БАҒдарламасы 1 сурет: ауыл картасы



Дата31.12.2019
өлшемі0.6 Mb.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Арықбалық ауылдық округі Жанқожа батыр ауылының

ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ




1 сурет: ауыл картасы.
Жалпы сипаттама. Арықбалық ауылдық округі 1928 жылы бұрынғы Қазалы уезі, Арықбалық болыстығы негізінде, Арықбалық ауылдық кеңесі болып құрылған. Оған Қазалы қаласының батыс беті, қазіргі Көларық ауылдық кеңесіне қарасты, елді-мекендер мен Қарлан,Әлсейт, Құмбазар аралығындағы Сырдария өзенінің бойы қараған. Қарақұм бойында қәзіргі Шәкен ауылдық округіне қарасты жерлер де, осы округ аймағы болып танылған. Арықбалық ауылдық округінен 1980 жылдары Көларық ауылдық округі, 2005 жылы Шәкен ауылдық округі бөлініп шықты.

Жанқожа батыр ауылы бұрынғы атауы Жиделі, 1928 жылы бірнеше артелдер мен серіктестер бірігіп Жиделі колхозы ұйымдасқан кезде колхоз орталығы болған. Оны Жұбанышов Ашықбай, Әйбеков Қожан, Күнбергенов Кеулімжай, Дүнкеев Дабыл, Дәрібаев Садық, Қайбергенов Қанаттар әр жылдары басқарып, 1950 жылы шілде айында ұсақ колхоздар Жиделі, Чапаев, Демитров, Жаңалық, Интерноциалдар бірігіп Ленин колхозы болды. Колхозды Әбілез Оспанов 1961 жылға дейін басқарып, 1961 жылы Көларық колхозына қосылып савхоз құрылады да 1963 жылы қайтадан бөлініп Қазақстан 40 жылдығы атындағы савхоз болып қайта құрылады, оны Әбілез Оспанов, Қ. Маханов, А. Досқожаевтар басқарып, 1969 жылы Шынтас Жалғасбаев директор болып келіп 1991 жылға дейін 22 жыл басқарды. 1992 жылы аруақты баба, халық батыры, әулие Жанқожа батырға ас беріліп сол жылы шаруашылыққа және шаруашылық орталығы Жиделі ауылына «Жанқожа батыр» атағы берілді. Шаруашылық 1997 жылы таралғанға дейін Берік Әбиұлы Бисембаев басқарды.

Арықбалық ауылдық округі аймағында атақты батыр, Әулие Жанқожа батыр Нұрмұханбетұлы, оның серігі халық батыры Ақтан дүниеге келген. Сыр өңірінің ғұламасы Сарқұл Қожа, Қожаназар ишан мен емші Алпамыс баба да осы өңірде тұрған.

1992 жыл 29 қазанда сол кездегі Қазалы ауданының әкімі Ж.Шәріповтің №331 шешімімен бұрынғы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшар «Жанқожа батыр ауылы» деп аталатын болды. Сол кездегі шаруашылықты басқарған Берік Әбиұлы Бисембаев елді – мекеннің көркейуіне, көгалдандыруға, әлеуметтік нысандар салынуына зор еңбек сіңірді.

Тәуелсіздік тұсында ел алдымен ардақты әулие, қол бастаған халық батыры Жанқожа Нұрмұхамбетұлының есімін иеленді. Көшелерге халық батыры Ақтан Ақайұлының, Әйтеке бидің, Егізбайдың, ұжымдастыру, ел басқаруда абырой биігінен көрінген Еңбек және Соғыс ардагерлері Әбілез Оспанов, Кеулімжай Күнбергенов, Шынтас Жалғасбаев, атақты шопан, тәлімгер Шоқым Рғызбаевтардың есімі берілді.

«Қызылорда облысындағы тіректі елді мекендер тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қаңтардағы №440 санды қаулысымен Жаңқожа батыр ауылы тірек елді мекендер қатарына енгізілді. «Тірек ауыл» бағдарламасы қолға алынғалы,ауылдық жерлерде әлеуметтік-мәдени нысандар салу қарқынды жүруде.

Жаңқожа батыр ауылы облыс орталығынан 430,аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан әлеуеті жоғары елді мекен.Жер көлемі 18334 гектар.Оның ішінде:жайылымдық жер 4916 га,шабындық 3737 га,егістік 714 гектарды құрайды.

Халық саны – 1652, отбасы саны – 288, жанұя саны-367 Экономикалық белсенді халық саны – 972 адам. Тіркелген жұмыссыздар саны 45, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды. Зейнеткерлер 170, еңбек жасындағы мүгедектер 45, оның ішінде туа бітті мүгедек 1 бала, көп балалы батыр аналар 65. Бүгінгі таңда ауылда 1 жалғыз басты қарт, 1 ауған соғысына қатысқан тұрғын бар.



Кірістер. Арықбалық ауылдық округінің қолма қол бақылау счетындағы ақша 2017 жылы 6 салық бойынша түскен қаржы 2 0901 мың теңге.

Жұмсалған шығыстардың барлығы 2 0901 мың теңге., оның ішінде шығыстардың бағыттары бойынша:

1) Ш. Ырғызбаев көшесіндегі қызметтік тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге-560 мың теңге.

2) Орталық алаңдағы (парк) фонтан насосын ауыстыруға-150 мың теңге.

3) Ауыл шетіндегі қоқысты тазартуға-150 мың теңге.

4) Р-3 каналы арқылы келетін аяқ судың төлеміне-200 мың теңге.

5) Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Әйтеке би көшесіндегі аяқ су жұретін арықтарды тазартуға-600 мың теңге.

6) Аталған кейбір жобалардың сметасын жасатуға-100 теңге.

7) Осы жұмыстардан қалған қаржы ағымдағы жұмыстарға -330 мың теңге.

2018 жылға арналған Арықбалық ауылдық округі әкімі аппараты жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған 6 салық бойынша түсімдердің болжамдық жоспары-1 5069 мың теңге.

Жұмсалатын шығыстардың барлығы 1 5069 мың теңге, оның ішінде шығыстардың бағыттары бойынша:

1) Абаттандыру және көркейту-көгалдандыру-1 5069 мың теңге.



Білім. Қазақстан Республикасының  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын жүзеге асыруда мектептердегі білім саласын көтеру мақсатында мұғалімдердің сапалық құрамын жақсартып, олардың біліктілігін арттыруға баса назар  аударылған.

№94 орта мектеп бойынша–283, мектепалды даярлық тобында 22 бала білім алуда. Мектеп 2 ауысымда жұмыс жасайды.

Мектепте қазіргі таңда 48 педагог бар. Барлығының педагогикалық білімі бар. Олардың 46-сы жоғары білімді , екеуі арнаулы орта білімді. Жоғары санатты-4, 1 санатты – 14, 2-санатты-19 мұғалім жұмыс жасайды. Мектеп ұжымының ауызбіршілігімен ынтымақ бірлігі жақсы қалыптасқан. Мұғалімдер өз пәні бойынша білімдерін үзбей көтеріп отырады. Мұғалімдердің 42%-ы жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткізілді. Білім сайыстарына қатысып, ғылыми жұмыстарымен айналысады.

2017-2018 оқу жылының 1 жарты жылдығы бойынша 57 оқушы үздік, 78 оқушы екпінді болды. Білім сапасы 54% көрсеткіш көрсетті. Мектеп оқушылары тарапынан соңғы оқу жылы бойынша құқық бұзушылық болған жоқ. ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша соңғы үш жылда білім сапасы көтерілді. 2014-2015 оқу жылы 91, 2015 – 2016 оқу жылы –89,3, 2016-2017 оқу жылы 97,8 орташа балл жиналды. 2017-2018 оқу жылында көрсеткішті жоғарылатуға жұмыстар жүргізілуде.



Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен  және оқытумен  қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2016 жылдарға  арналған  «Балапан» бағдарламасы аясында Жанқожа батыр ауылында 90 орындық типтік жобадағы №24 «Жауқазын» -бөбекжай балабақшасы 2015 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 5 топта барлығы 90 бала тәрбиеленуде, мұнда 46 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Денсаулық  сақтау. Округте 2013 жылы пайдалануға берілген «Жанқожа» дәрігерлік амбулаториясында күнделікті келген науқастарды қабылдап, халық игілігіне жұмыс жасауда. Амбулатория сырқаттарға 11 төсектік күндізгі стационар қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулаторияда барлығы 22 қызмеркер, олардың жоғарғы білімдісі 1, арнаулы орта білімдісі 14, техникалық қызметкер 7. Күндізгі стационарда барлығы 263 науқас емделді. Есепті кезеңде ана мен бала өліміне жол берілген жоқ.

Мәдениет. Ауыл көлемінде 1981 жылы пайдалануға берілген 150 орындық мәдениет үйі жұмыс жасайды. Мәдениет үйі жанында халық театры жұмыс жасайды. Ауылдық мәдениет Үйі ауыл халқының рухани демалыс орнына айналған. Жылдық жоспарына сәйкес түрлі іс-шаралар тұрақты атқарылып келеді. Мерекелік іс-шаралармен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар,рухани жаңғыру» атты Жолдауы аясында аудандық деңгейдегі іс-шаралар өткізу жоспарға қойылған.

Спорт ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ауылымызда 2016 жылы  1 штат бірлігі спорт әдіскері берілді. 2011 жылы пайдалануға берілген шағын спорт алаңында түрлі жарыстар тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған құны 176,0 млн теңге құрайтын денешынықтыру-спорт кешенінің құрлысы жүргізілуде. Мамыр айында пайдалануға берілетін болады. Басты мердігер «Намыс-Құрлыс»ЖШС-і.

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығымен 29 шаруа қожалығы айналысады. Оның 9 «Сыбаға», 3 «Құлан» бағдарламамен жұмыс атқаруда.  

 Есепті мерзімде мүйізді ірі қара  2897, қой-3158, ешкі 2651, жылқы 942, түйе 97, құс 330 басты құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанды ірі қара 2 пайызға және жылқы 40 пайызға өскен. Бұл біздің шаруалардың талмай еткен еңбегінің жемісі. Алдағы кезеңдерде мемлекет тарапынан мал шаруашылықтарына беріліп отырған қолдауларды тиімді пайдалана отырып, мұнанда жоғары көрсеткіштерге қол жетізуге мүмкіндігіміз мол. 

Ауыл тұрғындарының мал жайылымдық жері бұрын небәрі 132,7 га болса, аудан әкімінің 2015 жылдың 27 қарашасындағы №318 санды Шешімімен 5575 га деп белгіленіп, қосымша 5642,3 га жер беріліп отыр.

Барлығы 12 шаруа қожалығы 3737 га шабындық жерден 200 тоннадан астам мал азығын даярлап, өздерін мал азығымен қамтамасыз етіп, артылғанын сатып қожалық мұқтаждарына жұмсауда.



Кәсіпкерлік. Арықбалық ауылдық округінде 29 шаруа қожалық, 26 шағын жеке кәсіпкер және1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) барлығы 55 шағын және орта кәсіпкерлер,оның ішінде 5-дүкен, 1-монша, 1-шаштараз, 1-кіші наубайхана, 2-жолаушылар тасымалы, 2-жүк тасымалы, 1-буфет, 1-мүлік жалға беру, 12-мал өсіру шаруашылығы кәсібімен айналысушылар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыс жасауда.

2017 жылы 7 кәсіпкерлік субьектілері тіркелген.

2018 жылы кәсіпкерлік мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша «Бизнес-Бастау» жобасына 4 адам тіркелсе, «Бизнес-Кеңесші» жобасы курсынан 6 адам білім алды.

Инженерлік инфрақұрылым, жолушылар тасымалымен қамтылуы. Жаңқожа батыр ауылы облыс орталығынан 430,аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан әлеуеті жоғары елді мекен. Ауыл орталығындағы 10 көшенің 7 толық жөндеуден өткен. Ауыл көлеміндегі барлық көшелердің ұзындығы 10,7 шақырым болса оның 7,4 шақырымына яғни 69,2 пайызына асфальт төселінген. Жол ережелерін сақтайтын белгілер, жүргіншілер жолы салынған, сонымен қатар аталған көшелерге түгел жарық шамдары орнатылған. Аудан орталығына жолаушылар қатынасы күніне 4 рет жүргізіледі.

Ауыз су. Ауыл орталығы 2002 жылы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ауыл көшелеріне 52 су алатын колонкалар қойылған. Ауыл тұрғын үйлерін сервистік жүйеге қосу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Электр энергиясымен қамтылуы. Электр желісінің ұзындығы ауыл көлемінде 17 шақырымды құрайды, 1 трансформатор станциясы, тозу деңгейі 70 пайыз. Ауыл тұрғындары электр қуатымен толық қамтылған. 10 көшенің 7 көшесі түнгі жарықпен қамтылған. Электр қуатын таратушы «КРЭК» АҚ. Үнемі жөндеу және тозған бөліктерін ауыстырып отырады.

Байланыс. Ауыл көлемінде пошта байланыс бөлімшесі орналасқан. Телефон байланысыменен «Қазақтелеком» АҚ айналысады. Ауыл бойынша 196 телефон нүктесі орнатылған, кең жолақты интернет желісіне қосылған. Сонымен қатар «АКТИВ», «БЕЛАЙН» ұялы байланыс операторларының антенасы орнатылған.

Әлеуметтік қолдау. 2017 жылы 22 отбасы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алып келген болса, биылғы жылы іске асырылып отырған атаулы әлеуметтік жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде жаңа пішімдегі атаулы әлеуметтік көмек 7 отбасына тағайындалды.

Түрлі мерекелер қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған көп балалы отбасыларына демеушілердің көмегімен демеушіліктер жасалып келеді.

2017 жылы Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ауылымыздың 4 жас тұрғыны «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 3-ші бағыты бойынша жастар тәжірибесінен өтсе, биылғы жылы 2 жас маман жастар тәжірибесінен өтуде.

2017 жылы 15 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 12 адам тұрақты жұмысқа, 12 адам қысқы маусымдық жұмысқа орналасты.

Жыл басынан бері 1 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 3-ші бағыты 2 жас маман жастар тәжірибесінен өтуде.



Іске асырылатын жобалар.

1. Ауыл тұрғындарының бақша өнімдерін көптеп өсіру үшін трактор (тіркемесіменен, соқа) алу -10,1 млн теңге



р/с

Жұмыс атауы

Аяқтау нысаны

Орындаушы

Орындалу мерзімі

Жоба құны

(Млн. теңге)



Қаржылан-дыру көзі

Жұмыспен қамту

(адам саны)



І. Экономикалық іс-әрекеттігінің дамуы

1

Ауыз суды сервистік жүйеге қосуға жоба сметалық құжаттарын әзірлеу

ЭБЖБ-на ақпарат

Ауылдық округ әкімі

2018

7,2

АБ

-


.
Каталог: bugingroup zend -> kazaly -> public -> admin
admin -> Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
admin -> Қазалы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
admin -> Жылдарға арналған Қазалы ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
admin -> АТҚарылған жұмыстар мен жаңа міндеттер
admin -> Жылдарға арналған Қазалы ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
admin -> Жылдарға арналған Қазалы ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджет
admin -> БАҒдарламасы бозкөл ауылы, 2018 жыл Кіріспе
admin -> Тасарық ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары тасарық ауылы, 2018 жыл Кіріспе
admin -> АТҚарылған жұмыстар мен жаңа міндеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет