«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» кмм бойынша 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың мәлімет «Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»



Дата31.12.2019
өлшемі126.5 Kb.
«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ бойынша 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың мәлімет
«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы қаулысын іске асыру мақсатында 2019 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілді.

2018 жылы тілдерді дамытуға 2131,0 мың теңге қаржы бөлінсе, 2019 жылға 2237,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, насихаттау мақсатында және «Үш тұғырлы тіл» саясаты аясында шілде айына дейін бөлімнің ұйымдастыруымен 7 іс-шара өткізілді.

Сондай-ақ, аудандағы мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеуден өткізу шарасының қаржысына аудан әкімі, аудандық бюджеттік комиссия төрағасы М.Ә.Оразбаевқа бюджеттік өтінім жолданып, 2019 жылғы 18-ақпандағы аудандық маслихаттың кезекті сессиясының шешімімен «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге 146,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаржы бойынша 30 адамды тестілеуден өткізіледі, оның ішінде 20 адам В1 деңгейі, 10 адам С1деңгейі.

Қазіргі таңда «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» оқытушысы П.Ізбасарова Арал АПБ қызметкерлеріне (12 адам) 5-ақпаннан бастап 26-наурызға дейін мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту бойынша оқу курсын өткізді. Сондай-ақ, аталмыш мекеме қызметкерлері арасынан 8 қаңтар мен 8 ақпан аралығында ерікті топ жинақталып, қызметкерлерге латын қарпіне байланысты түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, емле-ережерелермен таныстырылды. Бұл топтан кейін, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері оқу курсынан өтті. Қазіргі таңда 26 адам (әкім аппараты, сәулет және қала құрылысы және аудандық жұмыспен қамту бөлімінің мамандары) оқытылып жатыр. Алдағы уақытта осындай 1 топ оқу курсынан өткізіледі деп жоспарлануда. 2018 жылы «Үш тұғырлы тіл» саясаты аясында тек мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсетушілер ғана оқу курсынан қатысса биылдан бастап еріктілерде оқу курсына қатыса алады.

Орыс тілі бойынша 20 ерікті топ оқу курсын аяқтап арнайы сертификатқа ие болды. Қазіргі уақытта «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» орыс тілі оқытушысы А.Майлыбаева аудан әкімдігі мен аудандық қаржы бөлімі мамандарына іскерлік орыс тілі бойынша сабақ өтуде. Қазіргі таңда 12 адам оқытылып жатыр. Жыл соңына дейін топ оқытылады деп жоспарлануда.

Ағылшын тілі бойынша. «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» ағылшын тілі бойынша оқытушысы Г.Темірбекова ағымдағы жылдың наурыз айында ерікті 12 адамға оқу курсын өткізді. Қазір 12 адам оқытылып жатыр. Жыл соңына дейін 1 топ оқу курсынан өткізіледі деп жоспарлануда.

Алдағы уақытта, аудан тұрғындары арасынан еріктілер үшін латын негізді қазақ әліпбиге дағдыландыру, жаңа емле-ережемен таныстырып, графиканы жылдам үйренуіне жағдай жасау, инновациялық жобалар арқылы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында жыл бойына түрлі форматта шаралар (семинар-тренингтер, оқыту курстар, диктанттар және т.б.) өткізілетін болады.

2019 жылдың 5-9 тамыз аралығында Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Арал аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратында өткізілген ҚР Тұңғыш Приезиденті, Елбасының «Қазақ әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру» туралы жарлығына сәйкес, барлық санаттағы азаматтарға арналған «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбындағы тренерлерді даярлаудың 40 сағаттық облыстық курсы өткізілді. Курстың мақсаты-жаңа әліпбиді насихаттау, «Жаңа емле» ережелеріне дағды қалыптастыру.

Курсқа Арал аудандық мемлекеттік және бюджеттік сала мамандарынан құралған 30 тыңдаушы қатысты. Оқыту жұмыстарын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы шақыртуымен келген лектор «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» оқу- әдістемелік бөлімінің басшысы, латын графикасын үйрету тренері Әсел Манасқызы мен орталықтың Арал ауданы бойынша оқытушысы, латын графикасын үйретудегі тренері Перизат Елеуліқызы жүргізді.

Шара соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Төрахметов қатысушыларға сертификат табыстады.

Ағымдағы жылдың 17-қыркүйегінде бөлімнің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл достықтың айнасы» атты аудандық жазба жас ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйра аудандағы мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай тіл туралы өз шығармасын оқу және еркін тақырыпта өлең оқу секілді шарттардан тұратын байқауда №220 орта мектебінің оқушысы Сламов Данияр бас жүлдені, №13 орта мектебінің оқушысы Маратқызы Нұрай 1 орынды, №220 орта мектептің оқушысы Нысаналы Динара 2 орынды, №14 мектеп- лицейінің оқушысы Сайран Ақниет 3 орынға ие болды. Шара соңында қатысушыларға бөлім басшысының алғыс хаты мен сыйлықтар тапсырылды.

2019 жылдың 18-қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Қанатов сөз алып, жұртшылықты еліміздегі мағызды мерекемен құттықтап, мереке аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін асыруға үлес қосып жүрген тіл жанашырларын аудан әкімінің алғысымен марапаттады.

Мерекелік шара одан әрі аудан өнерпаздарының әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласып, кеш көрермендері тағылымды шарада бір серпіліп тарқасты.

Айта кету керек, ғасырлар көшінің елге қалдырған ең ұлы аманаты – тілді қастерлеуге бағытталған шарада «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында латын қаріпіндегі архивтік көне жазбалар мен қасиетті тілдің құндылықтарынан сыр шерткен ауқымды көрме ұйымдастырылды.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі МКҚК

«Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі» филиалының

2019 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары
Шілде айының 4-5-і күндері аралығында 6 шілде - Елорда күніне орай «Алтын бесік – Елордам, тұғыры биік – Нұр-Сұлтан», «Алты Алашқа тәж қала» атты тақырыптарда музейге келушілер арасында танымдық лекция оқылып, фотокөрмелер ұйымдастырылды. Көрме еліміздің бас қаласының тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескерткіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәлімет беретін фотосуреттерден құралды. Сонымен қатар, көрмеде музей қорындағы атақты кинорежиссер, кино суретші Рүстем Әбдірашевтың «Елбасы жолы» киноэпопеясы, «Балалық шағымның аспаны» фильмі туралы кітаптары мен ҚР Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төл шығармалары, Тұңғыш Елбасының Арал өңіріне келу іс-сапары туралы фотосуреттері таныстырылды. Лекцияның басты мақсаты – Елордамыз Нұр-Сұлтан туралы музейге келушілердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанын қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру болды.

Шілде айының 12-13-і күндерінде Қамыстыбас көлі жағасында Арал өңірі балықшыларының Халықаралық Ү слетіне орай «Айдынды теңіз тарландары» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге балықшылардың құрал-жабдықтары, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Берік Бөкешовтің картиналары, т.б. балықшылардың өмірінен сыр шертетін экспонаттар орналастырылды.

Музей қызметкерлері рухани мәдениетті дамыту, ұлттық шығармашылықты насихаттау арқылы жастар тәрбиесін дамыту жолында ҚР Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларына сүйене отырып, Қамыстыбас елдімекеніндегі балаларды сауықтыру және білім беру орталығындағы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданынан келген балалар музейлерді тегін аралады. «Өлке тарихы –ел тарихы» атты тақырыпта музей залдарына экскурсия жасалды. Экскурсия барысында музей қызметкерлері Арал өңірі туралы көптеген мәліметтер берді және балаларға шара соңында викториналық сұрақтар қойып, жауап берген оқушыларға сыйлықтар табыстады.

Музей қызметкерлері тамыз айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты «Өз еліңді таны», «Шежіресі жыр дастан, киелі Арал мекені» атты тақырыптарда музей көрермендеріне экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында оларға музей залдарындағы Арал өңірінің атақты тұлғаларының шығармалары, картиналары, тұтынған бұйымдары, қолдан жасаған туындылары, т.б. жайында таныстырылды.

«Балықшылар музейі» бөлімшесінің қызметкерлері Арал теңізінде қажырлы еңбек еткен балықшылар жайында «Майдангер балықшылар» және теңіз ұлтанында қалған кемелер жайында «Кемелер тарихы» тақырыптарында лекциялар оқыды.

Музейдің «Тәуелсіздік» залында 30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституция күніне «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты көрме ұйымдастырылады. Көрермендерге көрме барысында ҚР Конституцияның сипаты, маңызы, Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері, заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелері туралы түсіндіріледі. Ғылыми қызметкерлер Ата Заң жайында «Алтын Заң – Тәуелсіздігіміздің белгісі» түрлі тақырыптарда лекциялар оқиды. Лекцияның мақсаты - қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталып, келушілерге өз елінің, туған жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу жайында насихатталады.

«Спорт – бойға қуат, ойға нәр беретін өнер» десе халықта, осы спорт саласын ауданымызда бір кісідей дамытқан, дарытқан, спорт шебері, спорт ұстазы, қазақтың бірігейі, Арал тумасы Жолдыбай Нұрпейісов ағамыздың 80 жылдығына байланысты Арал аудандық тарихи-өлктану музейі қаладағы №64 орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Жанар Өтешова және музей жанындағы «Жас өлкетанушылар» клубы мүшелерімен экскурсиялық-танымдық лекция ұйымдастырылды. Шараға спорт шеберімен кезінде бірге қызмет жасаған, аудандағы спорт саласын өркендетуде сүбелі үлестерін қосқан көз көрген достары,туыстары Досжанов Жаңбырбай немере інісі, Серекеев Әмірбек ардагер –ұстаз, Сәменов Жарылқасын қатарлас досы, Жолдыбай Есентүгел шәкірті, спорт шебері және тәжірибелі ұстаз журналист жазушы Абдуллаев Ерғали ағайлар қатысып, өздерінің Арал спортының майталманы жайында жүрек жарды әңгімелерін ортаға салды.

Жастар жылына байланысты оларға қолдау көрсетіп, туризм, өлкетану, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында өңірдегі тарихи- мәдени ескерткіштерді зерттеу мақсатында, Облыстық «Жас ұлан» ББЖ ұйымы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері және «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Кенжеғұлова, облыстық телеарнасы бірігіп, «Өркениет өзені» тақырыбында экспедициясы өздерінің сапарларын Жаңақорған ауданындағы Ақтас мешіті, Хорасан мешіті, Төлегетай –Қыпшақ ата кесенесі, көне Сығанақ қаласы, Шиелі ауданында Оқшы Ата кесенесі, Қызылорда қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштеріне, Сырдария ауданындағы «Қалжан –Ахун мешіт медресесі», Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата кесенесі», Сортөбе қалашығы тарихымен танысқан соң, ат басын Арал өңірінің тарихы толысқан Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі мен балықшы өмірінің қыры мен сырын жинақтаған тарихи мекен «Балықшылар музейінде» болды.



Арал аудандық мәдениет орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2019 жылғы 6 айында жүргізілген жұмыстары туралы мәлімет.

2019 жылдың 15 қаңтар күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттап, Қосжар елді мекеніне іс-сапармен концерт өткізді.

Концерт барысында мәдениет орталығының өнерпаздары патриоттық, туған жер, туған ел т.б. тақырыпта әндер шырқап, жыр-терме орындап көрермендердің көңілінен шықты.



2019 жылдың 18 қаңтар күні Арал ауданының Сазды ауылдық округінде медициналық бекет салынып, жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Ел игілігіне берілген медициналық пунктің ашылу салтанатында аудан әкімі М.Оразбаев тұрғындардың ортақ қуанышымен бөлісіп, ақ халатты абзал жандардың ісіне сәттілік тіледі. Елбасы жыл сайын халыққа арнаған Жолдауында елемізде, әсіресе, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмектің қолжетімді болуын басты міндет етіп келеді.

2019 жылдың 4-15 ақпан күні аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Аралдың табанынан су кеткенмен, халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ» атты мәдениет орталығының үйірме жетекшілері №13,260,62 мектептерге барып мектеп оқушыларымен және ұстаздармен кездесу кешін өткізді.

Кездесу кешінде Арал өңірінің жыраулық өнерін насихаттап, қазыналы қазақтың рухани байлығы жыраулық дәстүрдің жалғастырушылары жыршы –термешілер қатысып жыр терме, толғауларын орындап берді.



2019 жылдың 5 ақпан күні «Латын әліпбиі – заман талабы» атты танымдық сағаты өткізілді. Танымдық сағат барысында «Арал әлемі» газетінің редакторы, ақын Е.Абдулла, М.Әуезов атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Өтегенова, №13 мектептің мұғалімі А.Қыстаубаев және мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, өз пікірлерін білдірді.

2019 жылдың 13 ақпан күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанстан-жүректегі жара» атты танымдық сағаты болып өтті. Танымдық сағатқа Ауған соғысына қатысып, өздерінің азаматтық борыштарын өтеп қайтқан, қасіретті жылдардың қиыншылығын көрген Бисенбаев Серік, Әжіғұлов Зейнет ардагер ағаларымыз қатысты. Кеш қонақтары бастан өткен ауыр жылдар туралы естеліктерімен бөлісіп, алдағы уақытта аспанымыздың ашық, молшылық, бейбітшілік болуын тіледі. Мәдениет орталығының оқушылары Н.Пауадинқызы,Қ.Болатова, Ә.Құдайбергеновалар кеш қонақтарына арнап әсем әндері мен жыр-термелерін орындап берді.

2019 жылдың 18 ақпан күні Арал аудандық мәдениет орталығының жанынан құрылған Зейнолла Шүкіров атындағы шығармашылық бірлестіктің бір бөлімі-поэзия бөлімі. Поэзия бөлімінің дәстүрлі «Зейнолла жұлдыздары» атты жергілікті ақындармен кездесу кеші болып өтті.

Поэзия – ұлы әлем, тылсым күш мұңайғанның жүзіне күлкі сыйлатқан, бейқам көңілді тұңғиық ойға шомдырған, ғашық көңілдердің асық жүректерін бір арнаға тоғыстырған не құдірет?... Әрине, ол-Поэзия.

«Зейнолла жұлдыздары» атты жергілікті ақындармен кездесу кешін З.Шүкіров атындағы шығармашылық бірлестіктің төрағасы Жұмабай Жақып ашып, жазба ақындарға шығармашылық табыс тіледі. С.Сейтмағанбетовтың «Зейнолланың соңғы монологын» мәдениет орталығының термешісі Г.Бейсова орындап берді. Жергілікті ақындар Н.Төлепов, Ш.Балманова, А.Қыстаубаев еркін тақырыптағы өздерінің туындыларын орындады. Поэзия бөлімінің меңгерушісі Арал әлемі газетінің редакторы ақын Е.Абдулла № 13 мектептің жас ақын оқушыларына А.Есмұрзаевтың кітабын табыс етті.

2019 жылдың 27 ақпан күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу» атты танымдық сабағы болып өтті.

Танымдық сабақтың мақсаты: діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру, заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру, оқушыларды имандылыққа тәрбиелеп, қасиеттеріне түсінік беру.

Казақстан – бүгінде әлем елдерінің арасында экономикасы жақсы дамып, өркендеп келе жатырған мемлекеттің бірі. Әлемдегі ең дамыған мемлекеттің құрамына кіру мақсатына – еліміз сенімді және тұрақты жету жолында. Казақстан Еуразия алаңында саяси жағынан дамыған елдердің алдыңғы қатарында болса да, елімізді әлсірететін жағдайлар бар. Бірінші кезекте жаппай санамызға әсер еткен «терроризм» мен «экстремизм». Экстримизмнің салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда. Діни ортада пайда болған Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады. 

Танымдық сабаққа аудандық орталық мешітінің наиб имамы Кеңесханов Нұржан қатысып, ислам діні туралы кеңінен насихаттап, қойылған сұрақтарға жауап берді.



2019 жылдың 1 наурыз күні 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» атты тақырыпта мәдениет ошағында қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан Қадырқұлов Болатбай ағамыз бен Қырымова Гүлсім апамыздың, «Ұлағат» ардагерлер аспапты ансамблінің әншісі Шүренова Айман апамыздың, Төребеков Жақсыбай ағамыз бен Сатаева Ранай апаларымыздың отбастарына барып, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуына, рухани өсіп-өркендеуіне қосқан зор үлестері мен белсенді еңбектері үшін және халқымыздың игілігі жолында қажырлы еңбектеріне мәдениет орталығының директоры М.Нұрмағанбетова бастаған ұжымдастар ыстық ықыластарын айтып, алғыстарын білдірді. Ардагер аталарымыз бен апаларымыз ақ баталарын беріп ризашылықтарын білдірді.

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

2019 жылдың 5 наурыз күні «Аталар жолымен, ағалар ізімен» атты жергілікті композитор Бекболат Садуақасовпен кездесу кеші болып өтті. Кеш барысында ауданға танымал композитор Б. Садуақасов өз шығармашылығымен таныстыра отырып, аудан өнерпаздары Бекболат ағамыздың көптеген әндерін нақышына келтіре орындады.

Мәдениет орталығы жанынан құрылған З.Шүкіров атындағы әдеби шығармашылық бірлестігінің төрағасы Жұмабай Жақып композитор Бекболат Садуақасовқа шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да жаңа әндерінің шығуына тілектестігін білдірді.



2019 жылдың 6 наурыз күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Жастар жылына арнап, Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай «Ақылды ана, көркем қыз» атты аудандық байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: ата-аналар мен қыз балаларды қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік-әдемілігімен,сұлулығына тәу ету. Байқауға №262 мектеп-гимназия, №2 мектеп-интернат, №13, №62, №83 мектептері қатысты. Байқау қорытындысында Бас жүлдені №83 мектеп Ізмағанбетова Гүлмария, Мамбетова Гүлзат, І орынды № 262 мектеп-гимназия Айділдаева Кенжегүл, Айділдаева Айдана, ІІ орынды № 2 мектеп-интернат Нұрмағамбетова Бақытгүл, Ринатова Диана, ІІІ орынды № 62 мектеп-лицейі Жансейтова Гүлмира, Рамазанова Динара, № 13 мектептен Алихан Жаңагүл, Кемалова Гульвира аналары мен қыздары жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

2019 жылдың 15 наурыз күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұжымы Б.Тәңірбергенов көшесінде тұратын тұрмысы төмен көп балалы, күміс алқа иегері Нұралиева Индираға қаржылай 12000 тг (он екі мың теңге) көмек көрсетті.

Қайырымдылық акциясы аудан аумағындағы көмекке мұқтаж тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды, мүгедектер мен жалғызбасты қарт кісілерді, зейнеткерлерді, жетім және қамқоршысынан айрылған балаларды әлеуметтік қолдау бағытында ұйымдастырылды.

Бұл бағыттағы игі шаралар алдағы уақытта да назардан тыс қалмай, кеңінен жалғасын табады.

2019 жылдың 15 наурыз күні аудандық мәдениет орталығының «Қобыз және Қобызбен жыр айту» үйірмесі «Киелі ғой аққу үні-қобыздың» атты танымдық сабағын өткізді. Танымдық сабақтың негізгі мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында өткізілді. Сабақ барысында мәдениет орталығының қызметкерлері тақырыпты жан-жақты талқылап, оқушыларға сұрақтар қойып өз пікірлерін бөлісті.Танымдық сабақ барысында үйірмеге қатысушы оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

2019 жылдың 19 наурыз күні мәдениет орталығының қызметкерлері «Ұлағат» ардагерлер аспапты ансамблін және З.Шүкіров атындағы шығармашылық бірлестіктің ардагерлерін шақырып, дастархан жайды. Наурыз көжеден дәм татқызып, мәдениет орталығының шәкірттері жыр-терме орындап берді. Ардагерлер ақ баталарын беріп, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.

2019 жылдың 21 наурыз күні Мәдениет орталығының қызметкерлері орталық алаңға тігілген «Мәңгілік Ел» ауылында салт-дәстүрді ұлықтап, Тұсау кесер рәсімін өткізді. Тұсау кесер рәсімін ауылдың алты ауызы «Тойға тілек» әнімен Ғ.Өмірзақов бастады. Аудан әкімі М.Оразбаев Данияль атты бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

2019 жылдың 26 наурыз күні Жақсықылыш кентінде «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты ҚР Тұңғыш Президенті - Н.Ә. Назарбаевтың тарихи шешім қабылдауына және Елордамыздың атының өзгеруіне орай форум ұйымдастырылды.

Шараға «Аралтұз» АҚ кеншілері мен кент тұрғындары қатысты. Кент тұрғыны Айнұр Қалиева мен «Аралтұз» АҚ жұмысшысы Асылбекқызы Гаухар Елбасының тәуелсіздік алған жылдардан бергі бағындырған белестеріне тоқталды. Сондай-ақ, жиналған көпшілік еліміздің қолжеткізген барлық жетістіктері бірінші кезекте - Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты екенін айтып, Елорданың «Нұр-Сұлтан» болып аталуын қолдайтындықтарын жеткізді.

Шара барысында аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары патриоттық әндер орындады.

2019 жылдың 11 сәуір күні Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен және мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауына проза әлемінде өз ойын өрнектеп бере білген, поэзия әлемінде мазмұнды да мағыналы өлеңдерін жүрекке жеткізе білген ауданымыздың жас мамандары мен мектеп оқушылары қатысып, бақ сынасты. Байқауға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Б.Мамбетов, «Арал әлемі» газетінің редакторы, ақын Е.Абдулла, мәдениет орталығының әдіскері З.Изекешова қазылық жасады. Байқау қорытындысымен І орынды А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Ш.Алдабергенова иеленсе, ІІ орынмен №13 мектептің география пәнінің мұғалімі А. Қыстаубаев, ІІІ орынмен №73 Аманөткел орта мектебінің іс-қағаз жүргізушісі Ә.Іздібаева, №64 мектептің 11 сынып оқушысы Ә.Кеңесова марапатталды. Байқауға қатысқан қалған талапкерлер мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы Алғыс хатымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Ш.Алдабергенова, №13 мектептің география пәнінің мұғалімі А. Қыстаубаев 18 сәуір күні Қызылорда қаласында өткізілетін Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауына қатысуға жолдама алды.

2019 жылдың 12-13 сәуір күндері Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен XXI «Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық конкурсы болып өтті. Облыстық байқауға Арал аудандық мәдениет орталығынан «Жыр-терме» орындау жанры бойынша 7 шәкіртіміз қатысты. Нәтижесінде үлкен топтан Шымбергенова Аяжан Бас жүлде, Таңатова Ақбота ІІ орын, Құдайбергенова Әсия ІІІ орын, орта топтан Файзуллақызы Жансая І орын, Темірханова Назкен диплом, Жалғасов Әлфараби диплом, кіші топтан Жұмамұратқызы Айша ІІІ орынды иеленді.

Шымбергенова Аяжан Алматы қаласында мамыр айында өткізілетін халықаралық байқауға жолдама алды.



2019 жылдың 26 сәуір күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Менің қолымнан бәрі келеді» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық фестивалі өткізілді.

Фестивальдің мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қоғамның әлжуаз, алайда өнерлі топ өкілдерін қолдап, олардың шығармашылығын шыңдау, рухани әлемін кеңейтіп, өмірге деген ынтасын арттыру, осылайша, денсаулығының жақсаруына аз да болса үлес қосуды мақсат тұту деген болатын.

Фестиваль ІІІ бөлім бойынша өткізілді. І бөлімде «Менің қолымнан бәрі келеді» атты тақырыпта, мүмкіндігі шектеулі балалар өз қолдарымен жасаған бұйымдарынан көрме дайындады. ІІ бөлімде «Мен өмірді сүйемін» тақырыпта қатысушылар шама шарқына қарай өз өнерлерін көрсетті. ІІІ бөлімде «Мейірімді бол! «Мейірім шуағы» тақырыпта арнайы үлкен талдың суретіне балалар арман тілектерін жазып ілді.

Фестивалді мәдениет орталығының директоры М.Нұрмағанбетова, Қалалық М.Әуезов атындағы балалар кітапханасының меңгерушісі М.Өтегенова ашып, талантты бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.

Фестиваль соңында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Дәрібаев, Жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Ізбасаров мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы Алғыс хатпен, Мәдениет орталығының дайындаған сыйлығын табыс етті.

2019 жылдың 2 мамыр күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Біз бақытты баламыз» атты мектеп оқушылары өнерпаздарының арасында концерт болып өтті. Концерттің мақсаты балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру.

Концертке 15 өнерпаз қатысып, балалар ана, әке, туған жер, Отан т.б.тақырыптарда өз өнерлерін көрсетті. Көрермен саны-100 адам .

Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол - балалық шағы. Ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі - бақытты балалық шағы.

2019 жылдың 4 мамыр күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Елім менің» патриоттық ән байқауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты Егеменді еліміздің қол жеткізген толымды табыстарын, жеткен жетістіктерін, шыққан биіктерін, қарышты қадамын, заңғар заманын әлемге паш ету. Тарих тағлымдарын кеңінен насихаттау. Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Байқауды мәдениет орталығының директоры М.Нұрмағанбетова ашып, балаларға сәттілік тіледі. Байқауға 10 оқушы қатысты. Балалар Қазақстан, туған ел, туған жер, Отан, Астана туралы әндер орындады.



2019 жылдың 14 мамыр күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 17 мамыр - Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Өткеннің қазынасы-болашаққа» атты мәдениет орталығындағы үйірме оқушыларымен танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағат бүгінгі тәуелсіз елеміздің дамып,одан әрі өсіп-өркендеуі мен Елбасы атап айтқандай бәсекеге қабілетті болу ең алдымен осы мемлекеттің іргетасын құрайтын жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналылығы мен өмірге бейімділіктерін арттыру мақсатында өткізілді. Кеш соңында мұражай директоры Жасекенов Мәди мәдениет орталығының ұжымына ыстық лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

2019 жылдың 15 мамыр күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Әжелер асыл қазынам» атты аудандық әжелер ансамблі байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты әжелердің өнегелі істерін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, аналардың өнерге қызығушылығын арттыру. Аналарға құрмет көрсету және әжелеріміздің өнерлерін халыққа насихаттау. Байқауға жасы 50 -70 жас аралығындағы әжелеріміз қатысты. Әжелер ансамблінің аты және топтың құрамы 6 немесе одан жоғары болуы керек деп талап қойылды. Әжелеріміз бірінші халық әнін, екінші еркін тақырыпта бір ән орындады. Байқауды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Төреахметов ашып берді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Қамбаш елді мекенінен келген «Асыл әжем» әжелер ансамблі, І орынды №220 мектептен келген «Ару аналар» әжелер ансамблі, ІІ орынды № 262 мектеп-гимназиядан келген «Ұлағат» әжелер ансамблі және № 62 мектеп-лицейінің «Аруана» әжелер ансамблі, ІІІ орынды Сексеуіл елді мекенінен «Асыл әжелер» мен Ақбай елді мекенінен келген «Шуақ» әжелер ансамблі жеңіп алды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.



2019 жылдың 31 мамыр күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Ұмытылмас тағдырлар» атты митингін өткізді. Шара казақ басына қасірет әкелген сонау нәубетті жылдардағы азапты  бейнелейтін театрландырылған көрініспен бастау алды. Мұнан әрі, құрбандар рухына құран бағышталып, бір минут үнсіздік жарияланды. Саяси-қуғын сүргін жылдарында миллионға жуық қазақстандық зардап шекті. Оның ішінде Арал ауданынан 400-ге жуық адам қуғын – сүргінге ұшырап, 193 адам ақталып шықты. Дүрбелең дәуір кезінде Аралдық Әбдірахман Махатов, Жұбаназар Бекенов, Нығмет Битенов, Әбдіжәми Бектұрғановтар. Сондай –ақ «Сартай батыр» дастанын жазып тарихта аты қалған даңғайыр ақын Нұрмағанбет Қосжанов та, қуғын –сүргіннің құрбаны болып, Арал ауданы бойынша 27 шаруа ұсталып жауапқа тартылды.

Митингті аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы Оразбаев ашып берді. «Арал аудандық орталық» мешітінің бас имамы құрбандарға дұға бағыштап, артынан гүл шоқтары қойылды.



2019 жылғы 6 маусым күні Аудандық мәдениет орталығынының үйірме жетекшісі Гүлжамал Бейсова Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үзігін жырдың жалғаған...» атты облыстық дастан орындаушылардың байқауында І орын иеленді.

2019 жылғы 13 маусым күні Арал аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Арал ауданындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті. «Медицина кәсібі – адамзаттың асылы» атты салтанатты шара шымылдығы бір топ сала қызметкерлерінің орындауындағы «Жан қорғаны дәрігер» атты әсем әнмен түрілді. Денсаулық сақшыларының басын қосқан мерекелік жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов ашып, медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтай келе, ауданымыздағы денсаулық саласындағы бірқатар жетістіктерді атап өтті. Бұдан кейін ұзақ жылдар бойы медицина саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан бірқатар сала үздіктеріне аудан әкімінің алғыс хатын табысталып, аудандық аурухананың бас дәрігері М.Ршымбетов әріптестерін мерейлі мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жолдады.

Салтанатты шара одан әрі мәдениет орталығы өнерпаздарының мерекелік концертімен өрілді.



2019 жылғы 24-26 маусым күндері аудандық мәдениет орталығы жанынан құрылған «Ұлағат» аспапты ардагерлер ансамблі «Сағындырған әндер-ай» атты концертімен Мергенсай, Ақбай, Қамыстыбас, Тоқабай, Қарақұм елді-мекендерін аралап, ұлттық өнерді насихаттау барысында ескі халық әндерін жаңғыртып, халық күйлері мен әндерін орындап, көрермен ықыласына бөленіп қайтты.

2019 жылдың 13 шілде күні аудандық мәдениет орталығы жанынан құрылған «Ұлағат» аспапты ардагерлер ансамблінің көркемдік жетекшісі Д.Көзмағанбетовтің 70 жасқа толу мерейтойына орай «Сезім толқыны» атты шығармашылық концерті болып өтті. Концерт барысында сазгер Д.Көзмағанбетовтің бірнеше әндері орындалды.

2019 жылдың 26 шілде күні «Жаз жаныңа сыйлар жаз» атты аудан өнерпаздарының қатысуымен орталық саябақта концерт өткізілді. Аудан халқы өнепаздарға ыстық лебіздерін білдірді.

2019 жылдың 6 тамыз күні «Терроризм-адамзаттың қасіреті» атты аудандық А.Гайдар атындағы балалар кітапханасының қызметкерлері мен оқырмандары және мешіттің имамы мен кездесу кеші өткізілді. Кеш барысында ислам діні туралы мағлұматтар берді. Мәдениет орталығының қызметкерлері түрлі сұрақтар қойып кеш өз дәрежесінде өткізілді.

2019 жылдың 12 тамыз күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз Халықаралық жастар күніне арналған «Жалындаған жастық шақ» атты аудандық жастар ресурстық орталығының төрағасы Әлібек Ізбасаровтың қатысуымен кездесу кеші болып өтті. Кеш барысында үйірмеге қатысушы оқушылар концерттік бағдарлама берді.

2019 жылдың 22 тамыз күні мәдениет орталығының әнші, термешісі Зәуре Изекешованың қатысуымен «Домбырам қане жырлашы» атты кездесу кеші өткізілді. Кеште термеші Зәуре өзінің өнер жолына қалай түскендігі туралы әңгімелер мен концерттік бағдарлама берді. Кеш жоғары дәрежеде өткізілді.

2019 жылдың 29 тамыз күні мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 30 тамыз ҚР Конституция күніне арналған «Ата Заң-азат елдің ар намысы!» атты аудандық орталық саябақта меркелік концерт өткізілді.

Меркелік концертте туған жер, Отан, «Қазақтың жігіттері», «Атамекен» тақырыбында әндер орындалды.

2019 жылдың 17 қыркүйек күні мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен және мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл-достықтың айнасы» атты аудандық жазба жас ақындар мүшәйрасы өтті. Сөз сайысы аудан мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өткізілген мүшәйрада қатысушылар тіл туралы шығармасын және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Байқауда №220 орта мектебінің оқушысы Д.Сламов бас жүлдеге, №13 орта мектеп оқушысы Н.Маратқызы І орынға, №220 орта мектеп оқушысы Д.Нысаналы ІІ орынға және №14 мектеп-лицейінің оқушысы А.Сайран ІІІ орынға ие болды.

Шара соңында қатысушыларға бөлім басшысының алғыс хаты мен сыйлықтар тапсырылды.

2019 жылдың 18 қыркүйек күні мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен және мәдениет орталығының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өткізілді. Фестиваль шымылдығы А.Құнанбайұлының жас буын шәкірттері Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтармен кездесуі, ұлылар үндестігіне ұласқан сахналандырылған көрініспен және

2019 жылдың 27 қыркүйек күні арайлы алтын күз мерекесіне арналған балабақша ұжымы арасындағы «Күзгі бал-2019» фестивалі болып өтті.

Фестивалдің мақсаты күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейту. Балабақша бүлдіршіндерін адамгершілікке,әдептілікке, өз халқының салт-дәстүрін біліп жүруге тәрбиелеу.

Шара соңында аудандық мәдениет орталығының директоры М.Нұрмағанбетова бүлдіршіндеріміз бен балабақша жетекшілерін арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

2019 жылдың 28 қыркүйек күні көк теңіздің айдынынан шабыт алып, теңіздің тереңінен маржан сүзген, асау Аралдың толқынынан бойына рух сіңіре білген, теңізбен тағдырлас талант иесі, Аралдан шыққан тұңғыш министр, мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Құдайберген Саржанов ағамыздың туған жердің тарихы мен танымын айғақтайтын, мұрасын ұлықтайтын жеке мұражайы ашылған болатын.

Сонымен бірге Арал аудандық атқару комитетінің төрағасы,Партия комитетінің бірінші хатшысы болған Б.Ақпанбетов пен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист Ш.Дәрмағамбетов сөз алып, осындай құнды, тарихи мұражайдың кеңейтіліп, жасақталып жатқаны құптарлық іс екенін атап, ізгі лебіздерін жеткізді.


Арал аудандық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2019 жылдың 9 айда атқарған мәдени іс-шаралары туралы мәлімет

Арал аудандық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары 2019 жылдың 9 айында 878 мәдени іс-шара өткізді.

Ақылы қызмет жоспары бойынша 10000,0 теңгенің 9 айдағы жоспары 7500,0 теңге болса, оның 3428,7 теңгесі орындалды.

Аудандық мәдениет үйі жанындағы жылжымалы мәдени демалыс кешені елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын басшылыққа ала отырып, елді мекендерді қойылым концертпен аралады.

Аудандық мәдениет үйінде термеші-жырау «Аралдың қара жорғасы» атанған, Арал-Қазалы өңірінде қалыптасқан Нұртуған шайыр жыраулық мектебінің өкілі, насихаттаушысы, қайталанбас тұлға Рысбек Әшімовті еске алуға арналған «Рухты жырдың Рысбегі еді...» кеш өткізілді. Кеште ауданымызға белгілі термешілер Рысбек ағамыз жайлы естеліктер айтылып, орындаған жыр-термелері айтылды.

Аудандық мәдениет үйінің


Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев: -«Баршаңызды тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, Жыл басы Наурызбен бірге жан-жануар түлеп, мал төлдеп, жер беті көктеп, дүние жаңарады. Бүкіл тіршілік атаулыға жан бітіріп, қазақ даласына шуағын шаша келген бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың Ұлы күні деп ұлықтаған. Әз-Наурыздағы барлық тілектеріңіз қабыл болсын. Әр шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ дарысын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»-деген ізгі тілегін білдіріп, аудан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. «Қазанғап» ұлт аспаптар оркестрі ағымдағы жылдың 28-29 сәуір аралығында  Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филормониясының 75 жылдығына орай Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған «Жұбановтар әуені – 2019» Халықаралық ұлт аспаптар оркестрлер және ансамбльдер фестиваль-байқауына қатысып келді. Еліміздің өзге облыстары мен Түркия, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттерінің оркестр, ансамбльдері қатысқан бұл байқаудан жерлестеріміз «Конкурс дипломанты» атанып, 100 мың теңге сыйақы алса, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, белгілі күйші, ақын-жырау М.Сыдықов «Үздік орындаушы» номинациясын иеленді.

Қазақ өнерінің тарланы, дарынды актер, Қазақстанның халық әртісі Қ.Сұлтанбаевтың шығармашылық өнер жолын насихаттау мақсатында «Күлкі думан» атты әзіл-сықақ отауларының облыстық байқауы өткізілді. Байқауға облысымыздағы аудандық мәдениет үйлеріндегі әзіл-сықақ отауларымен қатар ауылдық елді мекендерде құрылған әзіл-сықақ үйірмелерінің талантты жастары, барлығы 9 әзіл-сықақ отаулары өнер көрсетті.

«Еңбек ардагері», жазушы-журналист, айбынды Аралдың төл перзенті Айжарық Сәдібековтың 80 жас мерейтойына орай «Тарихқа қалам тербеген...» атты кездесу кеші өтті. Мәдени іс-шара А.Сәдібековтың туған жері Ақбасты елді мекенінде жалғасын тапты.

28 мамыр күні ауданымызда ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы мен ақын, сыншы, аудармашы Жарасқан Әбдірашұлының шығармашылығына арналған "Парасатты поэзия" халықаралық фестивалі өтті. Аудандағы білім саласының ардагері, үздік ұстаз, тарихшы әрі өлкетанушы Үргенішбай Қыстауұлы Қуатовтың 70 жасқа толуына орай «Ұлы даланың сыр тартқан - Ұстазы» атты кездесу кеші өтті.

12-13 шілде күні аралығында Қамбаш көлі жағасында Арал өңірі балықшыларының дәстүрлі 5-ші слетіөткізілді. Слетке қатысушылар балық өнімдері және «Тіршіліктің нәрін бөліскен!» балықшылардың өмірі мен тыныс-тіршілігін баяндайтын көріністердің көрмесімен, аймақтың балық шаруашылығының даму тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысып, саланың үздіктері мен ардагерлерін марапаттау рәсімі өткізіліп, мерекелік концерт берілді.

Халықаралық Аралды Құтқару қорының құрылған күніне орай «Айдынды Арал – ел үміті» атты концерт берілді.

Аудандық мәдениет үйінде ҚР Конституциясы күніне арналған «Ардың шыңы-Ата заң» атты салтанатты шара өткізілді. Тәуелсіз еліміздің айшықты мерекесінде бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының арнайы мерекелік концертіне ұласты.Тәуелсіз еліміздің айшықты мерекесінде бір қатар қызметкерлер облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының арнайы мерекелік концертіне ұласты.

Арал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары халыққа мәдени қызмет көрсету мақсатында «Атамекен – алтын бесік» атты концерттік бағдарламасымен Қосаман, Ақеспе, Ақбасты,Құланды, Сазды, Шижаға елді мекендерінде іс сапармен болып қайтты. Елді мекендерде өнер тобы концертік бағдарлама аясында ҚР Президенті К.Токаев 2019 жылғы 2-қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылап айтып отырды. Сонымен қатар концерттік бағдарламаларында жергілікті сазгерлермен туған жер тақырыбындағы шығармалар қамтыды.

Елімізде қыркүйек айында Отбасы күні болып аталып өтуде. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде «Отбасы – өмір аясы» атты отбасылық жұптардың қатысуымен концерт берілді. Концертке ауданымызға белгілі Сыдықовтар, Қуанышовтар, Хамидуллаевтар, Қадырқұловтар және Аманөткел елді мекенінен Ералиевтер отбасылары өнер көрсетті.

19 қыркүйек күні Арал қаласындағы рәміздер алаңында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған өрендерді шығарып салу шарасы өткізілді. Шара барысында оқушылар қаруды шашып-жинаудан шеберліктерін ортаға салса, аудан өнерпаздары патриоттық ән-жырларын тарту етті. Сонымен қатар, жас сарбаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.Шара барысында мектеп оқушылары қаруды шашып-жинаудан шеберліктерін ортаға салса, аудан өнерпаздары патриоттық ән-жырларын тарту етті. Сонымен қатар жас сарбаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.



Тіл мерекесіне орай «Үш тұғырлы тілдің ұрпағы» атты тақырыптық кеші болды. Кешке қонақ ретінде қазақ тілі қоғамының төрағасы Жұмабай Жақып, Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп гимназиясының кітапханашысы Л.Берікболовалар шақырылды. Кеште мектеп оқушылары тіл тақырыбындағы өлеңдер оқыпы, көркемсөз оқу шеберлерліктерін көрсетті.

Кеш барысында тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл халықтың жаны»атты кітап көрмесі қонақтарға таныстырылды.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет