ЖАҢашыл ұстаз ‑ ҚОҒамдық Өмірдің КӨшбасшысы қаженбаева А. Е



Дата21.04.2017
өлшемі59,08 Kb.
ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ ‑ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІҢ КӨШБАСШЫСЫ
Қаженбаева А.Е.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Психология және арнайы білім беру кафедрасының доценті

«Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың

жеке кредосына айналуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңдағы жоғарғы білім беру жүйесінің Болон процесіне енуі, оның идеяларын толықтай қабылдауы, өзінің болашағын осы үрдіспен байланыстыруы жоғарғы оқу орындарының жұмысына тың өзгерістер енгізуді қажет етуде.

Әлем кеңістігіндегі білім берудің мақсаты – қазіргі өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын адаспай, дұрыс таңдай алатын, оң шешім қабылдай білетін тұлғаны қалыптастыру. Осындай білімді, жаңа қоғамдық дағдыны шебер меңгерген ұрпақтың еліміздің қарыштап дамуына қосатын үлесі мол болса, ол ұстаз еңбегімен тікелей байланысты.

Ұстаздардың өз педагогикалық философиясын жаңашыл білім мен тәрбие беруде заман талабына сай өзгерте алуы – ол әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талант иесі, өз шәкірттерін жанындай жақсы көретін ұстаздардың ғана қасиеті. Жаңа формат ұстазы ‑ ол педагогикалық инновацияны терең меңгерген білікті маман, өзін‑өзі үнемі жетілдіруге талпынатын шығармашыл тұлға.

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі сөз болып отырған кезеңде білім беру мәселесін, оқытудың әдіс‑тәсілдерін инновациялық тәсілдермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру қажеттігі туындап отыр, осыған орай, әрбір ұстаз оқытудың озық технологияларын терең талдап, өз сабағында тиімдісін қолдана алуы шарт.

ХХ ғасырдың басында бес арысымыздың бірі Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны таба білу» десе, орыс педагогы А.Сухомлинский: «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» ‑ деген пікірлері қазіргі таңдағы инновациялық білім беру талаптарының ұстанымдары іспеттес.

Әлемдік өркениетке ұмтылуда жастарымызға, яғни болашақ мамандарға білім беріп қою аз, оларды жан‑жақты дамыту үшін оқытудың озық технологиясын қолданып, жаңаша білім беру үшін ұстаздың кәсіби біліктілігін арттыруы ‑ бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Өткен оқу жылында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің он екі оқытушысы Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» «Педагогикалық шеберлік орталығы» мен Кембридж университетінің «Білім беру» факультетімен бірлесіп өткізген білім жетілдіру курсына қатысып, халықаралық сертификаттарға ие болды.

Бұл курсқа Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының профессор‑оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 300‑ден аса профессор‑оқытушылары құрамынан оқытудың жаңа тәсілдерін меңгерген тренерлер дайындалды.

Оқытудың Кембридж тәсілінің негізгі мақсаты – Қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру.

Бұл курста бірі‑бірімен тығыз байланысты заманауи оқыту әдістемелері төмендегі жеті модульға топтастырылған:



  • Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

  • Оқыту мен оқуда ақпаратты‑ коммуникациялық технологияларды пайдалану

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

  • Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту

Болашақ мамандарды кәсіби тұрғыдан дайындау аудиториядан басталады, ал оның мазмұны теориялық мәлімет берумен ғана шектелмей, жастарымызды әлемдік білім кеңістігіне шығару, яғни студенттерді бәсеке жағдайында өмір сүруге бейімдейтін ақпарат түрлерімен жан‑жақты қаруландыру – Кембридж тәсілімен білім беруге дайындалған ұстаздардың басты мақсаты.

Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» оқыту әдісі бойынша алынған білім студенттерде жинақтаған өзге білімдермен тиімді байланыса отыра есте сақталынбай, механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады.

Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кезінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән‑мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталғаннан соң білім алушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.

Ал, курстың оқыту бағдарламасы оқу орындарының профессор‑оқытушыларының теориялық ‑ әдістемелік құзіретінің ауқымын кеңейтуге, соның ішінде бағалау критерийлерінің әдістемелерін меңгеру дағдыларының қалыптасуына, талантты және дарынды студенттермен жұмыс жүргізуге, мұғалімдер мен студенттердің сыни ойлауын дамытуға, әртүрлі жастағы білім алушылармен жұмыс жүргізуге, ақпараттық – коммуникативтік технологияларды тиімді қолдана алуға мүмкіндік береді.

Болашақ мамандарға психологиялық пәндерден білім беруде бағдарламаның жеті модулын қолдана отыра, сабақтар топтамалары дайындалды, ондағы модульдар мен стратегиялар бірі‑бірімен тығыз байланыстырылды. Мәселен, оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулінің «диалогтық оқыту» және «қалай оқу керектігін үйрету» қағидасы студенттердің өзіндік ой‑пікірінің дамуына септігін тигізсе, «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі болашақ мамандардың ойлау, шешім шығара білу қабілетін жетілдіре түсті, «оқыту үшін бағалау» модулі студенттердің бірі‑бірінің іс‑әрекет нәтижесін дұрыс бағалай алуына көмектесті. Әрбір сабақтарда сандық технологияны, ақпараттық‑коммуникативті технологияны, диалогтық оқытуды, топтық жұмыстар және «Топқа бөліну», «Джигсо», «Венн диаграммасы», «Текстологиялық карта», «Семантикалық карта» қолданылды.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» немесе қытай философы Конфуцийдің: «Маған айтып берсең – ұмытып қалармын, көрсетсең –есімде сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын» ‑ деген ұстанымын басшылыққа ала отыра, өткізілген сабақтар, педагог мамандарды даярлайтын жоғарғы оқу орындарын бітіруші студенттерге кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқытудың Педагогикалық шеберлік орталығында Кембридж әдісі бойынша біліктілікті жетілдіру, атағы әлемге мәлім оқу орнының ғалымдарынан дәріс алу өзімді жаңа форматты ұстаз ретінде сезінуіме, жалпы білім берудегі ескі стереотиптерден батыл түрде арылуыма жағдай туғызды.

Курс барысында алғашқы «Бетпе‑беттен» кейін өткізілген тәжірибеде болашақ ұстаздардың осы тәсілмен сабақ өткізуге деген қызығушылықтары таң қалдырды, олар өздерін көшбасшы, тіпті ұстаз ретінде сезініп, білімді меңгеруде өздерінің ізденістері мен шығармашылықтарын танытты.

Осы модульдарды терең меңгерген ұстаздардың жұмысы қызықты, шығармашыл және нәтижелі болады деп есептеймін, өйткені осы технологиялар бойынша ұстаз «Мен студенттерге не үйреттім?» деген сұраққа ғана емес, «Студент қандай білім алды, оны тәжірибеде қалай қолдана алады?» деген сұраққа жауап ала алады. Дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқыту арасында қандай айырмашылықтар бар екендігіне көз жеткіздім, дәстүрлі білім алуда студент оқулықтағы дайын білімді меңгереді, өздігінен ізденбейді, сабақ барысында белсенді екі‑үш студент ғана жауап береді, студент үнемі мұғалімнің көмегіне жүгінеді, өз бетінше қорытынды жасай алмайды, ұстаз студенттердің пікірлерімен санаспай‑ақ өзі ғана баға қояды, ал жаңаша білім беруде студент өзбетімен ізденеді, тақырыпқа байланысты сыни көзқарасы, өзіне тән пікірі қалыптасады, шешім шығаруға дағдыланады, өзін де, өзгелердің де іс‑әрекеттеріне әділ, шынайы баға беруге үйренеді.

Сондықтан да, «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» ‑ деген ұстанымды жадымызда сақтап, қандай істі болса да жаңадан бастау оңайға соқпайтынын, үлкен ізденіс барысында тиісті нәтижеге қол жеткізуге болатындығына көз жеткізе отыра, өзіңнен озған шәкірт тәрбиелеп, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін‑өзі дамытып, жетілдіре алатын маман дайындауға болатындығына көз жеткіздім.

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне үлкен өзгеріс әкеліп, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіне өз үлесін қосады деген сенімдемін.


Әдебиеттер тізімі:

1.Жоғарғы оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беруге арналған үлестірме материалдар. Бірінші басылым 2014 ж.



2.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғаы оқу орындарында қолдану Алматы, 2014ж

3.«Педагогикалық диалог» журналы №2 2014ж
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет