Балада естің дамуы



Дата07.06.2020
өлшемі22.6 Kb.

Балада естің дамуы. 

 

Бастауыш мектеп жасында ес те басқа да психикалық процестер сияқты түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бала есі біртіндеп ырықтылық сипатқа иеленіп, саналы меңгеріліп және жанамалана бастайды.

Естің дамуы - мектепке жаңа келген бала көбінесе, қатты әсер еткен заттарды ғана есінде ұстайды. Ал оқу процесі барысында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. Осыған байланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды. Алдымен бірнеше рет қайталау негізінде, содан соң мағынасын түсініп, есте сақтауды үйрене бастайды. Психологияда мынадай заңдылық бар: қандай зат ақыл-ой әрекетінің заты болса, сол жақсы есте сақталады. 2-3 сынып оқушыларының еріксіз есі жақсы дамыған, бірақ осы кезеңде ес процестерінің сапалық  өзгерулері болатыны байқалады. Ес екі бағытта дами бастайды - ырықты және мағыналылық. Мағыналық естің дамуы есте қалдырудың рационалды тәсілдерін  игеруге мүмкіндік береді. 

Мектепке бару балалардың логикалық есін дамытуда үлкен рөл атқарады. Оқушының есін тәрбиелеуге де мұғалім олардың жас дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен тандап ала алмайтындықтан, мұғалім үйге тапсырма бергенде материалдарды қалай оқу керектігін үнемі ескертіп отыруы керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрін де мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ балалардың назары бұған кейде жөнді түсе коймайды. Мүғалім мүны қатты ескергені жөн. Төменгі сынып оқушылары, әсіресе, 1-2 сыныптар көбінесе сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. Оқулықтағыдай білсем болғаны деген ой қалыптасады. Бүлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы, әрі жинақылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, мұғалім бір жағынан баланың сөздік қорын дамытып, өз бетінше айта білуге үйрету қажет.

Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады. Жүйке жүйесінің,  біртіндеп дамуы негізінде тәрбие процесі, ойын, оқу, еңбек және тіл  қатынастары жетіледі. Баланың есте қалдыруы өмірінің бірінші айларында қимыл байланыстарына, қозғалу ассоциациясына сүйенеді. Ай жарым жастағы баланы тамақтандырай-ын деп қолға алғанда, емшек еметін қимылдар жасайды. Көру, есту анализаторлары біртіндеп жүмыс істей бастайды, төртінші, бесінші айлардағы бала анасын көріп, оның даусын естіп қимылдайды. Тілі шыққан бала өзінің сөз қорына сөз қосады, көрген-білгенін үйренеді, бірақ өмір тәжірибесі әлі аз, ойлауы, тіл дамуы жеткіліксіз, сондықтан  есте қалдырудың механикалық түрі дамиды.

Қазіргі мінез-құлықта алдыңғы тәжірибенің қатысуы мен пайдаланылуы есті білдіретіндігі туралы ой Л.С.Выготскийге жатады.  Бұл көзқарас тұрғысынан ес реакцияны сақтау мен қайта жаңғырту кезінде іс-әрекетті береді. Бұл ойды Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.Р.Лурия эксперименталды дамытты.

Л.С.Выготскийдің айтуынша "естің дамуы оның қасиетімен түсіндірілмей, оның дамуы қасиетінен шықты" деген алғашқы зерттеу жұмысы еді. Бұл жоғары психикалық функциялардың жанамалылығы мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды.

Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне, кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады. А.Н.Леонтьев "даму параллелограмы" деген атпен белгілі зандылықта нақтыланған сыртқы құралдардың "айналуы" мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды. Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне де кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады.

А.Н.Леонтьев «Егер адамға есте сақтауға көмектесетін психологиялық процестер мен операциялардың генетикалық ауысуын және ес даму тарихының реалды мазмұнын құрайтынын қарайтын болсақ, онда екі әр түрлі естердің – логикалық және механикалық естердің барлығы туралы ескі түсінікті бірегей функцияның бірегей процесс дамуы алмастыратындығы ашылады», деп жазды. А.Н.Леонтьевтің ойынша, ес даму процесінің мәні, мінез-құлықтың жоғарғы даму кезеңінде ерекше биологиялық қасиет ретіндегі естің орнына, адамның әлеуметтік өмір сүру жағдайында ес орындайтын функцияны атқаратын, яғни есте сақтауды жүзеге асыратын психикалық процестердің күрделі функционалды жүйесінің қалыптасуы болып табылады.

Есті әрекет немесе іс-әрекет ретінде түсіну 20-30-шы жылдардағы ес психологиясының мәнді жетістігі болып табылады. Осыған орай П.И.Зинченко, осы көзқарастардың арқасында, «Г.Эббингауз сияқты есте сақтау нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ есте сақтаудың іс-әрекеті мен оның ішкі құрылысын да зерттеу мүмкін болды», деп жазды. Ес тарихи дамушы пәндік іс-әрекет өнімі ретінде қарастырылды, яғни ес зерттеу пәні, ал іс-әрекет оның дамуы мен қызметінің түсіндіруші принцип ретіндегі мәні бар жаңа методологиялық бағыт қалыптасты. Ес құрылымына "стимул – құралды" енгізу тек процестің құрылымын толығымен қарастыруға ғана емес, оның құрамын да қайта қарастыруға әкелді. Одан әрі ес мәселесін зерттеуге соңғысы өз әсерін тигізді. П.И. Зинченко, А.А.Смирнов еңбектерінде есте сақтаудың әр түрлері негізінде жатқан процестерді құрылымдық-функционалды талдау мәселесі қойылған. П.И. Зинченко «ырықсыз есте сақтау өз дамуында арнайы әрекет сияқты, осы психикалық әрекеттің реалды мазмұнын кұрайтын: есте сақтаудың заты, мақсаты, мотиві, құралдарының сипатына қарай әр түрлі формаға ие болады», деп жазды. Есте сақтау кұрылымы осы компоненттердің ауысу сипатына қарай өзгереді. Бірақ, есте сақтау сипаты жекеленген компоненттердің өзгеруіне емес, бүкіл есте сақтау құрылымының өзгеруіне байланыстылығын П.И.Зинченко атап көрсетеді.

Қабілеттік функцияларының қайта құрылуы, оның эффективтілігіне қойылатын талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оқу іс-әрекетінде пайда болатын әр тұрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет. Естің оқу барысындағы маңыздылығын П.П. Блонский былай жазды, "оқушының негізгі қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы жастағы негізгі функциясы – ойлаушы ес, яғни нені қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру". Ойланушы ес – логикалық ес. Енді бала көп нәрсені есте сақтауға, материалды жаттауға, сондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта білуі керек. Баланың есте сақтай білмеуі, оның оқу іс-әрекетіне, ең соңында мектептегі оқуға деген қатынасына әсерін тигізеді.

В.И.Самохвалова, К.П.Мальцев, З.М.Истомина жүргізген мектеп жасына дейінгілердің классификация, мәтін жоспарын жасау, мағыналы сәйкестендіру есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуын зерттеулері, есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жақсы ұғынуға мүмкіндік береді.

Г.Г.Гордилова, И.А.Зимняя, Н.С.Магина және т.б. еңбектері естің шет тілге деген қабілетпен байланысын қарастыруға арналған. Олардың зерттеулерінен шет тілді меңгеруге мнемикалық қабілеттердің тікелей қатысатынын көруге болады. И.А.Зимняя шет тілді меңгерудің сәттілігіне әсер ететін екі индивидуалды-психологиялық көрсеткіштерді бөліп көрсетеді: оперативті ес және ықтималды болжау. Сондай-ақ оқудың бастапқы кезеңінде ес жетекшілік етеді.

Т.В. Зотова  зерттеу нәтижелерінде қабілеттердің функционалды механизмдері өз табиғатынан модальды, яғни әртүрлі физиологиялық негізі бар функционалды механизмдер арқылы көру, есту, есте сақтаулары жүзеге асады.

1. Операционалды механизмдер "интермодальды", яғни, есту және көру есте сақтауларына бірдей ортақ.

2. Есте сақтауға бөлінетін уақытты көбейту, механизмдерді есте сақтау процесіне қосылуына оң әсерін тигізеді.

3. Материалды  құрылымдық ұйымдастыру  механизмдерді  қолдану деңгейіне тікелей әсер ететіндігі туралы қорытындыға келді.

Бастауыш мектеп оқушыларының механикалық естері мен ойлаулары арасында тығыз байланыс бар деуге негіздер жеткілікті. Кез келген материалды меңгеруде бұл жастағы балалар есте сақтаудың логикалық тәсілінен гөрі механикалық тәсіліне көбірек сүйенеді. Балалардың механикалық есте сақтауға ден қоюы, оның өмірлік тәжиірбесі мен білімінің аздығынан, негізгі ойлау операцияларының қалыптасуының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Мұның өзі логикалық естің дамуы мен қалыптасуына кедергі келтіреді. Сондықтан бірінші сынып оқушыларын логикалық ес тәсілдеріне үйретпесе де, оларда білім меңгеру жылдамдығы мен тездігінде айтарлықтай индивидуалды айырмашылықтар байқалады.

Бірінші сыныптағыларда, бала үшін өз өмірінің эмоцияға бай мәліметтері мен оқиғаларын тіркейтін ырықсыз ес жақсы дамыған. Бірақ бірінші сынып оқушылары мектептегінің бәрін есінде сақтауға тиісті емес. Сондықтан тура ес жеткіліксіз болады.

Қабілеттік процестердің дамуының ең басты шарты, баланың мектеп сабақтарына қызығушылығы, оның белсенділігі, жоғарғы танымдық мотивациясы екенінде дау жоқ.

Бірақ бала есінің дамуына тек есте сақтауға арналған арнайы жаттығулар ғана емес, соңдай-ақ сабаққа, жекеленген пәндерге деген қызығушылығын қалыптастыруға байланысты көзқарастар даулы болды. Тәжірибе жоғарғы психикалық функциялар ретінде ырықты естің дамуына тек бір ғана қызығушылықтың аздық ететінін көрсетеді. Бастауыш мектеп жасында естің жетілуі ең алдымен оқу іс-әрекеті барысында есте сақтаған материалды ұйымдастыру мен өңдеуге байланысты әртүрлі тәсілдер мен стратегияларды меңгеруге негізделеді. Бірақ осындай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыссыз олар стихиялы қалыптасады, жиі өнімсіз болады.

Бастауыш мектеп жасында балалардың ырықсыз есте сақтау қабілеттері, осы кезең бойында әркелкі және І-ІІ және ІІІ-ІҮ сынып оқушыларында айтарлықтай ажыратылады. 7-8 жастағы балалар үшін материалды ұғына, ұйымдастыра есте сақтағаннан гөрі, оны ешқандай есте сақтау құралдарынсыз өте жеңіл есте ұстаулары тән. Сыналушылардың көпшілігі қалай есте сақтаудың, есте сақтау процесінде не туралы ойладың, деген сұрақтарға көп жағдайларда жай ғана есте сақтадым, деп жауап береді Мұның өзі естің нәтижелік жағына да әсер етеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін бірдеңе арқылы есте сақтағаннан гөрі, тек есте сақтау керек деген бағыттылықты орындаған жеңіл.

 Оқу есептерінің барған сайын күрделенуімен, тек есте сақтау керек деген бағыттылықтың өзін ақтамауы, баланы есті ұйымдастыруы үшін басқа тәсілдерді іздеуге мәжбүр етеді. Мұндай тәсіл, көбіне механикалық есте сақтауды қамтамасыз ететін қайталау болып табылады.

Бастауыш сыныптарда оқушылардан тек көлемі жағынан шағын материалды қайта жаңғырту керектігі талап етілгенде, мұндай есте сақтау тәсілі оқу жүктемесімен орындалады. Бірақ бұл көбіне окушыларда мектепте оку кезінде есте сақтаудың жалғыз тәсілі болып қалады. Бұл ең алдымен бастауыш мектеп жасында, баланы мағыналы есте сақтауға үйретпегеннен, оның логикалық есінің дұрыс қалыптаспауына байланысты.

Есте сақтаудың ойлау тәсілдері ретінде мағыналы сәйкестендіру, классификация, мағыналы негіздерді бөліп көрсету, жоспар жасау және т.б. қолданылуы мүмкін

Бастауыш мектеп окушыларында осы тәсілдердің қалыптасу мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған арнайы зерттеулер, мнемикалық тәсілдерге үйретудің негізінде ойлау әрекеті жататындығын көрсетеді. Ол екі сатыны біріктіруі керек:

1) ойлау әрекетінің өзінің қалыптасуы;

2) оны мнемикалық тәсіл (есте сақтау құралы) ретінде қолдану.

Осылайша материалды есте сақтау үшін классификация тәсілін қолданбас бұрын классификацияның өзін ойлау әрекеті ретінде меңгеру керек.

Логикалық естің дамуы арнайы ұйымдасқан болуы керек. Себебі бұл жастағы балалардың көпшілігі өз бетінше материалды мағыналы өңдеу тәсілдерін пайдаланбай, есте сақтау мақсатында, әбден сыналған құрал - қайталауға сүйенеді. Бірақ, оқу іс-әрекеті барысында мағыналы талдау мен есте сақтау тәсілдерін меңгергенмен, олар оку іс-әрекетінде оны бірден қолдана қоймайды. Ол үшін үлкендер тарапынан қозғау қажет.

Бастауыш мектеп жасының әр кезеңінде оқушылардың мағыналы есте сақтау тәсілдерінің динамикасын байқауға болады: егер екінші сыныпта олардың өз бетінше қолдану қажеттілігі пайда болмаса, бастауыш мектептің соңына қарай балалардың өзі оқу материалымен жұмыс істеу барысында, есте сақтаудың жаңа тәсілдерін іздей бастайды.

Бастауыш мектеп окушыларының ырықты естерінің дамуында, осы жаста есте сақтаудың белгілік және символдық құралдарды меңгерумен байланысты, ең алдымен жазбаша жазу немесе сөйлеу және сурет салумен байланыстағы бір аспектісін бөліп көрсетуге болады.

Жазбаша сөйлеуді (3-ші сыныпқа қарай) меңгеруіне қарай балалар белгілі құралдар ретінде сөйлеуді пайдаланып жанама есте сақтауды меңгереді. Бірақ бұл процесте бастауыш мектеп оқушыларында тура есте сақтау мен еске түсіру механизмдерінің ырықты формаларының қалыптасуының жауапты сатысында басқарылмай стихиялы өтеді. Жазбаша сөйлеудің қалыптасуы мәтінді жай ғана қайта жаңғырту талап етілгенде емес, соның астарын ұқтыру жағдайында эффектілі жүреді. Сондықтан жазбаша сөйлеуді меңгеруде мәтінді мазмұндамай, оны ойдан шығару керек. Балалар үшін сөз туындатудың ең адекватты түрі ертегі құрастыру болып табылады. Бастауыш мектеп жасы ырықты есте сақтаудың жоғарғы формасы дамуы үшін сензитивті болып табылады. Сондықтан мнемикалық іс-әрекетті меңгеруге мақсатты бағытталған дамыту жұмыстары бұл кезде ең эффективті болып табылады .

Оның ең маңызды шарты, бала есінің индивидуалды сипаттарын ескеру болып табылады: оның көлемі, модалділігі (көру, есту, моторлы) және т.б. Бірақ бұдан тәуелсіз әр бала эффективті есте сақтаудың негізгі ережелерін меңгеруі керек: материалды дұрыс әрі жақсы есте сақтау үшін онымен белсенді жұмыс жүргізу және оны қалай да ұйымдастыру керек.

Оқу iс-әрекеті психологиялық диагностика процесі ретінде елестетіледі. Оқу мәселелері (ауызша, жазбаша, ой жұмысы, бақылау жұмысы) диагностиканың қандай психологиялық процеске бағытталғаны тұрғысынан талданады.

Жасқа байланысты ес өнімділігінің көрсеткіштері өзгеріп отырады. Ересек оқушыларға қарағанда бастауыш мектеп оқушыларының ес өнімділігін көруге болады. Олар тез шаршайды. Мектеп өмірінің алғашқы 3-4 жылында қайталауға көп көңіл бөлінуі керек, себебі бастауыш мектеп оқушылары әлі материалды өндеу тәсілдерін дұрыс білмегендіктен, оларға есте сақтау үшін ассоциацияларды табу қиынға соғады.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет