Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жүйесі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



бет1/4
Дата12.03.2018
өлшемі475,69 Kb.
  1   2   3   4
Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жүйесі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Ойын –бала әрекетінің негізгі бір түрі.Бала үшін ойын -өмір сүрудің белсенді формасы,сол арқылы ол ересектерге еліктейді,олардың іс -әрекеттерін қарым-қатынастарын үйренеді,еңбектің мәнін түсінеді,адамгершілік нормаларды игереді,әлеуметтік рөлдер атқарады.

Бала алғаш өмірге келген күннен бастап,заттық іс-әрекект арқылы дүниені танып білуге ұмтылады.Уақыт өте келе бала заттық іс -әрекеттен бірте-бірте ойын іс-әрекетіне ауыса бастайды.Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді.Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны,өмір сүріп отырған айналасындағы заттар,мен құбылыстарды танып,түсіну,іс-әрекеті ойыннан басталып,оның болашақ өмірінде оқу,еңбек іс-әрекетімен жалғасады.

Мектепке келген баланың үйреншікті ойын әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшуі қиын екені белгілі.Балалардың жас ерекшелігіне сай,алты жасар бала 6-7 минут қана өнімді еңбек етуге бейім.Ал сабақтың ұзақтығы 35 минут.Сабақ өткізудің дәстүрлі түрі бұл жағдайда жарамсыз болып шығады.Сондықтан да біз үшін оқу үдерісінің негізгі де тиімді әрекеті ойын болып саналады. [1,15]

Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде –ақ, атақты ғұлама ойшылдар ,философтар, педагог,психолог ғалымдар көріп,байқап,оны іске асыру жолдарын ұсынған.

Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді. [2,150]

Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.Бұл жайында А.С.Макаренко: «Үлкендер өмірі үшін жұмыс,қызмет істеу,әрекет ету қандай орын алатын болса,балалар өмірінде ойын сондай үлкен маңызды.Ойында бала қандай болса,өскеннен кейін көбінесе сондай болады.Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады» деп жазды .

Я. Коменский «Ұлы дидактика» еңбегінде балалардың 6 жастан 12 жасқа дейінгі кезеңін өнер және қамқорлық тәрбие мектебі деп атаған.Бұл шақта балаларға өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек,ал білім олардың есінде жақсы сақталуы тиіс.Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді,сондықтан оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді.Я .Коменский ойынды баланың қозғалуына қажеттілік ретінде қарастырады.Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттілігін,олардың іс -әрекеттерін бақылау керектігін атап көрсетеді. [3,150]

Қазіргі кезде де ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталуда.Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді.

Педагогикалық үдерісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады,балаларға қуаныш сыйлайды.Ойын балаға жаңа ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.

Ю.Бабанский ойынды бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың әдісі деп қараған.Сондықтан да біз ойынды балаларды ойнату үшін емес , олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып,ой-өрістерін,дүниетанымын дамыту,білім алу үдерісін жеңілдету мақсатында ұйымдастырамыз. [4,40]

Бастауыш сынып оқушыларының қызмет әрекеті күшейген кезде оның құлшына ойнағысы келіп тұрады.Баланың ойын қызметін тоқтатамын,оған қайшы келемін деу ,ол баланың талантын жеделдетіп,жан-жақты ашылуына тосқауыл жасаймыз.

Балалар ересектерше бірлесіп өмір сүруге ұмтылысында ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып,еңбектік өмірді ғана емес,сол сияқты әлеуметттік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді.Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналды.Біраз уақыттан кейін балалар рольдік ойыннан ереже бойынша ойналатын ойынға ауысады.Біртіндеп ереже ойын әрекетін бірінші орынға қойып,ойын жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып,ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.

Ойын технологиясы оқу үдерісінде оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдың бірі деп айтуға болады.Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы,сондықтан оларды жалықтырмай,әр түрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты ұйымдастырған жөн.Ойын түрлерін қолдануда оқушылардың ой-өрісін дамып,ойлау қабілетін арттырумен қатар,үйретілген,өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруіне мүмкіндік алады.Ойын технологиясының мақсаты-оқушылардың жаңа білім-білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету,ізденушілікке үйрету.

Ойын –балалар өмірінің нәрі,яни оның рухани жетілуімен рухани өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде,табиғат құбылысын тануда олардың көру,есту,сезу қабілеттерін,зейінділік пен тапқырлықтарые дамытады.Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп,өзі жасаған қимылына сенімі артады.

Сонымен ойын түрлері сабақта екі мақсатта қолданылады.

1.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру,тілін дамыту,ынтасын артттыру;

2.Оқушыларды тапқырлыққа баулып,зейінін,байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.

Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.

Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі.

Оқу үдерісінде ойын технологиясын тиімді қолдану төмендегі негізгі шарттарға жүгінеді:

-ойын оқушылардың алдына алдын-ала тапсырма ретінде қойылады;

-оқушылардың оқу әрекеті ойын әрекетіне бағынады;

-оқу материалы ойын құрамы ретінде қолданылады;

-оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;

-ойын нәтижесі бірден шығарылады;

-ойын барысында шыққан дауыстарды шу деп қабылдамау;

-ойыннан шығып кеткен балаға тапсырма беру;

-ойын барысында қиындық туса ,проблемаларды өздеріне шешуге уақыт беру;

-балаларға ойынның жауабын беруге асықпай,жауабын табуға түрткі болу;

Егер ойын сабақтың басында қолданылса,онда ойынның мақсаты оқушылардың ойын бір жерге жинақтау,жаңа сабаққа дайындау,немесе үй тапсырмасын сұрауға оқушыларды түгелдей қатыстыру,сондай-ақ олардың белсенділіктерін арттыру.

Егер ойын сабақтың соңында қолданылатын болса,онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың шаршауына жол бермеу,көңіл күйлерін көтеріп,шаршағандарын ұмыттыру,білуге үйренуге деген ынталарын үстемелеу болып табылады.

Сабақта ойын ойнату кезінде осы аталған талаптар ескерілсе,ойын оқушының ынтасын арттырып,білім дағдыларын игеріп,іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді.

Енді кез-келген жүргізілетін ойын үдерісінің сипатын атап өтейік.

1.Бағдарлау.Мұғалім меңгерілетін тақырыпты беріп,онда қолданылатын негізгі ұғымдармен таныстырады.Одан әрі қарай ойынның сипаттамасына,

Ережелеріне,жалпы жүрісіне шолу жасайды.

2.Өткізуге дайындық.Мұғалім ойынның сценариін беріп ондағы ережелерге,тапсырмаларға,рольдерге,ұпайларды есептеу ережелеріне тоқталады.Осыларды анықтап алған соң қатысушылар арасында қысқартылған түрде ойынды байқау өткізіледі.

3.Ойынды өткізу.Мұғалім ойынды ұйымдастырып,ойын әрекеттерін қадағалайды,түсініксіз жерлерін ұғындырады.

4.Ойынды талдау.Мұғалім ойынның барысын талдау кезінде болған оқиғаларға шолу сипаттамасын жасайды және оны ойынға қатысушылардың қабылдауларына,кездескен қиыншылықтар мен пайда болған идеялар туралы айтып,талдауға оқушылардың белсене қатысуларына түрткі болады.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады. [5,28]

Қорыта айтқанда ойын түрі мен мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.

Ұлы класик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді [6,15].Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.Олай болса ойын түрлерін дұрыс ,тиімді түрде қолдана білсек білім сапамыздың артары сөзсіз.Осы орайда өз іс-тәжірибемізден бірнеше ойын түрлерін ұсынып отырмыз.

 


Дамытушы ойындар

Дамытушы ойындардың мақсаты – сәби қолының бұлшық еттерін, есте сақтау қабілетін, қиялын дамыту және ерте жастан бала шығармашылығын ұштау, оны қалыптан тыс ойлауға үйрету. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дәнді-дақылдармен, сіріңкемен, ермексазбен, түймелермен, кубиктермен, қағазбен ойналатын ойындар мен тапсырмалар таңдалып ұсынылған.[7, 63].

Ойындар мен тапсырмалар қолмен құрастыруға, талдауға, жинақтауға, әсемдікті түсінуге, салыстыруға, үйлестіруге, есте сақтауға баулиды.

Ойын шарттары қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға бірте-бірте ауыстыру ұстанымдарын басшылықққа алады.

Тапсырмаларды орындау барысында сіздер бұл жастағы балалардың зейінінің шоғырлануы мен тұрақтануы ұзаққа созылмайтынын естен шығармауыңыз тиіс. Ең бастысы баланың қызығушылығын тудыра білу. Ойын шарттарын түсіндіруден, көрсетіп беруден ерінбеңіз. Әрбір тапсырманы сәтті орындаған сайын мадақтап, көтермелеп қиялына қанат бітіріп отырсаңыз нұр үстіне нұр болмақ. Егер тапсырманы орындау барысында қателіктер жіберіп жатса, қай жерінде, неліктен, қандай қате жібергенін, оны түзеу жолын көрсетіп, көмегіңізді ұсынғаныңыз жөн. Және ойындар ұсақ нәрсемен ойналатын болғандықтан оларға алдын-ала қауіпсіздік туралы кеңес беріп, сақтандырып қойғаныңыз дұрыс.

Ойынның мақсаты.

Баланың ойлау қабілетін дамыту. Зейінін тұрақтандыру. Құрастырушылыққа үйрету.

Ойынға қажетті заттар:

Кубиктер, түрлі-түсті қарындаштар .

Ойынның шарты

Ойынды екі бала ойнайды. Берілген тапсырмалар бойынша кім бірінші орындаса, сол жеңімпаз болады. Ойын 3 түрлі тапсырмадан тұрады.

1

Кубиктерді рет-ретімен қойып В фигурасы шығатындай етіп боя.





  1. 2 3 4 5 6

В фигурасы №2

Артық ромбты алып бағдаршам жасап көр. Төмендегі үш белгіні көрсетіп боя.


А) өтуге дайындал

Ә) өтуге болады

Б) тоқта!



Мергендер

Ойын 5-7 жастағы балаларға арналған.



Ойын мақсаты: Кеңістікте бағдарлай білу, есте сақтау қабілетін, бала саусақтарының бұлшық етін дамыту. Ептілікке, дәлдікке тәрбиелеу. 1-20 дейінгі сандар ретін, алу, қосу, нөл санының мәнін ұғындыру.

Қажет заттар: сіріңкені 6 қорабы, қарындаш, желім, түйме, 1-5 ке дейінгі сандар жазылған кішкене қиық екі түсті қағаздар.

Ойынның шарты. 5 сіріңке қорабын қатарынан желімдейді. әрқайсысының түбіне ретімен 1-5 дейінгі сандарды жазады. Бұл реттік сандар мергендердің есептелетін ұпайы болып саналады. Түймені бірнеше қашықтықта тұрып, қораптарға лақтырып салу керек. Түйменің қораптың ішіне дәл түсуін қадағалау керек. Кімнің түймесі қандай сан жазылған қорапқа түссе, ол соншаұпай жинайды. Сіріңкенің 6-шы қорабына ұпай санын жинайды. Ойын осылай жалғаса береді. Түймені бір-ақ рет лақтырады. Түйме түспей қалса, ұпай саны 0-ге тең болады. Кім көпұпай жинаса, сол жеңімпаз болады.

ЕРМЕКСАЗБЕН ОЙНАЛАТЫН ОЙЫН

Кел, жарысайық ...

Ойын мақсаты. Бала зейінін тұрақтандыру, белсенділігін арттыру, онға дейінгі сандардың ретін, ауызша алу және қосуды, нөл санының мәніні түсіндіру. Саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін, байқампаздығын дамыту. Жолдастыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Ойын шарты. Ойынды екі бала ойнайды. әрқайсысы ермексаздан төмендегі суреттегідей өзіне бес қояннан жасайды. Тиынды лақтырғанда (сан жағы) түскен бала ойынды бастайды. Ол бала тиынды қолына жасырады. Егер қарсыласы дәл тапса, онда досының қоянының құйрығын кесіп алады. Ал таба алмаса қарсыласы рның қоянының құйрығын кесіп алады. Біреуінің қояндарының бәрі құйрықсыз қалғанда ойын аяқталады. Қояндарының құйрығы аман қалған бала жеңімпаз болады.

Қажет заттар: 3 түрлі ермексаз, жеткілікті мөлшерде сіріңкенің талдары.


Буратиноның жұмысын тексер

Ойын 4-6 жастағы балаларға арналған.

Ойын мақсаты. Бала зейінін тұрақтандыру. Байқампаздыққа, қисынды ойлауға тәрбиелеу. Саусақтарының ұсақ бұлшық еттерін дамыту

Ойын шарты.

Буратино жіберген қателікті кім бұрын тапса, сол жеңімпаз болады.

Қажет заттар: қара қарындаш.

Үлгі: ыста арығ баб

.....................................................................................................................................................жана.............................ан...............................тлкі....................................

Үлгі: Жа-ңал-ық Ойын-шық Жап-ал-ақ

.................................................................................................................................... .......... Үйр-ек...................... Үс-ен...........................күр-ек......................

КІМ КӨП ФИГУРА ҚҰРАСТЫРАДЫ?
Ойын 5-7 жастағы балаларға арналған.

Ойын мақсаты. Бала саусақтарының бұлшық еттерін дамыту. Есте сақтау, қисынды ойлау, құрастырушылық, үйлестірушілік қабілеттерін дамыту. Түстерді ажырата білуге дағдыландыру..

Ойын шарты.

Ойынды бірнеше бала ойнайды. Суреттегі фигуралардың аттарын дұрыс атау ккерек. Кім осы фигуралардың бірнешеуін қиыстырып көп жаңа суреттер салып, оларды түрлі-түсті етіп бояса, сол жеңімпаз болады.



Қажет заттар: қара және түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз.










ЖАНУАРЛАР ҚАЛАЙ ДЫБЫСТАЙДЫ?

Ойын мақсаты. Баланың айналасын тануға, түрлі дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру,сөздік қорын молайту, қоршаған ортаны сүюге, белсенділікке тәрбиелеу, тілін дамыту.

Ойын шарты.

Ойынды бір топ бала ойнайды. Ойынға қатысушылар төмендегі суретке қарап жан-жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айтуы керек. Кім көп білсе, сол «дәрігер» болып саналады да, қалғандарына «ем» белгілейді. Ем дегеніңіз айыптың түрлері. Мысалы, біреуі өлең айтады, екіншісі – жаңылтпаш, үшіншісі - жұмбақ, т.б.

Үлгі –жауап:

Жылқы - кісінейді, шұрқырайды, азынайды.

Сиыр – мөңірейді, өкіреді.

Қой, ешкі – маңырайды.

Түйе – боздайды, сарнайды.

Шошқа – қорсылдайды.

Ит - үреді, ырылдайды, арсылдайды, қыңсылайды.

Мысық – бырылдайды, мияулайды.

Тышқан – шиқылдайды.

Қаз – қаңқылдайды.

Үйрек - бырқылдайды, қырқылдайды.

Мекиен – қыт-қыттайды.

Әтеш – шақырады.

Бүркіт – саңқылдайды.

Торғай - шырылдайды.

Бұлбұл – сайрайды.

Қарға – қаңқылдайды.

Безгелдек – безгектейді.

Сауысқан – шықылықтайды.

Бөдене – бытпылдайды.

Шыбын – ызыңдайды.

Бөгелек – ызылдайды.

Бәкішек (шегіртке) - тызылдайды.

Жылан – ысылдайды, сусылдайды.

Бақа – бақылдайды, бақырады.

Аю – ақырады, бақырады.

Қасқыр – ұлиды, ырсылдайды.

Түлкі – ырсылдайды, шәңкілдейді.

Күзен – шақылдайды.

Суыр - шулайды.

Борсық – пырсылдайды.

Құндыз – сыңсиды.

Арыстан - күркілдейді, ақырады.

Жолбарыс – гүрілдейді, бұрқанады.


ҚАРАП АЛ ДА, САНАП АЛ!

Ойын мақсаты. Қоршаған ортаны тануға, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Деректі ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты.

Ойынды бастау үшін екі бала бір-біріне жұмбақ жасырады. Кім бұрын шешсе, сол ойынды бстайды. Төмендегі суреттегі қара бантигі бар барлық қыздарды тік сызықпен, қара шашы мен қара бантигі бар қыздарды көлденең екі сызықпен шатаспай және бірінші болып кім сызып шықса, сол жеңімпаз болады.

Қажет заттар: қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, суреттер.

Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Сурет салайық,

Қане, қара қандай мал?

(балалар суретін көрсетеді)

Үй құстарын табайық,

Суреттерін салайық.

(сурет көрсетеді)

Суретін салдық біз,

Бәрін тауып алдық біз.

Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Екі ешкінің мүйізі,

Қане, қанша болады?

Қане, кімдер табады?

(балалар ешкінің суретін көрсетеді)

Түспесе ешкі мүйізі,

Міне мұнша болады.

(2+2 ═ 4 деген жазуды көрсетеді).

Ал, балалар, балалар,

Қағаз бенен қалам ал.

Алты әріптен тұратын бізде қандай қала бар?

(суретін көрсетеді).

Ал, балалар, балалар,

Міне мұндай қала бар.

(«Алматы» деген жазуы бар қағаз көрсетеді).

Жақан Смақов.


АЛФАВИТТІК МЕТАГРАММАЛАР
Ойын мақсаты. Есте сақтау, қисынды ойлау, байланыстырып, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Белсенділікке, зеректікке, шапшаңдыққа, өзгенің

Ойын шарты.

Ойынды бірнеше бала ойнайды. Олар метаграммаларды қайталап, тез-тез сол әріптерден басталатын сөздер айтып, ол сөздерден сөйлем құрауы керек.кім жылдам және дұрыс сөйлем құраса, сол жеңімпаз болады.

* Тоқта бар,

Шоқта жоқ (Т)

* Сазда бар,

Тазда жоқ. (С)

* Шөлде бар,

Көлде жоқ. (Ш)

* Темірде бар,

Көмірде жоқ. (Т, Е)

* Жаңбырда бар,

Қарбызда жоқ. (Ж)

* Бояуда бар,

Суретте жоқ.

Қоянда бар,

Көжекте жоқ. (Я)

* Жұлдызда бар,

Жерде жоқ.

Өзенде бар,

Көлде жоқ. (З) Жақан Смақов.


Каталог: uploads -> doc -> 0152
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0152 -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Жарық табиғаты. Жарықтың таралуы. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет