Әдісі: Тарихи -әдеби монтаж,сахналық көрініс Көрнекілігі



Дата26.06.2018
өлшемі1,29 Mb.
#44305
Ерте сөнген жас ғұмыр

Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол- тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне халықаралық қоғамдастыққа абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз.

Н.Ә.Назарбаев
Желтоқсанның ызғыранда жастық жалындарын жалау еткен жастардың арқасында, ғасыр бойғы ата-бабаларымыздың ақ арманы орындалып, еліміз тәуелсіздік алды, егеменді ел атанып, өркениеттіліктің көшіне ілесті. Тәуелсіздігіміздің көк байрағының желбірегеніне, міне, 25 жыл толды. Тәуелсіздік қасиетті де, киелі ұғым. Тәуелсіздік- еліміздің гүлденуіне, өркендеуіне жол ашты. Әсіресе, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы тәуелсіздігіміздің бастауы десе де болады. Бұл оқиғада Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова секілді ұл-қыздарымыз осы күнге қол жеткізу үшін ерлік көрсетті. Сол жастарымыздың есімін халқы ардақ тұтады.
Мақсаты:1. Елінің егемендігі жолында халқы үшін өмірін құрбан еткен желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков туралы білу.

2.Халық тарихына оқушылардың қызығушылығын ояту, патриоттық сезімді қалыптастыру.

3.Есімі ел жүрегінде сақталатын ардақты ұл-қыздарға деген құрмет сезімдерін туғызу, туған жерге, елге сүйіспеншіліктерін арттыру.

Әдісі: Тарихи -әдеби монтаж,сахналық көрініс

Көрнекілігі:нақыл сөздер,газет қиындыларын жынақталған мақалалар, бүктемелер, Қ.Рысқулбековтың суреті, бейнетаспа.

Жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
ІІІ.Қайрат Рысқұлбековтың өмірбаяны.
ІV. Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдері.
V. Сұраныс хат.
VI.Қорытынды.
Гимн орындалады.
Әлқиса,сөздің басы

1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкіл әлемді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.Совет өкіметі тұсында бұрын соңды кездеспеген құбылыс.

Алматыда демонстрация,Брежнев алаңында қаптаған жұрт, көшеде сап түзеп бара жатқан жастар деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты.

Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды. Демонстрация,алды-артымызды бағамдағанша,ес жиып,ой қортқанша болмай алаусыз басылды. Артынша бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерінің іс-қимылымен салыстырылып, желтоқсан қаһармандары қазақ декабристері аталып бірден-бірге айбыны асқақтай түсті. Жалын атқан жастар арандап қалды-ау деп жан ашырлық ниет-пиіл білдіргендер болмай қалған жоқ. Бірақ ол сөздер ашық айтылмай аузы күйген үрлеп ішетіннің кебі келіп,жасырын үрке қарап біржар адамдардың басы қосылып, шүйіркелескенде, сыр шертіскенде ғана айтылып жүрді.Жалпы үрей қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде еді.Сонымен әлқисса,дүниені дүрліктірген не болып еді.

“Қасқалдақ” әні.

Пленумда.
Аяқ астынан пленум болатындығы туралы хабар, сыбыс тез тарады. Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің сол 5-ші пленумы 1986 жылғы 16 желтоқсанда өтетін ұйымдық мәселе қарайтын күн жетті.

Пленум Д.А.Қонаев жолдасты пенсияға шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына шеттен әкелінген Г.В.Колбин сайланды. Ол бұған дейін Грузияда, Уралскіде бірінші хатшылық атқарған деп таныстырылды. Ескі тәртіп ынсыз-шынсыз қалыптасқан әдіс бойынша ешкім ой-пікір білдірмей-ақ,

талап тілек лебізін айтпай-ақ жоғарыдан шешіліп келісім қойған ұсыныс самсаған қол көтерумен бірауыздан қабылдады, кеткен уақыт небәрі 18-ақ минут екен.
Алаңда.

Қорыққанға қос көрінеді-ау шамасы.

17-желтоқсанда таңғы сағат 8 00 –де бұрынғы Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара-бара қаралары көбейді. Бұл туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне сағат 9-9.30 шамасында хабарланды. Көп кешікпей алаңға қарауыл күштер әкелінді. Астанаға кірер жолдардың бәрі дереу жабылды. Шеруге жиналғандардың саны бірте-бірте арта түсті де, түс қайта 5000 –ға дейін жеткен. 11.30-дан 14.00- ге дейін Орталық Комитеттің кейбір бюро мүшелерінің алаңдағы жастар арасына шығып, қызу айтыс болды.Бірақ мәмлеге келе алмады. Теңіздей толқыған алаң үстінде әлі тәртіп сақталып, қақтығыс басталмаған шақ сағат 1800-ге жетті, түн шымылдығы түсіп айналаны қар түнек басты. Шынында жастар басына қара түнек төнді. Сол кезден бастап қуу, тарату қимылы басталды. Ондай шеруге Г.В.Колбин , Мирошкин, В.М.Мирошник, Г.Князев ақылдасып отырып кеклген шешімді Орталық мақұлдады.

Иә, сонымен, Брежнев алаңы қара-құрым адамға лық толды.Сәтпаев, Фурмонов атындағы көшелері алаңға қарай толқын-толқын болып ағылып жатқан қазақ жастары. Олар студент қыздар мен жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар. Айнала ығы-жығы, араның ұясындай гуілдеген қызу қанды жас ұландар. Қолдарында транспоранттар: “Ленин идеясы жасасын!” , “ Советтік Қазақстан жасасын!”, “Біз қазақ ежелден аңсаған Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз” .Бейбіт демонстрацияға шыққандардың арасында сөзін ақын Ж.Нәжімеденов әуенін, композитор Ш.Қалдаяқов жазған “Менің Қазақстаным” әнінің тексті таратылды. Әр тұста шылқалған бұл ән алаңдағылардың рухын көтерді.

Сондай-ақ 8 қаладан мұздай қаруланған армия және ішкі әскер бөлімшелерінен лек-легімен қарулы күштер әкелінді. Олар Новосибирск және Ташкент қалаларынан да шұғыл жеткізілді. Кешкі сағат 600-да Фурмонов көшесімен қос-қостан сап түзеп өткен бронетранспортерларға мінген олар алаңға шоғырланды. Танктер де келтірілді. 15 БТР тұрды. Самсаған қарулы қол бейбіт талап қойған жанкешті жандарға суық ызғарын төгіп қауіп төндірді. Сөйтіп алаңға саны 50 мың әскер 20мың милиция адамдары 16 мыңдай жасақшылар шоғырланды. Ал, демонстранттардың қатары 10 мыңға жуық. Сонда да міз бақпайды, қасқайып қайрат сақтап, талаптарын қоюда.
1.Бұдан басқа әкімшілк жолмен 707 адам жазаланып, 1400 адамға тәртіп қорғау органдары тарапынан қатаң шара қолданылды. Ал, 99 адам сотталды. Оның екеуі ату жазасына кесілді. Ең жоғары жазаға іліккендердің бірі Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков еді.

2.1966 жылы 13 наурызда дүниеге Қайрат деген есімді ұл бала келді. Шопан таяғын ұстаған барлық қазақтың тағдыры қандай ұқсас болған десеңші. Үйдің үлкені Есентайдан бастап Гүлнар, Қайрат, Талғат-бәрі Новотроицск селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыды.

3.Әкесі- Ноғайбай орталау білім бар, мал маманы, бақташы. Шешесі- Дәметкен сауыншы болатын. Шеттей бала-шағаны асырап бағу үшін үнемі қырда жүрді. Қолдың қысқалығы әсер етті ме, Қайраттан басқа ұл-қыздары ауылдан ұзап шыға алмады.

4.Үйдегі үшінші бала Қайраттың ширақтығы, сезгіштігі, бауырмалдық қасиеттінің молдығы аға-әкесіне де, інілеріне де жұғымды, сыйлы бала болуына жол ашты.

5.Ата-анасынан алыс жүріп, үй шуағын жиі сағынатын интернаттағы баланың “ошақ-үйдің жүрегі, бұлақ-ауыл жүрегі” деп ақ қағазға нақыл сөз түсіруі, оның көп нәрсені көңіліне түйе білетін зерек бала болғанын аңғартады.

6.Үйдің үлкені Есентай- электрик, Одан кейінгі Гүлнар-сауда саласынада, Талғат-кооператив қызметкері, Ришат құрылыста қалды. Ал, ең кішілері-Меруерт пен Алтай мектепте болды.

7.Мектептегі сол кездегі дәстүр бойынша тәуір оқитындарды қоғамдық жұмысқа жиі тартатын. Қайрат та бастаушы комсомол ұйымының хатшысы ретінде қабырға газетін шығарысып, өлең жазып, әр түрлі кештерді ұйымдастырудың бел ортасында жүрді.

8. “Мен оқуға барамын” –дейді әскерден оралған Қайрат, “Өзің біл,қарағым” –дедік біз. Оқимын деп ұмтылып тұрған баланы қалай бетінен қағайық. Ақ батамды беріп, шығарып салдық. 1986 жылы еді. Алматыға кетті! Бір күні “Сәулет-құрылыс институтына түстім” деген қуанышты хатын алдық.

Әттең, не керек...

“Желтоқсан желі” әні

Қарусыз шықтың алаңға

Алыстан әскер алдырып

Қырып салды-ау табанда

Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдық мынау заманға

Шовинизм еді ғой

Басты себеп жанжалға
Барлай да беріп қайтадан

Титыққа орыс жетпесін

Туған жердің намысы

Бөтен қолда қалмасын

Абай туған жерінде

Бомбасын атом жармасын

Құлпы тасты қиратып

Өлігіңді қазбасын

Өз ұлтының басшысын

Орынынан сүйреп алмасын

Үміт еткен Мәскеуден

Қарадай көңіл қалмасын


Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген.

Құшақ жая таныстым сан тіліменен

Жаман үйді қонағы билейді деп

Қала жаздап айрылып өз тілімнен

Өзге тілге еліктеп ел болмайық

Қазағымның артық жоқ өз тілімнен.


Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып,

Екі жүзің сотталып

Жоқтаусыз кетіп барасың

Қатарым жусап қалғанда

Қыршынымнан қиылып

Солармен бірге өлсемші-ай!

Артта қалған ата-анам

Арулап қолдап көмсеші-ай!
Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар

Қартайғанда жүрегіңді жаралап

Кесір болд-ау біз секілді “Масылдар”

Айналайын ағалар мен жеңгелер

Сіздерге бұл өмірде кім тең келер?

Сүмірейіп сот алдында отырған

Бауырыңды енді кімдер ескерер?

Құпия шерттім осы жан сырымды

Хош енді,жолықпасақ, қайран ана

Көзімнен ақ жаулығың жасырынды.

Қайран анам,күзеткенің түгел ме,

Көктерек те жазықсыз екенімді біле ме?

Бейшараңды мазақ етіп,жоқ әлде

Соған дағы елің –жұртың күле ме.
Айналайын қарындасым қарағым

Қолда кісен мен айдауда барамын

Қайғы жұтып ,азап тартқан ағаңды

Айтшы жаным,қандай жанға баладың?

Айналайын інішегім құлыным

Сені ойласам,үзіледі жұлыным

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай

Кетіп барам мен айдауда құлыным.


Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең,алыңдар!

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

“Еркек тоқты құрбандық”

Атам десең, атыңдар.
Осындай азаматты қалай көзі қиып өлтіртті екен.Не деген зұлымдық, жауыздық десеңізші.Қандай қанішердің ісі екен.
Мәрмәр тасқа Қайраттың бейнесі салынған екен.Астына

“Қайрат Рысқұлбеков.

13.03.1966ж-21.05.1987жылы әкімшілік әміршілік жүйеге қарсы күрестің құрбаны,желтоқсан 1986ж.”-деп жазылған.

Тақта тастағы оның мынадай өлең жолдары еріксіз назар аударатын болды


Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты-құрбандық

Атам десең атыңдар...

Қайрат”.
«Желтоқсан оқиғасы» жайлы бейнематериал.

Желтоқсан құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын.

ҮНСІЗДІК

“Қазағым менің”әні.

Қорытынды

Желтоқсан құрбандарына арналған монумент

Еркіндікке,тәуелсіздікке,егемендікке қол жеткізудің басты ұйтқысы болған желтоқсан жастарының өмірі бізге әрқашан үлгі-өнеге болмақ,олардың ой-арманын біздер,жас ұрпақ іске асыруға тиіспіз.
Пайданылған әдебиеттер

Қ.Рысқұлбеков “Еменнің иір бұтағы” өлеңдер жинағы, “Жалын” 1992.



“Егемен Қазақстан” газеті, 2001.

“Кербұлақ жұлдызы” газеті. 2000.
Каталог: uploads -> doc -> 122e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
122e -> Сабақ Тақырыбы: Әр кезеңдегі сәулет өнері. Сәулет стилі. Өткізген : Н. Е есқайырова 2015-2016 оқу жылы Сыныбы: 4 сынып Пәні: Бейнелеу өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет