Мақсаты: Қозғалтқыш және ширатқыш ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының денелерін шынықтыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу



Дата29.03.2017
өлшемі10,29 Kb.
түріСабақ
  • Мақсаты: Қозғалтқыш және ширатқыш ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының денелерін шынықтыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
  • Ұстанымымыз:
  • “ДЕНІ САУДЫҢ- ЖАНЫ САУ”
  • Қозғалтқыш және ширатқыш ойындары.
  • «Біз жаңа ғасырда тұрмысымызға, санамызға, қоғамға, жалпы әрбір отбасына табанды түрде салауатты өмір салтын ендіруіміз қажет. Ол басымдық елдің, ұлттың болашағы үшін басқа басымдықтардан да маңызды болуы мүмкін» Н. Ә. Назарбаев
  • Ұлттық ойындар
  • Спорттық ойындар
  • Қозғалыс ойындары
  • Қимыл – ширатқыш
  • ойындарының
  • өткізу
  • мерзімі
  • Сабақ барысында әр пәндер де ұйымдастырылады.
  • Баланы дені сау тұлға ретінде
  • тәрбиелеу үшін 4 қағида:
  • Күн тәртібін сақтау
  • Денені шынықтыру
  • Дұрыс тамақтану
  • Тазалықты сақтау

«ОТ, СУ, АУА» ойыны Ойнаушылар дөңгелектеніп түрегеліп тұрады. Біреуі ойын басқарушысы болды. Ойын түрі: ойын басқарушы ортаға шығып, ойын әдісін былай деп түсіндіреді: Мұғалім «ОТ» дегенде оқушылар 2 қолдарыңмен сандарыңды шапалақтапатша лапылдайды, «СУ» дегенде 2 қолды 2 жанға жайып, айнала тұрып, қолдарыңнан ұшын қанатша қағып тұрасыңдар, «АУА» дегенде 2 қолды жоғары көтеріп, буының былқылдап, түтінше шалықтатасыңдар», - дейді. «ОТ, СУ, АУА»... ойын басқарушы балаларды жаңылдыру үшін «от» деп тұрып өзі судың не ауаның қозғалысын істейді. Ойын басқарушының айтқанын аңғармай анық істеп тұрғанын еліктеп шатасқандарды есепке алып тұрады. Жаңылысқандар саны – 5 – 6 болғанда орта шығарып білгенін (өлең, тақпақ, би, т.т.) айтқызады.

«Джунгли» ойыны. Шарты: оқушыларға, яғни төрт ұл балаға қоянның, маймылдың, арыстанның, пілдің аттары жазылған қағаз таратылады. 4 ұл өзіне түскен аңның кейпін мимикамен, даусын шығармай, басқаларға жеткізу керек. Оның қай аңды салғанын оқушылар таппаса, ойынға шыққан бала өз өнерін көрсетеді. Мақсаты: балаларды табиғат аңдарымен таныстыру, табиғатты аялауға және мүмкіндік туғызу, баланың бойындағы актерлік қабілетін жетілдіру.

«Кім жылдам» ойыны Құрамы: 3 ұл,3 қыз. Шарты: бір ұл бір қыздың пар-пар болып тұрады. Ұл баланың қолын байлаймыз, қыз баланың көзін байлаймыз. Содан қыз қолына тарелкаға салынған тортты ұлға жегізуі керек. Егер кім бірінші жегізіп бітірсе, сол команда жеңімпаз. Мақсаты: балаларды жылдамдыққа, сезімдікке, тез шешім қабылдауға үйрету.

«Танысу» ойыны Шарты: оқушылар өз аттарын тізбектеп айтып шығу. Тек өзінің ғана атын айтпай, қатар бойынша оқушылардың атын шатаспай айтып шығу. Мақсаты: баланың есте сақтау қабілетін арттыру болып табылады.

«Кім сезгіш» ойыны Шарты: қатар тұрған балалардың қолын қолтықтастырып ұстатамыз. Сосын барлығының көзін жұмғызып, кез келгенінің басына түртеміз. «отыр» деген хабар бергенде түрткен адам отырып қалуы керек. Ал қалғандары оны отырғызбай ұстап қалулары керек. Мақсаты: балалардың сезу қабілетімен қоса тез ойлануға мүмкіндік береді.

«Кім тапқыр» ойыны Шарты: балаларды қатарынан отырғызамыз. Әр балаға дене мүшелерінің біреуінің бастапқы, соңғы әріптерін айтып 10-ға дейін санаймыз. Сол арада оны табуы керек. Егер таба алмаса аяқ киімін алып қоямыз. Аяқ киімдері таусылған соң, бір баланы теріс қаратып отырғызып кез келген аяқ киімді ұстап тұрып «не әстесін» деп сұраймыз. Аяқ киім иесі оның айтқан тапсырмасын орындап, аяқ киімін алады. Мақсаты: балалардың тапқырлығын арттыру, актерлік қабілетін дамыту.

«Алма жеу» ойыны. Шарты: ұл балалардың қолын байлаймыз. Алманы жіпке байлап ұстап тұрамыз. Балалар алманы тез жеп қою керек. тКім бірінші бітірсе, сол жеңімпаз. Мақсаты: балаларды ұялшақтықтан арылту, жылдамдыққа баулу.

«Тәтті кәмпит» ойыны Шарты: ағашқа байланған кәмпиттерді қолдары байлаулы ұл балалар кәмпиттің қағазын ашып жеу керек. Мақсаты: балалардың биікке ұмтылу қабілетін арттыру.

«Көңілді» ойыны Шарты: ортаға бір оқушыны шығарамыз. Бірінші адам шапалақ ұрғанды жымиып күлу керек, екінші адам шапалақ ұрғанда айқайлап күлу керек. Егер сыннан өте алмаса өз өнерін көрсетеді. Мақсаты: балаларды көңілді жүруге үйрету, ойын-сауыққа үйрету.

«Қоян, қасқыр» ойыны. Шарты: «Қоян» деген хабар бергенде тұру керек, «қасқыр» деген хабар бергенде отыру керек. Мақсаты: жылдамдық, шатаспау қабілеттерін арттыру.  

  • Сергіту сәті
  • "Би"
  • Бұл сендерге арналған
  • Көз қарашығын сақтаңдар!
  • Барлығымыз бірге билейік!
  • Деніміз сау болсын!

Каталог: uploads -> doc -> 0c06
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c06 -> Мнемотехника арқылы жаттау Мақсаты
0c06 -> Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет