«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты



бет1/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

«Бөбек» қоры
Адамның үйлесімді дамуы институты
Қазақстан рухани мәдениетінің энциклопедиясы
Қазақстан рухани мәдениетінің энциклопедиясында өзін өзі тану, педагогика, мәдениеттану мен философия ғылымдары салаларында жүргізілген ғылымизерттеу жұмыстары негізінде, рухани мәдениетпен байланысты ең маңызды ұғымтерминдер мен мәдени феномендер туралы мәліметтер жүйелі түрде берілген. Энциклопедия өзін өзі тану пәні бойынша мектеп оқушылары мен оқытушыларына, рухани мәдениетпен айналасушы мамандар мен жалпы оқырман қауымға арналған.

Қазақстан рухани мәдениетінің энциклопедиясы / Сарапшы: Ершат Оңғар, Редакторы: А. Мейірманов А. Көркем бейнелеуші: Өтенова Г. Алматы, 2011




Мақалалар авторлары: Ә.Ш. Әлімжанова, Т.Х. Ғабитов, Ж.Ж. Молдабеков, С.Е. Нұрмұратов, Б.М. Сатершинов ж.т.б.

Алматы, 2011


ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА


Энциклопедиядағы мақалалар әліпби тәртібімен орналасқан. Ұғымтерминдер қою бояулы бас әріптермен берілді. Бір мағынадағы ұғымдардың қатар қолданылып жүрген бірнеше атаулары болса, алдымен ғылымда қолданылып жүрген негізгі атауы берілді де,екінші атауы жанына сиретілген әріптермен жазылды. Мыс., ТАБУ, тыйым салу. Энциклопедияда қамтылған ұғымтерминнің аты, нақты бір мақаланың ішінде аталса, ол курсивпен терілу арқылы сілтеме жасалды. Энциклопедияда жиі қайталаналатын сөздерге қысқарту жүйесі қолданылды. Энциклопедияда мақала атауы сол мақаланың ішінде қайталанған сайын тек басқы әріптермен берілді. Мыс., Мәдениет М., Шешендік өнер Ш.ө.

НЕГІЗГІ ҚЫСҚАРТУЛАР




АЛҒЫСӨЗ



«Қазақстанның рухани мәдениетінің энциклопедиясы» деп аталатын бұл – кітаптың мақсаты – еліміздің 20 жылдық тәуелсіздік даму кезеңі тарихында қалыптасқан көпэтносты қазақстан қоғамындағы мемлекеттілікті нығайтушы ұлттық рухани мәдени дәстүрлерді кешенді зерттеу арқылы методикалық талаптарға сай энциклопедия дайындау. Ұлттық рухани мәдениет сол халықтың дәстүрлі дүниетанымын, тарихимәдени және эстетикаэтикалық ұстанымын, тілі мен ділін, болмыс бітімін айғақтап, әлемдік өркениеттегі орнын айқындайтын рухани құндылықтардың мәйегі. Әбу Наср әлФараби мен Махмұт Қашқари, Ахмет Ясауи мен Абай Құнанбаев сияқты даналар шыққан ұлы дала ұрпақтарының мәдениеті тұтас бір өркениет жемісі ретінде бұрын арнайы қарастырылмайтын. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соңғы жиырма жылда ғана Қазақстанның рухани мәдениетіне назар аударыла бастады.
Қазіргі тарихи кезеңдегі Қазақстанның тәуелсіздігі халқымыздың рухани мәдениетіне жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Қазақ халқының рухани қайта өркендеуі өзінің шынайы тарихын пайымдау арқылы, төлтума мәдениеті пен ұлттық философиясын қайта түлету арқылы жүзеге асырылады. Бұл еліміздің қоғамдық–гуманитарлық білім саласына, оның ішінде ұлттық философиясы, мәдениеттану және саясаттану ғылымдарына келелі міндеттер жүктейді. Қолға алынып отырған бұл жобаның да ғылыми өзектілігі осында. Жалпы ғылыми–зерттеу жобасының Қазақстан халқын біріктіруші ұлттық идеясын пайымдаудағы сипаты көпэтносты халқымыздың ынтымақта өмір сүруіне, еліміздегі рухани және әлеуметтік кеңістікті жаңғыртуға өз үлесін қосатындығына сенімдіміз. Жоғарыдағы қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс: әлемдік классикалық және қазіргі заманғы мәдениеттанулық және философиялық ойдың негізгі ұғымдарына түсіндірме беру; гуманитарлық ғылым саласы ретіндегі рухани мәдениет терминдерінің мәнін ашып, жан–жақты түсініктеме беру; қазақтың және басқа этнос өкілдерінің дәстүрлі рухани және материалдық мәдениетіндегі ұғым–түсініктерді сипаттап, олардың мәндік–мағыналық негіздерін зерделеуден өткізу; қазіргі және дәстүрлі қазақ қоғамындағы негізгі әлеуметтік–саяси ұғымдардың мәнін ашу.
Бұл жоба мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Практикалық жағынан алғанда қазақ тіліндегі рухани мәдениет бойынша энциклопедиялардың, сөздіктердің, анықтамалықтардың тапшылығын ескерсек, бұл жобаның осы олқылықтың орнын толтыра алады деген үміттеміз. Еңбек Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен және жастарды рухани даму жолына жетелейтін «Өзін–өзі тану» бағдарламасымен үндес келіп, ол практика саласында қомақты нәтиже береді деген сенімдеміз.
Жобаны жүзеге асырудың ғылыми нәтижелері ұлт философиясы мен мәдениет тарихы салаларындағы зерттеулерге ықпалын тигізері сөзсіз. Жұмыстың нәтижелерін философия, мәдениеттану және саясаттану ғылымдарына арналған кешенді зерттеулерге, пәнаралық жобаларға, жалпы ағартушылық және тәрбиелік бағдарламаларға енгізуге болады.
Ғылыми–зерттеу жобасының теориялық және қолданбалы нәтижелерін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің барлық мекемелері қолдана алады. Оқушылар, студенттер, аспиранттар, магистранттар және ғылыми қызметкерлер кітап түріндегі бұл жобаның нәтижесін күнделікті пайдалана алатын кітабына айналдыруына болады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының қауіпсіздік Кеңесіне, Ұлттық–мәдени орталықтарға, әкімшіліктерге, Үкімет органдарына пайдасын тигізеді деген үміттеміз.
Сонымен қатар ғылыми жобаның орындаушылары – философия ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.Х. Ғабитов, Ж.Ж. Молдабеков, С.Е. Нұрмұратов, Б.М. Сатершинов және философия ғылымдарының кандидаты Ә.Ш. Әлімжанова мен А.Д. Мейірманов қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясының, қазақ рухани дүниесінің мәселелерін зерттеумен айналысып келеді. Жобаға қатысушылардың әрқайсысының да ұсынылып отырған тақырып бойынша мақала түрінде жазылған жарияланымдары бар. Мәселен, Мәдени–философиялық энциклопедиялық сөздік /Құраст. Т.Ғабитов және т.б. – Алматы: Раритет, 2004.–320б. Зерттелу тақырыбы бойынша профессор С.Е.Нұрмұратовтың жетекшілігімен, профессор Т.Х.Ғабитовтың және т.б. қатысуымен 2000 жылы Философия және саясаттану терминдерінің қазақша–орысша, орысша–қазақша терминологиялық сөздігі “Рауан” баспасынан жарық көрді.
Білім мен ғылымның әртүрлі салаларына қатысты энциклопедиялық сөздіктер мен анықтамалықтарды жариялау жағынан бізбен көршілес Ресейдің анағұрлым алда екені күмән туғызбайды. Ал біздің елімізде бұл бағыттағы жұмыстардың енді ғана қарқын алып келе жатқаны белгілі. Негізінен мұндай жинақтардың пайда болуына «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы мұрындық болып келді. Гуманитарлық білім салаларына қатысты қазақ тіліндегі осындай еңбектердің зәрулігі байқалады. Елімізде жазылған жұмыстардың көпшілігі нағыз ғылыми сипатта емес және қолданбалы тұстары аздау. Сондықтан осы ғылым салаларының негізгі ұғымдарын тарихи–философиялық зерттеу мәдени–тарихи ахуал мен рухани жағдайды қайта қалпына келтіруге септігін тигізіп қана қоймай, оның сабақтарын қазіргі Қазақстандағы қоғамдық ойды дамытуға да пайдалануға болады. Осы себептерге байланысты бұл ғылыми–зерттеу жобасынан күтілетін ғылыми нәтижелер бәсекеге толықтай қабілетті бола алады, сонымен қатар, олар ұлттың ұйысуы мен қоғамның бірігуі үшін қазіргі әлеуметтік саланың модернизациялануы кезеңінде үлкен маңызға ие болары анық. Авторлар қазақ мәдениетінің дәстүрлі кезеңі мен қазіргі жаһандану процестері арасындағы сабақтастық идеясын терминдерге жеткілікті деңгейде түсіндірмелер беру арқылы айқындайды.
Әрбір ұлттың, ұлттық мәдениеттің гуманитарлық салалар бойынша жеткілікті деңгейдегі энциклопедиялық сөздігі болуы керек, ол тек тілдік қорды ғана нығайтып қана қоймай, сонымен қатар жалпы дүниетанымдық көкжиекті кеңейтеді, қазақ тілінің рухани ауқымын ұлғайтып, қоғамда ұлтаралық қатынастардың келісімдене түсуіне өз үлесін қосады.
АВТОХТОНДЫ МӘДЕНИЕТ – (грек. аutосһtоп – жергілікті) – белгілі бір аймаққа, алғашқы пайда болған жерінен қоныс аудармай, ежелгі ұлттық мәдени біртектілігін сақтай алған ежелгі халқының этномәдениеті. А. м. ұғымы Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде жан–жақты қарастырылған. А. м–тің басты қағидалары: этностар биосфераның бір бөлігі болып табылады; адамдар ландшафтқа икемделе бірігеді; әрбір халықтың мекендейтін кеңістік тұтастығы, Отаны бар; адам өз биоценозында, басқалардың емес, өзінің ата–бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді. Ландшафтың өзгеруі ұлттық мәдениеттің өзгеруіне әкеліп соғады. Еуразия құрлығын 4 автохтонды этномәдени аймақка бөлуге болады: 1) муссондық Қиыр Шығыс – конфуцийшілік–буддалық өркениет кеңістігі; 2) шөлейтті Ұлы Дала көшпелілер мәдениетінің аймағы; 3) субтропиктік Таяу Шығыс – мұсылмандық әлем; 4) орманды Шығыс Еуропа – батыс христиандык кеңістік. Еуразияның далалық аймағын оның ландшафты мен ауа райына бейімделген автохтонды этностар: түркілер, моңғолдар, угро–финдер, тибеттіктер, т.б. мекендеген. Адамзат тарихында мүлдем оқшауланған, арғы тегін таза сақтап қалған мәдениеттер сирек кездеседі. Тарихи–мәдени процестер барысында әр түрлі мәдениеттердің тоғысуы, олардың сұхбаттық аймағының ұлғаюы өркениеттік даму үшін ыңғайлы болады. Қазақтар Орт. Азияның автохтонды тұрғындары болғанымен, ғасырлар барысында көптеген сыртқы мәдени ықпалдарды да өз бойына сіңірді.


АДАМ – жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи үдерісі мен дамуының иегері,сөйлей алатын, ойлауға қабілетті, саналы, рухани әлемі бар, биологиялық–әлеуметтік тіршілік иесі. А. туралы алғашқы идеяларға мифтер мен діни–мистикалық көзқарастар куә бола алады. Ежелгі Үндідегі алғашқы А. туралы әрі мифологиялық, әрі діни және философиялық дүниетаным көне үнділік әдеби мұралар – Ведаларда, оның жалғасы –Упанишадтарда қалыптасқан. Бұл әдеби мұраларда А. рухани–адамгершілік қасиетке ие жаратылыс ретінде қарастырылады және оны құмарлық әлемінен азат ету жолдарын ұсынады. Ежелгі Үнді философиясында А. әлемдік жанның бір бөлігі ретінде түсіндіріледі. Ежелгі Қытайда А. туралы ілімнің өзінше бір формасы қалыптасты. Оның көрнекті өкілінің бірі – Конфуций. Оның көк аспан концепциясының өзегі – А. және оның жер бетіндегі тыныс–тіршілігі мәселесі болды. Конфуций, ең алдымен, адамның рухани мінез–құлқына, адамгершілігіне баса назар аударады. Конфуций ілімі бойынша, А. дао заңына сәйкес өмір сүруі керек және оны оқып–білу арқылы өзін өзі жетілдіруі қажет. Түпкі мақсат – “кемел адам” дәрежесіне жету. Ежелгі грек философиясында А. дербес, жеке дара өмір сүре алмайды, ол тек абсолютті реттілік және космос ретінде қабылданатын белгілі бір қатынас жүйесінде ғана өмір сүре алатын жаратылыс болып табылады. Аристотель А–ды “саяси жануар” – қоғамдық, мемлекеттік, саяси жаратылыс деген болатын. Аристотель бойынша А–ды басқалардан ерекшелеп тұратын нәрсе, оның әлеуметтілігі мен ақыл иесі болуы. Христиандық философия бойынша, А. – “құдай образы”. Аврелий Августин үшін А. – жан мен тәннің қарама–қарсылығы. Бірақ А–ды А. ететін жан. Жан – А–ның жеке имманентті субстанциясы. Фома Аквинскийдің түсінігінде А. – жануар мен періште арасындағы аралық жаратылыс. А. жан мен тән тұтастығын білдіреді, бірақ жан “тәннің қозғаушысы” болып табылады және А–ның мәнін анықтайды.
Әл–Фараби орта ғасырлық мұсылмандық философияда алғаш рет А–ды таным объектісі ретінде мәселе көтергеннің бірі болды және ол А. туралы түсінікті кеңейтті. Әл–Фараби А. концепциясын жаңа деңгейге көтерді. Ол “А.” ұғымын ұлттық, нәсілдік ұғымдардан дербес қарастырды. Бүкіл адамзатты рухани тазалығына қарай біріктіру ұстанымын ұсынып, оны “қайырымды қала” және “кемелденген адам” концепциясы арқылы ашуға тырысты. А. – оның философиясының өзегі болып, аспан сферасы мен жер бетін түйістіруші нысана дәрежесіне көтерілді. Әл–Фараби А–ды тән мен жанның және рухтың тұтастығы деп қарастырады, «А. – ғалам айнасы» деген түсінікті орнатты. Әл–Фараби А–ды Құдайдың жаратқан деп біле отырып, ақыл иегері ретінде А–ның дербестігін мойындайды. Ол А–ның жер бетіндегі тіршілігі аясында барлық жақсылыққа ұмтылып, дамудың шыңына жетуді мақсат тұтуы міндетті болып табылады.
Рене Декарт үшін А–ның тіршілік иесі екенін дәлелдейтін жалғыз қасиеті оның ойлай алу қабілеті. Ол оның “ойлай аламын, яғни өмір сүремін” деген тұжырымынан туындады. Ж.П. Сартрдің пікірінше, А – еркіндік деген сөз болып табылады: “А. әуел баста кәміл түрде жаратылмаған, ол өзін–өзі жаратады”. Сонымен А. – ақылы, санасы арқылы танып білетін, сол арқылы өзін–өзі ұйымдастыра алатын, қоршаған ортаны игере алатын, оны өз қажетіне қарай белгілі бір мөлшерде өзгерте алатын жаратылыс. Қазіргі ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, А–ды эволюциялық даму жемісі деуге толық негіз бар, бұл орайда биологиялық факторлармен бірге, әлеуметтік фактордың да маңызы зор деуге болады. Сонымен бірге, әлемнің қазіргі ғылыми бейнесі А.–ды аяқталмаған процесс ретінде қарастыруға меңзейді.
А. – ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені, оның тәні болса да, ол ең алдымен – рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда А–ның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы – шексіздікке кетеді. Сондықтан, ғасырлар бойы қайсыбір дін “А–ды Құдай жаратты” деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар, жаратылыс танушылар да “антроптық принципті” қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын “Ұлы Жарылыстың” негізінде пайда болған Дүние – Ғарыш Әлемі – қажетті түрде сан–алуан кездейсоқтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені – А–ды тудырады екен.
Адамзат тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде А–ға деген сан–алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – “Homo Sapіens” – саналы А., яғни, ол – рухани пенде. А. өз алдына неше–түрлі мақсат–мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа А–дармен сан–алуан саналы қарым–қатынасқа түседі. А–ның неше–түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар. Американ саяси қайраткері, сол елдің Конституциясын жасауға ат салысқан Д. Франклин А–ға “Homo Faber” – құралданған А. – деген анықтама берді. Шынында да, тек қана А. еңбек құралдарын жасап оларды үнемі пайдаланады. Мысалы, маймыл жерде жатқан бұтақты, я болмаса тасты алып пайдалануы мүмкін. Бірақ, содан кейін ол оны лақтырып тастайды да, оған екінші рет қайтып оралмайды. Бірде–бір маймыл жасанды өз ойына сәйкес келетін құрал жасап көрген жоқ. Оны істей алатын тек қана А.
Голландия ойшылы И. Хейзинга А–ға “Homo Ludens” – ойнайтын адам – деген ат қойып, сол жөнінде көлемді еңбек жазды. А. өз өмірінің шеңберінде жүздеген әлеуметтік рөлдерді ойнайды. Мысалы, ол – әке, жұмыста есепші, біреудің жолдасы, я болмаса, туысы, саяси партияның мүшесі, ауладағы футбол командасының капитаны т.с.с. Әрбір рөлдің мазмұны мен әлеуметтік нормалары өзгеше. Тіпті өлер алдында А. сол рөлді ойнап, ол да болса оны қоршаған жақындарына өнеге болып қалады. Сонымен, рөлдер тек театр сахнасында ғана ойналып жатқан жоқ, ол бүкіл жер бетінде А–дар бар жерде жүріп жатыр. Ал жануарларға келер болсақ, олардың күшіктері бір–бірімен ойнап өз табиғи инстинктерін оятады, уақыт өтіп есейген сәтте олар тоқталады.
Француз ойшылы Э. Кассирер А–ға “Homo Sіmbolіcus” – рәміз, белгі жасайтын А. – деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда символға қайсыбір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз–дастандар, дін, өнер қағидаларын, неше–түрлі өмірдегі кездесетін рәміз, белгілерді (мысалы, машинамен келе жатып, алдымыздан ортасында қызыл кірпіш көрсетілген дөңгелек белгіні көргенде, біз тоқтап әрі қарай жүрмейміз) т.с.с. жатқызамыз. Қайсыбір нақыл сөздер, көркем әдебиеттегі салыстырма, бейне, мысалдардың т.с.с. әр жағында неше–түрлі мән–мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы, Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүйу (гуманизм), ал Сизиф болса нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек, Қозы–Көрпеш пен Баян–Сұлу – мөлдір махаббатың символдары ретінде көрінеді.
И. Кант А–ның ішкі ар–ұжданына таңғалып, оған “Homo Morales” деген анықтама берген болатын. Уақытында ұлы Абай оны “нұрлы жүрек” – десе, Шәкәрім “үш анықтың” біреуіне жатқызды. Егер де А–ның ар–ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық–сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Бүкіл көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды А–ның қаситеті – оның ар–ұжданы. Қиын–қыстау жағдайда нағыз А. өз ар–ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Абайдың «А.дем бол!» ұстанымы қазақ философиялық ойының А. туралы мағыналық келбеті болып табылады.



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет