Әзбергенов Әбілхан 1941 жылы Ақтөбе



Дата07.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#85867
Байланысты:
ардагерлер


Әзбергенов Әбілхан 1941 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңатұрмыс колхозынан майданға аттанды. 1942 жылы маршал Роккосовский басқарған Украина майданында болған. Смолнеск, Калинин қалаларын азат етуге қатысқан. Екі рет «Ерлігі үшін» медальмен, екі рет «Мақтау қағазымен» наградталған. 1945 жылымарт айында жаралы болып, денсаулығына байланысты туған елге оралған. Жеңістің 25 жылдығына байланысты мерекелік медальдармен наградталған.
Совхозда веттехник болып жұмыс істеген.
2 010 жылы өмірден озды.


Н аурызбаев Жидебай 1942 жылы 20 декабрьде Ақтөбе қаласынан майданға алынған. Орынбор облысында 3 (ай) әскери дайындықтан өтіп, Саратов қаласынан майдан шебіне алынған. Ол осы майданда жаудың екі танкісін жойды. Сталинград майданына қатысып, тұтқындарды құтқару кезінде ауыр жаралы болған. Осы майданда екі рет госпиталға түскен. Сонымен қатар Жеңістің 25 жылдығына және 30 жылдығына байланысты мерекелік наградалармен наградталған. 1990 жылы 15 қыркүйекте қайтыс болды.

Қ уатов Убай 1942 жылы Байғанин ауданы Жаңатұрмыс колхозынан майданға аттанған. Сол жылы қараша айында Сталинград майданына қатысқан. 1942 жылы 19 желтоқсанда және 1943 жылы ақпан айында жараланған. 1944 жылы Великие Лукиді азат етуге қатысқан. «Кенисбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар Жеңістің 25 және 30 жылдығына байланысты мерекелік наградалары бар. 1945 жылы 17 қарашада туған елге жеңіспен оралып, колхоз жұмысына белсене араласты. 1995 жылы өмірден озды.
Ә ребаев Қайран 1942 жылы қаңтар айында Жаңатаң елді мекенінен әәсерге алынып, 114- атқыштар полкінің сапында, Калинин облысы, Ржев ауданында соғысқа кірген. Осы шайқаста екі рет жарақаттанған. Великие Луки, Харьков және Польша, Румынияны азат етуге қатысты. 1945 жылы желтоқсан айында елге оралды. «СССР Қарулы Күштеріне 50 жыл», 60 жылдығы мерекесіне байланысты медальдармен наградталған. Бейбіт күнде де еңбекке белсене араласты. «Еңбек ардагері», «Лениннің 100 жылдығы» мерекелік медалдармен наградталды. 1997 жылы өмірден озды.
Байманов Қожа 1942 жылы майда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңатұрмыс колхозынан майданға аттанды. Ардагер 1943 жылы январь айында Орлов облысындағы Воронеж майданына қатысқан. 360-атқыштар полкінде болған ардагер «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік жеңістің 25 жылдығына, 30 жылдығына байланысты медальдармен наградталған. Бейбіт өмірде де ардагер совхоз жұмысына белсене араласқан. 1999 жылы 4 наурызда өмірден озды.




Жанаев Иса 1942 жылы Темір әскери комиссариатынан әскерге алынған. Ленинград майданында болған. 1944 жылы артиллерия полкінің 160 бөлімшесінде қызмет етіп жүргенде партия қатарына өткен. Соғыста екі рет жараланып, 1946 жылы мамыр айында елге оралды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Үшінші дәрежелі Даңқ орденімен, екі мәрте «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және Жеңістің 25, 30 жылдық мерекелік медалдармен наградталған. 1996 жылы 22 ақпанда дүниеден өтті.




О таралин Нұржан 1942 жылы 4 январьда Байғанин ауданы, Жем колхозынан майданға аттанды. Бірден Воронеж облысы майданында соғысқа кірген, 360- атқыштар полкінде болған. Сол жерде 1942 жылы 7 июньде жаралы болып Волошовтағы госпиталға түскен. Содан соң август айында қайталан майданға жіберілді. Саратов, Орлов облыстарындағы майданда соғыста болды. Латвияның орталық қаласы Риганы азат етуге қатысады. 1945 жылы ноябрь айында туған жерге жеңіспен оралады. Колхоз жұмысына белсене араласты. Ардагер «Германияны жеңгені үшін» және «Ерлігі үшін» Жеңістің 20 жылдығына, 30 жылдығына байланысты мерекелік медальдармен наградталған. 1990 жылы 13 сәуірде дүниеден өтті.
Күзембаев Ербатыр 1942 жылы Жаңатаң колхозынан Бугрслан ауданы Воронеж майданына соғысқа кірген. Бір рет жараланған. 1944 жыл майданнан туған елге оралды. СССР Қарулы Күштеріне 50 жыл және 60 жыл мерекесіне байланысты медальдармен наградталған. Сонымен қоса Жеңістің 20-30 жылдық мерекеге байланысты медальдары бар. 1944 жылдан колхоз жұмысына белсенен араласты. 1991 жылы өмірден озды.


К өшпағанбетов Бәйдір 1942 жылдың 10 қаңтарынан бастап Жарқамыс поселкесінен майданға алынған. Украина(Брянек) майданына қатысқан. Брянек майданында 42 армиясы 137 дивизиясының 771 полкінде болған. Үш рет жараланған. Ардагер «Қызыл жұлдыз» орденімен екі рет «Ерлігі үшін» медальдарымен наградталған. Ұлы Октябрь революциясының 50 жылдығына байланысты соғыста көрсеткен ерлігі үшін медальмен марапатталған. 1945 жылы желтоқсан айында туған елге оралып, бейбіт майданда да белснділік танытты. 1993 жылы өмірден өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет