Парменова гулбану ералиевна



бет1/2
Дата04.05.2017
өлшемі452.2 Kb.
түріДиссертация
  1   2
ӘОЖ 37. 026.1: 37.026.7 : 37.12.011.3-051

Қолжазба құқығында



ПАРМЕНОВА ГУЛБАНУ ЕРАЛИЕВНА

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ

6М012000 - Кәсіптік оқыту (сала бойынша)

мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған



РЕФЕРАТ

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық- педагогикалық институты, “Кәсіби оқыту және бейнелеу өнері” кафедрасында орындалды.





Ғылыми жетекші:

п.ғ.к., доцент Г.Ш.Альназарова







Ресми оппонент:

п.ғ.к. Ә.А.Досмаханова

Диссертация 2013 жылдың ______күні сағат ____Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қ., Ы.Жахаев №75, 6-ші корпус ______ дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Болашақ педагогтың жеке басының маман ретінде қалыптасуы үшін кәсіби сапасының негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы ғылыми-әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн тәртібінде білімденушілердің өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып, болашақ педагогтың дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және дамыту қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Жоғары оқу орындарына болашақ мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете білетін, қажетті педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктелген. Осы мақсатта жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындаудың сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ тәрбиенің ықпал жасау өрісі де орасан кеңейе түсті. Осы кезеңгі білім беру жүйесіндегі ғылымның және тәжірибенің озық дүниесін назарда ұстап, кәсіби тұрғыда дамып жетілген мамандарды тәрбиелеу, әсіресе оны білімденушілердің өзіндік жұмыстарының аясында дамыту жолдарын айқындау көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.



Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазіргі уақытта әлемдік өркениетке жетуді мақсат еткен қоғамда болашақ мамандардың кәсіби тұрғыда шеберліктерін арттыру жаңа тұрпаттағы, заманауи мазмұндағы білім жүйесін талап етіп отыр. Осындай мәселені есепке алған білім беру орындары, кәсіби мамандарды дайындауда әсіресе жоғары оқу орындарында оқу үдерісі басынан аяғына дейін назарда ұстауды бастан кешіріп отыр. Оның бір айғағы жоғары оқу орындары кредиттік оқыту үдерісіне көшкендігі айқындайды. Кредиттік оқыту технологиясының басты мақсат міндеттері оқыту барысында білімденушілердің өзіндік жұмыстарына көңіл бөлуде. Сонымен қатар, білімденушілердің болашақ маман ретінде дамытуына өзіндік жұмыстардың игі ықпал етуіне бағытталады. Соның арқасында болашақ мамандар маман болып қалыптасу аясында шығармашылыққа, өз-өзіне талап қоя білуге, ұтқырлыққа, ақыл-ойлық белсенділікке бағытталған іс-әрекетті басым тұрғыда есепке алады. Яғни, болашақ мұғалімдердің маман ретінде қалыптасуына өзіндік шығармашылық жұмыстар арқылы дамытуды зерттеу, оны теориялық және практикалық негіздеу қазіргі таңдағы өзекті мәселе ретінде алға шығады.



Зерттеу мақсаты: Болашақ мұғалімдердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастыруды өзіндік жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыдан негіздеп, әдістемелік нұсқаулар жасау.

Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:

- болашақ мұғалімдердің өзіндік жұмыстар арқылы технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;

- технологиялық шеберлікке бағытталған өзіндік жұмыстар арқылы әрекет мазмұнын ұғымдық, терми­но­ло­гиялық тұрғыдан айқындау;

- технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетті қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;

- болашақ мұғалімдердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетіне негізделген, педагоги­ка­лық мәдениеті ескерілетін моделін жасауға мүмкіндік беретін кәсіби сапасын айқындау;

- болашақ мұғалімдердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетіне негізделген, педагоги­ка­лық технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастыру мазмұны мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы: Оқытудың таным процесін дамыту, қарым-қатынасты, шығар­машы­­лықты ұйымдастыру үдерісі ретінде педагогтың кәсіби сапа­сында көрініс тауып, субьектілер арасындағы қарым-қатынас факторлары ар­қы­лы олардың технологиялық шеберлігін дамытуға жағдай жасайды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: Қазақстан респуб­ли­касының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» Тұжырымдамасы, Қазақ­стан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты, бола­шақ мамандардың кәсіби шеберлігі туралы философиялық, психоло­гия­лық, педагогикалық еңбектердегі жеке кәсіби қасиеттерін дамыту және олар­дың шығармашылығын қалыптастыру туралы қағидалар.

Зерттеу пәні: Болашақ мұғалімдердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің технологиялық шеберлігін қалыптастыруды өзіндік жұмыстарын орындауға бағытталған оқыту үдерісі.

Зерттеудің жаңалығы.

- болашақ мұғалімдердің өзіндік жұмыстары арқылы технологиялық шеберлікке бағытталған өзара әрекетін қалыптастыру кәсіби сапа негізінде жүйе­ленді;

- «технологиялық шеберлік» компоненттері анықталып, олар тер­ми-нологиялық тұрғыдан нақтыланды;

- болашақ мұғалімдердің өзіндік жұмыстарына негізделген педагогикалық мәдениеті ескерілетін кәсіби сапа моделі айқындалып, технологиялық шеберлікті қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесі жасалды.



Зерттеудің болжамы: Егер, болашақ мұғалімдерді өзіндік жұмыстары арқылы технологиялық шеберлікке бағытталған әрекеті теориялық тұрғыдан негізделіп, оны пайдаланудың ғылыми әдістемелік жүйесі жасалса, онда оқыту үрдісінде болашақ мұғалімдер кәсіби шыңдалып, сапалы маман болып қалыптасуына мүмкіндік туады, себебі, бұған ғылыми тұрғыдан жасалынған әдістемелік нұсқаулар негіз болады.

Қорғауға ұсынылатын жағдайлар:

- болашақ кәсіби маманның технологиялық шеберлік әрекетін қалыптастыру мәселелері білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары;

- технологиялық шеберлікке негізделген әрекет құрылымы мен кәсіби сапа моделі;

-технологиялық шеберлікті жетілдіруде өзіндік әрекетін қалыптастыру мазмұны мен әдістемесі.



Зерттеу көздері: философиялық, педагогикалық психологиялық зерт­теу­лердегі кәсіптік шеберлік, жеке тұлғада технологиялық шеберлікті қалыптастырудың маңызды факторлары туралы түрлі еңбектер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» Тұжырымдамасы, «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім мазмұны тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар», кәсіби оқу бағдарламалары, 032040 – «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» пен оқу - әдістемелік кешендер, зерттеліп отырған мәселеге байланысты отандық, жақын шет елдік ғалымдардың еңбектері.

Зерттеуде қолданылған әдістер. Зерттеуге байланысты жарық көрген философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әде­биет­терге талдама жасау, болашақ мұғалімдермен әңгімелесу, педагогикалық эксперимент; технологиялық шеберлік мазмұнын анықтауда озық тәжірибелерді оқып үйрену, талдау,технологиялық шеберлік мазмұнын зерделеу және бағалау; зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы.

Қазіргі таңдағы оқыту үдерісін оңтайландыру мақсатында болашақ мамандарды дайындау мәселесіне жаңа сипатта қарау маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, зерттеу жұмысы болашақ мұғалімдердің технологиялық шеберлігін өзіндік жұмыстар арқылы дамыту мәселесін қарастырған ғылыми-теориялық тұжырымдарды толықтырады. Алынған мәліметтер мен қорытындыларды ЖОО-дағы оқыту үдерісінде пайдалануға болады.


Зерттеудің практикалық маңыздылығы.

Зерттеу нәтижелері бойынша 050120 - «Кәсіптік оқыту» мамандықтарына ҚР Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандартына сәйкес оқу бағдарламалары, білімденушілерге нұсқама берілді. Алғаш технологиялық шеберлік тұлғаның сапалық мазмұнында қарастырылды. Осындай негізде болашақ педагогтың технологиялық шеберлігіне негізделген, педагоги­ка­лық мәдениеті ескерілетін моделі ұсынылды. Моделді іске асыру мақсатында «Тұлғаның маман ретіндегі кәсіби сапасы» атты арнайы курсына бағдарлама жасалып оқу үрдісіне енгізілді.



Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жарияланды.



Зерттеу жұмысының кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2011 – 2012 ж. ж.) зерттеу тақырыбы оның мақсаты мен міндеттері анықталды. Зерттеуге байланыс­ты әдебиеттер, ғылыми зерттеулер, педагогикалық, психологиялық еңбектер талданып, сол бойынша қорытындылар мен тұжырымдамалар жасал­ды.

Екінші, үшінші кезеңде (2012 – 2013 ж. ж.) болашақ мұғалімдердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін өзіндік жұмыстар арқылы қалыптастыру бойынша жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Тәжірибелік жұмыс барысында білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, әдістемесі жасалды. Осының негізінде тәжірибелік – эксперимент жұмыстары жүргізілді және жиналған мате­риал­дар теориялық тұрғыдан талданып зерттеу нәтижесі қорытындыланды. Зерттеудің негізгі нәтижелерін тәжірибеге еңгізуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсыныстар жасалынды.

Зерттеу базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Гуманитарлық-педагогикалық институт.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, тұжы­рым­дар мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




Негізгі бөлім
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу мәселесінің көкейтестілігі мен маңызы негіз­делген, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері мен болжамы, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар және тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалған.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Болашақ мұғалімдердің технологиялық шеберлігі қалыптасуын зерттеудің теориялық мәселелері» деп аталды. Бұл бөлімде болашақ мұғалімдердің технологиялық шеберлік әрекетін қалыптастыру мәселелері Отандық және шетел ғалымдардың философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ой - пікірлері талданып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, тарихи дам­уы және теориялық негізі анықталған.

Білім беру орындарында басты педагогикалық- психологиялық дайындықты меңгерген, өз пәнін жан-жақты игерген білімденушілермен жаңа деңгейде қарым-қатынас орната алатын, кәсіби мәдениетті, ұстанымы жоғары, еңбекке талпынысы бар шебер педагогтар аса қажет. Айтар болсақ, педагогикалық шеберліктің мазмұны мен маңы­зын түп тамырын мұқият зерттеу, болашақ мұғалім тұлғасын жан-жақтылықта дамытуды көздеп оның барлық мүшелерінің қызметін (ізгілік және кәсіби тұрғыдағы, кәсіби білімі, педагогикалық қабілеті, педагогикалық техникасы, педагогикалық технологиясы) оның тапқырлық мүмкіндіктері мен кәсіби тұрғыдан дайындығын анықтау керектігін туындайды.

Зерттеу жұмысымызда біз педагогикалық технологияларды теориялық негіздедік. «Педагогикалық технологиялар» - бұл білімнің басымды мақсаттары мен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың, өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері болып табылады. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, білімденушінің дамуына тиімді жағдайлар жиынтығын құрайды. Мұнда да педагогикалық мазмұндағы бірқатар ұғымдар арасында кездесетін қарама - қайшылықтарды нақтылауда қажет екендігі байқалады. Бұл өз кезегінде шеберлік мазмұнын нақтылауды қажет етеді. Шеберлік ұғымының өзі «ісмерлік»- өз ісіне шебер болу, ісмер адам еңбек ете біледі, істің ретін табады, оның ісі өнімді болады. «Тапқырлық» іскерлік ұғымдар керісінше орын алғаны байқалады. «Тапқыр»- ойлап, ұтымды сөз айта алатын, алғыр, зерек ал, «тапқырлық» -алғырлық, зеректік деген ұғымды білдіреді. Іскерлік - ұғымының мазмұнын ашатын болсақ онда бір істі атқару, орындау барысындағы барлық іскерліктің негізін әрекеттер құрайды.

Келесі кезекте біз шеберлікті қалыптастыру мәселесін сөз етеміз. Шеберлікті қалыптастыру адам қызметінің кез-келген саласында ерекше маңызға ие. Дегенмен, бұл міндет осы кәсіпке арналған еңбек үшін талап етілетін негізгі білімдер, икемділіктер мен дағдылар қалыптасып болған жағдайда ғана шешімін табады. Шеберлікке жеткен жұмыскердің дағдылары мен икемділіктері бір кезеңде мамандандырылған, жалпылама сипатқа ие болады. Кез-келген қызмет саласындағы шеберлікке жоғары бейімділік қажет, яғни, бір жағдайдан екінші жағдайға көшу қабілеті, жаңа талаптарға икемделу және қызмет сипатын өзгермелі жағдайға лайықтап қайта құра білу қабілеті тән болып келеді. Шеберлік мұғалім үшін қажетті маңызды қасиет. Жоғары дәрежеде, әрі тұрақты түрде жетілдіріліп отыратын оқыту мен тәрбиелеу өнері өз тағдыр қалауымен шын жүректен еңбек ете білетін және балаларды шексіз сүйетін педагогтарға тән. Осы орайда, педагог дегеніміз - бұл өз ісінің шебері, ғылым мен өнерінің тиісті салаларымен жақсы таныс әрі өз пәнін терең білетін, сондай-ақ жалпы, әсіресе, балалар психологиясы мен педагогикалық психологияның мәселелерін ұғына білетін, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін жетік меңгерген тұлға.

Педагогикалық технология бірізділігі жағынан білім беру стандартын дайындау, оқытудың типтік жоспарын жасау, әрбір пәнді оқытудың типтік және жұмыс бағдарламасын, кұнтізбелік тақырыптық жоспарын жасауды, оқу процесіне дайындық кезеңін, білім беру ісін ұйымдастыру мен өткізуді, атқарылған педагогикалық қызметті талдауды қамтитын құжаттарды біріктіретін белгілі уақытпен өлшенетін кезеңдік іс-әрекет.



Педагогикалық әрекет


Педагогикалық әрекет

Технологиялық әрекет

1 Сурет- Технологиялық шеберлікті көздейтін әрекеттер жүйесі

Жоғарыдағы айтқандарды әдіснамалық негіздерге ала отырып, білімденушілердің технологиялық шеберлікке бағытталған әрекетіне негізделген педагогикалық мәдениеті ескерілетін моделін жасауға мүмкіндік беретін, оның төмендегі кәсіби сапа құрылымы анықталды.
1 Кесте - Технологиялық шеберліктің қалыптық құрылымы


Технология

лық


шеберлік компоненттері

Педагогтардың әрекеті

Білімденушілердің әрекеті

Саяси-идеялық сапасы

Педагогтың ұлттық мәдениеті, ұлттық әдет- ғұрып, салт-дәстұр, ұлттық тағамдар тақырыптарын таңдап, білімденушілердің танымдық әдістерінің деңгейіне қарай беріледі.

Білімденушілер берілген тақырыптарды жан-жақты талдап, бір шешімге келу.

Моральдық сапасы

Кәсіби дайындық сабақтарында ұлттық педагогикалық дәстүрлерді пайдалану деңгейлерінің әдістемелік негіздерін ұсынуда, білімденушілердің ұлттық тағамдарды құрметтеу сезімдерін дамытуға бағыт-бағдар береді.

Білімденушілерге кәсіби білім беру сабақтарында ұлттық тағамдарды, салт дәстүрлерді, ұлттық педагогика дәстүрлерін таңдап, топтың талдауына ұсынады.

1- кестенің жалғасы

Кәсіптік сапасы

Оқытушы білімденушілердің практикалық сабақтарында еңбектің ауқымын, берілген объектінің құрастырмасын үйретуде пәндік практикалық біліктілігі мен басқару түрлі тәсілдерін меңгеруге ықпал етеді.

Білімденушілердің көрсетілген тапсырамаларды орындау барысында біліктілік, ұтқырлық пен дағдылары қалыптасады. Өзінің жасаған шығармашылық туындыларын көптің алдында белсенділікпен көрсетеді.

Инновациялық сапалары




Педагогикалық әрекет барысында оқытушылар жаңашылдыққа ұмтылыс пен алға қарай жылжуға жағдай жасалады.

Білімденушілердің берілген тапсырмалар бойынша өзіндік іс әрекет барысында өз өзін дамытады және жетілдіреді. Шығармашылыққа, тапқырлыққа, теорияны тәжірибемен байланыстыруға ұмтылады бәсекелестік артады

Кәсіби психологиялық

Оқытушы білімденушілерге технологиялық іс-әрекеттерді дайындауда, білімді дайындықпен игеруге олардың игеру деңгейіне сай, ұлттық тағам дайындау технологиясын орындауда, тиімді деген тұрлі әдіс-тәсілдерді таңдай білуге бағыт – бағдар береді.

Технологиялық әрекетке ұдайы даяр болуы, материалдарда өңдеу технологиясы бойынша тиімді әдістерді жұзеге асыруды, дәлелді негіздей біледі.

Кәсіби психофизиоло-гиялық


Технологиялық әрекеттерді ұйымдастыруда қол еңбегін істеу барысында, жалпы өндірістік ептіліктер мен талап ережелерін сақтауда, әр тұрлі идеяларды іздестіреді, пайдаланады.

Жұртқа таныс емес ерекше ойлар мен идеялар ұсынады,

ізденіс жұмыстарын іске асырады.



Сырт көрінісі

Білімденушілердің іс-әрекетіне
педагогикалық тұрғыдан басшылық жасап жауатылылығына, тазалығына, байсалдылық және құлықтық талғамына ықпал етеді.

Өзін-өзі бақылап бағдар алуын жұзеге асыру, өз-өзіне жинақылықпен сын көзбен қарау.

Жоғарыдағы кестеде біз технологиялық шеберліктің қалыптылық құрылымын ұсындық. Бірінші бөлімде шеберлік, педагогикалық технологиялар және технологиялық шеберлік теориялық тұрғыда негізделді.



«Болашақ мүғалімдермен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды теориялық негіздеу» атты екінші бөлімде өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық мәселелері және болашақ мұғалімдермен ұйымдастырылатын өзіндік жұмыстардың түрлері айқындалды.

Әрбір оқыту әдісі білімденушілердің өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің міндеті – білімденушілердің дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге баулу. Өзіндік жұмыстың өз алдына оқыту принципі бола алмайтын себебі – оның өзі басқа приницптерге тәуелді, дәлірек айтқанда, білім алудағы білімденушілердің білімділігі мен саналылығы атты принцип, ең алдымен білімденушілердің дербестігін, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан олардың өзіндік оқу әрекетінің бір түрі ғана болып табылады.

Білімденушілердің таным әрекеті білім алу қажеттілігімен ұштасып жатады. Осыған орай олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ал белсенділік дербестікті керек етеді және білімденушінің өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар. Белсенділік дербестікке қарағанда, мағынасы кең ұғым.

Білімденушілердің өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оларды топтастыру өте күрделі мәселе. Осы күнге дейін педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде көпшілік мақұлдаған бұл жұмыстарды топтастыру немесе классификациялау жүйесі жоқ. Сондықтан білімденушілердің өзіндік жұмыстарын топтастыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескермесе болмайды.

Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, білімденушілердің дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту процесіндегі алатын орнына, олардың міндетті тұрде немесе өз еркімен істейтін жұмысының тағы басқа белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады. Оның ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрі. Оны біз төменде көрсетеміз:

а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау тағы басқа да тәсілдерге үйрену);

ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар мен есеп шығару);

б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша, графикалық, практикалық).

Бұл бөлімде болашақ мұғалімдермен ұйымдастырылатын өзіндік жұмыс түрлері жүйеленді. Өзіндік жұмыстар болашақ мамандардың кәсіби шеберліктері дамуының қайнар көзі екені сөзсіз. Көптеген зерттеулерде өзіндік жұмыстар болашақ маманның кәсіби сапалық тұлғаларының дамуына негіз болатындығы көрсетілген. Сондықтан бүгінгі күні кәсіби мамандар дайындауда өзіндік жұмыстарды теориялық және тәжірибелік негіздеу қажеттілігі анықталды.

«Болашақ мүғалімдердің технологиялық шеберлігін өзіндік жүмыстар арқылы жетілдірудегі педагогикалық-тәжірибелік жұмыс» атты үшінші бөлімде технологиялық шеберлікті қалыптастырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар бағ­дар­ламасы және әдістемесі жасалынып, эксперименттік жүмыстардың нәти­желері баяндалады.

Білімденушілердің кәсіби сапасын қалыптастырып арттыру үшін болашақ технология пәнінің мұғалімдеріне «Тұлғаның маман ретіндегі кәсіби сапасы» атты арнайы курсы ендірілді.

Курстың мақсаты: мұғалім әрекетінің технологиялық шеберлігіне байланысты, педагогикалық мәдениеті қарастырылатын моделін жасауға түрткі болатын болашақ аспаздың кәсіби сапасын арттыру.

Курстың міндеттері:

- жеке кәсіби сапаға мән беру;:

- педагогикалық үдерісте бір-бірімен қарым-қатынас орнату жолдарын игерту;

- болашақ мамандарды, білімденушілерді өздігінен әрекет етуге тарту және ұмтылысын тудыруды оятуда байланыстылықтың ролін анықтау.

Технологиялық қыры ретінде оқытуда технологиялық шеберлікті қалыптастырудың ұжымдасу формасы таңдап алынды. Өйткені топтық оқыту тәсілінен ұжымдық оқыту тәсілін көшу өз бетінше, нақты оқыту тәсілдерін қарастыруға негіз болады.

Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы мен дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қоюға ықпал етеді. Студенттерге білім берумен ғана шектелмейді. Бірге олардың бойында танымдық қызығушылық пен қабілеттің шығармашылық ойлаудың дербес ақыл – ой еңбегімен айналысу шеберлігі мен дағдыларының қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының „Білім туралы“ заңында білім беру жұйесінің міндеттері баяндалған. Солардың бірі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктер және де тұлғаның қалыптасуына дербес дамуына және кәсіпкерлікті меңгеруіне бағытталған. Шығармашылықты рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, білім алуға қажетті жағдайлар туғызу болып табылды. Бұл тапсырмаларды жүзеге асырудың қаншалықты тиімді болуы оқытудың сапасына студенттердің жоғары кәсіби дайындығын қажет ететін тұрлер мен әдістердің таңдалуына байланысты болады.

Оқыту қарқынын күшейту – білім беру мерзімінің ұзақтығын сол қалпында қалдыра отырып, студенттерге барған сайын ауқымды ақпарат беру, мүмкіндік іздестіру.Оқытудың белсенді әдістерінің ерекшеліктері :


  1. Білімді берік, саналы меңгеруге жеткізетін практикалық және ойлау іс - әрекетінің бірлестігі;

  2. Танымдық іс -әрекетінің белсенділігі үшін жағдай туғызады;

  3. Дәлелдік (себептік) дәрежені көрсетеді;

  4. Таным процесі сезімдік және ақыл – ой нәтижесін береді;

  5. Таным процесінде жетекшілік етудің әкімшілік стилін теріске шығарып, білімденушінің студенттермен іскерлік негізіне байланыс орнатуды негіздейді;

  6. Шығармашылдықтың жоғары деңгейінде дамуын қамтамасыз етеді;

  7. Оқытудың белсенді әдістерін студенттердің өзін - өзі басқару тәрбиесін жинақтауына әсерін тигізеді.

Оқытудың белсенді әдісі мен түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: іскерлік ойындар, проблемалық, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек столдар, пікірталас, ұжымдық - танымдық, оқу және т.б.

Бұл әрбір маманның кәсіби сапа көрсеткіштерінің жоғары болуын, талап етеді. Төменде технология пәні мұғалімдеріне арналған «Тұлғаның маман ретіндегі кәсіби сапасы» арнайы курсының тақырыптық және күнтізбелік - тақырыптық жоспарлары беріледі.


Кесте 2 - «Тұлғаның маман ретіндегі кәсіби сапасы» атты арнайы курстың тақырыптық жоспары (үш айлық қайта мамандану 72 сағат)


Тақырыбы

Сағаттық көлем

Лекция

Практика

БОӨЖ

БӨЖ

1 Кіріспе

Арнайы курстың мақсаты

Технологиялық әрекетті шеберлікпен атқаруға, аспаздыққа кәсіби тұлға ретінде қалыптастыру


4


2

2

4

ІІ. Шикізатты механикалық- аспаздық өңдеу технологиясы

2. Көкөністер мен саңырауқұлақтарды өңдеу

2.1. Тұйнекжемістілерді өңдеу

2.2. Тамыржемістілерді өңдеу

2.3. Орамжапырақты және пияз тұқымдас көкөністер өңдеу

2.4. Жемісті көкөністерді өңдеу

2.5. Салаттық және тәтті көкөністерді өңдеу

2.6. Қалбырланған көкөністерді өңдеу



4

2

2

4

ІІІ. Көкөністерді тартымды әзірлеу ұшін дайындау

3.1. Көкөністердің сапасына қойылатын талаптар

А) Сақтау мерзімдері

3.2. Көкөністердің жарамсыз шығындарын және оларды пайдалану

3.3. Көкөністер шала фабрикаттары

3.4. Саңырауқұлақты өңдеу



4

2




4

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет