Жылғы №14012-02-689 хатына қосымша Аудандық «Ең үздік толеранттылық сабағы» байқауын өткізу туралы ереже



Дата01.06.2017
өлшемі66.47 Kb.
Қосымша 2
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің

09.04.2015 жылғы

14012-02-689 хатына қосымша



Аудандық «Ең үздік толеранттылық сабағы»

байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

    1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі аудандық «Ең үздік толеранттылық сабағы» байқауын (одан әрі Байқау) өткізеді.

    2. Байқау педагог қызметкерлердің кәсібилігі мен мәртебесін, олардың іс-әрекетінің тиімділігін көтермелеуге бағытталған.

    3. Байқау аудандық педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

1.4. Ереже байқаудың мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімін, байқауға қатысу шартын және оның қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды.


  1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау;

  • Қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін оқушылар бойына сіңірудің мазмұнын көрсететін үздік сабақтар тәжірибесін жинақтау;

  • Полиэтникалық қоғамда оқушылардың бойында толеранттылық сана- сезімді қалыптастырудың жолдарын анықтау;

  • Көпұлтты қоғамда толеранттылық қатынастарды дамытуға бағытталған үздік сабақ жоспарларының медиотекалық базасын жасақтау;

  • Педагог қызметкерлердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін ынталандыру;

  • Оқу үрдісінде пән мұғалімдерінің оқытудың сандық білім беру ресурстарымен жұмыс жүргізу дағдыларын дамыту; 

  • Білім беру жүйесінде пән мұғалімдерінің жағымды әлеуметтік, кәсіби келбетін қалыптастыруға қолдау көрсету.




  1. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

    1. Байқау екі кезеңде өтеді:

  • І - мектепішілік кезеңі – 2015 жылдың 13 сәуірі;

  • ІІ- аудандық кезеңі – 2015 жылдың 17 сәуірі;

  • ІІІ - облыстық кезеңі (сырттай) – 2015 жылдың 21 сәуірі.

    1. Байқауға ұсынылған материалдар байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес педагог қызметкерлердің жұмысының шынайы нәтижелерін көрсету керек. Байқау материалдары сабақ жоспарының қағаз түріндегі, электронды нұсқасы CD-R, DVD дискілерде ереже талаптарына сәйкес ұсынылуы керек.

    2. Байқау материалдарына ой-пікірлер жазылып, қайтарылмайды.

    3. Байқаудың аудандық кезеңіне қатысуға өтініштер мен материалдар 2015 жылдың 15 сәуіріне дейін қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Осы мерзімнен кейін берілген материалдарды байқаудың ұйымдастыру комитеті қарастырмайды, қайтармайды.

Байқауды ұйымдастырушы комитетінің мекен-жайы: Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Болашақ» тәрбие орталығы (Құлан ауылы, Жібек жолы көш., 73, № 5 каб., байланыс телефондары: 8 (72631) 2-14-08;

Байқауға қатысуға негіз ретінде үміткер белгіленген мерзімге келесі материалдарды беру керек:



  • Байқауға қатысуға өтініш (Қосымша 2.1), жеке куәлікке cәйкес деректер;

  • Талапқа сәйкес әзірленген сабақ жоспарының қағаз және электронды нұсқасы;

  • Байқауға қатысушыларының құрамы өтініш негізінде белгіленеді.


І – Қатысушы жөнінде жалпы мағлұматтар.

  • толық аты-жөні;

  • туған күні;

  • білімі;

  • жұмыс орны: ұйым, ауыл, аудан, қала атауы.

  • ғылыми атағы, ғылыми деңгейі (дәлелдейтін құжаттар көшірмелері);

  • жалпы еңбек өтілі, педагогикалық өтілі;

  • пәні;

  • мекен-жайы, байланыс телефоны, электронды мекен-жайы (@mail.ru).


ІІ – Сабақ жоспарының құрылымы.

Бағалау критерийлері:

  • Ұсынылған сабақ үлгілерінің мемлекеттік оқу бағдарламаларына сәйкестігі;

  • Сабақ жоспарының тақырыптары Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына сәйкес болуы;

  • Титул беті, аннотация, рәсімделуі;

  • Толеранттылық сабағының жоспары немесе сценарийі. Көлемі 4 бетке дейін, 14 шрифт (Times New Roman), 1,5 интервал;

  • Сабақтың презентациясы электронды тасымалдағыштарда 5-10 минут көлемінде мұғалімнің түсіндірмесімен болуы тиіс;

  • Оқушыларды толеранттылық қарым-қатынасқа тәрбиелеуге бағытталған ойындарды, сұрақ-жауап, жағдаяттарды, инновациялық әдістерді қолдану шеберлігі;

  • Толеранттылық идеясының мазмұндылығы, қызықты болуы;

  • Сабақ жоспарының (мәтіндер, мультимедиа, графика, сандық суреттер, дыбыстық және бейне файлдар т.б.) мазмұны мен сапасы;

  • Шығармашылық шеберлігі мен көркемділігі;

  • Оқыту мен оқудағы қолданылған жаңа тәсілдердің тиімділігі;

  • Сабақтың мақсатына жетуі;

  • Нәтижелілігі.




  1. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ

    1. Байқаудың жалпы басшылығын ұйымдастыру комитеті жүргізеді, оның құрамына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері кіреді. Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысының бұйрығымен ұйымдастыру комитетінің тізімдік құрамы, байқаудың қазылар алқасы тағайындалады. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы шешімдері хаттамамен рәсімделеді.

    2. Ұйымдастыру комитеті:

  • байқау бағдарламасын жасайды;

  • байқау тексерістерін бағалау критерийлерін жасайды;

  • өтініштер және байқау материалын жинауды іске асырады;

  • байқаудың аудандық кезеңдері қатысушыларының тізімін бекітеді;

  • байқаудың қазылар алқасының құрамын белгілейді;

  • байқауды дайындап, өткізу барысында қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;

  • байқау қатысушыларының бағалау нәтижесін жалпылайды;

  • байқаудың ақпараттық сүйемелдеуін жүргізеді;

  • байқау жеңіскерлерін марапаттау салтанатын ұйымдастырады.




  1. МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

    1. Аудандық «Ең үздік толеранттылық сабағы» байқауының қатысушылары Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталады.

Қосымша 2.1


Аудандық «Ең үздік толеранттылық сабағы» атты байқауына қатысуға
Өтініш
Байқау қатысушының толық аты-жөні
_______________________________________________________________________

Байқау қатысушының жұмыс орны


______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Туған күні


_______________________________________________________________________

Қызметі (мамандығы), осы қызметте қай уақыттан жұмыс істейді

______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Педагогикалық өтілі
_______________________________________________________________________ Пәні

_______________________________________________________________________ Пән мұғалімі ретінде еңбек өтілі


_______________________________________________________________________

Базалық білімі (қай жылы, қай білім мекемесін бітірді)


______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Атағы, ғылыми деңгейі, марапаттары
_______________________________________________________________________

Ұсынылған сабақтың тақырыбы


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кәсіби қалыптасуының негізгі кезеңдері



________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________
Мекен-жайы
_______________________________________________________________________ Жұмыс телефоны _______________ үй тел. ___________ ұялы__________________

Электронды пошта_______________________________________________________


Күні _________________ Өтініш берушінің қолы________
Келісілді_____________

Мекеме басшысы __________________ /аты-жөні/


Күні__________________
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет