Молекуласындағы бір, екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдар басқан өнімдер



Дата07.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#96584
Байланысты:
аминдер

  • Амин тобы – NH2.
  • Аминдер.
  • Анилин.
  • Аминдер дегеніміз – аммиак (NH3) молекуласындағы бір, екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдар басқан өнімдер.
  • Аминдерді аммиак (NH3) молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдардың санына қарай үш қарай бөледі:
  • – (NH2) тобы – амин тобы деп аталады. Аминдерді аммиак туындысы ретінде немесе көмірсутек туындысы ретінде қарастыруға болады.
  • Мысалы:
  • Изомериясы. Аминдерде тізбек және радикалдың орналасу изомериялары болады. Мысалы:
  • Физикалық қасиеттері. Аминдердің жеңіл өкілдері – газ тәрізді, аммиактың иісіндей иісі бар заттар. Суда жақсы ериді. Ал молекулалаық массалары ауыр өкілдері сұйық немесе қатты күйде болады. Молекулалық массаларының артуымен бірге суда ерігіштіктері кемиді.
  • Химиялық қасиеттері. Көптеген химиялық қасиетері аммиакқа ұқсайды:
  • 1. Ауада жануы:
  • 2. Суда ерігенде ерітіндісіне лакмус тамызсақ, сілтіге тән реакцияны көрсетеді. Демек, аммоний гидроксиді тәрізді орынбасқан метил аммоний гидроксиді түзілетінің көреміз:
  • Суда еритін аминдердің аммиакқа қарағанда негізділіктері басым болады. Себебі аминдер молекуласындағы көмірсутек радикалдарының электрон тығыздығы электртерістігі басым азот атомына ығысып, оның донорлы-акцепторлы байланыс түзуге бейімділігін арттырады:
  • 3. Қышқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді (бейтараптану реакциясы):
  • Сондықтан аминдерді органикалық негіздер деп атайды. Оларды тұздарынан күшті сілтімен әсер етіп, ығыстырып шығаруға болады.
  • Мысалы:
  • Анилин. Анилин – ароматты амин. Аммиак молекуласындағы сутек атомының орнын – бензол сақинасы (фенил радикалы) басқан өнім:
  • Алынуы. Анилин – химия өнеркәсібінің маңызды өнімдерінің бірі. Ол барлық бояғыш заттарды алуда бастапқы өнім болып саналады. Анилинді және басқа да біріншілік аминдерді алудың ортақ әдісі – нитроқосылыстарды тотықсыздандыру әдісі. Бұл әдісті 1842 жылы орыс ғалымы Н.Н. Зинин ашты. Сондықтан Зинин реакциясы деп аталады:
  • Химиялық қасиеттері. Анилиннің негіздік қасиеті – жай аминдерге қарағанда нашар. Оның себебі, анилин молекуласында бензол ядросы болуына сәйкес туындайтын атомдардың бір-біріне өзара әсеріне байланысты. Бензол ядросының – электрондар жүйесі (фенол сияқты) амин тобындағы азот атомының бөлінбеген электрон жұбын өзіне тартатындықтан, амин тобының протонды тарту қабілеті нашарлайды:
  • Бензол ядросының – электрондар жүйесі (фенол сияқты) амин тобындағы азот атомының бөлінбеген электрон жұбын өзіне тартатындықтан, амин тобының протонды тарту қабілеті нашарлайды:
  • Демек, негіздік қасиеттер мына ретпен кемиді:
  • 1. Амин тобы қатысатын реакциялар:
  • 2. Бензол сақинасы қатысатын реакциялар.
  • Жоғарыда айтылғандай, бензол сақинасындағы 2,4,6-көміртек атомдарына электрон тығыздығы артатындықтан, сақинаның үш жерінде орыбасу жеңіл өтеді. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет