Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері



Дата07.10.2019
өлшемі31.51 Kb.
түріСабақ
Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері

 



                          Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе — жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.


Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;
Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.
Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.
Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;
Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;
Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.
Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика сабағында бастыкөңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
3. Ойлы — қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай — саспай өтуді есте сақтаған жөн.
4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
10. Жауын — шашында күндері лақтыратын құрал — жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.
Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқ киімдер.

Гимнастика сабақтарында

 

 



 

Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;


Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;
Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.
Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;
Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.

  1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.
    2. Гимнастикалық құрал — жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.
    3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.
    4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.
    5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.
    6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.
    7. Гимнастикалық құрал — жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал — жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.
    8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
    9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.
    10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

 

 

 



 

Дала жарысы (кросс)

Кроспен айналысу төзімділікті қалыптастырады, шыдамдылыққа тәрбиелейді, күнделікті тіршілік үшін, оқу үшін, спорт үшін болашақта әскер қатарында қызмет ету үшін өте маңызды ерік-күшті дамытады.

Әрбір оқушы жүгіру барысында, әсіресе күз бен қыста өзінің жүгіру күйіне назар аударуы қажет. Тіпті салқын тиіп , жеңіл сырқаттанғанның өзі организмнің науқасқа қарсылығын төмендетеді, жағдайдың қиындау себебіне айналады

Дала жарысы дегеніміз – табиғи ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Жүгіргенде мыналар есте болу керек: шөбі жоқ тегіс жерлермен (соқпақтармен, жолдармен) жүгіргенде, өткен сыныптарда айтылғандай тәсілдермен жүгіру қажет. Қатты жерде, мысалы, асфальт жолда жүгірумен көп айналысқанда, сирақ еттерінің ауырғаны білінеді. Қатты жолда жүгіру жалпақ табанды балалар үшін қиын. Сол себепті, жүгірудің көп бөлігін онша қатты емес жерде өткізу керек. Бұлшық еттер мен буындарға артық күш түссе, мұның өзі елеулі ауруға себепші болады. Қашықтықта кездесетін түрлі табиғи кедергілерден өтерде ерекше мұқияттылық қажет. Аяқ жерге сәтсіз тисе, тізе буындарының, тобықтың зақымдануы немесе өзге де жарақаттар алып қалуы мүмкін.

Қалың шөп өскен жермен жүгіргенде, аяқты шұңқырға, тесікке тығып алмас үшін алға мұқият қарау керек. Дененің тұрақты қалпын сақтау үшін аяқты өкшеден басып ұшына қарай аудару қажет. Қалай болғанда да аяқты жерге «тырпылдатып» баспай, жұмсақ басу керек.

Қыратқа, дөңнің баурайына көтерілерде, аяқтың ұшымен жүгіреді, кеудені ілгері еңкейтеді. Қол қозғалысқа белсенді түрде көмек беруі керек, қозғалыс кезінде оны ілгері жоғары ұмсындырады. Тік беткейге жүгіріп шығу қиын, сондықтан да жүрісе ауысып және тік немесе қиғаш жүрген дұрыс. Қыраттан түсерде шапшаңдық жылдам артады, алайда оны азайту қажет, өйткені күшті екпін алғанда, аяқ тепе-теңдікті сақтай алмай, жүгіруші құлауы мүмкін. Кеудені кейін шалқайтқан дұрыс. Тіп-тік қырдан түскен жақсы. Жайпауыт немесе шамалы ғана тіктеу қырдан шапщаңдықты азайтпай-ақ түсуге болады, бірақ адым қысқа болсын. Баурайдағы тегістеу жерден жүгіріп түсуді екпін алу үшін пайдалануға болады. Қыраттан түсерде аяқты өкшемен басу қажет. Биік өскен шөптің бетімен жүгіргенде, аяқты жоғары көтереді, терең емес судан өткенде де осылай, тек адымның арасын шағын етіп жүгіру керек. Тереңдеу сулардан адымдап, жай жүріп өту керек.



Спорттық және қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері.

  1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР.

1.1. Спорттық және қозғалмалы ойындарға техника қауіпсіздік ережелерімен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен және  денсаулығы бойынша оқушылар катыса алады.

1.2.Спорттық және қозғалмалы ойындар өткізу кезінде ойын ережелерін бұзбау керек

1.3. Спорттық және қозғалмалы ойындар өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:


  1. соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар; 2.  ойын шартын бұзған кездегі алған жарақаттар; 3.    құлаған кездегі алған жарақаттар.

1.4. Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден тренер- мұғалімге және кураторға бірден ескерту қажет.

1.5. Спорттық және қозғалмалы ойындарға міндетті түрде спорттық киімдермен және табаңы тайғанамайтын спорттық аяқ киіммен қатысу керек.



  1. ОЙЫН АЛДЫҢДАҒЫ ТЕХНИКА  КАУІПСІЗДІК  ЕРЕЖЕЛЕРІ.

2.1. Спорттық киім және табаңы тайғанамайтын спорттық аяқ киім кию қажет.

2.2. Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуына қатысу керек.



  1. ОЙЫН  КЕЗІНДЕГІ  ТЕХНИКА  КАУІПСІЗДІК  ЕРЕЖЕЛЕРІ.

3.1. Ойынды тек қана тренер-мұғалімнің командасымен баста және аяқта.

3.2. Ойын кезінде ойын ережесін қатаң сақта.

3.3. Ойын кезінде ойыншылармен және ойыншылардың қолына,  аяғына соғылып қалудан сақтан.

3.4. Құлаған жағдайда өзіне жарақат алмауға тырыс.

3.5. Тренер-мұғалімнің барлық командасын назар сала отырып тыңда және орында.


  1.                                 4. .АПАТТЫҚ  ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ  ҚАУІПСІЗДІКТІҢ  ТАЛАПТАРЫ

4.1.  Өздеріңізді нашар сезіңсең, оны тренер – мұғалімге немесе кураторға бірден хабарла.

4.2. Жарақат алған кезде ол туралы бірден тренер – мұғалімге, медициналық қызметкерлерге немесе кураторға хабарлап, алғашқы көмек көрсетіңіз.

4.3. Спорттық құралдарда немесе бұйымдарда ақау бар екендігін байқасаңыз,  ойынды тоқтатып және тренер – мұғалімге ол туралы ескертіңіз.


  1.            ОЙЫН СОҢЫНДАҒЫ   КАУІПСІЗДІК  ТАЛАПТАРЫ.

5.1.  Ойын өткізу орындарыннан тек қана тренер – мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана кету керек.

5.2. Ойыннан кейін міндетті түрде қолдарын мен беттерінді жуу.

5.3.Үйге қайтқан кезде  жолда жүру ережелерін сақта.

 

 

 

 

 

Шаңғы дайындығы сабақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтау.


  1. Киім ойдағыдай жылы болу керек. Міндетті жылы іш киім, тоқыма қолғап пен бөрік болуы керек. Желді күні кеудеше киген дұрыс.

  2. Шарықтар кең болғаны жөн, жылы болу үшін шұлық киіп, ұлтарақ салғанда, аяқты қыспауы үшін аяқ киімінің кең болғаны керек.

  3. Аязды күндері оқушылардың денесін үсік  шалғандай белгі  байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша  ысқылап, көмек көрсету     қажет.

  4. Шаңғының бекіткіші мен шарықтың  дұрыс  киілуіне ә рдайым назар аударып отыру қажет.

  5. Қалың қармен, мұздақты жерлермен, бұталар арасынан сақтықпен өту қажет.

  6. Таудан төмен сырғанау тек қана мұғалімнің рұқсатымен, кезекпен белгілі арақашықтықты сақтай отырып жасалады. Тауға көтерілу арнайы

белгіленген жерлерде ғана мүмкін, сондай – ақ таудан түсіп келе жатқандардың жолын кесіп өтуге тыйым салынады.

 

 



 

 




Аты-жөні

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІҮ тоқсан

 

Жеңіл атлетика

Спорттық

ойын


гимнастика

Шаңғы дайындығы

Спорттық ойын

Дала жарысы

Жеңіл атлетика

Спорттық ойын

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Дене шынықтыру сабағындағы техникалық қауіпсіздік ережелеріне арналған журнал.



1 сынып.

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет