематикасы.



Балықтар – негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девонкезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады.

Ішкі құрылыс ерекшеліктері Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты). Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл (кейбір бұзаубасбалықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштарболып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі XX ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі,Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады.

Қолданылған әдебиеттер:

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007


Дәріс №12. Қосмекенділер класы.

Мақсаты: Қосмекенділер класына сипаттама беру.

Дәріс жоспары:

1. Қосмекенділер класының жалпы сипаттамасы.

2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.

3.Систематикасы.



Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия жәневена қандары араласады.

Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 1,8 м дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығыданата құрбақасықызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.

Кейбір түрлерінін тіршілігі сумен байланысты. Олар ерте девонда балықтардан бөлініп шығып, құрлық жануарларымен балықтардың ортасындағы жануарлар тобына айналған. Казіргі қосмекенділердің дене ұзындығы 2-3 см-ден 1,8 м дейін. Терісі жұмсақ, тықыр, көптеген кілегей бездерінің сөлімен әрдайым ылғалданады және тері арқылы әртүрлі ауа газдарымен су алмасу процестерін жүргізеді. Олардың арасында кейбір түрлері артқы аяқтарын жоғалтқан,ал кейбіреулері аяқсыз калған. Кеуделері жоқ, өкпеге ауа ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттердің жиырылуымен жеткізіледі. Кейбір түрлері өкпесіз, (саламандрлар). Мишық жетілмеген. Құйрықсыз К. ортаңғы кұлағы мен дауылпаз жарғағы бар. Жүрегі үш камералы, ал өкпесі жоқтарда, екі камералы. Бүйректері балықтар бүйрегіне ұқсас, клоакаға ашылады. Қ., пойкилотермді жануарлар.

Қосмекенділердің систематикасы

Қосмекенділердің 2 класс тармағы:  доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер,құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі.



Қолданылған әдебиеттер:

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007


Дәріс №13. Бауырмен жорғалаушылар класы.

Мақсаты: Бауырмен жорғалаушылар класына сипаттама беру.

Дәріс жоспары:



1. Бауырмен жорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы.

2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.

3.Систематикасы.



Бауырмен жорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы.

Бауырымен жорғалаушылар , рептилиялар (Reptіlіa) – омыртқалы жануарлардың бір класы.

Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдантараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердіңалғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар,мозазаврларптерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.

Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозойкайнозойшөгінділерінен түрлі тасбақаныңкесірткеніңқолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған.

Бауырымен жорғалаушылардың 6500-ден астам түрі бар. Олардың ішінде ең көбі – 3700 түрі бар кесірткелер. Онан кейінгі орында – жыландар (2800). Тіршілік етіп жатқан жорғалаушылардың ең ірісі жорғалаушылардың ең аз тұқымтобына жататын тәмсақтар болып табылады. Олардың не бары 25 түрі бар.

Бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар)– салқынқанды жануарлар. Бұл олардың денелерін қыздыру үшін күн сәулесі қажет екенін білдіреді, сондықтан да оларды өте суық климатта кездестіре алмайсың. Ауа райы суық кезде олар көбінесе тәтті ұйқыға кетеді.Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді.Денесінің ұзындығы бірнеше см-ден 10 м-ге дейін болады. Терісі әдетте безсіз, мүйіз қабыршақпен не қалқандармен жабылған, бұл олардың денесін құрғап кетуден және түрлі зақымнан қорғайды. Қаңқасы мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Бауырымен жорғалаушылар өкпесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі 2 шеңберлі, жүрегі 3 камералы (2 жүрекше, 1 қарынша, тек қолтырауындарда 4 камералы).

Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді, ірі жұмыртқаларын құрлыққа салады. Жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі. Кейбір кесірткелер (сцинк) мен жыландар тірідей туады. Олардың кейбір түрлері партеногенетик. жолмен (еркегінсіз) көбейеді. Қос бүйрегі арқылы зәр шығарады (көпшілігінің несеп шығаратын қуығы болады).

Бауырымен жорғалаушылардың тіршілік әрекеті көбіне күн сәулесі радиациясы мен өзін қоршаған орта температурасына байланысты. Дене температурасы 6 – 8°С-қа төмендегенде олардың қимылы нашарлайды, ал температура 2 – 3°С болғанда қысқы ұйқыға кетеді. Көбінесе шөлді жерлерді мекендейді. Су тасбақалары, қолтырауындар балықтармен, балдырмен, кесірткелер жәндіктермен, құрлық тасбақалары өсімдіктермен қоректенеді. Өздері де аң-құсқа жем болады. Ірі жыландар мен қолтырауын терісінен түрлі бұйымдар жасалады, кейбір елдерде тасбақа еті мен жұмыртқасы тағамға пайдаланылады, жылан уы медицинада қолданылады. Бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері (жұмырбас шұбар кесіртке, Зайсан жұмырбас кесірткесі, кесел, сары жылан, т.б.) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 

Систематикасы.

Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар,қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер. 



Қолданылған әдебиеттер:

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007


Дәріс №14. Құстар класы.

Мақсаты: Құстар класына сипаттама беру.

Дәріс жоспары:



1. Құстар класының жалпы сипаттамасы.

2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.

3.Систематикасы.



Құстар класының жалпы сипаттамасы

Құстар (лат. Aves) – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы.

Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.

Систематикасы

Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған. Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған.

1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.

Қолданылған әдебиеттер:

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007


Дәріс №15. Сүтқоректілер класы.

Мақсаты: Сүтқоректілер класына сипаттама беру.

Дәріс жоспары:



1. Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы.

2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.

3.Систематикасы.


Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы.

Сүтқоректілер жануарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды. Бұған ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5 000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Түрлі орта жағдайларында (суда, ауада, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия»(кейде «териология») деп атайды. Олардың тұрқы 4 см, салмағы 1,2 грамдық, сондай-ақ тұрқы 33 м, салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.Қаңқасы. Бассүйек, омыртқа, төс клеткадан, алдыңғы және артқы аяқтарының белбеулерiнен, еркiн аяқтардан тұрады, бассүйек милы және беттi бөлiктен, көз қарашығынан, астыңғы және үстiңгi жақтардан тұрады (күрек тiстер, иттiстер, азу тiстер). Тiстерi шұңқырда орналасып, түбiрден, мойыннан және эмальмен қапталған қабықтан тұрады. Сүттiлерi әрқашанда ауысып отырады. Омыртқасы 7 мойынды, 12 төстi, қозғалмалы қосылған 6 белдi омыртқадан, 3-4 крестi, жамбаспен өскен, (қозғалмалы қосылған) құйрықты омыртқалардан тұрады. Құйрықты омыртқалардың саны әртүрлi. Көкiрек клеткасы омыртқаның төстi бөлiгiнен, төстiктен және 12 жұп қабырғадан түзiлген. Иық белбеуi: қарға сүйекгi бiтiсiп кеткен жауырыннан және бiр, бұғанадан құралады. Артқы аяқтарының белбеуi: жамбасының сүйектерi – сербек, қасаға және шонданай.



Ішкі құрылыс ерекшеліктері.

Бұлшықеттер. Ең күштiлерi шайнағыш, арқа және аяқтарының бұлшықеттерi.   Диафрагма – тыныстық қозғалыстарға  қатысып, дене қуысын төстi және құрсақты бөлiкке бөлетiн бұлшықет. Ымды бұлшықеттер.

Ас қорыту жүйесi. Тiстi ауыз, дәм сезушi клеткалары бар, бұлшықеттi тiл, сiлекей бездер. Жұтқыншақ, өңеш, қарын, iшек (алдыңғы, аш және тiк iшектер). Бауыр және қарын асты бездер. Жануарлармен және өсiмдiктермен қоректенедi.

Тыныс алу жүйесi. Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері (альвеолдар) деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде қуысының кейде кеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады.

Тыныс алуы кеуде клеткасы мен диафрагма көмегiмен iске асады. Тыныс алуы жиi, терең емес, сондықтан жылуберуi жоғарғы тыныс жолдарының ауыз қуысы мен тiлiнiң бетiнiң суытылуы арқылы iске асады.



Қанайналым жүйесi. Жүрегi төрткамералы. Екi қан айналым шеңберi бар. Жүрек соғысы 1 мин. 120 соғады.

Зәр шығару жүйесi. Бұршақ формалы жамбас бүйректерi, зәрағар, қуық, зәр шығару каналы. Зәр шығару сонымен қатар терi арқылы да жүредi (тер бездерi). Су, тұздар, несеп  бөлiнедi.

Жүйке жүйесi. Орталық – бас ми және жұлын, ал перифериялық – олардан шығатын жүйкелер. Әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сүтқоректілердің күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп.

Мидың жарты шарының қабығы – жоғарғы жүйенiң iс-әрекет ортасы. Қабығы қартар түзедi.. Шартты және шартсыз рефлекстерi күрделi.



Сезiм мүшелерi. Иiс сезу, жанаса сезу және есту жақсы дамыған. Түстi көруi дамымаған, бiрақ бейненi, ымды, қозғалысты көредi, себебi олар бас миының қабығында сарапталады.

Көпшілік сүтқоректілерде есту мүшесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды.

Сүтқоректілер – дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі –жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық жолдасы» (плацента) пайда болған (178-сурет). Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды.

Систематикасы 

Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер 2 класс тармағына жіктеледі. Олар: ілкіаңдаржәне қазіргі аңдар.

Ілкіаңдар (алғашқы аңдар) немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер – жұмыртқа салады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Оған Австралия және сол аймақтағы аралдарда кездесетінүйректұмсық, түрпі (ехидна), түрпітек (проехидна) жатады.

Қолданылған әдебиеттер:

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007


Зертханалық сабақтар
Модуль 1 Омыртқасыз жануарлар

Блок 1 Біржасушалылар патшалық тармағы
Тәжірибелік жұмыс №1.

Тақырыбы: Зоология пәні, әдістері. Микроскоптың құрылысы. Онымен жұмыс жасау ережелері. Біржасушалылар патшалық тармағы.

Мақсаты: Микроскоптың құрылысымен танысу. Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Тапсырмалар:

  1. Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау.

  2. Эвгленаның және трипаназоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу.

  3. Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару.

Сұрақтар:

  1. Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде?

  2. Сұйық заттар амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі?

  3. Амебаның көбеюі қалай жүзеге асады?

  4. Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай?

  5. Цистаға айналу себептері неде?

  6. Талшықтылар мен саркодиналардың айырмашылығы мен ұқсастығы.

  7. Стигманың фунциясы қандай?

  8. Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары.

  9. Вольвокс колониясындағы клеткалардың соматикалық және генеративті болып бөлінуі нені көрсетеді?

  10. Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбеюі.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Тәжірибелік жұмыс № 2.

Тақырыбы: Біржасушалылар патшалық тармағы. Споралылар, инфузориялар типтері.


  1. Споралылар типінің жалпы сипаттамасы. Тіршілік циклінің ерекшеліктері. Классификациясы.

  2. Инфузория дамуының құрылысы. Туфелька мысалында инфузориялардың құрылысы. Инфузория отрядтары.

Мақсаты: Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың құрылысымен танысу және суреттерін салу.

Тапсырмалар:



  1. Омыртқалы жануарлардың ішкі клетка паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу.

  2. Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау.

Сұрақтар:

  1. Споралылардың даму циклі қандай сатылардан тұрады?

  2. Споралылардың даму циклінде қай кезең басым (гаплоидты ма әлде диплоидты ма)?

  3. Грегариналар, кокцидиялар және қанды споралылардың даму циклдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы?

  4. Басқа қарапайымдыларға қарағанда инфузориялардың күрделілігі неде?

  5. Ядролық дуализм дегеніміз не?

  6. Коньюгацияның биологиялық мәні неде?

  7. Инфузориялардың классификациясының негізі неде?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Блок 2 Көпжасушалылар (Metazoa) патшалық тармағы
Тәжірибелік жұмыс № 3.

Тақырыбы: Көпжасушалылар патшалық тармағы. Губкалар типі.


  1. Губка бадяга мысалында губкалардың құрылысы.

  2. Губкалардың классификациясы.

Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:



1. Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

2. Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу.

Сұрақтар:



  1. Губкалардың қарапайымдыларға қарағанда күрделілігі неде?

  2. Губкалардың клеткалары және олардың функциясы.

  3. Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы қандай?

  4. Губкалардың ас қорыту процесі қандай және олар немен қоректенеді?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Тәжірибелік жұмыс № 4.

Тақырыбы: Ішекқуыстылар типі.


  1. Гидраның сыртқы және ішкі құрылысы. Гидроидтылар класы.

  2. Сцифомедузалар класы.

Мақсаты: Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен Аурелия аурита мысалында танысу.

Тапсырмалар:



  1. Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу.

  2. Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.

Сұрақтар:

  1. Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

  2. Тұщы су гидрасының экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы.

  3. Гидраның көбею жолдары және дене симмтериясы қанадй?

  4. Ішекқуыстылардың ас қорыту типтері (клеткаішілік, қуыстық).

  5. Гидраның мекені және олар немен қоректенеді?

  6. Сцифомедузалардың тіршілік циклінің айырмашылықтары неде?

  7. Сцифомедузалардың жүйке жүйесі туралы не айтуға болады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
3 Блок Құрттар

Тәжірибелік жұмыс № 5.

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі.


  1. Билатеральды симметрия. Жалпақ құрттардың ішкі және сыртқы құрылысы.

  2. Кірпікшелі құрттар класы.

  3. Дигенетикалық сорғыштар және моногенетикалық сорғыштар кластары.

  4. Таспа құрттар класы.

Мақсаты: Кірпікшелі құрттардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Бауыр сорғыштың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Таспа құрттардың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.

Тапсырмалар:



  1. Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу.

  2. Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу.

  3. Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысыныа қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа қандай мүшелер пайда болады?

  2. Жалпақ құрттардың симметриясы қанадй және ол неге байланысты?

  3. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылымы неден тұрады?

  4. Турбелляриялардың жүйке жүйесі.

  5. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі қандай?

  6. Сорғыштардың медициналық және ветеринарлық маңызы неде?

  7. Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде?

  8. Аралық және негізгі ие дегеніміз не?

  9. Партеногенез дегеніміз не?

  10. Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар?

  11. Таспа құртар қалай қоректенеді?

  12. Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрықтануы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Тәжірибелік жұмыс № 6.

Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі. Нематодтар класы.


  1. Нематодтар класы. Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасымен танысу.

  2. Нематодтар класының құрылыс ерекшеліктері.

Мақсаты: Аскариданың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.

Тапсырмалар:

Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.

Сұрақтар:



  1. Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

  2. Алғашқы дене қуысы дегеніміз не?

  3. Аскариданың бұлшық ет системасының өзгешеліктері қандай?

  4. Аскариданың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай?

  5. Жұмыр құрттардың маңызы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Тәжірибелік жұмыс 7.

Тақырыбы: Буылтық құрттар типі.


  1. Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы.

  2. Көпқылтанды құрттар класы. Құмқазар мысалында көпқылтанды құрттардың құрылысы.

  3. Жауын құрты мысалында азқылтанды құрттар класының құрылыс ерекшеліктері.

  4. Сүліктер класы. Сүліктердің медициналық маңызы.


Мақсаты: Көпқылтандылар класының сыртқы құрылысымен танысу. Жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Медициналық сүліктің дене құрылысымен танысып, ерекшеліктерін анықтау.

Тапсырмалар:



1.Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.

2.Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу.

3.Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу.

Сұрақтар:



  1. Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар?

  2. Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде?

  3. Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады?

  4. Буылтық құрттардың сезім мүшелері қалай жетілген?

  5. Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болады?

  6. Целомның алғашқы дене қуысынан айырмашылығы неде?

  7. Мезодерманың дифференциациясы, оның буылтық құрттардағы туындылары.

  8. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйелері.

  9. Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы.

  10. Сүліктердің тіршілік ету типі және оның маңызы.

  11. Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
4 Блок Буынаяқтылар типі
Тәжірибелік жұмыс № 8.

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы.


  1. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны.

  2. Өзен шаянының және оның аяқтарының морфологиясымен танысу.

  3. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділер: циклоп, дафниялар.

Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:



  1. Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу.

  2. Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу.

  3. Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу.

  4. Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Өзен шаянының сыртқы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай?

  2. Буынаяқтылардың аяқтарының құрылысы және гомономдық немесе гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары.

  3. Өзен шаяның ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері қандай?

  4. Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды?

  5. Өзен шаянының тыныс алу жүйесі.

  6. Дафнияның тіршілік циклі.

  7. Дафнияның ұрпағындағы цикломорфоздық өзгеріс деген не?

  8. Ескекаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Тәжірибелік жұмыс № 9.

Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Бунақденелілер класы.

1.Бунақденелілердің сыртқы құрылысы. Тарақанның денесінің бөлімдерге бөлінуі. Қоректенуге байланысты ауыз аппараттарының типтері.

2.Бунақденелілердің. аяқтарын салыстырмалы түрде оқу. Мұртшалардың, аяқтардың, қанаттардың типтерін қарастыру.

3. Бунақденелілердің ішкі құрылысы.

4. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтары.

5.Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтары.



Мақсаты: Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу.

Тапсырмалар:



  1. Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау.

  2. Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу.

  3. Бунақденелілердің әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу.

  4. Бунақденелілердің ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу.

  5. Бунақденелілердің екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау.

Сұрақтар:

  1. Бунақденелілердің басқа тип тармағының өкілдерімен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

  2. Насекомдардың қанша жұп аяқтары бар және олар қалай орналасқан?

  3. Абдоменде қандай аяқтар орналасқан?

  4. Насекомдардың ауыз аппараттары қандай бөлшектерден тұрады?

  5. Кеміргіш ауыз аппараттарының қандай ерекшеліктері бар?

  6. Тесіп-сорғыш, сорғыш, жалағыш және басқа ауыз аппарат типтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?

  7. Бунақденелілердің аяқтарының әртүрлі болуы неге байланысты?

  8. Кеңірдек жүйесі қай ұрық жапырақшасының туындысы?

  9. Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі қандай?

  10. Бунақденелілердің жүйке жүйесі қандай типке жатады?

  11. Эмбрионды және постэмбрионды даму дегеніміз не?

  12. Шала және толық түрленіп дамудың айырмашылықтары мен өзгешеліктері?

  13. Метаморфоз дегеніміз не?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.

Тәжірибелік жұмыс 10.

Тақырыбы: Бунақденелілердің көбеюі мен дамуы.

Мақсаты: Толық түрленбей және толық түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтарымен танысу. Даму ерекшеліктерімен танысу.

Тапсырмалар:

Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.

Сұрақтар:

Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді?

Түзуқанаттылар, инеліктер отрядтарына тән белгілері қандай?

Жартылай қаттықанаттылар отрядына тән белгілер қандай?

Тарақандар отрядына тән белгілері қандай?

Қоңыздар, қабыршаққанаттылар отрядтарына тән белгілері қандай?

Жарғаққанаттылар отрядына тән белгілері қандай?

Қосқанаттылар отрядына тән белгілері қандай?

Қоңыздар мен жартылай қаттықанаттылардың айырмашылықтары неде?

Тәжірибелік жұмыс 11.

Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі.



  1. Жүзім ұлуы мысалында бауыраяқтылар класының құрылыс ерекшеліктері. Классификациясы, таралуы.

  2. Айқұлақ мысалында тақтажелбезектілердің құрылыс ерекшеліктері. Кластың кәсіптік өкілдері.

Мақсаты: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

  1. Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек.

  2. Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Тақтажелбезектілердің бақалшағының құрылысы қандай?

  2. Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай?

  3. Тіссіз моллюсканың ас қорыту системасының өзгешеліктері және олардың қоректенуі.

  4. Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?

  5. Бауыраяқтылардың денесінің симметриясы қандай?

  6. Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән?

  7. Моллюскалардың практикалық маңызы қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет