Мақта қыз бен мысық ертегісі Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі13,56 Kb.
#93244
Байланысты:
заявка


Мақта қыз бен мысық ертегісі
Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет. Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:
— Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:
— Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
— Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
— Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:
— Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
— Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.
— Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
— Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
— Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
— Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған:
— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.
— Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
— Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.
— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
— Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
— Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан:
— Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.
Мысық:
— Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Ертегі желісі бойынша сұрақтарды қойып аяқтау


* Балалар ертегі сендерге ұнай ма?
Олай болса Шалқан ертегісін сахналап көрейік.
Балаларды рөлдерге бөліп, атрибуттар тарату.
Ертегіні балалар сахналап шығады.

Шалқан ертегісі
Мақсаты:
- Ертегі жайлы түсініктерін тереңдету;
- Сөздік қорларын, тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- Мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал болыпты. Бір күні шал бақшасына шалқан отырғызыпты: Шалқаным өс, өс, өс! Шалқаным үлкен болып өс! - деп оны күтіп, баптапты. Бір күні ата бақшаға келсе, шалқаны үлкен болып өсіп кетіпті. Ата шалқанды ары тартады, бері тартады шығара алмай қояды. Ол көмекке кемпірін шақырады. Апа атадан, ата шалқаннан ұстап, шалқанды ары тартады, бері тартады шығара алмай қояды. Апасы көмекке немересін шақырады. Немересі апасынан, апа атадан, ата шалқаннан ұстап, шалқанды ары тартады, бері тартады шығара алмай қояды. Немересі көмекке күшігін шақырады. Күшік немересінен, немересі апасынан, апа атадан, ата шалқаннан ұстап, шалқанды ары тартады, бері тартады шығара алмай қояды. Күшік көмекке мысықты шақырады. Мысық күшіктен, күшік немересінен, немересі апасынан, апа атадан, ата шалқаннан ұстап, шалқанды ары тартады, бері тартады шығара алмай қояды. Мысық көмекке тышқанды шақырады. Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік немересінен, немересі апасынан, апа атадан, ата шалқаннан ұстап, шалқанды ары тартады, бері тартады, бір кезде шалқанды шығарып алады. Барлығы маз болып қуанады. Апасы шалқаннан барлығына тәтті ботқа пісіріп береді.


Білімдерін қорытындылау сұрақтары:


* Ертегі не туралы?
* Шалқанды кім екті?
* Ата шалқанды көріп қайтті?
* Көмекке кімдерді шақырды?
* Ертегі қалай аяқталды?
Рефлексивті коррекциялаушы кезең:
- Біз сабақта не істедік?
- Ертегі не жайлы?
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Сабақ сендерге ұнады ма?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет