Сабақ Параграф 2-3 Дүниежүзі тарихы



Дата07.02.2022
өлшемі101,7 Kb.
#92098
түріСабақ
Байланысты:
2-сабақ,5-сынып,Дүниежүзі тарихы,Қоймуратова Д.Т.-137ЖББ (1)





1-тоқсан

2-ші сабақ

Параграф 2-3

Дүниежүзі тарихы.

Сабақтың
тақырыбы:

Ежелгі адамдардың өмір салты.Иемденуші және өндіруші шаруашылық түрлері «Неолиттік төңкеріс» ұғымы.

Оқу мақсаты:

5.2.2.1-ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану.
5.2.1.2-тотемизм, анимизм,фетишизм,магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу.

Сабақтың
мақсаты:


Сабақта ежелгі адамдардың тұрмыс-салтын,алғашқы адамдардың діни наным-сенімдерін,ертедегі адамдардың тылсым күштерге сыйыну себебін анықтаймыз.

Негізгі ұғымдар :

Шапқы,гарпун,құрастырмалы қарулар,терімшілік,аң аулау,балық шаруашылығы,мқз басу,от жағу, үңгір,тотемизм,фетишизм,магия,анимизм.

Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект.

Балалар ежелгі адамдардың ең алғашқы тас құралы шапқы деп аталды.Бұл шапқылар біздің пышақтың рөлін атқарды.Ежелгі адамдардың еңбек құралдарының бәрі тастан жасалды.Сол себептен археологтар бұл кезеңді тас дәуірі деп атады.
Шаруашылықтың екі түрі қалыптасты:
1.Иемденуші шаруашылық: Алғашқы адамдар ештеме игере алмады. Олар табиғаттың дайын өнімдерін қолданды.Яғни терімшілікпен айналасты.(жеміс-жидектерді,жұмыртқаларды жеп азық етті).
2.Өндіруші шаруашылық:Уақыт өте келе олар еңбек құралдарын жасап, өнімді игере бастады.Шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды.Олар –егіншілік пен мал бағу.Бұл өндіруші шаруашылық деп аталды.Демек олар енді азық -түлік үшін егін егіп,мал бақты.
Ежелгі діни наным-сенімдер:
1.Тотемизм-Ежелгі адамдардың аң аулау барысындағы арбаушылық сенімдері бірте-бірте аңдарға жалбарынуды тудырды.Содан көне сенім тотемизм қалыптасты.
2.Анимизм- Ежелгі адамдар рух пен жан туралы түсініктер қалыптасты.Рух пен жан адам өлгеннен кейінде өмір сүре береді деп ойлады.
3.Фетишизм-Кейбір ежелгі адамдар жансыз заттарға табынды.Тасқа,отқа,ағашқа т.б заттарға табынды.Бұндай түсінікті Фетишизм деді.
4.Магия- сиқыршылық пен тылсым күшке сыйыну.ж

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

Балалар, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.



Жауап жазу:




Бекіту сұрақтары:



1-тапсырма.Төменде берілген суретке қарап қысқаша әңгіме құрастырыңыздар.





2- тапсырма: Төменде берілген ұғымдарды толықтыр:

1

Ежелгі адамдардың аң аулау барысындағы арбаушылық сенімдері бірте-бірте аңдарға жалбарынуды тудырды.






2

Ежелгі адамдар рух пен жан туралы түсініктер қалыптасты.Рух пен жан адам өлгеннен кейінде өмір сүре береді деп ойлады.




3

Кейбір ежелгі адамдар жансыз заттарға табынды.Тасқа,отқа,ағашқа т.б заттарға табынды.




4

Сиқыршылық пен тылсым күшке сыйыну




5

Адамдардың тірі,жер бетіндегі өмірі.




6

Өлгеннен кейінгі жер астындағы өмір




1.Егіншілік пен мал бағу қалай пайда болды?
2.Алғашқы еңбек құралдарын атаңдар?
3.Ежелгі діни наным-сенімдердің қандай түрі болды және бүгінде ондай сенімдер бар ма?

Үйге тапсырма:

Параграф 2-3 оқу мазмұндау;




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет