Әож 372. 8: 378 Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі педагогикалық білім негізі



Дата28.06.2017
өлшемі91.25 Kb.
ӘОЖ 372.8:378

Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі педагогикалық білім негізі

Пошаев Д.Қ., Мұсақұлов Қ.

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан



Резюме

Встатье представлена теория методического знания и методической деятельности преподавателя специальных дисциплин

Summary

Get up a theory of methodological knowledge and methodical activity of the teacher of special disciplines
Оқу үдерісі-кәсіби білім беру мекемелерінде білімді ұйымдастырудың басты тетігі болғандықтан болашақ маманның шығармашылық және кәсіби жетілуі оқу үдерісінің оңтайлы, мазмұнды, тиімді басқарылуына тікелей байланысты болып табылады. Осыған байланысты бұрын гностикалық бағыт яғни, «білімдік» бағыт орын алған болса, қазіргі кезде іс-әрекеттік бағытқа көшу қажет болып отыр. Қазіргі оқытудың негізгі мақсаты барлық еңбек түрі, формасы бойынша белсенді іс-әрекет қабілетін қалыптастыру. Бұл, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару құралдары мазмұны мен құрылымына да байланысты. Білім - өзінің негізгі ағартушылық мақсатынан, оқушы тұлғасының дамуы мен оның танымдық іс-әрекетін басқару құралына айналуы керек. Бұл, өз кезегінде, болашақ маман, бүгінгі оқушы өзінің болашақ мамандығында білімді таза күйінде пайдаланудан гөрі, оның нақтылы практикалық жағдайларда қолдана білу қабілетінің болғанын қажет етеді деген сөз. Сол себепті, оқыту үдерісінде ең маңызды рөл оқытушыға беріледі, мұнда оның басты қызметі оқытатын пәнінің мазмұнын ашу емес, оқушылардың танымдық әрекеттерін басқару болып табылады. Осыған байланысты оқытушыға өзінің күнделікті педагогикалық әрекеті барысында төмендегі: өз пәнін оқытуда ыңғайластырылған нәтижеге жету; оқушылардың белсенді оқу әрекеттерін жетілдіру; пәнді оқуға қызығушылықты арттыру; оқытылып жатқан мазмұнды оқушылардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына бағыттау; оқыту құралдарын, формаларын және әдістерін таңдауды дидактикалық және психологиялық тұрғыдан негіздеу міндеттерін шешу қажет болады. Аталынған мәселелер, кәсіптік оқыту мекемелерінде арнайы пәндерді оқыту әдістемесінде бірқатар шешімін табатын мәселе ретінде ашық қалып келеді.

Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі кәсіптік білім беру мекемелеріне педагогтар даярлаудың маңызды компоненті болып табылады. Әдістемелік білім оқытушылар мен өндіріс шеберлерінің кәсіби әрекеттерін қамтамасыз ете отырып, осы әрекеттердің әдістері, тәсілдерімен тығыз байланыста педагогикалық шығармашылығын қалыптастырады. Қандай педагог болмасын өзінің оқушыларының сүйіспеншілігіне бөлену үшін өз пәнін жете меңгеруі тиіс. Дегенмен, жоғары оқу орны барлық мамандықтарға байланысты білімдер жүйесін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтанда оқытылатын пәндер бойынша, жаңа білімдерді қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын әдістемелік білімдер қажет болады. Мәселенің мәнісі, кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу жоспарына ендірілген барлық оқытылатын арнайы пәндердің мазмұнын меңгеруде жатыр. Көптеген жағдайда аталынған мекемеге өз пәнін жете меңгерген, жоғары санатты мамандар келеді, десекте, олардың оқушылардың сабақта жұмыс істете алуын ұйымдастыра алулары екіталай. Өйткені, оқыту үдерісін ұйымдастыру тек өз пәніңді ғана жақсы білу ғана емес, сонымен қатар, оқыту үдерісінің заңдылықтарын, оқушылардың оқу әрекетінің психологиясында жетік білу қажет болады. Өз пәнің бойынша біліміңді оқыту үдерісін білумен байланыстыру жайдан-жай бола бермейтін құбылыс. Көптеген жақсы инженерлер, өндіріс шеберлері кәсіптік білім беру мекемелерінен, пән бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыра алмағандықтан кетіп жатады. Сондықтан арнайы пәндерді оқыту әдістемесі жөніндегі теориялық білімдерді алға тартуда, педагог жұмысының нысанын, пәнін, ұғымдық-терминологиялық аппараттарын, оның практикалық әрекеттерін зерделеу әдістерін білу қажет.

Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің нысаны болып, оқыту мекемесіндегі нақтылы пән бойынша оқыту үдерісін айтамыз. Мысалы, әңгіме электротехника жайлы болса, онда әдістемелік таным нысаны болып электротехниканы оқыту, яғни пәнді оқыту мақсаты, бағдарлама мазмұны, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру формалары мен әдістері болып табылады. Сонымен қатар, оқыту үдерісі – кәсіптік оқыту педагогикасын зерделеу болып саналады. Әдістеме мен педагогиканың танымдық нысанының жалпылылығы әдістемелік және педагогикалық білімдердің табиғаттарының бірдейлігін сипаттайды. Дегенмен, олардың арасында айырмашылықтар табылады. Оқыту әдістемесі мен педагогиканың айырмашылығын пән оқытушысы әрекеті мен педагог-әдіскердің әдістемелік әрекеттерінен іздестірген жөн. Пән-оқытушысының әрекеті пән бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыру. Пән-оқытушысы оқыту мазмұны мен оған сәйкес келетін әдістермен оқушылардың когнитивті (білімдік) әрекеттерін ұйымдастырады. Нәтижесінде нақтылы пәнге үйретілген кәсіби білім, ептілікке және кәсіби қабелеттілікке ие оқушыны оқытып шығарады.

Әдіскер-оқытушы пән-оқытушысы әрекеті мен оқушылардың жаңа білімдер мен ептіліктерді меңгеру мақсатындағы өзара ықпал ететін әрекеттерін ұйымдастырады. Мұндай өзара ықпал етуді оқыту барысында қолданылатын арнайы жоспарланған және ұйымдастырылған оқыту құралдары арқылы жүзеге асырады. Оқыту құралдары кең мағынада пән бойынша оқыту үдерісін оңтайландырады және сабақта жоспарланған нәтижеге жетуге септігін тигізеді. Сол себепті, әдістемелік әрекет нәтижесі болып оқытушының оқыту әрекеті және оқушылардың кәсіби білім, ептілік және дағдыларды меңгеруге бағытталған когнитивті әрекеттерін реттеп отыратын арнайы дайындалған оқыту құралдары табылады.



Педагогиканың негізгі мақсаты оқыту үдерісінің құрылымдық элементтерін жинақтау, өзара байланыстыру олардың диалектикалық біркелкілігін қамтамасыз ету. Әдістемеде көбінесе «қалай оқыту керек?», оқытудың қандай құралдары арқылы оқыту мазмұны оқушылардың білімі мен ептілігіне айналады? - деген сұрақтар басым болады. Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің нысаны болып, оқытушының оқыту әрекеті және оқушылардың кәсіби білім, ептілік және дағдыларды меңгеруге бағытталған когнитивті әрекеттерін реттеп отыратын, арнайы дайындалған оқыту құралдарын құрылымдау, қолдану және жетілдіруге байланысты өзбетіншелік салыстырмалы түрдегі педагогикалық білімдер мен ептіліктердің жиынтығы болып табылады. Дегенімен, оқыту әдістемесімен айналысып жүрген бірқатар педагог-зерттеушілер арасында - әдістеме алынған ғылым саласының қалданбалы бөлігі - болып саналады деген пікірлерді алға тартады. Біздің пікірімізше, пәнді білу – оқыту әдістемесін іске асырудың бір факторы ғана. Мәселенің шешімі қандай да болмасын ғылымның танымдық нысанын білуде жатыр. Мысалы техника ғылымының танымдық нысаны техникалық қондырғылар және жүйелер болса, ал арнайы пәндерді оқыту әдістемесі техникалық қондырғылармен, оларды зерттеу әдістерін қалыптастырумен айналыспайды. Оның танымдық нысаны – оқытылып жатқан ғылым құралдары арқылы оқушыларды тәрбиелеу және оқыту үдерісін ұйымдастыру. Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің пәні болып – арнайы оқыту құралдарын жасау, дайындауға байланысты кәсіптік мектеп педагогінің әдістемелік әрекеттерінің заңдылықтары. Әдістемелік әрекет толыққанды және ол педагогтің өзбетінше кәсіби әрекеті түрі ретінде зерттелініп бітпеген мәселе. Педагогикалық әдебиеттерде әдістемелік әрекетке үш түрлі көзқарас қалыптасқан. Бірінші көзқарасқа сәйкес, әдістемелік әрекет педагогтің өзбетінше білім алуы, дидактикалық құралдармен жұмыс істеуі, пәнге байланысты білімін жетілдірумен байланысқан әдістемелік жұмысқа тіреледі. Екіншісі - нақтылы пәнді оқытуға қатысты әдістемелік әрекетке жатады. Бұл жағдайда авторлар педагогтің әдістемелік және оқыту әрекеттері ерекшеліктеріне назар аудармайды, ал «әдістемелік әрекетті», «оқыту әрекетін» бір-бірінің синонимі ретінде қабылдайды. Үшінші көзқарасты құптайтын зерттеушілер әдістемелік әрекетті кәсіби-педагогикалық әрекет құрылымындағы салыстырмалы түрде өзбетінше көрініс табатын ептіліктер жиынтығы - деп таниды.

Педагог-практиктер әдістемелік әрекет маңызы мен ерекшеліктерін қабылдайды. Мәнділігіне байланысты бұл әрекет пәнді оқыту және тәрбиелеуден кейінгі үшінші орынды алады. Сондықтан әдістемелік әрекетті кәсіби-педагогикалық әрекеттің өзбетінше орын алатын түріне жатқызамыз. Оқыту әдістемесінің көптүрлілігіне, олардың дифференциациялануына, әртүрлі пәндер мазмұнына қарай жоспарлануына қарамай, барлық білім беру жүйесінде жалпы теориялық негізінде іске асырылатын педагогтің бірдей кәсіби-педагогикалық әрекет құрылымының түрі жалпы әдістемелік нұсқаулардың ортақ негізі болады.

Арнайы пән оқытушыларының әдістемелік әрекеті мақсаты – оқыту практикасын қамтамасыз ету. Арнайы пән оқытушыларының әдістемелік әрекеті қызметі: аналитикалық; жобалаушылық, оқыту мазмұнын жоспарлау мен жасауға, оқыту әрекетін даярлау мен жоспарлауға қатысты әрекет; құрылымдық, жаңа білім, ептілік және кәсіби білік пен дағдыларды қалыптастыру үдерісіндегі оқытушы мен оқушының өзара әрекеттеріне бастайтын, алда тұрған сабақты жоспарлауға, оқу материалдарын алға тарту формаларына байланысты әрекеттер жүйесі; нормативтік, білім беру стандарттарын, оқу бағдарламаларының талаптарын, білім беру мекемелері типтеріне байланысты білім беру үдерісін іске асыру шарттарын орындау; зерттеушілік.

Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекетін тікелей бақылау мүмкін бола бермейді. Талдауға, бақылауға оқытушының білім беру әрекетін алуға болады. Әдістемелік әрекет оны іске асыру жағдайлары мен тәсілдері - өте күрделі ойлау үдерісіне жатады. Мұнда, педагогикалық үдеріс пен оны іске асырудың ара жігін ажырату үшін олардың әрекет пәндеріндегі айырмашылықтарын анықтау қажет. Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекет нысаны болып - кәсіби білім, ептілік және дағдыларды қалыптастыру үдерісі, ал әдістемелік әрекет пәні болып – нақтылы пән мазмұнының ерекшелігі бойынша жаңа білім, ептіліктерді қалыптастыру үдерісінің әртүрлі тәсілдері мен әдістері, жүзеге асыру жолдары және оларды реттестіру табылады. Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекет субъекті болып - оқытушы немесе оқытушылар ұжымы табылады. Өйткені, жаңашыл-педагог қай уақытта да жаңа нақтылы әдістемелік тәсілдерді, өзінің жеке әдістемесі жүйесінде орын алатын құрылымдарды алға тартады. Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекеті нәтижесі болып – таңдап алынған оқу материалдарының әртүрлі ақпараттық формада: әдістемелік тұрғыдан өңделген; тапсырмаларды шешу алгоритмі; жұмысшы дәптерлер парағы; оқыту тәсілдері мен әдістері; оқу пәнін әдістемелік қамтамасыз ету; оқу бағдарламалары; оқыту бағдарламалары және т.б. табылады. Сонымен, арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекетін жеке пәндер немесе оқу пәндері циклдері бойынша оқыту мен оқу әрекеттерін реттеуді іске асыруға мүмкіндік беретін, оқыту құралдарын зерделеу, құрылымдау және жасау, жобалауға қатысты оқытушының өзбетінше кәсіби әрекет түрін айтамыз.

Арнайы пән оқытушысының әдістемелік әрекеті түрлеріне: оқу-бағдарламалық құжаттарды, әдістемелік кешендерді талдау; оқу материалдарын әдістемелік талдау; оқытудың теориялық және практикалық сабақтары жүйесін жоспарлау; сабақта оқу ақпараттарын моделдеу мен құрылымдау формаларын алға тарту; оқушылардың техникалық ұғымдарды және практикалық ептілігін қалыптастыру әрекеттерін құрылымдау; пән бойынша әдістемелік нұсқаулар жасау; кәсіби білім, ептілік және дағдыларды бақылау түрлері мен формаларын жасау; сабақта оқушылардың әрекеттерін басқару мен бағалау; сабаққа даярлану мен оның нәтижесін талдауда өзінің әрекетін бағалау.

Әдістемелік әрекеттердің жоғарыда көрсетілген түрлері барлық кәсіби-педагогикалық мамандардың жан-жақты әдістемелік практикасын қамти алмайды. Олар арқылы оқытушы сабақты ұйымдастыру даярлығын меңгереді. Өйткені әдістемелік әрекетті меңгеру әдістемелік ептілік арқылы қалыптасады. Ептілік – алдын меңгерген білімдер негізінде оқытушының жаңа жағдайда қандайда бір әрекетті орындауы. Кәсіби мектеп ерекшелігіне және оқытылатын пәндердің күрделіліктеріне байланысты әдістемелік әрекет бірнеше топқа жіктеледі. Бірінші топ арнайы пән оқытушысының кәсіби әрекеттерінің дидактика-әдістемелік негіздерін меңгеруіне байланысты, олар: мамандарды оқытуға байланысты оқу-бағдарламалық құжаттарды талдау ептілігі; нақтылы тақырыпты оқытуға байланысты әдебиеттерді таңдау ептілігі; оқу материалдарына логика-дидактикалық талдау жасау ептілігі; аз мөлшерде берілген оқу ақпараттарына әдістемелік талдау жасау ептілігі; оқу материалдарын ұсыну формаларын таңдау ептілігі: блок-схема, техникалық есептерді шешу алгоритмі, тірек конспектілері және т.с.с.; теориялық және практикалық оқытудың кешенді тәсілдерін жасау ептілігі; оқушылардың қалыптасқан білімдері және ептіліктерінің деңгейлерін анықтау формаларын жасау ептілігі; оқушылардың әртүрлі оқу және оқу-практикалық формаларын ұйымдастыра білу ептілігі; теориялық және практикалық сабақтарды талдай білуі. Екінші топқа оқу материалдарын зерделеу ерекшеліктеріне байланысты, оларға: әдістемелік талдау негізінде оқытылатын тақырып бойынша сабақ жүйесін жоспарлау ептілігі; оқушылардың кәсіби әрекеттеріне байланысты оқу және оқу-өндірістік жұмыстарын жоспарлау ептілігі; оқушылардың сабақ барысындағы әрекеттерін ұйымдастыра білу және оны басқару ептілігі; теориялық және өндірістік оқыту әдістерін қолдана білу ептілігі; әдістемелік нұсқауларды талдау ептілігі. Үшінші топқа алдынғы қалыптасқан ептіліктерді синтездеуге байланысты, олар: практикада әдістемелік нұсқауларды, әдістемені және оқыту технологиясын қолдана білу ептілігі; нақтылы жағдайға және оқыту мақсатына байланысты оқыту әдістемесінің вариантарын қарастыра білу ептілігі; өзінің жеке оқытудың әдістемелік жүйесін жасау және оны ұсыну ептілігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Пошаев Д.Қ., Саипов А., Адырбекова Г. Арнайы пәндері оқыту әдістемесі.Оқу құралы, Астана , 2012 -160 б

  2. D. Poshayev., A.Saipov,U.konakbaeva, A.Abuov. Modular-competence approach to carrying-out of a higher professional education program 5B012000- professional education //Asian academic research jornal of social sciences & humanities . ISSN 2278-859X (Online).Volume 3. Issue 6.Junt 2016. P.272-284 Inpacat Faktors ISI-0.911 ( Tomson Reuterс)

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет