Әділханова Жанна, жоо дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы



Дата15.09.2017
өлшемі53.41 Kb.
Әділханова Жанна,

ЖОО дейінгі дайындық

кафедрасының аға оқытушысы

Шетелден келген қазақ диаспорасы өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту – басты міндет

Ұлттық рухы биік, намысты қазақтың санын көбейту, сапасын арттыру мақсатында Елбасымыздың бастамасымен шетелдік қандастарымызды атажұртқа шақырып, мемлекеттік қолдау көрсетіп жатқаны да тәуелсіздігіміздің арқасы. «Қазақстан жол –2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында білімді, белсенді, және денсаулығы мықты азаматтар тәрбиелеп, сапалы білім беріп, дамыған елдердің алдыңғы легіне жету бағытын ұсынғаны белгілі.

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Ол үшін тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін білімді ұрпақ көп болу керек. Елге оралып, білім алып, қоғамымызға белсене араласып жатқанына он жылдан астам уақыт өтті. Олардың басым көпшілігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дайындық кафедрасына келіп, сауат ашып, оқу бағдарламасын меңгереді. Осы уақыттан бергі дайындық курсынан өткен шәкірттердің бәріне ортақ мәселе – төте жазумен сауат ашқан жастарымыздың қазақша сауатты жаза алмауы және әр түрлі мектептерден келгеннен кейін білім деңгейінің түрліше болуы. Олар таза қазақша, аралас мектепте немесе таза қытай мектебінде оқыған. Сондай-ақ, ҚХР-нан басқа елдерден келген бауырларымыздың (Ресей, Түркімен, Өзбекстан, Қызғызстан,т.б. елдерінен) білімдерінің, тәрбиесі мен дүниетанымының, салт-санасы (психологиясы) әр түрлі екені белгілі. Солардың бәрін бір дәрісханада отырғызып, қазақ тілінің оқу бағдарламасын толық меңгертіп, кешенді тест тапсырту өз алдына бір күрделі мәселе, оның сыртында сөйлеу тілін қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу және халқымыздың ұлттық құндылықтарын таныта отырып, сауаттылығын жетілдіру жұмыстары қатар жүргізілу қажет. Осындай тілдік ортасы мен білім деңгейі қалыпты емес жағдайда білім беру үшін ең тиімді әдістерді пайдаланып, сапалы білім беруге ұмтыламыз. Соңғы кездерде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері жан-жақты зерттелуде. Түрлі әдіс-тәсілдер де, оқу-әдістемелік құралдар да, техникалық жабдықтар да бүгінде жетілген, көп. Дей тұрғанмен, шетелден келген қандас бауырларымыз мемлекеттік тілде сауатты жазу, дұрыс сөйлеу ісінде өте қиналып жататындарын байқаймыз. Бұл – үлкен, әрі күрделі мәселе. Себебі, Қазақстан мемлекетінің негізгі тілі – қазақ тілі. Осы елге келген, осы елде білім алып, қызмет атқаратын кез-келген азамат мемлекттік тілді білуі керек. Оны құрметтеуі керек. Бұл –міндет. Тіл мамандарының алдында осы үлкен міндетті абыроймен атқару ісі тұр. Ал, шетелден келген қазақтар төте жазудан немесе қытайша жазудан кириллицияға ауысуы күрделі, әрі баяу жүзеге асады. Олар білген, түсінген ілімдерін өздері үйренген әріппен жазуға дағдыланып алған. Солай тез, оңай. Жоғары оқуға түсу үшін де тесттің жауаптарын жаттап дайындалады, негізгі бағдарламаны терең оқуға, оқулықпен жұмыс жасауға уақыт бөлгілері келмейді, немесе салғырттық танытыды. Соның нәтижесінде – мемлекетті тілде өз өтініштерін де дұрыстап жаза алмайтын сауатсыз түлектер басым. Көпке топырақ шашуға болмайды, әрине, арасында бірлі-жарым тілге ден қоятын, шын мәнінде түсініп, білгісі келетін, сауаттылықты қалыптасытруға ынталы жастар бар. Дегенмен, басым көпшілігі оқуға түсуді ғана мақсат етіп, сауаттылықпен күресуге келгенде құлықсыздық танытады.

Қазақ тілін оқыту – қазақ тілінің заңдылықтарын және қазақ тілінің бай қорында жинақталған ұлттық мәдени мол мұраны тыңдаушының жан дүниесіне әсер етіп, бойына сіңіру – шеберлікті, талмай талап етуді қалайтын еңбек. Өз дәрісімде тілдік грамматикалық тақырыпты түсіндіріп, оны бай мәдени мұраларымыздағы інжу-маржандарымызды лексикалық тақырып ретінде қамтып, қазақ тілін шетелден келген қандастарымызға игерту нәтижесінде ойлау, сөйлеу, дүниетаным әдістерін айқындауға тірек ете отырып, мемлекеттік тілді меңгеруге тырысамын. Қазақ тілінің бай мақал-мәтелдері, тұрақты тіркестері, қанатты сөздері оларды қызықтырмай қоймайды. Тыңдаушыға жаттатып, оның құрамындағы сөздердің ішкі мағынасын түсіндіріп, онан соң сыртқы тұлғасына, түбірі қай сөз табы, қосымшасы қандай жалғау, немесе жұрнақ деген грамматикалық талдау жасатып, тілді дұрыс түсініп, терең меңгеру мәселесіне мұқият үңілгенде ол білім шәкірт ойында ұмытылмай қалады. Келесі дәрісте, сол сабақты қайта пысықтап, одан әрі сабақтастыра, ұштастыра дамытасыз. Қазақ тілінің бірліктері, сөйлеу ерекшеліктері мен қазақша сөйлеу болмысы туралы білім мазмұны оның жаңа ой мазмұнының қалыптасуына бағыт береді. Мысалы, қарапайым ертегілер, аңыз-әңгімелер мен мақал-мәтелдерді ғана алайық. Тілі жеңіл, түсінуге оңай, жаттауға ыңғайлы, аз сөзді, терең мәнді шығармалар. Дәрісханаға грамматикалық тақырыпты түсіндіріп болып, кез-келген бір мән-мазмұны кең (мәселен, адамгершілік, имандылық, достық тақырыптарындағы )шығармадан ықшамдалған үзінді оқып, ол туралы әр тыңдаушы өз түсініктерін айтып беру – ықшамды. Шығарманың тілі, мазмұны, жаңа сөздері, идеясы, грамматикалық заңдылықтары, шешімі, ортақ жетістіктеріміз. Бірақ, дәрісханадағы шәкірттердің деңгейі әр түрлі. Соған орай үш деңгейге бөлініп, тапсырма соған лайықталып берілеледі. Мүлде сөз түсінбейтін, қазақ тілін оқымаған, әріп танымайтын шәкірттер – І топ, әліпбиді біледі, бірақ сауатты жаза алмайды, сөзді оқиды, бірақ жеткізе алмайтын шәкірттер – ІІ топ, қазақша жақсы оқып,түсінеті, ойын еркін айта алатын шәкірттер –ІІІ топ болып бөлінеді. Деңгейіне қарай әркім өз түсінігін ортаға салады. Онда тілді түсінбей отырғандар, шығарманың мазмұнын терең түсінген тыңдаушының айтқаны арқылы сұрақтар қойып, жақсы түсінеді, ортақ талқылауға қатысады. Пікірлеседі, ой қорытады, тіл дамытады. Ең бастысы, сол күнгі грамматикалық заңдылықтарға талдау жасала отырып, ұмытылмай есте ұстауға мүмкіндік аламыз. Сондықтан тыңдаушылар қазақ тілін меңгеруі барысында тілдің құрылымдық-жүйелік заңдылықтарын ғана емес, тілдің өн бойында маржандай тұнып тұрған қазақтың ұлттық мәдениетін де сіңіре алатын болады. Әр сабақта ұлттық дәстүр, рухани құндылықтар, бабаларымыздың есімдері мен қалдырған мұралары қамтылса, насихатталса,дәріптелсе берген білім де сапалы болады. Бұл әсіресе,таза қытай мектебін бітіріп келген тыңдаушылар үшін тиімді . Қазақ тілін өзгетілді дәрісханада оқытудың ең тиімді жолы – тілдік қатынас заңдылықтарын қолдану екендігін қазақ тілін оқыту әдістемесінде алғаш рет зерттеп, дәлелдеген профессор Ф.Ш.Оразбаева екені белгілі. Ғалым қатысым әдісін басшылыққа ала отырып, сөйлесім әрекетінің оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, тілдесім компоненттерін бір мақсатқа жұмылдыра дамыту арқылы ғана тілді үйренушінің саналы білім алып, сапалы әрекет етуіне мүмкіндік туатынын негіздеді.

Дайындық кафедрасында жыл басында мамандыққа бөліп, топ-топқа бөлу барысында, таза қытай мектебінен келген тыңдаушылар таңдау пәндеріне ағылшын пәнін таңдайды. Ол пән бұл кафедрада болмағандықтан, олар әдебиет топтарына, яғни гуманитарлық бөлімге қосылады. Бұл топта өнерді, спортты таңдаған жастар да қосылады. Міне, осы топтарды «мемлекеттік тілді игеру» пәні ретінде төртінші пәнді сауаттылықты жетілдіруге, грамматикалық минимумдарды игеруге, сөздік қорларын молайтуға жұмыс жасау керек. Қазақ тілі пәні – оқу бағдарламасын игеріп, тестке дайындалуға арналып, ал мемлекеттік тілді игеруде тілдік олқылықтарды жетілдіруге мол мүмкіндіктер туғызған болар еді.

Мемлкеттік тілді меңгерту – біздің басты міндетіміз. Оны игертуде, өзімізге ыңғайлы, төте жолды таба білуіміз керек. «Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» деген сөз бар, талап күшті болса, игерілмейтін білім жоқ. Қытайша болсын, ұйғырша болсын, орысша болсын түсінгенін өз бетінше шимайлай берген болса, кешегі А.Байтұрсынұлының «Қазақ» газетін ашқандағы алғысөзінде айтылған мәселе қанша ғасыр өтсе де өзгермес. Өзі аз қазақ бір-бірімізді түсінбей отырғанымыз намысқа тиер ұят нәрсе. Бұл – ұлттық мәселе. Тіл – ұлттың жаны.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан жол –2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014ж.



2. Тұрғанбаев Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. –Алматы, 2000
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет