Н.Ә. Назарбаев Бала тәрбиесі баршаның ісі



Дата10.03.2017
өлшемі18.33 Kb.
  • Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген
  • сүйіспеншіліктен басталады.
  • Н.Ә.Назарбаев
  • Бала тәрбиесі - баршаның ісі
  • "Отбасы -
  • өмір аясы"
  • Балаға қолдау көрсету керек
  • мектеп
  • отбасы
  • достары

Балаға емтиханға дайындалуға қалай көмектесуге болады?

  • 1. Бала емтиханда алатын балл санына аса алаңдамаңыз, және емтиханнан кейін балаға сын тақпаңыз. Балаға балл саны оның мүмкіндіктерінің ең жетілген өлшемі емес екендігі туралы пікір ұялатуға тырысыңыз.
  • 2. Емтихан алдында баланың алаңдаушылығын күшейтпеңіз – бұл тестілеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Ата-ананың толғанысы үнемі балаға беріледі, сондықтан дәл сын сағатта ата-аналар өздерінің эмоцияларына ерік бермей, қолда ұстаса, бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзін ұстай алмай қалуы ықтимал.
  • 3. Баланы жігерлендіріп отырыңыз, бір нәрсені жақсы істесе ол үшін міндетті түрде мақтап отырыңыз.
  • 4. Олардың өзіне деген сенімін арттыруға көмектесіңіз, өйткені бала сәтсіздіктен қорыққан сайын, оның қате жіберу қаупі арта береді.
  • 5. Баланың денсаулығын бақылап жүріңіз. Баланың шаршауына байланысты жағдайының нашарлағандығын уақтылы байқап, оны болдырмау Сізден басқаның қолынан келмейді.
  • 6. Баланың дайындалу режімін бақылаңыз, өзін асыра жүктеп жіберуіне жол бермеңіз, дайындығын міндетті түрде демалыспен кезектестіру қажеттігін түсіндіріңіз.

7.Үйде дайындалуға арналған жайлы орын бөліп беріңіз. Үй ішіндегілер оған кедергі жасамауына көңіл аударыңыз.

  • 7.Үйде дайындалуға арналған жайлы орын бөліп беріңіз. Үй ішіндегілер оған кедергі жасамауына көңіл аударыңыз.
  • 8. Баланың не жеп жүргеніне көңіл бөліңіз: қарқынды ой жүктемелері кезінде оған нәрлі және әртүрлі тамақ, дәрумендердің балансқа келтірілген кешені қажет. Балық, ірімшік, жаңғақ, кептірілген өрік сияқты тағамдар мидың жұмысын күшейтеді.
  • 9. Балаға дайындық тақырыптарын күндерге бөлуге көмектесіңіз.
  • 10. Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық материалды түгелімен жаттаудың еш қажеттігі жоқ, материалдың негізгі тұстарын шолып, оның мәні мен логикасын ұғып алса жеткілікті. Оқылып жатқан материалдарды жоспар бойынша реттей отырып, сызбалық көшірмелер мен кестелер жасап алған өте пайдалы. Егер бала білмесе, оны іс жүзінде қалай істеуге болатындығын көрсетіңіз. Негізгі формулалар мен анықтамаларды парақтарға жазып алып, жазу үстелінің, кереуетінің үстіне, асханаға, т.б. жерлерге іліп қоюға болады.
  • 11. Пән бойынша тестілік тапсырмалардың әртүрлі нұсқаларын дайындап қойыңыз (қазір түрлі тестілік тапсырмалардың жинақтары толып жатыр). Баланы тестілеуге дайындаудың мәні зор, өйткені оның әдеттегі жазба және ауызша емтихандардан айырмашылығы көп.
  • 12. Баланы тестілік тапсырмалар бойынша дайындық кезінде алдын ала уақыт мәселесін естен шығармауға, оны тиімді жұмсай білуге үйретіңіз. Сонда бала да тестілеудің бүкіл уақытында өзін жұмысқа жұмылдыруға үйренеді, бұл балаға сенім ұялатып, орынсыз алаңдаушылықты болдырмауға ықпал етеді. Бала сағат тақпайтын болса, емтиханға міндетті түрде сағат тағып барсын.

12. Баланы тестілік тапсырмалар бойынша дайындық кезінде алдын ала уақыт мәселесін естен шығармауға, оны тиімді жұмсай білуге үйретіңіз. Сонда бала да тестілеудің бүкіл уақытында өзін жұмысқа жұмылдыруға үйренеді, бұл балаға сенім ұялатып, орынсыз алаңдаушылықты болдырмауға ықпал етеді. Бала сағат тақпайтын болса, емтиханға міндетті түрде сағат тағып барсын 13. Емтиханның алдында баланың жақсылап демалуын қамтамасыз етіңіз, ол әбден тынығып, ұйқысы қанып тұруға тиіс.

  • 12. Баланы тестілік тапсырмалар бойынша дайындық кезінде алдын ала уақыт мәселесін естен шығармауға, оны тиімді жұмсай білуге үйретіңіз. Сонда бала да тестілеудің бүкіл уақытында өзін жұмысқа жұмылдыруға үйренеді, бұл балаға сенім ұялатып, орынсыз алаңдаушылықты болдырмауға ықпал етеді. Бала сағат тақпайтын болса, емтиханға міндетті түрде сағат тағып барсын 13. Емтиханның алдында баланың жақсылап демалуын қамтамасыз етіңіз, ол әбден тынығып, ұйқысы қанып тұруға тиіс.
  • 14. Балаларға емтихан кезінде мынадай мәселелерге көңіл бөлуді ескертіңіз:
  • Ø      көзбен барлық тестіні шолып шықсын, сонда қандай тапсырмалар бар екенін біліп, жұмысқа толығымен икемделе алады;
  • Ø      сұрақты соңына дейін мұқият оқып, оның мағынасын түсінсін (тестілеу кезінде жиі кездесетін қателік – соңына дейін оқымай, бірінші сөздерден-ақ жауапты жорамалдап, оны белгілеуге асығады);
  • Ø      егер сұрақтың жауабын білмесең немесе сенімді болмасаң, тастап кет және сосын қайта оралу үшін белгілеп қой;
  • Ø      егер белгіленген уақытта барлық сұрақтарға жауап беріп үлгермесең, ішкі түйсігіне сеніп, барынша ықтимал жауапты белгіле.
  •         Ең бастысы – баланың алаңдаушылығын азайтып, оның сабақ оқуына барынша қолайлы жағдай жасау екенін ұмытпаңыздар.
  • -   баланы бар қалпында сүю, кұрметтеу қажет; -  балаға әсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыкқандығы мәнді; -   баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады; -     баланың не айткысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс; -    жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін колдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман); -     бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім кабылдаған жөн: жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз баланның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау; -     балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;
  • Баланың еріктік және адамгершілік қасиеттерін сіз қалыптастырасыз. Оның мінезі, талғамы, ақыл-парасаты, білім аясы, қызығушылық әлемі, дағдылары мен әдеттері, мінез артықшылығы мен кемшілігі сізге байланысты. Жақсы қасиеттер балаға ақыл үйретумен, тыйым салумен, жазалау мен қорқытумен емес, әкесі мен анасының үлгілі өмірлік тәжірибесімен, отбасы ошағының жылуы мен жақсылық арқылы беріледі.
  • Есте сақтаңыз:
  • Балаңыздың денсаулығына көңіл бөліңіз. Дені сау бала оқу мен
  • тәрбиеге ықыласты болмақ. Кішкентай кезінен денесін шынықтыруды
  • дағды етіңіз. Тазалық пен ұқыптылықты үйретіңіз.
  • Баламен сырласыңыз. Балаңызды бауырыңызға тартыңыз.
  • Сырын айтуға, сізбен бөлісуге үйретіңіз. Мұқият тыңдап, кеңес айтып,
  • баланы сеніміне кіргізіңіз. Сіздің балаңызға тұлға ретінде қарап,
  • онымен ақылдасып.,бірлесіп жұмыс істеуіңіз, балаңызды жігерлендіреді.
  • Бала қателік жасаса, ұрсудан гөрі түсіністікпен қарай білуге тырысыңыз.
  • Ондай кезде онсыз да бала қорқып тұрады.
  • Керісінше ақыл айтып, жол көрсеткен пайдалы.
  • Бала өз қатарларымен бірде дос болып, бірде ренжіседі, кейде таяқ та
  • жеуі мүмкін. Ондай сәттерде баланың арасына түспеген дұрыс.
  • Балаңызды жақтап арасына түссеңіз, бала соған әдеттенеді, қит етсе
  • бәрін жеткізіп отыратын болады. Мұндай жағдайда балаңызды сырттай
  • бақылау қажет. Балаңыз үнемі орынсыз таяқ жегендей болса, араласуға
  • тура келеді.
  • Балаңыздың немен айналасатынын, қандай іске икемді екенін бақылап отырыңыз. Сол икемділігіне қарай бейімдеу керек.
  • Балаға қарым – қатынасыңыз дұрыс болғаны абзал. Үнемі қатты, бұйрық мәнде сөйлеу баланың бойын соған әдеттендіріп, үйретеді.
  • Кейін балаға қатты сөйлемесеңіз, сөз ұқпайтын болады.
  • Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз келеді. Кей заттарды міндетті түрде сындырып, ішін ашып көріп жатады. Өздері бір орында отыра алмайды, сұрақ қойғыш болып келеді. Мұндай балаларға біз үнемі ұрсып, тәртіпке келтіруге шеберміз. Ал, ол бала айтқанға көне, қалыпқа түсе қоймайды. Балаңыздың бойынан ондай сипат байқалса, оларда дарындылық белгісі бар екендігін білдіреді.
  • Кейбір ата – аналар балаларына өте қымбат заттар алып беріп жатады.
  • Ондай балалар өсе келе көрсеқызар, дүниеқұмар, өзімшіл, т.б. болатынын өмір көрсетіп келеді.Бала үшін алғашқы тәрбиешісі – ата – анасы. Бала мектепте 6-7 сағат болса, қалған   18 сағат үйде, сол себепті де ата – ана баласының оқуын, жүріс – тұрысын, жолдастарын, киетін киімін қадағалап отырса абзал. Әр апта соңында сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен,
  • мектеп басшыларымен байланыс жасап, сабағы, тәртібі, басқа да мәселелер жайлы мәлімет алып отырса, тәрбие жемісін берер еді. Баланың бүгінгі іс – әрекетіне, тәртібіне бүгін назар салмасақ, ертең кеш болады дегім келеді. Олай болса, бір сәт уақыт бөліп, мектеппен  хабарласу – ата – ананың бірден – бір міндеті.
  • "Біз біргеміз!!!"
  • СИТУАЦИЯЛЫҚ СҰРАҚТАР
  • ?
  • ?
  • ?
  • ?
  • ?
  • ?
  • ?
  • ?

Каталог: 802A181CB337A9DF
802A181CB337A9DF -> Практикалық психология Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі «5,6,7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
802A181CB337A9DF -> Сайыстың атауы Білімді оқушы. Интеллектуалды ойын
802A181CB337A9DF -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі Мақсаты: Білімділік
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: §46-47. Қазақ халқының мәдениеті Сабақтың мақсаты
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі бойынша «Бақытты балалық шаққа құқық»
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз
802A181CB337A9DF -> Оқу жылындағы «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» атты тілдер апталығының қорытындысы
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Термоядролық реакциялар. Радиоактивті сәулелер. Сабақтың мақсаты: а білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет