Иманбаева сәуле тохтарқызы



бет1/3
Дата17.06.2018
өлшемі478 Kb.
түріДиссертация
  1   2   3
ӘОК 373.5.035.6(574) Қолжазба құқығында

ИМАНБАЕВА СӘУЛЕ ТОХТАРҚЫЗЫ




Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң ғылыми-педагогикалық негiздерi

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және бiлiм тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесiн

алу үшiн жазылған диссертациясының



а в т о р е ф е р а т ы

Қазақстан Республикасы


Қарағанды, 2007

Жұмыс Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында орындалды


Ғылыми кеңесшiлерi:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Қалиев С.Қ.

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Таубаева Ш.

Ресми оппоненттер:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор, Ресей Білім Академиясының

академигі Момынбаев Б.К.

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Батталханов Е.З.

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Жұматаева Е.Ө.

Жетекші ұйым: І.Жансүгіров атындағы

Жетісу мемлекеттік университеті

Диссертация 2007ж. __________ сағат_________ Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28-үй, бас корпус, №1 дәрісхана) педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.


Диссертациямен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28-үй).
Автореферат 2007 ж. _____________таратылды.
Біріккен диссертациялық

кеңестің Ғалым хатшысы Арынғазин Қ.М.


КІРІСПЕ

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы “Ұлы мұраттар ұлы ниеттерден бастау алады немесе дамушы мемлекеттен – дамыған елдерге“ атты Қазақстан халқына жолдауындағы “Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік–жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары“ атты тарауында “Біз осы таяуда ғана Тәуелсіздігіміздің он бес жылдығын атап өттік. Өткен жолымыз лайықты жол болды, ал біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай болды.

Мұның бәрі де, жаңа жалпықазақстандық патриотизмнің ірге тасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімділікті туындатады“, – деп Қазақстандық патриотизм жаңа Қазақстанды құрудың негізгі тірегі екеніне тоқтала отырып, халық өзінің ерік–жігерін тарихи ауқымдағы жобаларды іске асыру үшін жұмылдырған кезде жаңа даму деңгейіне жалпықазақстандық патриотизмнің іргесі қаланатынын атап көрсетеді.

Көп ұлтты Қазақстан халқы үшiн Отансүйгiштiк сезiмiнiң рухани саладағы тату-тәттi тiрлiк, азаматтық келiсiмге ғана емес, мемлекеттiк материалдық негiзiн нығайтуға да тiкелей ықпалы бар. Отансүйгiштiк рух - қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, дүниежүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш.

Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“ бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында“, “Бала құқығы туралы декларацияда“ және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты - “қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.

Қазiргi қоғамдық-әлеуметтiк жағдайда жеке тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру басты міндет болып саналады. Патриоттық тәрбиенiң күре тамыры Күлтегiн, Тонiкөк, ХҮI-ХҮIII ғасырда елi мен жерi үшiн жан аямай күрескен Жалаңтөс, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б. батырлар ісінен бастау алады. Сонымен қатар, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда негізге орын алады.

Сонымен қатар, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда Аймауытов Ж., әл-Фараби, Байтұрсынов А., Баласағұн Ж., Бөкейханов Ә., Гумилев Л.Н., Диваев Ә., Досмұхамедов Х., Дулатов М., Қашқари М., Құдайбердиев Ш., Левшин А., Потанин Г.Н.. Радлов В.В., т.б. мәдени мұралары шешуші рөл атқарады.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің теориялық-әдiснамалық негiздерi философиялық ілімде Алтаев Ж., Айталы А., Гершунский Б.С., Есiм Ғ., Изотов М., Кiшiбеков Д., Қасабеков А., Нысанбаев Ә., Сәрсенбаев Н., т.б., тарих саласы бойынша Ахметова Л., Қасымбаев Ж., Қозыбаев М., Мыңжанұлы Қ., Смағұлов О., Тұрлығұлов Т., Жұртбаев Т., Шоқай М., филологиялық еңбектерде Әуезов М., Дәуiтұлы С. Жолдасбеков М., Жұмадiлов Қ., Кекiлбаев Ә., Келiмбетов Н., Мағауин М., Мұқаметқанов Қ., Мұқанов С., Салғарин Қ., Сейдiмбек А., т.б. еңбектерiнде зерделенген.

Қазақстанда бiлiм мен тәрбие iсiнiң даму мәселелерi, патриоттық тәрбиенің тарихи-педагогикалық қырлары Әлмұхамбетов Б.А., Бержанов Қ.Б., Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С.Қ., Құнантаева К.Қ., Сейдахметова Л., Сембаев Ә.I., Сытдықов Ә., Тәжiбаев Т., Нұрахметов Н.Н., Храпченков Г.М., т.б. еңбектерінде баяндалған.

Патриоттық тәрбие адамгершiлiк тәрбиенiң негізгі құрамдас бөлігі екені Iлиясова А.Н., Байсерке Л.А., Бейсенбаева А.А., Жампейсова Х.Қ., Ким А., Көшербаева А.Н., Майғаранова Ш., Нұрғалиева Г.Қ., Орынбасарова Э.А., Төлеубекова Р.К., т.б. еңбектерінде зерттелген.

Патриоттық тәрбие берудiң этникалық және ұлттық негiздерi Бейсембаева А., Бөжиг Ж., Валеев И.И., Волков Г.Н., Ғаббасов С., Джаңабаева Р.А., Ешiмханов С., Жұмаханов Ә., Измайлов Э., Қалиев Ж.Қ., Қожахметова К.Ж., Құсайынов А.Қ., Наурызбай Ж., Рождественская Р.Я., Сухомлинский В.А., Таубаева Ш., Ұзақбаева С.А., т.б. зерттеу еңбектерінде жүйеленіп берілген.

Тәрбие үрдісінде тұлғаны әлеуметтендiру, оның гуманистік көзқарасын және азаматтығын қалыптастыру мәселесі Арынғазин Қ.М., Аганина Қ.Ж., Батталханов Е.З., Криворотова Д.А., Мақатова Ж.А, Меңлiбекова Г.Ж., Менлибаев К.Н., т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Зерттеу мәселесінің психологиялық негіздері Аймауытов Ж., Выготский С., Жарықбаев Қ., Жүкеш Қ., Момышұлы Б., Мұқанов М., Оразбекова К., Рубинштейн С.Л., Темірбеков А., т.б. еңбектерінде зерделенген.

Патриоттық тәрбиенің негізгі құрамдас бөлігі әскери-патриоттық, дене тәрбиесі және оның дамуы Аронов А.А., Конпиев Н.М., Минжанов А., Н.Ромашов, Нұрмұқашева С., Храпченков В.Г., т.б. ғылыми жұмыстарында әскери тәрбиенің патриоттық мәселелерді шешудегі бағыттылығы қамтылады.

Жалпы білім беретін мектептерде, мектеп-гимназияларда патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістері, ұстанымдары, технологиялары Агапова И.А., Аронов А.А., Бекмұхамедов Б.М., Датский В., Конжиев Н.М., Коновалова Г.А., Мазыкина Н.В., Матвеева С.В., Матушкин С.Е., т.б. еңбектерінде шешімін тапқан.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыру, әскери мамандарды патриоттық тәрбие ісіне бейімдеу мәселелері, тұлғалардың өмiрi арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде Әбдіраман Ш., Әбілғазиева К.Т., Г.Қ.Белгібаева, Дүйсенбаев А.Қ., Жұматаева Е.Ө., Зима М.В., Исаева З., Каргин С.Т., Көбесов А., Құсайынова Д., Момынбаев Б.К., Мұратханова Р., Мұхамединова Н.Ә., Халитова И.Р., т.б. еңбектерін атауға болады.

Алайда жоғарыда талданған ғылыми еңбектерде көпұлтты Қазақстан халықтарын жаңа әлеуметтiк даму және әлемдiк интеграциялық үрдiс жағдайында патриоттық тәрбие берудiң кешендi жүйесi жеткілікті деңгейде қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында “Патриоттық тәрбие негізінен мемлекеттік білім беру мекемелерінде іске асырылады. Бірақ білім беру мекемелерінде тарихи аспектідегі бүгінгі күн шындығына негізделген және қазақстандықтардың ұлттық менталитетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-дидактикалық, ғылыми-әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігін атап өтуге тура келеді. Білім беру саласында демократиялық патриоттық дүниетанымды жүйелі түрде қалыптастыруда әлеуметтік технологияларды қолдана білетін әлеуеті-білікті мамандардың, гуманитарлық дамуы жөніндегі әлеуметтік технологияларды әзірлеудегі оңтайлы іс-тәжірибелердің жеткіліксіздігі патриоттық тәрбие берудің өзектілігін нақтылай түседі”, - деп атап көрсетеді.



Осы тұрғыдан алғанда қоғамның әлеуметтік даму жағдайында патриоттық тәрбие беруде қарама-қайшылықтар туындап отыр:

  • патриоттық тәрбиені мемлекеттік органдардың мақсатты бағытталған процесс ретінде бағаламауында;

  • әр түрлі ақпарат көздерінде қоғамға жат пікірлердің етек алуы;

  • ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық патриотизм мен бүгiнгi қоғамдағы патриоттық тәрбиенiң өзара сабақтастығының болмауы;

  • мектепте, мектептен тыс мекемелерде оқушыларға патриоттық тәрбие беруге байланысты жүйеленген ғылыми әдiстеменiң жоқтығы қарама-қайшылықты анық туғызады.

Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие беруге байланысты ғылыми-теориялық тұрғыдан жүйеленбеуі және әдістеменің жоқтығы бiздiң мәселемізді айқындап, тақырыпты “Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң ғылыми-педагогикалық негiздерiдеп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету.

Зерттеудің объектiсi: Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеудің пәнi: Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру жүйесі.

Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң тұжырымдамасы жасалса; ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтардың өзiндiк ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп оқушылардың жас және жеке бас ерекшелiгiне байланысты патриоттық тәрбие берудiң жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда оқушылардың бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi, өйткені патриоттық тәрбие жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар диалектикасына сүйенеді.

Зерттеудің мiндеттерi:

  1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында тұлғаның бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың теориялық-әдiснамалық негiздерiн анықтау.

  2. Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғышарттарын негіздей отырып, “патриотизм“, “ұлтжандылық“, “Қазақстандық патриотизм“, “жалпыадамзаттық патриотизм“, “патриоттық тәрбие“, “патриоттық құндылық“ ұғымдарының мәнін ашып көрсету.

  3. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерiн айқындау.

  4. Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң жүйесін жасау.

  5. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздерін анықтау.

  6. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруге байланысты оқу-әдістемелік кешенді тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстар барысында нәтижелерiн тексеру, ғылыми-әдiстемелiк нұсқаулар беру.

Жетекшi идея: Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру көпұлтты Қазақстан Республикасы үшiн қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға негiзделген тәрбие кеңiстiгiн құруға бағытталады.

Зерттеудiң әдiснамалық-теориялық негiздерi: Зерттеудiң жалпы әдiснамалық негiзi аксиологиялық, мәдениеттану, өркениеттілік, жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік тұғырнама тұрғысынан қамтылды. Жеке тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастыру іс-әрекет, тұлға, құңдылықтар теориялары негізінде қарастырылады. “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей Декларациясы“, “Бала құқықтары“ туралы Конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы” Заңы, Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы бiлiм беру мекемелерiнде тәрбие берудiң кешендi бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Жастар саясаты, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы алынды.

Зерттеудің әдiстерi: Философтардың, әлеуметтанушылардың, тарихшылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерiн талдау, салыстыру арқылы қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриоттық тәрбие берудiң мүмкiндiгiн анықтау; оқушылармен тестiк жұмыстар мен сауалнамалар жүргiзу; жалпы білім беретін мектептердің, мектеп–гимназиялардың патриоттық тәрбие беруге байланысты тәжiрибесiн жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.

Зерттеудің көздерi:

- Қазақстан Республикасы заңдары, нормативтi құжаттары, оқушы-жастарға тәрбие беру тұжырымдамалары, кешендi бағдарламалар;



  • этнопедагогикадағы жастарға патриоттық тәрбие беруге байланысты ауыз және жазба әдебиетiндегi мұралар (нақыл сөздер, дастан жырлар, мақал-мәтелдер, арнау сөздер, тасқа жазылған өсиет сөздер, өлең-күйлер);

  • алыс және жақын шет ел, Қазақстан ғалымдарының патриоттық тәрбие беруге байланысты философиялық, тарихи, әдеби, педагогикалық- психологиялық ғылыми-зерттеу еңбектерi, тұжырымдары;

  • бiлiм беру жүйесiндегi патриоттық тәрбие берудегi iс-тәжiрибелер, алдыңғы қатарлы тәрбиешi-педагогтардың оқу-тәрбие үрдiсiндегi тәрбие жұмысындағы озат тәжiрибелері және ғылыми-iзденушiнiң өзiнiң педагогтiк қызметі және зерттеу тәжiрибелерi.

Зерттеудің кезеңдерi:

Бiрiншi кезең (1999 - 2000жж.). Зерттеу тақырыбы бойынша философия, тарих, әдебиет, педагогика, психология салаларындағы еңбектерге, жалпыадамзаттық және отандық білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбиенің даму ерекшелiгiне салыстырмалы талдаулар жүргiзiлдi. Талдау барысында зерттеу жұмысымыздың теориялық-әдіснамалық негіздері, ғылыми аппараты айқындалды. Тұлғаның бойында патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері, патриоттық құндылықтар жүйесі және оны қалыптастырудың факторлары анықталды.

Зерттеу мәселесіне байланысты мектептердің, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибелері жинақталды. Оқушылармен, жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназия мұғалімдерімен, ата-аналармен сауалнамалар жүргізілді.



Екiншi кезең (2001 - 2003 жж.). Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру жүйесі, өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері, тұжырымдамалық негіздері айқындалды. Мектептерде, мектеп- гимназияларда патриоттық тәрбие беруге арналған ғылыми-әдiстемелiк кешен дайындалды.

Сонымен қатар, мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымы айқындалып, “Болашақ“ оқушылар ұйымының ережесі үлгі ретінде республика мектептеріне енгізіліп, оқушылардың патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндіктері қарастырылды.



Үшiншi кезең (2003-2006 жж.). Зерттеу болжамына сәйкес ғылыми-әдiстемелiк кешен негiзiнде мектептерде, мектеп-гимназияларда тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзіліп, эксперимент барысында дәлелденді.

Төртiншi кезең (2006-2007 жж.). Ғылыми-зерттеу жұмысы қорытындыланып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары нәтижесі математикалық әдіспен өңделді. Ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалып, диссертация әдеби рәсімделді.

Зерттеудің базасы. Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №139, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияларда, Алматы облысы, Алакөл ауданы Бұлақты және Талапкер орта мектептерінде тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа қала мектептерінен 324 оқушы, ауыл мектептерінен 316 оқушы және 74 мұғалім қатысты.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму жағдайында тұлғаның бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру әдiснамалық-теориялық тұрғыда негізделді;

  • тұлғаның бойында Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері, патриоттық құндылықтарды айқындайтын тәрбие жүйесі және патриоттық құндылығын қалыптастырудың факторлары айқындалды;

  • қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында “Патриоттық құндылық”, “Жалпыадамзаттық патриотизм”, “Қазақстандық патриотизм”, “Қазақ патриотизмi”, “Ұлтжандылық” ұғымдарына ғылыми-педагогикалық сипаттама берілді;

  • мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң жүйесі, көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалды;

  • тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң тиiмдi бағыттары, формалары мен әдiстерi қарастырылды.

  • қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми тұжырымдамалық негіздері айқындалды және соның негізінде ғылыми-әдістемелік кешен дайындалып, практикаға ендірілді.

Практикалық мәндiлiгi:

  • автор ұсынған ұлттық және жалпыадамзаттық тәрбие ұстанымдарын негiзге алған тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесi жас ұрпақ бойындағы ұлтжандылықты, Қазақстандық және жалпыадамзаттық патриотизмді қалыптастыруға қосқан бiрден-бiр үлес болып табылады;

оқушыларға патриоттық тәрбие беруге байланысты “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері арқылы оқушылардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыру“, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына әр жылғы жолдаулары - әлеуметтік дамудың негізгі тірегі», «Ерлік тағылымы» атты факультативтiк, арнаулы курс бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген “Абылай хан“, “Қабанбай батыр“, “Қазақстан мәдениеті мен өнері“ атты оқу-тәрбие фильмдерi, “Қазақ батырлары“ атты слайдфильм, республикалық телеарналарда ұйымдастырған телехабарлары жеке тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға игi ықпал етедi;

  • мектеп мұғалімдеріне арналған “Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру“ атты арнайы курс бағдарламасы мен әдістемелік ұсыныстар мұғалімдердің патриоттық тәрбиеге байланысты іс-шараларды ұйымдастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді;

  • автор ұсынған “Болашақ“ оқушылар ұйымының Ережесі мен әдістемелік ұсыныстары мектептегi қоғамдық ұйым жұмысын ұйымдастыруға және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолдарын жетiлдiредi;

  • тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың барысында алынған нәтиже оқушылардың бойындағы патриоттық құндылықтарды жетiлдіруге ықпал етеді;

- диссертацияда көрсетiлген қорытындылар мен ұсыныстар, автор ұсынған бағдарламалар мен оқу құралдары педагогикалық процесте, ғалымдар, педагогтар, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары үшiн, мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiруге арналған курстарда тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдiстемесiне байланысты дәрiс оқығанда пайдалануға болады;

- Республикадағы оқушыларға патриоттық тәрбие беруге байланысты жинақталған алдыңғы қатарлы iс-тәжiрибелер тәрбие жұмысын жетілдіруге ықпал етедi.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Қазақстан Республикасы әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына

патриоттық тәрбие берудiң ғылыми - әдiснамалық негiздері аксиологиялық, мәдениеттану, өркениеттілік, жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік тұғырнамасы айқындалды.

  1. Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғы шарттарын негіздей отырып,

зерттеу мәселесіне сәйкес “патриотизм“, “ұлттық патриотизм“, “Қазақстандық патриотизм“, “жалпыадамзаттық патриотизм“, “патриоттық тәрбие“, “патриоттық құндылық“ ұғымдарына педагогикалық- психологиялық тұрғыда ғылыми сипаттама берілді.

  1. Жалпыадамзаттық және отандық білім жүйесінде оқушыларға патриоттық

тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерi жасалды.

  1. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң мотивациялық –тұлғалық, мазмұндық-когнитивтік, іс-әрекеттік-бағалаушылық құрылымына сәйкес өлшемдерi мен көрсеткiштерi айқындалып, жүйесі айқындалды.

  2. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-тұжырымдамалық негіздері қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында көпұлтты Қазақстан Республикасы үшiн қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға негiзделген тәрбие кеңiстiгiн құруға бағытталады.

  3. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруге байланысты оқу-әдістемелік кешен негізінде жүргізілген тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерi мен ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар.

Зерттеудің нәтижелерiн тәжiрибеге ендiру эксперимент барысында және халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда, республикалық педагогикалық оқуларда (Жезқазған, 1991; Алматы, 1992, 1995, 1996, 2000, 2001; Шымкент, 2001; Астана, 2003; Алматы, 2004, 2005; Астана, 2005; Атырау,2005; Алматы, 2006), Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясында, қазақ мемлекеттiк қыздар педагогика институтында, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық және Алматы қалалық білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру институттарында өткен семинарларда, әдiстемелiк кеңестерде талқыланды. Сонымен қатар, “Динамика научных исследований –2005“ (Днепропетровск-Белгород, 2005) видеоконференция, Халықаралык педагогикалық бiлiм және ғылым академиясының 10 жылдығына орай өткiзiлген ғылыми-практикалық конференция (Москва, 2005), “Здоровье ученика“ ассамблеясы (Татарстан, 2005) материалдарында көрiнiс тапты. Диссертация мазмұны тұжырымдамада, монографияда, 12 оқу құралында және оқу-әдістемелік кешендерде, 30-ға жуық мақала республикалық басылымдарда жарияланды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кiрiспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады.

Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң көкейкестiлiгi, зерттеудiң мақсаты, нысанасы, пәнi, мiндеттерi, жетекшi идеясы, әдiснамалық негiздерi, әдiстерi, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнi, негiзгi қағидалары, дәйектілігі мен негiздiлiгi берiледi.

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң теориялық-әдiснамалық негiздерi атты бiрiншi бөлімде патриоттық тәрбие берудiң ғылыми-әдiснамалық негiздерi тарих, философия, әлеуметтану, педагогика, психология ғылымдарының қағидаларына сүйене отырып анықталды. Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында “Патриоттық құндылық”, “Жалпыадамзаттық патриотизм”, “Қазақстандық патриотизм”, “Қазақ патриотизмi”, “Ұлтжандылық” ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыда сипаттама берілді және тұлғаның бойында патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері, патриоттық құндылықтар жүйесі және оны қалыптастырудың факторлары айқындалды.

ХХI ғасырдағы әлемдiк жаһандану кезінде «Қазақстандық патриотизм» және «жалпыадамзаттық патриотизм» ұғымдары мемлекеттік идеология тұрғысында патриотизмді қалыптастырудың философиялық-әлеуметтік негіздері, патриоттық тәрбиенің негізгі өзегі болып табылатын патриотизмнiң дамып, қалыптасуының тарихи алғы шарттары анықталды.

Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерi атты екiншi бөлімде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң психологиялық, педагогикалық негіздері айқындалды. Жалпыадамзаттық және отандық білім парадигмасындағы патриоттық тәрбиенің зерттелу жәйі, алыс және жақын шет елдердегi патриоттық тәрбиенiң даму ерекшелiгi, мектептегi қоғамдық ұйымдарда патриоттық тәрбие беру мүмкiндiктерi, патриоттық тәрбие берудiң жүйесі, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.



«Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздері атты үшiншi бөлімде Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың факторларына, тұтас педагогикалық процесте оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары айқындалып, ғылыми тұжырымдама жасалды.

Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына, типтік оқу бағдарламаларына, оқулықтарға талдау жасай отырып, патриоттық тәрбие берудің мүмкіндіктері қарастырылды.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде әскери–патриоттық, туристік –өлкетану іс–әрекеттері, оқушыларға спорттық–патриоттық, мектептегі қоғамдық ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар, мектеп музейінің жұмыстары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері арқылы, патриоттық тәрбиеге байланысты конкурстарда оқушылардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға байланысты мазмұны сараланып берілді.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң әдістемесі және эксперименттiк –тәжiрибелiк жұмыстың нәтижелерi“ атты төртiншi бөлiмде пән сабақтарында, сабақтан тыс уақыттағы іс-шараларда оқушыларға патриоттық тәрбие берудің оқу-әдiстемелiк кешені бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері, оқушылардың патриоттық тәрбиеге байланысты бiлiмі мен тәрбиелiгiнiң өсу деңгейі айқындалды. Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың нәтижелерi, патриоттық тәрбиені жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.



Қорытындыда болжамды дәлеледейтiн зерттеудiң негiзгi нәтижелерi мен тұжырымдары түйiнделдi, ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiлдi және қарастырылып отырған мәселенiң келешекте зерттелетін бағыттары айқындалды.

Қосымшада оқушыларға арналған сауалнамалар, тестiк тапсырмалар, патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргiзудiң әдiстемелері берiлдi.
Негізгі бөлім

Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы, бiлiм беру жүйесiнiң Болон декларациясына сәйкес әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiруi бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының алғашқылардың бiрi болып ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы, бұл әлемдiк бейбiтшiлiктi сақтауға жасаған негiзгi қадам болып табылады.

Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғы шарттары ежелгі сақ, ғұн, Түркi қағанаты, Алтын Орда, ХҮI-ХҮIII ғ.ғ., ХIХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде негiзi қаланып, 1986 жылғы қазақ жастарының елiмiздiң тәуелсiздiгi үшiн күресi арқылы жалғасын тауып, бүгiнгi егемен елiмiздiң қарқынды дамуы үшiн өз үлестерiн қосып отырған Қазақстан халықтарының еңбектерiнен көрiнiс тауып отырғаны белгілі.

Патриотизм - жеке тұлғаның “табиғат-адам-қоғам“ жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық қасиеті. Сондықтан да патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының дәйекті әсер ететін детерминант болып табылады. Осыған орай патриотизмнің мәні мен патриоттық тәрбиенің мазмұны “мәдениет - тарих - білім“ деп аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы дамиды.

Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриоттық тәрбиенің философиялық және педагогикалық-психологиялық негіздерін айқындауда әлеумет, әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік даму, тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері бойынша Р.Әбсаттаров, И.П.Подласый, Д.И.Грядовой, т.б. ғалымдардың еңбектерін саралай отырып, теориялық негіздерін айқындадық.

Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие беруде қоғамның даму заңын негізге аламыз. Р.Әбсаттаровтың тұжырымы бойынша «Даму заңы – бұл әлеуметтік–саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды».

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылғы жолдауларын зерделей келе Қазақстандағы әлеуметтік жағдайлар жылдан – жылға дамып отырғанын көреміз: ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік білім жүйесімен кіріктірілуі, экономикалық өсу, денсаулық мәселесі, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтары, т.б..

Еліміздің егемендік алуымен байланысты “патриотизм“, “ұлттық патриотизм”, “қазақ патриотизмi” және “Қазақстандық патриотизм” ұғымдары жаңа санатқа ие болып, қайта қолданысқа енді. Философ М.Изотов патриотизмді ұлттық, жалпыұлттық, жалпықазақстандық тұрғыда қарастырады. Қазіргі таңда ұлттық патриотизм ұғымына әртүрлi көзқарас бар. Ұлттық патриотизмдi жекеленген, оқшауланған ұғым деп қабылдауға тырысады. Ұлт бар жерде, ұлттық патриотизм бар. Қазақ халқының жер бетiнен жойылмай сақталуы да халықтың ұлттық рухының жоғары болуында, яғни бұл тарихи шындық екені ақиқат. Зерттеу барысында патриотизм ұғымына философия, педагогика, психология ғылымдары тұрғысында “жалпыадамзаттық патриотизм“, “Қазақстандық патриотизм“, “ұлттық патриотизм“, “патриоттық тәрбие“, “патриоттық құндылық“, “ұлтжандылық“ ұғымдарының мәнi бүгiнгi күн тұрғысынан талданды. Философ А.Айталы “...Ұлтжандылық халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз. Ұлы ұлттар өздерінің осындай ұлтжандылығымен мықты“,- деп атап көрсетеді.

Еліміз егемендік алғаннан кейін кеңес үкiметi тұсында ұлттарға байланысты жiберiлген саяси кемшiлiктердiң орны тола бастады. Iргелi ғылыми-зерттеулер жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясының негізгі ұстанымы - Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Ұлттық идея мен мемлекеттік идеология тұрғысынан Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі өзегі ұлттық патриотизм болып табылады. Зерттеу барысында тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері айқындалды (Сурет 1).

Философия ғылымында “Идеология - қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы, олар әлеуметтік болмысты белгілі бір таптың мүддесі тұрғысынан бейнелейді және бағалайды, ол, әдетте осы таптардың идеялық өкілдері тарапынан жасалып, қазіргі қоғамдық қатынастарды не нығайта түсуге, не өзгертіп қайта құруға бағытталады,“– дей келе, идеология ұлттық идеялар мен көзқарастардың жиынтығынан тұратынына тоқталады.

Қазір қоғамда идеологияға байланысты әртүрлі пікірлер, әртүрлі көзқарастар туындап отыр. Көп партиялы қоғамда әртүрлі көзқарастардың туындауы заңды құбылыс екені рас. Бірақ, барлық тұлғалардың көзқарастары мен ой-пікірлерінің негізгі тірегі Қазақстан Республикасының Конституциясы болғандықтан, барлығы бір мұратты ұстанады.

А.Айталының зерттеуінде “... Идеология, әсіресе мемлекеттік идеология, қоғамды ыдыратпай біріктіруге, әлеуметтік жікшілдікке, кеселге, ақыр соңында ұлттық, мемлекеттік апатқа қарсы күреседі“, - деген тұжырым жасайды. Осы тұрғыдан алғанда философ Ә.Нысанбаевтың “Қазақстан секілді біртұтас унитарлық елде “ұлттық“ және “мемлекеттік“ сөздері бір ғана мағынада





Сурет 1 – Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері

қолданылуы қажет. Әлемдік түсінікте де “ұлттық идея“ десе мемлекеттік идея деп біледі. Біз бұдан былай осы түсінікті бойымызға сіңіруіміз қажет“ - дей келе, ұлттық идея тек іргетасы мықты мемлекеттерде практикалық тұрғыда іске асуға мүмкіндігі болады деп атап көрсетеді.

Философ-ғалым Д.Кiшiбеков негiзгi идеологиялық ұстаным “бүгiнгi идея – елiмiздiң бүтiндiгiн, тыныштығын, тәуелсiздiгiн сақтап, оның экономикасы мен мәдениетiн дамыту, iлгерi тұрған елдермен теңдес болу”,-деп тұжырымдайды.

Қоғамның әлеуметтік даму жағдайына байланысты Қазақстандық идея тұрғысынан қоғамда патриоттық құндылықты қалыптастыру факторлары: мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау, еліміз бен жерімізді ұрпақтан –ұрпаққа аманаттап отыру; ұлттың ұлт болып қалыптасуының негізгі белгісі ұлттық тіл, яғни, қазақ тілін ұлтаралық тілдер мәртебесіне жеткізу; мемлекеттік тіл ретінде дамып, қалыптасуын жетілдіру әр азаматтың міндеті болып табылуы қажет; мемлекеттік тіл, ресми және республикада тұратын басқа халықтардың тіліне деген құрмет; ұлтттық тарихи және мәдени мұраларға деген сүйіспеншілік пен құрмет; ұлттық экономикалық даму процесіне өз үлесін қосу; табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру; әлемдік техникалық прогрестің алдыңғы қатарынан көріну, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес кәсіби мамандар қалыптастыруға жағдай жасау, т.б. қамтылады.

Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғышарттарына ғылыми талдау жасау барысында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдiснамалық негiзiн тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік, аксиологиялық, мәдениеттану, өркениеттiк, жүйелiлiк тұғырларын саралай отырып, бүгінгі оқушы-жастарды тәрбиелеудің тұжырымдамасы теориялық тұрғыда негізделді (Кесте 1).
Кесте 1 - Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеуге қажетті әдіснамалық тұғырлар


Әдіснамалық тұғырлар

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру жүйесі

Аксиологиялық (В.И.Загвязинский, Г.Қ.Нұрғалиева, т.б.)

Жалпыадамзаттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар. “Адам-Қоғам-Табиғат“ жүйесіндегі құндылықтар. Жаңа әлеуметтік қауымдастықты түсіну және қабылдау. Тұлға – қоғамда және қоғамдық дамудағы негізгі құндылық.

Мәдениеттану

(М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевский, А.Сейдімбек, Ж.Наурызбай, т.б.)



Тұлғаны жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеруге бейімдеу.

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық мәдениеттің жиынтығының тұлға бойында көрініс беруі. Мәдениет аясында жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыруы.



Өркениеттiк (Г.Б.Корнетов, т.б)

Жалпыадамзаттық мәдениет пен құндылықтарды тұлға бойына менгертуге ықпал ету. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктіру арқылы жалпыадамзаттық патриоттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бейімдеу.

Жүйелілік (С.А.Смирнов, Г.А.Уманов, Т.С.Сабыров,т.б.)

Ақиқатты жүйелілік тұрғыдан қабылдау. Ұлттық, қазақ, қазақстандық, жалпыадамзаттық патриоттық құндылықтар жүйесі тұрғысынан іске асыруға бағыттау.

Тұлғалық (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.А.Бейсенбаева, Ж.И.Намазбаева, т.б.)

Тұлғаны құндылық ретінде қабылдау.

Тұлғаның субъектілік тәжірибесінің ерекшілігі (даралығы).

Тұлғаның әлеуеті мен мәндік күшін ашуға бағыттау.

Тұлғаның қатынастар жүйесі мен бағдарының өзара әрекеттесуі.



Іс-әрекеттік (С.А.Смирнов, Ж.А.Қараев, т.б.)

Объектінің біртұтастығын және оның тетіктерін ашуға бағыттау. Алдына мақсат қоя білу, іс-әрекетін жоспарлау, бақылау, баға беру.

Әлеуметтік (А.М.Новиков, А.В.Мудрик, В.А.Сластенин, З.У.Кенесарина, т.б.)

Тұлға тәрбиесі - әлеуметтендіру үрдісі. Тұлғаның дамуына ықпал ететін әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру. Әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастыруға бағыттау.

Жоғарыда көрсетілген әдіснамалық тұғырлардың өзара ықпалдасуы тұлғаның бойындағы патриотизмдi қалыптастыратын микрофакторлар (отбасы, ағайын-тұма, жолдас, әртүрлi қоғамдық ұйымдар,т.б.); мезофакторлар (ауыл, қала, аймақ, облыс, т.б.); макрофакторлар (мемлекет, әлеуметтік орта, қоғам, ел, т.б.), мегафакторлар (әлемдiк кеңiстiк) өзара кiрiктiру арқылы жағдай тудыра отырып патриот-тұлғаны қалыптастыруға болады.

Ғылыми еңбектердегі «патриотизм», «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарына теориялық талдау жасай келе, «Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды мекендейтiн барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетi әлемдiк биiктен көрiну жолында бiлiм, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда

дамуына жағдай жасай отырып, елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау үшiн барлық күш - жiгерiн жұмсау»,- деп тұжырым жасадық. Ал Қазақстандық патриотизмдi іске асыру көп ұлтты Қазақстанда бiрлiк пен елдiктi сақтай отырып, демократияландырылған, әлемдiк өркениеттен орын алу идеологиясына негiзделген стратегиялық бағыт-бағдар болып табылады.

Бүгiнгi жаһандану үрдiсiнде, патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетiне деген сүйiспеншiлiгiмен қатар, әлемдiк дамудың тыныштығы мен бейбiтшiлiгiн сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау, яғни жалпыадамзаттық патриотизм тұрғысынан қарастырылады.

Патриотизмнiң мазмұнын анықтау үшiн ұлттық құндылықтарды бүкiладамзаттық құндылықтармен ұштастыру негiзгi көкейкестi мәселе болып табылады. Патриотизмді бүгiнгi күн тұрғысынан алатын болсақ, патриотизм мәселесiн ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара сабақтастыра, кiрiктiре отырып, философияның негiзгi категориялары әлемдiк жалпы (жалпыадамзаттық патриотизм), жалпы (Қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм), бiрегей (қазақ патриотизмі) тұрғыда қарастыруды қажет етедi.

Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру барысында стратегиялық және тактикалық жағдайларды iске асыруда алдымызға қойған негiзгi талаптарды шешу көзделді:


  • патриоттық тәрбие беру үрдiсiнде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру;

  • жүйелi-ұйымдастыру - мектеп, отбасы және әлеуметтiк ортаны өзара сабақтастыра отырып, мақсатты түрде оқушыларға патриоттық тәрбие берудi ұйымдастыру;

  • оқушылардың жас және дара ерекшелiктерiн ескере отырып, патриоттық тәрбие берудiң мазмұнын, формалары мен әдiстерiн нақты пайдалана бiлу;

  • аймақтық ерекшелiктердi ескеру, туған елге, жерге, ауылға, қалаға, т.б. сүйiспеншiлiгi арқылы, ұлттық және Қазақстандық, жалпыадамзаттық патриотизмдi қалыптастыру;

  • кешендi ықпал ету арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан патриоттық, әлеуметтiк құндылықтарды, тәжiрибелердi жүйелi түрде пайдалану.

Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыадамзаттық құндылықтардың бiрi – тәрбиенiң басқа адамға деген қажеттiлiгi, басқа адамдарды сүйе бiлу қажеттiлiгi болып табылады. Философиялық тұрғыда рухани құндылық, соның ішінде патриотизм рухани сұраныстарды қанағаттандыратын және тұлғаның рухани әлемін байытуды көздейді. Тұлғаның бойындағы руханилық өлшемдер оның ой- санасында, мінез-құлқында, іс-әрекетінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлесуі, қалыптасуы деп көрсетеді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – халықтың, түрлі діннің, әрқилы дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Зерттеуіміздің негізгі мақсаты тұлғаның бойында тәрбиенің негізгі өзегі болып табылатын патриоттық құндылықты қалыптастыру. “Құндылық” (И.Кон, В.А.Караковский, А.Г.Здравомыслов, В.А.Ядов, В.П.Тугаринов, С.Қалиев, Ж.Наурызбай, Г.Қ.Нұрғалиева, Р.К.Төлеубекова, т.б. ғылыми зерттеулерінде) – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер, еңбек, адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы, т.б. болып саналады.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықты айқындауда жоғарыда патриотизмге берiлген анықтамаларға және құндылық, адамгершiлiк құндылық ұғымдарын философия, педагогика, психология ғылымдары тұрғысынан саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері -мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады. Психологиялық тұрғыда патриоттық құндылықтар сапаға айналып, iс-әрекет (тұлғаның “Менi”) тұрғысынан көрiнiс береді (Сурет 2).





Каталог: download -> AREF -> Ped
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
Ped -> Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі
AREF -> ҚАсымова сәуле сүйіндікқызы сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет