Әлеуметтік -психологиялық жоба мақсаты



Дата13.12.2016
өлшемі35.14 Kb.
  • МАҚСАТЫ
  • Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқталып, оған заман талабына сай көмек көрсету, құқығын қорғау, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтік ортаға бейімделу жұмыстарын жандандыру.
  • Негізгі міндеттері:
  • Оқушының денсаулық жағдайын диагностикалау арқылы, физикалық тұрғыда түзету және профилактикалық жұмыстар жүргізу;
  • Оқушылардың психикалық тұрақтылығын және танымдық процессін қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыға психологиялық қиындықтардан алшақтауға қол ұшын беру.
  • Әр тұлғаның психологиялық-педагогикалық жағдайының ерекшелігін, микро ортасын, өмір сүру жағдайын, өмірге қызығушылығын, жеке әлеуметтік жағдайларын зерттеу, анықтау.
  • Психодиагностика жүргізу кезеңдері:
  • І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат
  • Жалпы өзі жайлы толығырақ ақпарат алу;
  • Мектепке ауысу себебін білу;
  • Отбасымен, достарымен қарым-қатынасын білу;
  • ІІ. Оқушының танымдық қабілеттерін анықтау;
  • Ойлау қабілетін анықтау;
  • Көру, есту, есте сақтау қабілеттерін анықтау;
  • Зейін тұрақтылығы;
  • Қабылдауы;
  • ІІІ. Психологиялық қасиеттерін анықтау;
  • Темпераменті
  • Өзін-өзі бағалауы
  • ІV. Жаңа мектепте өзін сезінуі;
  • Сауалнама жүргізу;
  • Әңгіме сұрақтары
  • Жауап үлгісі
  • Балл
  • 1
  • Осы мектепте оқығың келе ме?
  • А – барғым келеді
  • Б – білмеймін, баратын шығармын
  • В – барғым келмейді
  • 2
  • 1
  • 0
  • 2
  • Не себепті?
  • А – сабаққа, оқуға қызығушылық (оқығым, жазғым сауатты болғым, көп білгім, жаңалық білгім келеді)
  • Б – сыртқы мектептің элементтеріне (жаңа форма, оқулық, сумка т.б.)
  • В – сабақтан тыс қызығушылық: (балабақшада ұнамайды, мектепте ұйықтамайды, барлық балалар мектепке барады)
  •  
  • 3
  • Сен мектепке дайындаласың ба? (сені мектепке дайындай ма?)
  • А – санау, оқу, жазу дағдыларын меңгеру (мамаммен әріп жаттаймын, есеп шығарамын)
  • Б – оқу құралдарын (формаларын дайындау)
  • В – мектепке қатыссыз білімдер
  •  
  • 4
  • Саған мектепте ұнай ма? Саған ең ұнайтыны (ұнамайтыны) не?
  • А- сабақ, мектепте оқу, мектепке дейіңгі өмірге қатыссыз
  • Б – мектепте байланыссыз сабақтан тыс шаралар (үзіліс, бос уақыт, жеке мұғалім, мектеп сырты)
  • В - өнер – денешынықтыру бағыты, мектепке дейіңгі кезеңде бала үшін таныс бөліктер
  •  
  • 5
  • Егер сен мектепке бармасаң,үйде немен айналысар едің ?
  • А – оқу тәріздес сабақтар (әріп жазу, оқу)
  • Б – мектепке дейіңгі жүмыс (сурет салу, құрастыру)
  • В – Мектепке қатыссыз жұмыс (ойын, қыдыру, үйге көмектесу,
  •  
  • Абеуова Мәншүк
  • І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді
  • Мектептен ауысу себептері жайлы;
  • Отбасы жайлы, отбасымен қарым-қатынасы;
  • «Отбасылық социограмма» әдістемесі.
  • ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:
  • Ойлау қабілеті – төмен деңгей
  • Есте сақтауы – орта деңгей
  • Зейіні – тұрақсыз
  • Темпераменті меланхолик.
  • Өзін өзі бағалауы төмен.
  • Сауалнамасының қорытындысы бойынша:
  • 8 – 5 - баланың мектеп өмірінің сыртқы көріністеріне қызығушылығының
  • көрсеткіші (баланың ішкі көзқарасының қалыптасуының бастапқы кезеңі)
  • Аталған мектепте оқыған ұнайды, сабаққа жақсы көңіл күймен келеді, үй тапсырмаларын ауыр сезінеді, олардың болғанын қаламайды, достарына жиі айтып тұрады. Ата анасымен мектеп жайында сырласпайды. Сынып жетекшісіне деген көзқарасы жақсы. Сыныбына бірқалыпты бейімделуде.
  •  
  • Базарай Рақымжан
  • І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді
  • Мектептен ауысу себептері жайлы;
  • Отбасы жайлы, отбасымен қарым-қатынасы;
  • Анасы баласына көп көңіл бөлмейді. Баласы анасының қамқорлығына мұқтаж.
  • ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:
  • Ойлау қабілеті – қалыпты деңгей
  • 2. Есте сақтауы – жоғары деңгей.
  • 3. Зейіні – тұрақты.
  • Темпераменті меланхолик.
  • «Мектептегі сезім» сауалнамасының қорытындысы бойынша:
  • 4 – 0 – бала мектепке қызығушылық танытпайды (ішкі көзқарас қалыптаспаған) .
  • Аталған мектепте оқыған ұнайды, сабаққа әр-түрлі көңіл күймен келеді, үй тапсырмалары болмағанын қалайды, мектеп туралы ата-аналарына, достарына жиі айтып тұрады. Сынып жетекшісіне деген көзқарасы жақсы, сыныпта достары аз. Сыныбына тез бейімделуде. Орыс тілі математика пәндерін ұнатпайды.
  • Агрессия түрін анықтауда физикалық агрессия байқалды.
  • Шарахметова Диана
  • І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді
  • Мектептен ауысу себептері жайлы;
  • Отбасылық жағдайларға байланысты. Жатақханада жатып оқиды. №25 мектептен ауысып келген.
  • ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:
  • 1.Ойлау қабілеті – орта деңгей
  • Есте сақтауы – жоғары деңгей.
  • Зейіні – тұрақсыз.
  • Темпераменті – холерик
  • Өзін-өзі бағалау – орта деңгей
  • «Мектептегі сезім» сауалнамасының қорытындысы бойынша: Аталған мектепте оқыған ұнайды, сабаққа жақсы көңіл күймен келеді, үй тапсырмаларына көңілі толады, мектеп туралы ата-аналарына, достарына жиі айтып тұрады. Сынып жетекшісіне деген көзқарасы жақсы, сыныпта достары көп. Өз сыныптастарына сыйластықпен қарым-қатынас жасайды.
  • Жексембеков Әбілқас
  • І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді
  • Мектептен ауысу себептері жайлы;
  • Отбасылық жағдайларға байланысты.
  • Анасы шектен тыс қамқорлық жасайды, қары қатынасы
  • шектентыс.
  • ІІ. Оқушының психологиялық қабілеттері:
  • 1.Ойлау қабілеті – орта деңгей
  • Есте сақтауы – орта деңгей.
  • Зейіні – тұрақты.
  • Темпераменті – флегматик
  • Өзін-өзі бағалауы – төменгі деңгей
  • «Мектептегі сезім» сауалнамасының қорытындысы бойынша: Аталған мектепте оқыған ұнайды, сабаққа жақсы көңіл күймен келеді, үй тапсырмаларына көңілі толады, мектеп туралы ата-аналарына, достарына жиі айтып тұрады. Сынып жетекшісіне деген көзқарасы жақсы, сыныпта достары көп. Өз сыныптастарына сыйластықпен қарым-қатынас жасайды. Сыныбына тез бейімделуде.
  • Маралов Темірлан
  • І. Оқушымен жеке әңгіме-сұхбат өткізілді
  • Мектептен ауысу себептері жайлы; отбасылық жағдайларға байланысты.
  • Отбасы жайлы, отбасымен қарым-қатынасы;
  • Отбасымен қарым-қатынасы жақсы
  •  
  •  
  • Ойлау қабілеті –орта деңгей
  • Есте сақтауы – орта деңгей.
  • Зейіні – тұрақсыз.
  • Темпераменті – флегматик
  • Өзін-өзі бағалауы – төмен деңгей
  • «Мектептегі сезім» сауалнамасының қорытындысы бойынша: Аталған мектепте оқыған ұнайды, сабаққа жақсы көңіл күймен келеді, үй тапсырмалары болмағанын қалайды, мектеп туралы ата-аналарына, достарына жиі айтып тұрады. Сынып жетекшісіне деген көзқарасы жақсы, сыныпта достары көп, өз сыныптастарына сыйластықпен қарым-қатынас жасайды. Сыныбына тез бейімделуде.
  • Абеуова Мәншүк
  • Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушы «қолөнер» және қуыршақтар» үйірмесіне қатыстырылды.
  • Жасаған бұйымдары мектеп жәрмеңкесінде көрмеге қойылды.
  • Ағылшын тілінен өткен «English holiday» конкурсына қатысты
  • «Өмір- өмір сүру үшін беріледі» атты оқушымен жеке әңгіме сұхбат. Қалалық « Кітаппен бірге өсеміз» атты ең үздік кітап белгісін жасау байқауында «Кітап менің досым» номинациясын жеңіп алды.
  • Базарай Рахымжан
  • Алдын-алу шараларын өкізу барысында «Иман адамгершілік кепілі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде оқушы өзінің ой-өрісін дамыту, өзара қатынасты сенім рухында тәрбиеленуі айқын көріне бастады.
  • «Проблемалық жағдайда өзін-өзі ұстау» тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізіліп, әңгіме барысында ойын терең жеткізе білді.
  • Бейімі бойынша «Жас техник» үйірмесіне қатыстырылды.
  • Жасалған бұйымдары мектеп жәрмеңкесінде көрмеге қойылды.
  • «Көңілді тапқырлар» сайысына қатыстырылды.
  • Жексембеков Әбілқас
  • «Проблемалық жағдайда өзін-өзі ұстау» тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізіліп, әңгіме барысында ойын терең жеткізе білді.
  • Өз бейімі бойынша «Хор» үйірмесіне қатыстырылды.
  • «Ел қорғаған-ер жігіт» ұландар күніне арналған сайысқа қатысты.
  • Шарахметова Диана
  • Өзі бейімі бойынша «Би» және «Экология» үйірмесіне қатыстырылды.
  • «Құмарлыққа бой алдыру зиянды дағды» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.
  • «Заңды білу-заман тадабы» сыныптар арасында дебатқа қатысты.
  • Мектепішілік «Қыз сыны» байқауында сыпайы биші қыз номинациясымен марапатталды.
  • Маралов Темірлан
  • «Проблемалық жағдайда өзін-өзі ұстау» тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізіліп, әңгіме барысында ойын терең жеткізе білді.
  • Өз бейімі бойынша «Хор» үйірмесіне қатыстырылды.
  • «Ел қорғаған-ер жігіт» ұландар күніне арналған сайысқа қатысты.
  • Базарай Рақымжанның агрессиясы жоғары. Сондықтан онымен психокоррекциялық әдістемелер өткізілді.
  • «Әлемде жоқ жануар немесе ол туралы әңгімелеу»
  • «Гарднердің ертегі терапиясы әдістемесі»
  • «Сенің отбасың жануарлар кейпінде»
  • «Тақырыпты апперцептивті тест»
  • Отбасындағы қарым қатынасты зерттеу үшін «Отбасылық социограмма» әдістемесі Эйдемиллер Э.Т.
  • Мысалы: «Отбасылық социограмманы» өткізуде нұсқаулығы: Сіздің алдыңызда шеңбер тұр, сол шеңберге өзіңді және отбасы мүшелерін кіші шеңбер түрінде сал.
  • Рақымжан аталған шеңбердің ішіне өзін салмаған. Тек анасын және інісін салған. Яғни бұл өзін отбасында дұрыс сезінбейтінін, тіпті өзін отбасы мүшесіне жатқызбайтынын көрсетеді.
  • Рақымжанмен:
  • «Эмоцияны тап»
  • «Мен және басқалар»
  • «Менің сезімдерімнің кітабы» атты психокоррекциялық жаттығулар өтілді.
  • Абеуова Мәншүк. Өзін өзі бағалауы төмен. «Ассоциативті эксперимент» әдістемесі өтілді. Оқушыға белгілі сөздер берілді. Сол сөздерді естігенде қандай сөз ойларына түседі. Соны атау керек болды. Оқушыда қорқыныш, үрейлілік байқалды. Сол қорқынышты жеңу үшін писхокоррекциялық жаттығулары өтіліп тұрады. «Мен бақытты баламын», «Мен арманыма жетемін», «Менің сезімімнің бағы».
  • Шарахметова Диана. «Мен кіммін?» жаттығуында оқушыда өсіп, ержеткісі келетіні байқалды. Оқушыны жасөспірімдік өмір шаршатады. Дианамен суреттік тренингтер өткізілді.
  • «Мен өзімді қандай деп санаймын?»
  • «Мені басқалар қалай көреді?»
  • «Мен қандай болғым келеді?»
  • Атты өзінің өмірде қандай тұлға етіп көретінін, және қандай болғысы келетіні, өмірде алға қойған мақсаттары арқылы өмірде өз орнын табу екені жете түсіне алды.
  • Жексембеков Әбілқас. Бұл оқушыда еркіндік жоқ, анасының пікірінен шыға алмайды. Онысын «Отбасылық социограммадан» көруге болады. Өзіндік көзқарасы жоқ, өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, біреудің жетегінде көп жүреді. Бұо оқушымен өзіндік менін танытатын психокоррекциялық жаттығулар жүргізілді. Атап атйсам, «Қиын жағдаят», «Мен пікірімді айтамын», «Егер де мен сен болсам» жаттығулары.
  •  
  • Маралов Темірлан. Бұл оқушы өмірде қиын жағдайға тап болған оқушы. Себебі біраз жылдан бері анасынан айырған еді. Бұл тақырып оған өту ауыр тиеді. Сондықтан бұл оқушымен арт терапия әдістемесі жүргізілді. Яғни, өзінің сезімін, эмоциясын сурет, бояулар арқылы жеткізіп отырды. «Арт терапияның» «Менің болашақ отбасым», «Менің отбасым гүлдер кейпінде» жаттығуларын орындау арқылы эмоционалдық жағдайын анықтайтын жаттығулары жүргізіліп отырды. Әр түрлі өмірлік оқиғаларға толы притчалар, видероликтер көрсетіледі.
  • Нәтижеге бағытталған келесі бір қадам-бақылау
  • Бейімделу процесінде оқушылардың эмоционалдық жағдайын үнемі бақылауда ұстау психологтың басты міндеті, жауапкершілігі. Сондықтан бұл қадамды жүзеге асыруда арт терапия әдісінің экспресс тест жаттығулары, суреттік әдістемелер жүргізіледі. Және мектеп педагогтарымен бірігіп айлық бақылау карталары толтырылып, жүргізіліп отырады.
  • Бұл картаның тиімділігі оқуда, тәрбие процесінде ауытқулар байқалатын болса, психокоррекциялық дамыту сабақтары жүргізіледі.
  • НӘТИЖЕ
  • Бұл қадамда мектепке алғашқы күннен келген оқушыны дезадаптациядан өту кезеңімен салыстырып, жасалған әлеуметтік психологиялық қызметтен салыстырмалы картинаны байқауымызға болады. Анықтап айта кететін болсам, мектепке еш қиындықсыз, нейтралды бейімделген оқушы әрине оқу процесінде де жетістіктерге жетеді. Яғни, жаңа заман талабына сай инновациялық технологияларды меңгере отырып, оқушы сапалы білім алады. Демек, бейімделу үрдісіне әлеуметтік психологиялық қолдау көрсетілген оқушының оқу сапасы да өз әсерін тигізері сөзсіз. Бұл қадамда жаңадан келген оқушылармен қайтадан қорытынды диагностика жұмыстарын жүргіземіз. Салыстырамыз. Сонымен мынадай қорытындыға келуге болады.
  • Абеуова Мәншүк
  • Мектепішілік және қалалық іс шараларға да белсене араласуда. Қалалық « Кітаппен бірге өсеміз» атты ең үздік кітап белгісін жасау байқауында «Кітап менің досым» номинациясын жеңіп алды, сонымен қатар мектепішілік ағылшын тілінен өткен апталықта белсенділік танытып көзге түсті. Ағылшын тілінде өлең жолдарын мәнерлеп айта білді. Қолөнер үйірмесіне қатысып табиғи материалдарды қолдану арқылы түрлі бейнелерді бейнелеуде өзін тағы бір қырынан таныта білді. Сөз шеберлігі алғашқы жылдарға қарағанда біршама жақсарды. Орыс және қазақ тілдерінде жетік сөйлейей біледі. Шығармашылық қабілетін қуыршақтар театрына қатысып сыныптың.
  • Базарай Рахымжан
  • Рахымжан Мектепішілік қоғамдық жұмысқа белсене араласады., алдын-алу шараларын өкізу барысында «Иман адамгершілік кепілі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде оқушы өзінің ой-өрісін дамыту, өзара қатынасты сенім рухында тәрбиеленуі айқын көріне бастады. Оқушымен «проблемалық жағдайда өзін-өзі ұстау» тақырыбында әңгіме сұхбат жүргізіліп, әңгіме барысында ойын терең жеткізе білді. Бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Рахымжан мектептегі «Жас техник» үйірмесіне қатыса отырып, үйірме жетекшісінің бағыты бойынша автокөліктер сызбасын жобалап, техниканың қуат көзімен жүретін түрлі автокөлік макеттерін дайындап, былтырғы оқу жылында қорғап шыққан болатын. Қазіргі уақытта да оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда, үйірме жетекшісі, тәрбиеші бірлесе отырып дамытуда
  • Жексембеков Әбілқас
  • Алдын алу шараларын жүргізу бойынша оқушымен жеке әңгіме-сұхбат жүргізіліп оқушының жеке қабілеті айқындалды. Әңгімесу барысында оқушының қандай салаға икемі бар екені анықтадық. Оқушы бос уақытын тиімді пайдалану барысында хор үйіресінің жетекшісі әбілқастың ән айтуға икемі бар екенін байқады. Қазіргі уақытта Әбілқас хор үйірмесіне қатысып, мектепішілік, қалалық хорға қатысуда. Сонымен қатар алдын алу шараларын өткізуде мектепте өткен ұлы хандарды бейнелеуде ханның образын сомдап, өзінің тағы бір қырын байқаты білді.
  • Шарахметова Диана
  • Оқушы алғашқы уақытта бейімделу барысында тұйық оқушылардың бірі болатын. Осы орайда жеке өзіндік психологиялық ерекшелігін ескеріп, икемі бар жаққа қарай баули білу біздің негізгі міндетіміз. Диана келе келе сыныптастарымен араласып, белсенді балалардың қатарына қосыла бастады. Мектеп ішінде кітапханада кітапханашының көмекшісі болып, оқушылардың қызығып оқитын кітаптарын тауып беріп, ол кітапдардың уақытында өткізілуіне бақылау жасап отырды. Алдын алу шараларын өткізу барсында адамгершілік, имандылық жайындағы тақырыптар бойынша дөңгелек үстел, әңгіме сұхбаттар жүргізілген. Осында іс шаралардың арқасында, ойын терең жеткізе білу қабілеті арта түсті. Осыдан осылай Диана мектепішілік дебаттарға қатысып, бірте бірте, мектеп белсенділерінің біріне айналды. Қазіргі уақытта мектепішілік балалар маслихатының депутаты. Сонымен қатар оқушы бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепішілік би үйірмесіне қатысып, өз өнерін де көрсетіп жүр.
  • Маралов Темірлан
  • Белсене қатысып, нәтижелер көрсетті сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары: қоғамдық-пайдалы еңбек, спорт және дене тәрбиесі, оқушылардың шығармашылығын дамыту, туризм туған өлкені зерттеуді дамыту. Алғашқы кезеңнен бастап оқушыға күнделікті бақылау жүргізіліп, оқушының сол ортаға бейімделіп, тіл табысып кетуі жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді. Оқушы келгенде мінезі тұйық, сыныпқа ене алмады. Алдын алу шараларына қатысты әр түрлі тақырыпты қамтитын шығармалар сайысы, дебат жарыстары оқушының ойлау, сөйлеу қабілетін дамыта бастады. Бос уақытын тиімді пайдалану үшін темірлан мектепішілік футбол командасының құрамына еніп, бірте бірте ортаға бейімделе бастады. Ден шынықтыру пәні жетекшілерінің демеуімен қазіргі уақытта спорттық басқа да қырын меңгерген. Қалалық волейбол біріншілігеіне қатысып жақсы көзге түскені үшін мектеп диреторының марапаттау қағазына да ие. Қазіргі уақытта оқушы сыныптастарымен жақсы тіл табысады.
  • Деңгейлік көрсеткіш
  • Ж-жақсы -5 балл О-орташа -4 балл Н-нашар -3 балл ЖБ-жоқ білінбейді -2 балл
  • Бұл алдын ала-алу шараларын өткізу арқылы бейімделу кезеңінде ең бастысы жаңадан келген баланың мектепте қиналмай, өздерін еркін сезініп тәрбиелі, табысты азамат болып қалыптасуы біз бірлесе жасаған жұмыстың нәтижесі деп санаймын.

Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет