БАҒдарламасы бакалавриат мейірбике ісіндегі әкімшілік



бет1/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,54 Mb.
  1   2   3
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
БАКАЛАВРИАТ

МЕЙІРБИКЕ ІСІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК

ПРОЦЕСС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ
051101 – Мейірбике ісі мамандығы

Сағат көлемі – 4 кредит (180 сағат)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана 2010

АЛҒЫ СӨЗ

1 ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН «Эмили» медицина орталығы мейірбике ісі институты, Алматы қаласы, Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығы, Астана қаласы, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.
2 АЛҒАШ РЕТ енгізілді.
3 Типтік оқу бағдарламасы 051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Қазақстан республикасының 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген.
4 ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м. а. 2009 жылы 05 қарашадағы № 651 бұйрығымен бекітілген.

Мазмұны

1. Түсініктеме 6

2. Пән бойынша сағаттың бөлінуі 7

3. Пәннің мазмұны 7

4. Оқу және оқыту әдістері 16

5. Студенттердің білімін бағалау 16

6. Құрал – жабдықтар 16

7. Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі 17

Бұл типтік оқу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министр-лігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды.

1 Түсініктеме

Елімізде денсаулық сақтау жүйесін және жоғары медициналық білім беру жүйесін реформалаудың қазіргі кезеңінде ҚР әлеуметтік-экономикалық және әкімшілік реформалау жағдайында басқарудың адекватты әдістерін іздеу өзекті болып табылады.

Мейірбикелік істі дамыту стратегиясы медицинаның өзгермелі парадигмасына сәйкес келуі, әлеуметтік маңызды және халыққа медициналық көмек көрсетудің жоғары сапасын ұсынуы тиіс. Медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін құқықтық білімді және нормативтік құжаттаманы, әкімшіліктендіруді, менеджментті және мейірбике қызметі басшысының жұмысын компьютерлендіру, негізгі экономикалық білімді игеру қажет.


Пәннің мақсаты: студенттерде денсаулық сақтаудағы нарықтық экономика жағдайында болашақ кәсіптік қызметін тиімді басқару үшін қажетті білімнің, іскерлік пен машықтардың кешенін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:

Мейірбике ісінде әкімшілік процесс пен менеджменттің негіздері туралы білім қалыптастыру;



әкімшілік процесс пен менеджменттің қазіргі тұжырымдамаларымен таныстыру;

медициналық мекемелердің жұмысы жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдау машықтарын үйрету.


Білім берудің қорытынды нәтижелері

Студент білуі керек:

ЕПБ әкімшілік процесті реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілерін;

әкімшілік процесс пен менеджменттің негізгі терминдері мен ұғымдарын;

басқару әдістерін, принциптерін, функцияларын;

басқарушылық шешімдерді қабылдауға әсер ететін проблемалар мен факторларды тиімді шешудің негізгі кезеңдерін;

басқарушылық шешімдерді қабылдау деңгейлері мен әдістерін;

басқарудың негізгі стилдерінің салыстырмалы сипаттамасын;

денсаулық сақтаудағы менеджменттің принциптерін, функцияларын, әдістерін;

денсаулық сақтаудағы менеджменттің ұйымдастырушылық құрылымын.
Студент үйреніп алуы қажет:

ситуациялық есеп ретінде басқарушылық шешімдерді қабылдаудың деңгейі мен әдістерін диагностикалауды;

менеджердің рөлінде өзінің мықты және осал тұстарын анықтауды, өзінің мүмкіндіктерін бағалауды және әрі қарай тұлғалық өсу мен дамуды қталап ететін салаларды анықтауды;

мейірбике персоналының жұмысына қанағаттану жағдайын талдауды;

жаңа жүргізу бағдарламаларын құруды және оларды жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспарын әзірлеуді.
Пререквизиттер мен постреквизиттер

Пререквизиттер: әлеуметтану, медициналық психология, денсаулық жағдайын бағалау.

Постреквизиттер: «Мейірбике ісі бакалавры» өндірістік практика.
2 Пән сағаттарының бөлінуі


Сағаттардың жалпы саны


Аудиториялық сағаттар


СӨЖ


Дәрістер


практикалық сабақтар


ОСӨЖ


180


12


48


60


60


Академиялық сағаттың ұзақтығы – 50 минут


3 Пәннің мазмұны* және дәрістердің, практикалық сабақтардың, ОСӨЖ, СӨЖ тақырыптық жоспарының үлгілері**
1 кредит

Әкімшілік процесінің негіздері

3.1.1 ҚР денсаулық сақтауды реформалаудың алғышарттары. ҚР денсаулық сақтау мен медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасы, оның мақсаттары, міндеттері, негізгі тараулары. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері.

Стационарлық медициналық көмекті қайта құру (стационарларды емдік-диагностикалық процесстің түрлі қарқындылығымен енгізу, стационаралмастырушы және стационартолықтырушы технологияларды қолдану).

Әкімшілік процесс және әкімшілік-заңи қызмет. Әкімшілік процесстердің түрлері. Әкімшілік процесстердің жалпы сатылары.

Әкімшілік-қылмыстық ісжүргізу құқығы. Әкімшілік өндіріс және әкімшілік процедуралар әкімшілік процесстің құрамдас бөліктері. Әкімшілік ведомствоға бағыныштылық.

Әкімшілік қызметтің формалары: ұғым, мәні, түрлері және құқықтық, ұйымдастырушылық формалардың құқықтық сипаттамасы. Басқару актілерін шығару басқарушылық қызметтің құқықтық формасы. Альтернативтерді таңдау, оларды бағалау. Шешімді сәтті қабылдаудың негізі. Шешімді қабылдау моделдері. Шешімді қабылдау типтері: бағдарламаланған және бағдарланбаған. Проблемаларды тиімді шешу. Проблемаларды тиімді шешу кезеңдері. Әкімшілік шешімдерді қабылдау процесіне әсер етуші жағдайлар. Шешімді қабылдау тәсілдері. Шешімді қабылдау процесіне әсер ететін факторлар. Шешімді қабылдау жөніндегі негізгі тұжырымдамалар. Шешім сапасы. Шешім қабылдау процесіндегі кемшіліктер. Проблеманы топтық (ұжымдық) шешу. Проблемаларды шешу әдістері.

Басқару функциялары. Тұжырымдау және міндеттер. Жоспарлаудың көлемі. Жоспарлау процесінің құрамдас элементтері. Стратегиялық және оперативтік жоспарлау. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері. Сыртқы ортаның анализі. Жоспарлауға әсер ететін факторлар. ССВУ-анализ. Жоспарлау сәтсіздігінің ықтимал себептері. Басқарушылық тексеру: маркетинг, қаржылар (бух.есеп), операциялар (өндіріс), адами ресурстар, ұйымдастыру мәдениеті. Жоспарлаудың стратегиялық баламалары. Стратегияны таңдау. Стратегияны таңдауға әсер ететін факторлар. Стратегиялық жоспарды іске асыруды басқару және оның орындалуын бақылау. Стратегиялық жоспарды бағалау.

Ұйымдастыру теориялары. «Жұмысты мамандандыру», «департментализация», «иерархия немесе субординациялық байланыс», «желілік бағыну» ұғымдары.

Басқарушылық әрекеттердің құқықтық емес формалары: ұғым, мәні, қолданудың нәтижелері. Мемлекеттік басқарушылық қызметтері ұғымы және әдістерінің түрлері. Тікелей және жанама басқарушылық әсерлерінің әдістері (әкімшілік және экономикалық).

Сенім және моральдық ынталандыру (көтермелеу): ұғым, мәні, құқықтық негіздері, басқарушылық процессті жетілдірудегі маңызы. күту теориясы; әділеттілік теориясы; Кортер-Лоулер уәждемесінің моделі. Ілкі және салдарлық қажеттіліктер. Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы.



Жүйені басқарушылықты бағалау қазіргі менеджердің күші мен құралдарын тиімді пайдаланудың негізі. Жүйені басқарушылық белгілері.
3.1.2 Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі





Тақырыптың аталуы





1 кредит


1


Әкімшілік процесс және әкімшілік-заңи қызмет. Әкімшілік процесстердің түрлері.


2


Басқарушылық қызметтің формалары.


3


Стратегиялық және оперативтік жоспарлау. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері.





Барлығы: 3 сағат




3.1.3 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі





Тақырыптың аталуы





1 кредит


1


ҚР денсаулық сақтау мен медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасы, оның мақсаттары, міндеттері, негізгі тараулары.


2


Әкімшілік процесс, түрлері, кезеңдері, жалпы сипаттамасы.


3


Басқару формалары мен функциялары. ЕПҰ қызметіндегі ССВУ-анализ.


4


Сенім және моральдық ынталандыру (көтермелеу). Маслоу бойынша қажет-тіліктер иерархиясы.





Барлығы: 12 сағат




3.1.4 Оқытушының жетекшілігімен орындайтын студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) тақырыптары





Тақырыптың аталуы





1 кредит


1


Әкімшілік өндіріс және әкімшілік процедуралар әкімшілік процесстің құрамдас бөліктері.


2


Шешімдерді қабылдау моделдері.


3


Стратегияны таңдау. Стратегияны таңдауға әсер ететін факторлар.


4


Жүйені басқарушылық белгілері.





Аралық бақылау





Барлығы: 15 сағат


2 кредит Мейірбике ісіндегі әкімшілік процесс

Мейірбике ісіндегі негізгі ұйымдастырушылық принциптері. ЕПҰ-да мейірбике ісін ұйымдастырудың типтері. ҚР мейірбике ісін ұйымдастыру. Даму перспективалары. Мейірбике-ұйымдастырушының денсаулық сақтау принциптерін іске асырудағы рөлі. ЕПҰ-ның мейірбике персоналын басқару жүйесі. ЕПҰ жағдайында басқару әдістеріне бейімделу. Әкімшінің функциялары. Іскерлік қарым-қатынас. Мейірбике ісіндегі уәждеме. Ұжымның даму динамикасы. Сын.

Мейірбикелік қызметтер басшысының лауазымына маман-үміткердің моделі. Мейірбикелік қызметтер басшысының имиджі. Мейірбикелік іс басшысының жұ-мысындағы өзін-өзі басқару. Мейірбикелік қызмет басшысының жұмысындағы жоспарлау. Жоспарлардың түрлері. Мейірбикелік қызмет басшыларының басқа-рушылық қызметіндегі коммуникацияның тиімділігі. Мейірбике-ұйымдастырушы қызметінің психологиялық аспектілері. Мейірбикелік көмек көрсетудің сапасын бақылауды ұйымдастыру. Мейірбикелік қызмет басшыларының жеке еңбегін ұйымдастыру. Өндірістік ортаның эстетикалық ұйымдастырылуы.
Орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыруды норма-тивтік-құқықтық қамтамасыз ету

Орта және кіші медицина қызметкерлерінің еңбегін нормалау. Мейірбикелік қыз-мет басшыларының еңбекті қорғау және ЕПҰ-да қауіпсіздік техникасын ұйымдасты-рудағы қызметі. Мейірбикелік қызмет басшыларының еңбек тәртібін қамтамасыз етуі. Мейірбикелік қызмет басшыларының негізгі құжаттарының тізімдемесі. ЕПҰ-дағы мейірбикелер кеңесінің жұмысы. Мейірбикелік істегі ісжүргізу. Құжаттардың негізгі топтары. Құжаттардың түрлері. Құжаттарды ресімдеу тәртібі. Есепке алу-есеп беру құжаттамаларын талдау негізінде басқарушылық шешім қабылдау. Мейірбикелік қызметті стандарттау.
Мейірбикелік қызмет басшыларының кадрлық жұмысы

Жұмыс уақытының режимі. Мейірбикелік өндірістік функциялардың жіктемесі. Мейірбике персоналының жұмыс уақытын шығындауы. Кадрларды іріктеу. ЕПҰ-ның штат кестесі. ЕПҰ-дағы лауазымдық нұсқаулықтар. Жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлерді бағалау. Кадрлық резервті қалыптастыру. ЕПҰ-да жас мамандардың, жаңа қызметкерлердің бейімделуі. Кәсіптік білім. Негізгі дайындық. Колледждердегі біліктілік арттыруда және ЕПҰ-да дипломнан кейінгі үздіксіз дайындық. Өзін-өзі дайындау. Баспадан шығарылған ақпарат. Тәлімгерлік. Кәсіптік аттестация. Орта білімді медицина қызметкерлері қауымдастығының қызметі. Мейірбике ісіндегі ҒЗЖ.


Амбулатория-емханалық қызметтегі әкімшілік процесс

Емханада және үйде емдік-диагностикалық процессті ұйымдастыру. Мейірбикелік істегі профилактика. Мейірбике-менеджердің білім беру мекемелеріндегі қызметі. Учаске мейірбикесінің, емхана бөлімінің мейірбике-менеджерінің, емхананың бас дәрігерінің МІ жөніндегі орынбасарының жұмысын ұйымдастыру. Емхананы дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, құрылғылармен, т.б. қамтамасыз ету, оларды қолдануды, шығындауды бақылау.


Стационарлық қызметтегі әкімшілік процесс

ЕПҰ-дағы емдік-қорғау режимі. Ауруханалық қызметтердің жұмысын ұйымдас-тыру. Тамақтандыру қызметінің, санитариялық қызметтің, статистикалық бөлім-нің, құжаттарды сақтау бөлімінің, оперативтік бөлімнің қызметтерін ұйымдасты-ру. Орталықтандырылған қызметтердің (ОСБ, автоклав, дезинфекциялық камера) жұмысын ұйымдастыру. Параклиникалық бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру. Пациенттердің күтімін ұйымдастыру. Бөлім персоналының функциялық міндеттері. Мейірбикелік посттың жұмысын ұйымдастыру. Стационар бөлімінің мейірбике-менеджерінің, стационардың бас дәрігерінің МІ жөніндегі орынбасарының жұмысын ұйымдастыру.


3.2.2Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі





Тақырыптың аталуы





2 кредит


1


Мейірбике ісіндегі негізгі ұйымдастырушылық принциптері. ЕПБ-да мейірбике ісін ұйымдастырудың типтері.


2


Мейірбикелік қызмет басшыларының кадрлық жұмысы. Мейірбикелік қызмет басшыларының еңбек тәртібін қамтамасыз етуі.


3


Амбулатория-емханалық және стационарлық қызметтегі әкімшілік процесс.





Барлығы: 3 сағат




3.2.3 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі





Тақырыптың аталуы





2 кредит


1


ЕПБ-ның мейірбике персоналын басқару жүйесі. ЕПБ жағдайында басқару әдістеріне бейімделу.


2


Мейірбикелік қызмет басшыларының кадрлық жұмысы.


3


Амбулатория-емханалық қызметтегі әкімшілік процесс.


4


Стационарлық қызметтегі әкімшілік процесс.





Барлығы: 12 сағат




3.2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындайтын студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) тақырыптары





Тақырыптың аталуы





2 кредит


1


Мейірбике ісіндегі уәждеме.


2


Мейірбикелік істегі ісжүргізу. Құжаттардың негізгі топтары.


3


Мейірбике ісіндегі ҒЗЖ.


4


Мейірбикелік істегі профилактика.





Аралық бақылау





Барлығы: 15 сағат


3 кредит Менеджмент негіздері

Ұғымдар: менеджмент, менеджер, әкімші, кәсіпкер. Денсаулық сақтаудағы менеджменттің анықтамасы және мақсаты. Басқару құралдары. Менеджмент дамуының тарихи кезеңдері. Менеджменттің ғылыми мектептері: негізін салушылар, пәннің дамуына қосқан үлесі. Басқаруды ғылым ретінде таныған тарихи көзқарас. Басқару тәсілдерінің қазіргі ерекшеліктері.

Менеджмент заңдары мен принциптері. Менеджменттің заңдары: анықтамасы. Басқару принциптері: ұғымы, жіктемесі. Басқаруды специализациялау, басқаруды интеграциялау заңдарының сипаттамасы, денсаулық сақтау жүйесінде уақытты үнемдеу. Басқару принциптері ұғымы және түрлері. Менеджменттің жалпы принциптері. Басқару заңдары ұғымы және жіктемесі. Менеджмент принциптерінің сипаттамасы: басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандыруды оңтайлы үйлестірудің, ғылыми негіздеменің, дара басшылық және алқалық, иерархия және кері байланыс, жоспарлылық принциптері, құқықтардың, міндеттер мен жауапкершіліктің, уәждеме принципінің үйлесімділігі.

Нарықтық экономика жүйесіндегі менеджмент. Микроәлеуметтік басқару прин-циптері. Г. Эмерсон мен А. Файолдің менеджмент принциптері. Басқарудың жалпы және жеке принциптерінің сипаттамасы. Менеджмент әдістері ұғымы мен жіктемесі. Менеджмент әдістерінің сипаттамасы: ұйымдастыру-әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық әдістер, өзін-өзі басқару әдісі.

Ұйымдастыру ұғымы денсаулық сақтаудағы басқару объектісі ретінде. Ұйымның өмірлік циклі тұжырымдамасы. Ұйымның жалпы сипаттамасы. Ұйымның жетістігі. Ұйымның ішкі ортасы: ұғымы, ішкі орта факторларының өзара байланысы принципі. Басқарманың сыртқы ортасы. Оның сипаттамалары.

Еңбек сипаттамасы және басшының ұйымдастырудағы рөлі. Ықпал және билік: ұғымы. Биліктің теңгерімі. Билік және серіктестік. Билік пен ықпал формаларының менеджмент практикасындағы белгілі типологиясы. Басқару стилдері ұғымы мен типологиясы. Жеке билеушілік және демократиялық стилдер. Бейімделген басшылық. Басқарудың қосымша стилдері. Менеджердің басқарушылық қызметтегі жеке ықпалы мен абыройы. Лидерлік ұғымы мен тиімділігі. Басқару стилі. Жіктеу принциптері. Басқарудың жеке билеушілік, демократиялық және либералдық стилдері. Блэйк-Мутон торы. Лидерліктің ситуациялық теориялары. Басқарудың бейімдеуіш стилі туралы ұғым. Басқарудың қосымша стилдері.

Бизнес-жоспар. Стратегиялық жоспарлау жоспарлау функциясының негізі.

Ұжым және оның құрылымы. Топтар және олардың мәні. Ұжымды басқарудың қазіргі проблемалары. Жоғарынәтижелі ұжымды қалыптастыру. Қазіргі тұжырымдама және ұйымның персоналдарын басқару жүйесі. Кадрлық қызмет жұмысын ұйымдастыру. Кадр саясаты және кадр әлеуеті. Ұйымдағы және денсаулық сақтау жүйесіндегі кадрлық жоспарлау. Кадр ресурстарын қалыптастыру: персоналды іріктеу, персоналдың қызметін бағалау және біліктілігін арттыру. Кадрлар категориясы. Персоналдың маркетингі және лизингі.

Ұйымның ақпараттық жүйесі. Ақпаратмен жұмыс істейтін қазіргі құралдар. Іскерлік мәжіліс. Іскерлік келіссөздер. Презентациялар және басқа да көпшілік жарияланымдар.


3.3.2 Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі





Тақырыптың аталуы





3 кредит


1


Ұғымдар: менеджмент, менеджер, әкімші, кәсіпкер. Менеджмент заңдары мен принциптері.


2


Ұйымның өмірлік циклі тұжырымдамасы.


3


Бизнес-жоспар. Стратегиялық жоспарлау жоспарлау функциясының негізі.





Барлығы: 3 сағат


Каталог: docs -> ГОСОиТУПы -> Высшее%20медицинское%20образование -> ТУП -> Специальность%20051101%20Сестринское%20дело
Специальность%20051101%20Сестринское%20дело -> БАҒдарламасы жоғары кэсіптік білім бакалавриат фармакология негвдері
Специальность%20051101%20Сестринское%20дело -> БАҒдарламасы жоғары кәсіптік білім бакалавриат бекітемш
Специальность%20051101%20Сестринское%20дело -> БАҒдарламасы жоғары кәсіптік білім бакалавриат бекітемш
Специальность%20051101%20Сестринское%20дело -> БАҒдарламасы жоғары кәсішік білім бакалавриат бекггемш
Специальность%20051101%20Сестринское%20дело -> БАҒдарламасы жоғары кәсіптік білім бакалавриат оқУ Өндірістік медициналық
Специальность%20051101%20Сестринское%20дело -> БАҒдарламасы жоғары кәсіптік білім бакалавриат бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет