Сабақ: қазақ тілі Мектеп: «№19орта мектебі»



Дата26.08.2017
өлшемі129,89 Kb.
#28189
түріСабақ
Сабақ жоспары


САБАҚ: қазақ тілі

Мектеп: «№ 19орта мектебі»КММ

Күні:09.11.2016

Оқытушының аты-жөні:Жаксылыхова Г.Н.

СЫНЫП: 7 «А»

Қатысушылар саны: 23


Қатыспағандар:0

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы істей алады: «Сәйкестендіру», постермен жұмыс, үлестірмелі карточкаға жауап бере алады
Көпшілігі істей алады: мәнерлеп оқу,мақал-мәтел жинақтау, мінездеме беру


  1. Кейбірі істей алады: Сатылай кешенді талдау, өлең шығару,




Тілдік мақсат

Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі.
Сатира (лат. Satira)- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. 


Алдыңғы білім

Бұл бөлім, алдындағы барлық меңгерілген бөлімдермен байланысты. Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы қосымша мәлімет бере отырып «Бір адамға» өлеңінің мазмұнын ұғындыру; Өлеңді құрылысына қарай талдау;

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

4мин


4мин


3мин

1.Оқушылармен сәлемдесіп,қатысуын тексеру, оқу құралдарын қадағалау;

2. Өткен тақырыпқа байланысты топқа бөлу;

3.Балалар назарын сабаққа аудару мақсатында психологиялық тренинг. «Жүректен жүрекке» ыстық лебіздерін білдіру;

4.Бағалау қағазын үлестіру


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Эссе «Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым»



Үйге тапсырманы бекіту: «Сәйкестендіру»




Абай Құнанбаев

Ахмет Байтұрсынов

Махамбет Өтемісұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Дулат Бабатайұлы


«Қазақтың бас ақыны» атты мақала кімнің еңбегі?




+










Айтуға ауыз келе ме,

Аягөз кімнің жері еді?















+

«Тарланым», «Мінкен ер» «Ей, Махамбет жолдасым» кімнің өлеңдері?







+







Ұлт әдебиетінде Шоқан,Абай,Ыбырай сияқты үш алып орнықтырған арна-дәстүрлерді өнімді жалғастыратын ақын,жазушы әрі аудармашы 1931 жылы дүниеден өткен кім?










+




Семейге жер аударылып келген Е.П.Михаэлиспен кітапханда танысып достасқан ақын кім?

+














«Жүректен жүрекке» тренинг

Сәйкестендіру




Ортасы

3 мин

2мин

4мин


1мин


2мин

2мин
1мин


10мин

(6 мин дайындыққа,

4 мин қорғауға)


Жаңа тақырыпты ашуға байланысты өлең оқу;

«Мен қазақ» 6-сыныпта өтілген тақырып (мұғалім оқиды)



Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Кімнің өлең жолдары? (С.Торайғыровтікі)

С.Торайғыров туралы не білеміз балалар?

Ақын, ақыл-ойшысы, Абайдың дәстүрін жалғастырушысы, қазақ әдебиеті аталатын тұтас дәуірдің айрықша ірі тұлғасы.
Бейнебаян көрсету.


Нені білемін?

Нені білгім келеді?

Мен үшін жаңалық




















Мұғалім сөзі: Аз ғана ғұмыр кешсе де, артынан өшпес мұра қалдырған ақынымыз Абай дәстүрін жалғастырушысы екен.

Ал олай болса «Бір адамға» деген өлеңі берілген бізге соны мұқият аудио дауыс арқылы тыңдап көрелікғне жайында, ақынның айтқысы келген ойы неекен? Назар аударып отырайық.


Аудио тыңдау. (А,В,С оқушыларын зерттеу)
Оқушылардың өздеріне оқыту...................

1.Өлең қандай адамға, кімге арналған деп ойлайсыңдар?

2. Өлең жолдарында мысқыл,кекесін бар ма?

3.Қай жерінен аңғаруға болады?

4.Ақынның айтайын деген ойы не?

Дәптермен жұмыс «Ирония», «Сатира» дегеніміз не екенін жазғызу

Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі. Иронияға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы, қара кісіні "аппағым", пұшық адамды "қоңқағым" деу).

Сатира (лат. Satira)- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. 
Шығармашылық тапсырма

1-топқа «Бір адамға» өлеңін «СКТ сатылай кешенді талдау» жасаймыз .

Ол рас аталарың шеңге алыпты ,

Арзан қып, қымбат емес,кемге алыпты.

Б) Ойладым: «Оңдырған-ау баққан халқын!»

"Қай момынның малы бар бұл аяқта?"
2-топқа Ахмет Байтұрсыновтың «Ақын ініме» өлеңі мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңін салыстырмалы түрде ВЕНН диаграммасын жасау;

А) Бұрынғы атамызға сыйға берген,

біздерде мынадай бар,мынадай бар..... мағынасын ашу




3-топқа «Біз ақынбыз, өлеңге жақынбыз» тақырыбында 2-3 шумақты ақынға арнап өлең шығару.

Кесені қолыма алып қарай бердім,

Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп,.

4-топқа «Шорманның ұрпақтарын негізге ала отырып» көрініс қою;

Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: "Оңдырған - ау, баққан халқын".

Соншама құны толық бұлды түйме,

Артында қалдырмас па жақсы даңқын.


«Миға шабуыл» әдісі

Бейнебаян


Инсерт әдісі

Аудио тыңдау



Сатылай кешенді талдау

«ВЕНН диаграммасы»

Авторлық шығарма шылық

«РАФТ» әдісі



Соңы

7 мин

2мин

2мин


1мин

Сабақты бекіту:

дәлелі

себептері

1-топ себептерін жазады, 2-топ дәлел табады

3-топ «Бір адамға» өлеңін қортындылап тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қояды

4-топ Ақын туралы қортынды жасайды.



  1. Ақын не себепті «Бір адамға» өлеңін жазды?

  2. Иронияны тауып дәлелде?

  3. «Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді» деген нақыл сөзге өлең шумағынан дәлел ізде.

  1. Шорман ұрпақтары байлық құмар кісі ме? Оны дәлелде....

Қорытындылау:

Үйге тапсырма: Ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеу, «Бір адамға» өлеңін жаттау;

І. Бағалау

Топ басшысы сабақ кезеңіне байланысты бағалап, сабақ соңында қорытынды жасайды.
Рефлексия: қайыққа стикер арқылы сабаққа байланысты нені меңгерді, нені меңгермей қалды, немесе тілек жазып кету.


«Фишбоун» әдісі

«Қайық» әдісі

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтарменбайланыс

Дифференциялды оқыту өз бетінше жаттығулар кезінде мұғалім қолдауының алмасуы арқылы іске асады.


Жетістік критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындап мақсатқа жетуіне байланысты жетті немесе талпынды деп бағаланады

Дүние жүзі және Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс бар. Презентация қолданылады, Интерактивті тақтаны 20 - 25 минуттан артық қолдануға болмайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Каталог: uploads -> doc -> 016d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
016d -> Сабақ «білім биржасы»
016d -> Сабақтың тақырыбы: Жиренше мен хан Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет