Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары



Дата25.08.2017
өлшемі164,59 Kb.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары






Қысқа мерзімді жоспар





Мектеп: Тургенов орта мектебі

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні: Рыспаева А.С.













Сынып: 5




Қатысқандар: 18




Қатыспағандар:

0

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» үзінді.



Оқу мақсаты

Т2 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады;

Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсінеді, мәтінді мазмұндай алады.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады.

Тақырып бойынша 4-5 сөйлем құрастыра алады.



Кейбір оқушылар диалогке қатысып, өз ойларын жеткізе алады.

Бағалау критерийі




  • Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді.

  • Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.

Оқу ойлау дағдылары

Білу, түсіну. қолдану.

Тілдік мақсаттар


Тіл үйренуге тән оқу дағдыларын дамыту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру

Құндылықтарға баулу


Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету

Пәнаралық байланыс

Тарих




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөз

Сабақтың басы

5мин

2мин

15мин


2мин

6мин


5мин

3мин
2мин


2мин


2мин


1.Сәлемдесу.

2.Психологиялық ахуал туғызу.



«Шаттық шеңбері» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Түрлі түсті шарлар арқылы топқа бөлу.

Сабақтың мақсатын анықтау.

1 топ «Ынтымақ» 2 топ «Достық», 3 топ «Бірлік»

1 тапсырма



«Достық» сөзіне ассоциация жасау (4 сөз)

адал қамқоршы сырлас

Достық

мейірімді

жанашыр


Кері байланыс.

Тыңдалым.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, ішінен бейтаныс сөздердің аудармасын тауып сәйкестіндіру

Мәтіннің әр бөлімдерін топтарға бөліп беру.



І топ Бір атаның балалары

-Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал – деді басқарма. Өздерің білесің. Мен жұмысшы әкелем деп кеттім... Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз колхозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөліп әкетіпті.

... Менің әкелгенім алты – ақ бала. Бәріңе жетпейді. ...Әзір қолда барын құдай жолымен бөлемін...

... Ал, Дәуірбек, - деді басқарма. ... Дүкіментіңді оқы, балалардың мән – жайын айт.

ІІ топ

Стройдың басында тұрған екеу- қазақ балалары, үлкені – сегізде, кішісі – алтыда. Мынаусы – Ертай, анаусы – Нартай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы – татар баласы, аты – Рашид, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара – әйел бала, қалмақ, иә дүңген, жасы алтыда. Қасындағысының аты – Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда жойт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған, қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз, әрі мылқау. Ең соңында – жаңа алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман – неміс. Бұл баланың орны детдом емес еді, әке – шешеден бірдей айырылып, панасыз қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар.



ІІІ топ

...Ахмет шал балаларды жағалай басынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.

-Мен осы мықтының өзін қаладым. ... Баланың атын айт.


  • Зигфрид Фольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз, - деді Дәуірбек мырс етіп.

  • ... Е, жөн – ақ,- деді Ахмет ақсақал. Келісті жақсы ат екен. Айналайын, жүр үйге кеттік. Апаң күтіп отыр...

... Жылы қымтаулы төсекте жатқан, ет желініп бітпей – ақ ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер ертеңіне таңертең Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.


1-тапсырма Сөздердің аудармасын тауып, сәйкестендіреді.


І топ

Үкімет взрослых

Жұмысшы далеко

Жер аяғы шалғай рабочий

Ересектері по справедливости

Құдай жолымен правительство

ІІ топ


Көзі сығарайған большой нос

Жалпақ бет лысый

Тақырбас немой

Қолағаштай мұрын плосколицый

Мылқау узкие глаза

ІІІ топ


Мықтының выбрал

Қаладым старец

Ақсақал гладить

Сипап сон

Ұйқы сильного

Оқушыларға кері байланыс беру.

2 -тапсырма



Айтылым .

Мәтінді оқу, рөлге бөлініп, диалог құрастыру.

Кері байланыс.

Әр топ бір-бірін «Бас бармақ» арқылы бағалайды

3-тапсырма

Мәтін бойынша осы бөліктерден маңызды,маңызды емес сөздерді анықтап жазады, маңызды сөздерден бастап, маңызды емес сөздермен аяқтайд












Кері байланыс: «Қосу, алу, қызықты» деген әдісті қолданады.



4 тапсырма. «Ыстық орындық» Әр топтан екі оқушыдан шығады. Біреуі сұрақ қояды, екіншісі жауап береді. Қалыптастырушы бағалау.

Кері байланыс.

(Әр топ оқушыларды бағалайды).

Сергіту сәті. Әуенге жаттығу жасау.

5 -тапсырма

Мәтін мазмұнына қарай ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтау.(Әр топқа кесте үлестіріп беру).



Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз колхозына елу бала жіберген екен.




-

Стройдың басында тұрған екеуі- қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда.Мынаусы- Ертай, анаусы- Нартай, екеуі ағайынды.

+




Ен соңындағы- жаңа алдымен шыққан қасқа, сегізде Яков Вольфгану Вагнер. Қарық болдыңыз деді- Дәуренбек мырс етіп.




-

Айналайын жүр үйге кеттік. Апан күтіп отыр.

+




Жылы қымталған төсекте жатқан , ет желініп бітпей-ақ үйқыға кеткен Зигфрид Вагнер ертеңіне Нартай Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.




-

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

(Әдіс арқылы жасай



Бағалау критерийі



Білім алушы

Балл

Сәйкестендіру


1

Орыс тіліндегі баламасымен сәйкестендіреді

5


Мәтінді оқиды, таныс емес сөздерді аударады


2

Мәтінді орфоэпиялық ережелерді сақтайды

1


Мәтінді мәнерлеп оқиды.

1

Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын белгілейді

3

Мәтінге сай 3 дұрыс ақпаратты анықтайды.

3

Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.

4

1.Тақырыпқа қатысты сұрақ қояды.

1


2.Сұрақтарға лайықты жауап береді.

1


3.Шағын диалогке қатысады.

1

Барлығы:




11-12- балл – «5»

9-10- балл – «4»

7-8 балл –«3»



12



Кластер бойынша



Кесте

«Даму аймағы» әдісі




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет