Электронды тірек дабылдарын оқу процесінде қолдану тиімділігі



Дата04.06.2017
өлшемі41.56 Kb.
ЭЛЕКТРОНДЫ ТІРЕК ДАБЫЛДАРЫН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Ержанова А.Н., Дуйсегалиева А.Д., Урдабаева Г.Ж.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қазақстан

Urdabaeva_gulya@mail.ru


Қазіргі заманда қоғамның басты талабы – кәсіби білікті мамандар. Мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары. Кез келген жоғары оқу орнының басты мақсаты – білікті мамандарды даярлап шығару. Осы мақсатқа жету жолында мамандарды даярлау процесінде әр түрлі әдістер қолданылады. Сондай әдістердің бірі – оқу процесінде электронды тірек дабылдарын қолдану әдісі.

Қазіргі кезде оқыту формасының кредиттік жүйеге ауысуына байланысты пәнді оқытуға бөлінген аудиториялық сағаттар саны қысқартылған, ал білім беру стандарты бойынша меңгеруге тиісті тақырыптар тізбегі өзгеріссіз қалды. Студенттің меңгеруге тиісті ақпарат көлемі өте үлкен. Берілген материалдарды меңгеруді есте сақтауды жоғарылату үшін тірек дабылдарын қолдануға болады. Пәнді оқыту кезінде тірек дабылдарын қолдану көптеген қажетті мәліметтерді тез есте сақтауға және қажет жағдайда еске түсіруге мүмкіндік береді. Пәнді меңгерту кезінде тірек дабылдарын, яғни графикалық бейнелерді, кілттік сөздерді, белгілерді қолдану өте ыңғайлы. Себебі, визуальді көрген кезде немесе кілттік сөздерді қолданған кезде бірден еске сақтап қалуға болады. Осы жоғарыда келтіріліп кеткен жағдайларды ескере отырып, пәнді меңгерту кезінде тірек дабылдарын қолдану өте ыңғайлы [1,2].

Тірек дабылы – бұл схема емес, бұл парақта ерекше үлгіде орналасқан ойлау қабілеті үшін тірек болатын кілттік сөздер, белгілер және басқа сигналдар. Ол бір-бірімен өзара байланысқан элементтерден тұратын графикалық схема түрінде беріледі. Тиімді схема студенттер бір сәтте қабылдай алатын шектеулі ақпарат көлемін қамту қажет. Схема материалдарды есте сақтауды, қайталауды, білімдерді құрылымдауды және еселеуді жеңілдетеді. Студенттер тірек конспектілерін үйде ынтамен қайталайды.

Тірек конспектісі – бұл құрылымдық байланысы бар және өзара байланысқан элементтердің түсініктер, мәндер жүйесін алмастыратын көрнекі конструкция түрінде болатын тірек дабылдарының жүйесі. Тірек конспектісі нақты және ұғымды түсініктемені қажет етеді. Ол бір-бірімен өзара байланысқан элементтерден тұратын графикалық схема түрінде беріледі.

Тірек схемалары немесе жай тіректер – бұл түсіндіру сәтінде студенттердің көзінше пайда болатын қорытындылар және олар кестелер, сурет, сызба, карточка түрінде көркемделеді. Тірек схемалары сабақ барысында жарда плакат ретінде ілулі тұрмай, міндетті түрде сабақ үстіндегі жұмысқа қосылулары қажет. Қазіргі кезде оқытудың бірден-бір құралы болып интерактивті тақта саналады. Тірек дабылдарын интерактивті тақта файлы түрінде сақтап, сабақ барысында қолдануға болады. Тіректер қайталауды жеңілдетеді, ал қайталау тіректерді бекітеді.

Тірек дабылдарын қолдану қабылданатын мәліметтерді кілттік сөздермен, графиктік схемалармен, күнделікті өмірдегі заттардың бейнелерімен ассоциациялау және эмоцианалды қабылдау арқылы өте тез және оңай есте сақтауға мүмкіндік береді. Осы тірек схемаларының интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалана отырып дайындалуы студентке дәрістің электронды нұсқасын өзіне алуына, қажетінше қолдануына жағдай жасайды. Яғни ол схемаларды бір қайталау және керегінде сілтемелерді қолдану арқылы дәрістің барлық мәліметін бір сәтте есіне түсіре алады.

Тірек дабылдарын қолдану тиімділігі. Қарқынды ақпараттандыру кезеңінде студенттерге материалдарды есте сақтауда, қайталауда, білімдерді құрылымдауда және еселеуде көмек көрсету. Студенттердің тірек дабылдары арқылы құрылған конспектілерін үйде ынтамен қайталау арқылы материалдарды меңгеру деңгейін жоғарылату.

Әдістің негізгі міндеттері:



  • студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және оқыту процесін жандандыру;

  • оқыту барысында меңгерілетін материал көлемін жүйелі түрде үлкейту;

  • студенттің сабаққа дайындалу процесін жеңілдету және тездету;

  • оқу процесінде фронтальді жұмыстан оқытудың топтық және индивидуальді әдістеріне көшу, өзіндік жұмыстардың жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер. Оқу процесінде электронды тірек дабылдарын қолдану әдісін пайдаланып оқыту нәтижесінде пәнді меңгергеннен кейін студент:

  1. Электронды тірек схемаларындағы негізгі түсініктерді, олардың мағынасын және өзара байланыстарын есте сақтауға және қажет жағдайда (әсіресе емтиханда) тез еске түсіре алуы тиіс.

  2. Тірек схемасына сүйене отырып сол тақырыпқа қатысты тірек дабыларын шапшаң атайтын деңгейге жетуі қажет.

  3. Аралық және қорытынды бақылау түрлерін тапсыру кезінде тірек дабылдарын еске түсіре отырып тек өзінің визуальді есте сақтау қабілетіне және шығармашылық ойлау қабілетіне сүйенуге қалыптасуы қажет.

  4. Пәнге қатысты материалды толық әрі жүйелі түрде меңгеруі тиіс.

Тірек дабылдары әдісі және дидактикалық материал оқу процесінде фронтальді жұмыстан оқытудың топтық және индивидуальді әдістеріне көшу өзіндік жұмыстардың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Негізі, тірек дабылдарын қолдану пән материалдарын меңгерту үшін тиімді әдістердің бірі. Әсіресе, үлкен лектік дәріс аудиторияларында ауқымды дәріс материалын студенттердің есінде қалатындай етіп аз уақыт көлемінде беруге, кейін сол тақырыпты бекіту үшін берілген тірек дабылдарын қолданып, өткен материалдарды еске түсіруге мүмкіндік береді. Бұл әдіс тек пән ішінде ғана емес, сонымен қатар өзара байланысты пәндерді оқыту кезінде де орындалады. Яғни, тірек дабылдарын қолданылып оқытылған пәннің постреквизиті болатын пәнді оқыту кезінде алдыңғы пәнде қолданылған қандай да бір сигнал арқылы қажет уақытта қажет материалды тез еске түсіруге болады.



Тірек дабылдарын кафедра пәндерін оқыту кезінде пайдалану студенттердің пәндер бойынша аралық бақылау түрлерін, қорытынды бақылауды (емтихан) тапсыру кезіндегі көрсеткіштерін айтарлықтай жоғарылатты, себебі, студент үшін тірек дабылы үлкен көмекші құрал болып табылады.
Әдебиеттер

  1. Шаталов В.Ф., Соцветие талантов. Часть 1, М., ГУП ЦРП «Москва – Санкт-Петербург», 2001 г., с. 48-49.

  2. Сластенин В. А. и др. Педагогика: Уч.пособие для студ. ВУЗов. 4-е изд., стереотип. М.: Издательский центр «Академия», 2005. С. 342.

Каталог: sites -> default -> files -> conf
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
conf -> Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін интеллектуалдық үрдіс
conf -> Математиканы оқытуда интербелсенді әдістемесінің Қолданылуы
conf -> Информатиканы оқытуда білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын интеграциялау әдістемесі
conf -> Білім алушылардың танымдылық белсенділігін электрондық ОҚулықтарды пайдалану арқылы арттыру
conf -> Математикалық пәндерді оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану 1
conf -> Co-teaching alesson in chemistry-nis aktobe рсымбетова А. У., Catalina Roncancio


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет