Орындаған: Даулетияр Гүлзамира Нұржанқызы Тексерген: Әміров Әбдібек Жетпісұлы Алматы, 2021 жыл СӨЖ Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік 1-30 том. – Алматы: «Қаз ақпарат»



бет1/5
Дата23.12.2021
өлшемі4,54 Mb.
#128277
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Даулетияр Гүлзамира. 15-апта


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық Университеті

Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы, 302 топ

 

Орындаған: Даулетияр Гүлзамира Нұржанқызы

Тексерген: Әміров Әбдібек Жетпісұлы

Алматы, 2021 жыл

СӨЖ

Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік 1-30 том. – Алматы: «ҚАЗ ақпарат» баспа корпорациясы, 2014. «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің 14-томына» жан-жақты талдау жүргізу

Мазмұны

I. Кіріспе.................................................................................................................

II. Негізгі бөлім......................................................................................................

1. «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің 14-томына» жан-жақты талдау жасау 2. Терминологиялық сөздіктердегі сәтті, сәтсіз жасалған терминдерге мысал келтіру III. Қорытынды...................................................................................................... IV. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................

I. Кіріспе

Қазақтың тілін дүниежүзіндегі қуатты тілдердің қатарына қосу үшін, ұлттық тіліміздің терминологиялық жүйесі аса мықты болғаны дұрыс. Терминология мәселесіне терең және тыңғылықты, маңызды мән берген елдерде ғана тіл өміршең болады. Онымен бірге ұлттық тіліміздің мәртебесін өлкениетті тілдердің деңгейіне көтеру үшін білім, ғылым, технология, техника және тағы басқа салалардағы тілдің тұғырын биіктетіп, іргетасын нығайтуымыз жөн. Ол үшін нақты ғылымдар мен техника және технологияның терминдері тілімізге бейімделіп, толық үндестік сингармонизм заңына бағынуға тиіс. Оның да негізгі қағидаларын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған, Алаш арыстары көрсетіп кеткен.

Қазіргі жаһандану заманында терминология жалпы әлем жұртшылығы үшін үлкен де маңызды мәселе болып отыр. 30 томдық «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік» қазақ терминологиясындағы іргелі сөздіктердің бірі. СӨЖ жұмысымның негізгі бөлімінде 30 томдық сөздіктің 14-томына жан-жақты талдау жасаймын.

2012-2014 жылдары 30 томдық салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасы дайындалған. Сөздіктер топтамасы алғаш рет 1999-2000 жж. жарық көрген. Сөздікте Терминологияға қатысты ғылыми еңбектер кеңінен пайдаланылған. 30 томдық, іргелі терминологиялық сөздіктер топтамасының 14-томын СӨЖ жұмысымда жан-жақты талдацмын. Медицина саласының негізгі терминдерін қамтитын бұл сөздік медициналық білім беретін мекемелердің оқушылары мен ұстаздарына, жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларына, сала мамандары мен ғалымдарға, сондай-ақ барша оқырман қауымға арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет