Міндеті: Химиялық байланыс жайлы ұғымды қалыптастыру



бет1/3
Дата24.11.2019
өлшемі412.26 Kb.
  1   2   3
Химиялық байланыстар

  • Ташиева Нұржан Айтжанқызы


Міндеті:


1.Химиялық байланыс жайлы ұғымды қалыптастыру;



2. Жай және күрделі заттардың химиялық байланыстың түрін анықтай білу;



3. Әртүрлі байланыс түрі бар заттарға түзілу схемасын құра білу; иондық,коваленттік, сутектік, металдық;


Химиялық байланыс деп - химиялық элементтер арасындағы тұрақты тепе-тең күйдегі жүйе жасауға келіп тірелетін (молекула, ион, радикал)электромагниттік әсерлесу жиынтығы. Химиялық байланыс-атомдардың химиялық қосылыс түзіп әрекеттесуі.

Химиялық байланыс- иондық, ковалентті(полюсті және полюссіз) сутектік, металдық болып 4 түрге бөлінеді.

  1. Иондық байланыс. Натрий хлоридін мысалға алайық. Натрий- Nа суға тисе болды бірден жалын шығарады. Сілтілік металл. Керосиннің астында сақталады. Өте активті. Ал хлор-Cl болса ол өте улы. Бейметалл. Соғыс кезінде оны химиялық қару ретінде қолданған.Алайда химиялық байланыс кезінде екі қауіпті элемент натрий мен хлор өздеріне мүлдем ұқсамайтын бір зат түзеді. Ол-салыстырмалы түрде қауіпсіз. Біз оны күнде тамақта пайдаланамыз. Ол NaCL яғги –ас тұзы. Айналадағы көптеген қосылыстар осындай металл және бейметалл атомдарының байланысу нәтижесі.

Мысалы күннен қорғайтын мырыш оксиді ZnO мен тіс тазалауда пайдаланатын натрий фториді NaF. Алайда мұндай байланыстар қалай пайда болады.

Металл атомдары бір немесе екі үш сыртқы электрондарға ие және тұрақты болу үшін осы электрондарын жоғалтып толық сыртқы электрондармен қалуы тиіс.



Ал бейметалдардың сыртқы қабатында 4 немесе одан да көп электрондар бар және тұрақты болу үшін олар тағы да электрондарды қажет етеді.Яғни металл және бейметалл атомдары бір-бірімен байланысқа түскенде электрондар бір атомнан екіншіге толықтай көше алады.Натрий өзінің бір сыртқы электронын береді де хлор атомының да сыртқы қабаттары толады. Алайда хлор атомында протондарға қарағанда электрон саны біреуге артық. Және ол теріс зарядталған. Енді біз оны атом деп атамаймыз ол зарядталған бөлшек. Хлорид ион.Электронын жоғалқан натрий атомы оң зарядталған Na + ионына айналды. Әр аттас зарядтар тартылатындықтан. Оң және теріс иондар бір-бірімен берік байланысады. Бұл тартылыс күшін иондық байланыс деп атаймыз. Нартийдің Na+ оң ионы мен Cl - хлордың теріс ионы байланысып үш өлшемді тор түзеді. Иондар арасындағы байланыстар өте күшті осыдан олардың балқу қайнау температуралары жоғары болады. Қауіпті элементтер болып саналған натрий Na+ мен хлор Cl - өзінің бастапқы қасиетінен өзгеше натрий ионы мен хлорид ионына айналады. Сонымен біз күнделікті қолданатын ас тұзы атомдардың иондарға айналу нәтижесі.





Коваленттік байланыс:
Қоршаған орта да біздің өзімізде бейметалл атомдардан тұрамыз. Олардың қатарында : С; О2; Н2; және N 2секілді тірі ағзалар үшін маңызды атомдар бар.

Бұл бейметалдар атомдар әдетте жеке кездеспейді олар молекула құру үшін өзара байланысады.

Молекулалар оттегі сияқты бір элементтің атомдарынан тұруы мүмкін.

Немесе көміртегі молекуласындай әртүрлі атомдардан болуы мүмкін.

Ал осы бейметалл атомдары қалай байланысады?

Жауап барлық химиялық байланыстарды анықтайтын сыртқы қабат электрондарында жатыр. Бейметалдарың сыртқы қабатында 4 немесе одан да көп электрондарға ие.

Сондықтан олар сыртқы қабатын толтыру үшін электрондарды өзіне тартуы қажет. Бірақ екі бейметалл әрекеттескен жағдайда екеуі де электрон қосуын қажет етеді. Бұл қажеттіліктің күштілігі сонша әр атом өзінің бірнеше сыртқы электрондарымен алмасып екі атом да сыртқы қабаттарын толтырады. Екі оң зарядталған ядро бірдей электрондарға тартылғандықтан екі атомды бірдей ұстап тұратын күшті электростатикалық тартылыс күші пайда болады. Нәтижесінде күшті коваленттік байланыс түзіледі.

Хлор тек бір коваленттік байланыс түзе алады.Себебі оның сыртқы қабатына бір электрон ғана жетіспейді. Дегенмен сыртқы қабаттарын толтыру үшін электрондарды қажет ететін атомдар бірнеше коваленттік байланыс түзуі мүмкін. Осындай екі байланыс түзу қасиеті отттегі 2 О2атомымен сутегі 1 Н атомының қосылып су молекуласы түзілуіне әкеледі және көміртегі атомдарының 4 коваленттік байланыс құрып көміртегі атомдарымен ұзын тізбекті құрып сақиналарын түзіп тіршіліктің негізі болып табылатын күрделі органикалық молекулалар тізбектерін құруының себебі де осында.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет