1. Технологиялық карталарды қолдану аумағы



бет1/5
Дата27.07.2020
өлшемі211,57 Kb.
#75659
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Айгерим пояснилка


Мазмұны

Кіріспе


1.Технологиялық карталарды қолдану аумағы

2.1.Жер жұмыстарының көлемін есептеу



      1. Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіндегі жұмыс көлемін анықтау.

      2. Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіндегі қосымша жұмыс көлемін есептеу.

      3. Алаңдағы топырақты көшірудің орташа қашықтығын есептеу.

      4. Қазаншұңқыр өңдеу кезіндегі жер жұмыстарының көлемін есептеу.

      5. Қазаншұңқыр өңдеу кезіндегі қосымша жұмыстарды есептеу.

2.2 Жер жұмыстарын өңдеуге механизмдер жинағын таңдау

2.2.1 Тік жоспарлау кезіндегі жер өңдеуге машина жинағын таңдау

2.2.2 Қазаншұңқыр өңдеуге машина жинағын таңдау.

2.3. Жер жұмыстарының технологиялық схемалары.

2.3.1 Топырақты жерді қазып – тасымалдaу машиналарымен өңдеу.

2.3.2 Топырақты қопсыту және нығыздау.

2.3.3 Жерді қазып – тасымалдау машиналарының қолдану өнімділігін анықтау.

2.3.4 Қазаншұңқырды өңдеу схемасын және экскаватордың қазымын жоспарлау.

2.3.5 Экскаватордың пайдалы өнімділігін есептеу.

2.3.6 Автосамосвал санын анықтау

2.4 Еңбек шығындарының калькуляциясы және жұмыс өндірісінің кестесі.

2.5 Жұмыс өндірісінің реті мен тәсілдері.

2.6 Сапаны бақылау.

2.7 Қауіпсіздік техникасы.

3. Техникалық-экономикалық көрсеткіштер

4. Материалды – техникалық қорлар

5. Қолданған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Кез-келеген ғимаратты немесе үймеретті тұрғызу кезінде, сондай-ақ, алаңды жобалау мен жайландыруда топырақты өңдеуді жүзеге асырады. Топырақты өңдеу келесі негізгі үрдістерден тұрады: топырақты алу, оны тасымаладу, төсеу және нығыздау. Бұл үрдістер қатарының тікелей орындалып, іске асырылуы алдында дайындық немесе қосалқы жұмыстар жүргізіледі. Дайындық жұмыстары топырақ өңдеуді бастамас бұрын, ал қосалқы жұмыстар қатары жер үймереттерін тұрғызу алдында немесе оның құрылысының жүргізілу барысында жүзеге асырылады. Үрдістердің бұл тұтас кешені жер жұмыстары деп аталады.

Жер жұмыстары құрылыстағы ең ауыр және еңбекті көп қажет ететін жұмыстар қатарына жатады. Жер жұмыстарын механизацияланған тәсілмен түрлі жер қазғыш және жер қазғыш-көліктік машиналардың, гидромеханикалық құрылғылардың, сондай-ақ жарылыс тәсілінің көмегімен орындайды. Жалпы жұмыс көлемінің 15 % - алатын дайындық және қосалқы жұмыстар (ойма түбін тазалау, құламаларды жобалау және т.б.) әлі жеткілікті дәрежеде механизацияланбаған, сондықтан қолмен атқарылуларына тура келеді.

Жер жұмыстарының өндірісі кезінде барлық дайындық, қосалқы және негізгі үрдістер әрқайсысы белгілі бір операцияны (топырақты өңдеу, тасымалдау, тегістеу мен нығыздау, ойма түбін тазалау, құламаларды жобалау) орындауға арналған арнайы машиналар кешенімен орындалады. Нақты өндірісітік жағдайлар үшін машиналар тәсілі мен кешенін таңдау техникалық-экономикалық сараптама мен түрлі нұсқалардың негізінде жасалады.




  1. Технологиялық картаны дайындау.

1.2 Жалпы мәліметтер

Жұмыс өндірісінің жобасына кіретін технологиялық карталар әдетте жұмыстың күрделі түрлеріне және жаңа әдістермен орындалатын жұмыстарға әзірленеді, Осы карталардың негізгі мақсаты - құрылысшылар мен жобалаушыларға технологиялық құжаттама зерттемесіне көмек көрсетуге арналған..

Технологиялық карталарға сүйеніп құрылыс процесстерінің тізбектілігін тағайындайды, апталық-тәуліктік кесте және жұмыс өндірісінің наряды жасалынады.. Оларды құрылыс-монтаждық жұмыстарды орындау кезінде, сонымен қатар күнтізбелік жоспарларда және жұмыст өндірісі жобасының желілік кестелерінде объекттер құрылысының ұзақтығын негіздеген кезде пайдаланады.Технологиялық карталарды, сонымен қатар типтік карталарды қолдану өндіріс ұйымдастырылуының жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуына және оның ғылыми ұйымдастыралуына, өзіндік құнның азаюына, сапаның жақсаруына және құрылыс ұзақтығының төмендеуіне, жұмыстың қауіпсіз жасалуына, жұмыс ырғақтылығының ұйымдастырылуына, еңбек ресурстарының және машиналарды орынды жұмсалуына жағдай жасайды.

Tехнологиялық карталар(ТК) құрылыс-монтаждық жұмыстарды және арнайы құрылыс процестерінің өнімі; ғимараттың немесе құрылымның аяқталған конструктивті элементтері, технологиялық жабдықтар, құбырлар және олардың түйіндері және жұмастың кейбір жеке түрлерін (жер, жабындық, бояу, антикоррозиялық, жылуөткізбеушілік және т.б) жасау үшін өңделеді. Кейбір жағдайларда технологиялық карталар кешенді құрылыс-монтаждық жұмыстар үшін (100м құбыр, коллектор, 1 км электрокабельді төсеу және т,б) өңделеді.

Технологиялық карталарды өңдеп, оларды алдын ала жасалған (типтік) шынайы құрылыс жағдайларының - қабылданған жұмыс ұйымдастыру, нақты бар құрылыс машиналарының комплекті, механизмдер, аспаптар, сонымен қатар климаттық және т,б жағдайларды міндетті түрде ескеріп байланыстыру керек. Бұл ретте алғы техника мен құрылыс технологиясына назар аудару керек. Технологиялық карталарды бастапқы малімет және құжат ретінде өңдеу үшін; жұмыс сызбалары, құрылыс нормалары және ережелері (ҚНжЕ), нұсқаулар, стандарттар, зауыттық нұсқаулар және монтажға, жабдықтарды іске қосу және жөндеу үшін техникалық жағдайлар, құрал жабдықтың төлқұжаты, құрылыс - монтаждық жұмыстарды бірыңғай нормалар мен бағалар, жұмысты және жұмыс процестерін ұйымдастыру карталары керек.

Типтік технологиялық карталар(ТТК) типтік және көп қайталанатын ғимараттар, құрылыс және олардың бөліктерін құрылысын ұйымдастыру және құрылыс технологиясының өндірісін еңбек өнімділігін көтеру, сапаны жақсарту және өзіндік құнды азайтуға мүмкіндік беретін тиімді шешімдермен қамтамасыздандыру мақсаттарында жасалынады. ТТК жаңа ғимараттардың құрылысына немесе реконструкция мен бар құрылыстарды кеңейту үшін жұмыс өндірісінің жобаларын жасайтын ұйымдарға арналған. ТТК-ды озық тәжірибені зерделеу негізінде, сапаның қажетті деңгейін қамтамасыз ететін технологиялық процестерді қолдану есебінде, конструкциялардың, бұйымдардың, жартылай дайындалған өнімдер мен материалдырдың комплексті жеткізілімі, жұмыс мөлшерінің максималды қолдану және құрылыс процестерін қиыстыру, конструкциялардың және технологиялық жабдықтарды іріленген блоктармен жеткізу, өндірістік санитария, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау есепке ала отырып типтік және қайтадан қолданылатын ғимараттар мен құрылымдардың жұмыс сызбалары бойынша жасалынады. ТТК-да қабылданған ұйымдастыру - технологиялық шешімдер жоғары технико - экономиялық көрсеткіштерді, құрылыс өндірісінің қолданыстағы талаптарға сай сапа мен жұмыстың орындалу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.


1.2 Технологиялық картаның құрамы

Технологиялық карта келесі тараулардан тұрады:

1.Қолдану облысы - құрылыс үрдісінің құрамы мен мақсаты;

2.Материалды-техникалық қорлар және негізгі механизмдерді таңдау - материалдар, жартылай дайындалған өнімдер және жобаланған жұмыс көлеміне қажетті конструкциялар, механизмдер, құрал-жабдықтар, инвентарьлар қажеттілігі туралы мәлеметтер.;

3.Еңбектің және машина уақыты шығынының калькуляциясы - орындалатын операциялар, көлемдер, оларды орындауға қажетті еңбек шығынының тізімі.;

4. Сағат немесе ауысымды жұмыс өндіріінің кестесі - процесстердың уақыттағы өзара байланысы, жүйелілік.

5. Құрылыс процестерінің технологиясы мен ұйымдыстырылуы - бұл жерде алдыңғы жұмыстардың дайын болу талаптарын келтіреді, процесстердің технологиялық және ұйымдастырушылық тәуелділікті орнатады, жұмыс өндіру тәсілдерінің сипаттамасын келтіреді,

Сапалық талаптар. Операциядан кейінгі бақылау. Жұмыстарды қабылдау - бақылауға қолданылған аспаптар мен жабдықтар, бақылау жүргізуге қойылатын талаптар, жасалатын жер жұмыстар операциялық бақылаудың,міндетті шаралар.

7. Қауіпсіздік техникасы - құрылыс процесстерін қамтамасыз ететін іс-шаралар, сонымен қатар жер өңдеу машиналары мен механизмдердің қауіпсіз жұмыс істеуін ұйымдастыру.

8. Техникалық - экономикалық көрсеткіштер - бір өлшем бірлігінің еңбек шығыны, технологиялық карта бойынша жұмысты орындау ұзақтығы.


2.1. Жер жұмыстарының көлемін есептеу

Топырақ қабаттары, м

ТСД, м

Учаске ауданы

Арақашықтық, км

айы

аудан

Өспелі қабат қалыңдығы

саздақ

саздақ

саз

құм
















0,15

-

-

2

5

134

200×200

25

cәуір

Қызылорда




      1. Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіндегі жұмыс көлемін анықтау.

Тік тегістеу табиғи жер бедеріне ие учаскеден көлденең сызықтардың көмегімен тегіс, жер беті суларын бұруға арналған еңісті алаң дайындау мақсатын көздейді. Бұл жағдайда топырақ жоғарғы бөліктерден алынып, төменгі бөліктерге үйіледі.

Алғашқы есептеу графоаналитикалық тәсілдің бір нұсқасын қолдану арқылы табиғи жер бедерін барынша мүмкіндігінше сақтаудың шартына қатысты жүргізіледі.

1:2000 масштабта жобада аумақтың жер бедері және учаскенің берілген аудан өлшемдері кескінделген жұмыстық сызбасы орындалады. Тірек торларын қалыптастыру үшін алаң әрбір жағы 100м болатын шаршыларға бөлінеді. Бұл орайда әрқайсысы үшін қара не табиғи, жобалық және жұмыстық белгілері табылатын шаршы төбелері алаңның тірек нүктелері ретінде қызмет атқарады.

Берілген бедердегі тірек нүктелерінің қара биіктік белгілері интерполяция әдісімен есептеледі. Шаршылардың әр төбесі арқылы ұзындығы болатын екі көршілес көлденең сызықты қосатын ең қысқа түзу жүргізіледі, шаршылар төбелернен қиылысу нүктелеріне дейінгі сантиметрмен алынған және ара қашықтықтары өлшенеді. Қара белгілер келесідей анықталады:



немесе

Мұнда , - шаршы төбелерінің екі жағындағы кіші және үлкен көршілес көлденең сызықтардың биіктік белгілері; L - көршілес көлденең сызықтар арсындағы қашықтық.



Қара белгі немесе табиғи белгі деп аталатын бұл белгілердің шамаларын есептеуді жоғарыда келтірілген екі формуланың біріне салып анықтауға болады. Аталмыш курстық жұмысымда мен нұсқалық жобамдағы шаршыларға бөлінген алаң төбелерінің табиғи немесе қара белгілерін осы формулалардың екіншісін, яғни, үлкен көлденең сызықтың шамасын қолдана отырып анықтадым:















Нөлдік белгіні анықтау.

Алаңның еңістіксіз түзуінің шартты белгісі – келесі формуламен есептеледі:


,
мұндағы - үлкен шаршы төбелері;

- екі шаршыға ортақ төбелер;

төрт шаршыға ортақ төбелер;

- шаршылар саны.


Жобалық белгілерді анықтау


Енді алаңға қажетті еңіс беру керек. Бұл үшін сызбада еңістік бағыты таңдалып белгіленеді. Оған перпендикуляр және жобамен алаңның ортасымен алаңның айналу осі сызылады. Тірек нүктелерінің жобалық белгілері осы оське қатысты есептеледі.

Сызбадағы шаршы төбелерінен айналу осіне дейінгі сантиметрмен алынған ең кіші қашықтықтары масштабқа сәйкес метрге айналдырылады. Алаңның тірек нүктелерінің жобалық белгілері келесі формуламен анықталады:


,

мұндағы таңбасы нүктенің айналу осіне қатысты орналасуына және еңістің бағытына тәуелі болады.


















Жұмыстық белгілерді анықтау


Шаршы төбелерінің жұмыстық белгілерін келесі формуламен анқытаймыз:

.

Бұл тұста, егер шама оң таңбамен шықса, топырақ үйіледі (үйінді); теріс таңбамен шықса – кесіледі (ойынды).



















Табиғи, жобалық және жұмыстық белгілердің табылған мәндері жұмыстық сызбада кескінделеді.



Сонымен қатар, алаңға құрылыс машиналарының кіріп-шығуын қамтамасыз ету үшін сызбада құлама коэффциенті =3 – 5 аралығында болатын құламалар қарастырылуы керек. Тірек нүктелерінде құламалар тұрғызу шамасын келесі формуламен анықтау керек:
.

















Жер жұмыстарының көлемін жер ғимараттарын жобалағанда, құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің жобаларын жасағанда анықтайды.

Жер бедерінің күрделі пішіндері жер жұмыстарының көлемін дәл есептеуді қиындатады. Сондықтан топырақ беті жазықтардан құралған деген шартпен алынады.Сонымен жеке кедір-бұдырларды елемейді, себебі олар көлемнің анықталатын шамасына едәуір әсер тигізбейді. Мұның өзі есептегенде элеменртар геометрия формулаларын қолдануға мүмкіндңк береді. Ғимараттың пішіні күрделі болғанда оны бірқатар қарапайым геометриялық фигураларға бөлшектейді, сосын солардың көлемдерін жинақтайды.

Құламалар жұмыстық сызбада айқын көрінуі мақсатында шаршы

қабырғаларына қарағанда едәуір үлкен масштабта салынады. Шеткі құлама нүктелерін қосу арқылы құлама шекаралары алынады. Құламалар қосымша үйінділер мен ойындылар көлемін құрайды.

Бұдан соң жобадағы алынған фигураларды нөмірлеп, олардың түрін және көлемдерін есептейтін формулаларды анықтап, топырақ көлемін есептеу

ведомостісін толтыру қажет.

Сызбада құламалар өз алдына бөлек, фигуралар бөлек нөмірленеді. Құламаның шеткі шекараларын қосқан кезде шаршы қабырғаларының нөлдік жұмыстар сызығы өткен тұсында құлама коэффициенті нөлге тең екендігін ескеру керек.

Құлама коэффициенттерінің сызбада кескінделгенінен кейін алынған құламалар мен оларға қоса нөлдік жұмыстар сызығының екі жағында орналасқан фигуралардың көлемдері өздерінің түрлеріне тиісті формулаларына салынып, топырақ көлемдері анықталады. Ол фигуралардың тіктөртбұрыш, үшбұрышты не трапециялы призматоидтар болуларына орай әрқайсысынан алынатын, не оған үйілетін топырақ көлемі тиесілі формулаларға қойылады. Аталмыш формулалар мен тиісті есептелген топырақ көлемдері келесі ведомостіде кесте түрінде келтірілген.

2.1.2 Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіндегі қосымша жұмыс көлемін есептеу.



1 - кесте Топырақ көлемін есептеу ведомостісі



Жұмыстық белгілер



Есептеу формуласы

Көлемдер, м3

h1

h2

h3

h4







О(-)

Ү(+)

1

0,525

0,015

0,6

0,025

1,165



3,4

2716

2

0.6

0,025

0,5

0,015

1,14



3.5

3025

3

0,56

0,015

0,025

0,56

1,16



2900




4

0,025

0,015

0,56

0,6

1,2



3000




Еңістер көлемі

1

0,5


















0.67

2

0,5


















14.5

3

0,015















0.002




4

0.015

0.56












31.4




5

0,56















0.94




6

0,56

0,56












62.7




7

0,56

0,6












67.4




8

0,6















1.2




9

0,6

0,015












36




10

0,015















0.00045




11

0,5


















16.2

12

0,5


















0.67

13

0,5

0.6















61

14

0.6

0.5















61

Барлығы

6106.5

5896.04

Ойынды мен үйіндінің жалпы көлемдерінің арасындағы айырмашылық 6%-ға дейін жіберіледі.







      1. Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіндегі қосымша жұмыс көлемін есептеу.

Жер ғимараттарын салғанда жергілікті құнарлы қабатты үйінді мен ойындыға пайдалануға техникалық жағдайлар тыйым салады. Сондықтан

қалыңдығы 0,1 – 0,4м болатын құнарлы қабат алаңнан кесіледі және кейіннен жерлерді рекультивациялауда қолданылуы мүмкін. Құнарлы қабат қалыңдығын кесу ауданы келесідей анықталады:



.

.

Құнарлы қабатты кесу көлемі:



,

мұндағы:


- құнарлы қабат қалыңдығы;

.

Өспелі кабатты алаң сыртына 1-5км белгілі аралыққа тасу:



П типті топырақты тегістеуде алдын ала қопсыту:



.

Төгілген топырақты қабаттап тығыздау:



.


      1. Алаңдағы топырақты көшірудің орташа қашықтығын есептеу.

Жұмыс өндірісінің технологиясын және алаңды жобалауда қолданылатын механизмдер кешенін таңдау көп мөлшерде кесілген топырақты әр ретте өзгеріп отыратын үйілетін орынға тасымалдау қашықтығына байланысты. Сол себепті орташа тасымаладу қашықтығы ұғымы Lорт енгізіліп, оның мәнін анықтау мақсаты қалыптасады.

Жұмыстық сызбадан үйінділер мен оймалар фигураларының нөмірлері жазылады. Үйінділер мен ойындылар фигураларының ауырлық орталары анықталады. Әрбір үйінді және әрбір ойынды фигураларының ауырлық центрлері арасындағы қашықтық өлшенеді.



Топырақ тасымалдаудың орташа қашықтығы жобада алынған тиімді функциядан анықталады:







      1. Қазаншұңқыр өңдеу кезіндегі жер жұмыстарының көлемін есептеу.

Жалпы алғанда қазаншұңқыр өңдеудегі жұмыс көлемдерін анықтау екі кезеңнен тұрады:

1) қазаншұңқыр көлемін есептеу;

2) қосымша жұмыстар көлемін есептеу.

Қазаншұңқыр көлемін есептеу

Қазаншұңқырдың көлемін есептеуге кіріспестен бұрын ол үшін қажет болатын шамаларда, атап айтқанда, қазаншұңқыр жиектерінің табиғи, жобалық және жұмыстық белгілері анықталады.

Қазаншұңқырдың жоғарғы бөлігі бойынша құлама тұрғызу мүмкіндігін ескере отырып келесідей анықталады:



,

,

мұндағы:


- қазаншұңқырдың жоғарғы бөлігі бойынша ұзындығы;

- қазаншұңқырдың жоғарғы бөлігі бойынша ені;

- қазаншұңқырдың төменгі бөлігі бойынша ұзындығы;

- қазаншұңқырдың төменгі бөлігі бойынша ені;

- өңдеу тереңдігі мен топырақ түріне байланысты қабылданатын құлама коэффициенті. Топырақтардың әр түрлілігі кезінде арасындағы әлсізіне байланысты алынады;

- орташа жұмыстық белгі.



,

.

Тікбұрышты қазаншұңқыр көлемін анықтау келесідей жүзеге асады:



. .


      1. Қазаншұңқыр өңдеу кезіндегі қосымша жұмыстарды есептеу.

Қазаншұңқырды өңдегенде барлық топырақ құрылыс алаңынан тысқары шығарылады. Топырақты қазаншұңқырдан шығару көлемі қазаншұңқырдың көлеміне тең болады:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет