Корей ертегісін кідіріспен әңгімелеу



Дата15.06.2020
өлшемі14.16 Kb.

Адал бала
(корей ертегісін кідіріспен әңгімелеу)
Ерте – ерте ертеде таулы ауылда бір бала өмір сүріпті. Оның жалғыз анасы ғана бар екен. Ол ағаш кесіп, базарға сатып, анасына көмектеседі екен. Күндердің күнінде бала ағып жатқан тау суына жуынбақшы болады. Өзен жағасында өсіп тұрған үлкен мәуе бәйтеректі көріп: Осы ағаш біраз табыс әкеледі, кесіп ала қояйын, -деп, балтасын сермей бергенде, суға түсіріп алады.
Бала жылап жібереді, оған балта алтыннан да қымбат қой. Ағашты енді немен кеседі?
Бір кезде ғайыптан бір ақсақал шыға келеді.
Балам, неге жылап отырсың?
Бала болған жағдайды айтып береді.
Жасыңды тый, балам, балтаңды тауып берем, - дейді де, суға сүңгіп кетеді.
Бір кезде ақсақал судан шығып:
Мынау ма, сенің балтаң? – деп таза алтыннан жасалған балтаны көрсетеді.
Баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Ол не дегеніңіз. Менікі емес!
Ақсақал мырс етеді де, суға қайта қойып кетеді.
Сәлден соң қолына күміс балта ұстап қайта шығады.
Мә, балтаңды ал, -дейді.
Баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Жоқ, ата. Менің балтам темірден жасалған болатын.
Ақсақал тағы да суға сүңгіп кетеді. Бұл жолы баланың өз балтасын алып шығады. Бала өз балтасын көріп, қуанып кетеді.
Міне, менің балтам осы. Сізге көп-көп рақмет.
Ақсақал жымия күліп, баланың басынан сипайды.
Жарайсың, балам! Сен өзгенікін алған жоқсың, алтын мен
күміс сенің адал жүрегіңе дақ түсірмеді. Сен енді үш балтаның да иесісің. Оларды базарға сатып, ақша қыл. Осындай ұл өсірген анаң біреуге жалшы болмай, ханшадай болып өмір сүрсін, - деді де, ақсақал көзден ғайып болды.
Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?
Сеніңше шыншыл бала қандай болады?
Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалып,түйінделеді.
-Жарайсыңдар,балалар!өте дұрыс айтасыңдар!Жақсы бала әдепті,сыпайы,қамқор,қайырымды,жауапкершілікті, адал болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі-шыншыл болу,өтірік айтпау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет