Сабақ тақырыбы: Кестенің көмегімен есеп шығару Мектеп: Ақтөбе орта мектебі Күні



Дата08.09.2017
өлшемі98,34 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Смагулова Гулшат Борисовна

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Математика

Сабақ тақырыбы:

Кестенің көмегімен есеп шығару

Мектеп: Ақтөбе орта мектебі

Күні:




Мұғалімнің есімі: Смагулова Гулшат Борисовна

СЫНЫП: 1 «Ә»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.2.4.5. Қарапайым логикалық есептерді шығару

(ақиқат есептер, сәйкестігін табу)



Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Қарапайым логикалық есептерді шығарады

Сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады.

Логикалық есепті бөліктерге бөліп шығарады


Ресурстар:

оқушылардың санына байланысты:


  1. “Сенемін — сенбеймін” ойынына қажет кестемен берілген

  2. А4 қағаздары;




  1. әр жұпқа кестемен берілген А4 қағаздары;

Әр жұпқа арналған:


  1. 4 шаршы; 4 тіктөртбұрыш;

  2. 4 үшбұрыш; 4 дөңгелек.

Тірек сөздер

кесте; жол; баған.

Алдыңғы сабақ

Логикалық есеп шығару

Сабақтың мақсаты:

Логикалық есептерді кестенің көмегімен шығару, есептің шартына сәйкес кестені толтыруды және жауабын табуды үйрету.




Кіріспе тапсырма.

Сабақты «Миға шабуылдан» бастау.



Жеке жұмыс. “Сенемін — сенбеймін”­ ойынын ойнатудан бастау. Оқушылардың әрқайсысына жауап жазатын кестені таратып беру. (тиісті бағанға “+” қою керек).

Егер оқушылар менің тұжырымыма сенетін болса, онда “Сенемін” сөзі жазылған бағанға “+” таңбасын, ал олар менің тұжырымыма сенбейтін болса, онда “+” таңбасын “Сенбеймін” сөзі жазылған бағанға қояды.

Ойын өткізуге арналған тұжырымдар:








Сенемін

Сенбеймін

1

Сен және тағы екі оқушы тақтаға шықты. Егер сенің сол жағыңда және оң жағыңда оқушылар тұрса, онда “сен олардың ортасында тұрсың” дегенге сендер сенесіңдер ме?

+




2

“Үш қабатты үйде төрт қабат бар” дегенге сенесіңдер ме?




+

3

“Үш сауысқанның алты аяғы бар” дегенге сенесіңдер ме?

+




4

“Үш мысықтың бес құйрығы бар” дегенге сенесіңдер ме?




+

5

“Егер алманы қақ бөлсе, сонда екі алма пайда болады” дегенге сенесіңдер ме?




+

6

“Егер кеше жұма, ал бүгін сенбі” десе ше?

+




Шыққан жауаптарды сыныппен тексеріп, дұрыс жауаптарды талдату. Оқушылардың жұмыс­ тарын дұрыс жауаптың санына байланысты өздеріне бағалату.

Жұппен жұмыс. Әр жұпқа кестесі бар А4 қағазын, сондай-ақ түрлі түсті қағаздан жасалған

4 дөңгелек, 4 үшбұрыш, 4 шаршы, 4 тіктөртбұрыштарды таратып беру.

Оқушылар кестені фигуралармен (дөңгелектермен, үшбұрыштармен, шаршылармен, тіктөрт­ бұрыштармен), әр жол мен әр бағанда фигуралар қайталанбайтындай етіп толтырады. Оқушылардан алдын ала кестеден жол мен бағанды көрсетуді сұрау. Орындап болған соң өзара тексеру жүргізуді ұсыну. (Жол мен бағанын көрсету)














































Ереже: шарты күрделі, жазуға немесе елестетуге қиындық тудыратын логикалық есептерді кесте арқылы шығару қолайлы.

Оқулықпен жұмыс 104, 105 беттер

Баскиімдер. (Кестені сызып, балалардың аты мен баскиім түстерін жазып қою)

Дидар, Сәкен және Саматтың баскиімдері қызыл, көк және жасыл түсті.

Дидардың баскиімі қызыл емес. Саматтың баскиімі қызыл да емес, көк те емес.

Егер Дидар мен Саматтың баскиімдері қызыл түсті болмаса, онда қызыл баскиім Сәкендікі.

Дидардың баскиімінің түсі қандай болатынынын сұраймын.

Балалардың баскиімдерінің түсі қандай?

Оқушыларға тапсырманың шартын оқыған соң кестеге қарауды ұсыну (қолайлы болу үшін плактқа сызып тақтаға шығарып қою). Олардан ұлдардың атын сұрау.

Олар кестеде қай жерде орналасқан?­ (Бағанда.)

Баскиімдердің түстерін сұрау. Олар кестеде қайда орналасқан? (Жолда­.)

Есептің шартында Дидар туралы не белгілі екенін сұрау (оның баскиімі қызыл емес). Онда “Дидар”­ деген жазуға қарсы тұрған “қызыл жолға “–” таңбасын қою (барлық іс-әрекетті тақтадағы кестеде белгілеу). Самат туралы не айтылғанын сұрау (оның баскиімі қызыл да емес, көк те емес). Онда қызыл және көк қатарға “–” таңбасын қою. Оқушыларға осыдан кейін қорытынды жасату. Егер Саматтың баскиімі қызыл да, көк те болмаса, онда оның баскиімі жасыл түсті. Саматтың атына қарсы “жасыл жолға “+” таңбасын қою. Егер Дидар мен Саматтың баскиімдері қызыл түсті болмаса, онда қызыл баскиім Сәкендікі (Сәкеннің атына қарсы тұрған “қызыл” жолға “+” таңбасын қою керек). Оқушылардан Дидардың баскиімінің түсі қандай болатынын сұрау.






Қызыл

Көк

Жасыл

Дидар

-

+

-

Сәкен

+

-

-

Самат

-

-

+

Жауабы: Дидардікі — көк, Саматтікі — жасыл, Сәкендікі — қызыл.

104 бет Интерактивті тақтадан ережені оқу.

105 бет Интерактивті тақтадан кітапты көрсетіп қою.

Құрбылар. Жұппен жұмыс

Бақыт, Дина, Жанар алма, алмұрт, апельсин жеді.

Бақыт алманы ұнатпайды.

Дина апельсинді жақсы көреді.

Қыздардың әрқайсысы қандай жемісті сүйсініп жеді?

Есептің шартымен танысқан соң оқушыларға жұпта кестемен жұмыс істеуді ұсыну. Әр қыздың не жегенін сұрау. Неге мұндай жауап шыққанын түсіндіріп беруді өтіну. Бірнеше жұпқа өз ойларын айтып беруге мүмкіндік жасау.






Бақыт

Дина

Жанар

Алма

-

-

+

Алмұрт

+

-

-

Апельсин

-

+

-

Жауабы: Дина апельсин жеді, Бақыт алмұрт жеді, Жанар алма жеді.

Шығарып көр Жеке жұмыс

Дамир, Асан және Тимурда танк, ұшақ және мәшине ойыншықтары бар.

Дамирдің ойыншығы мәшине емес.

Ал Асанның ойыншығы ұшады.

Балаларда қандай ойыншық бар?

Әр ұлдың қандай ойыншығы болғанын сұраймын. Неге мұндай жауап шыққанын түсіндіріп беруді өтінемін. Бірнеше оқушыдан өз ойларын айтып беруді сұраймын.






Дамир

Асан

Тимур

Танк

+

-

-

Ұшақ

-

+

-

Мәшине

-

-

+

Жауабы:Асанда ұшақ, Дамирде танк, Тимурда мәшине.

Орындап көр. Кестенің көмегімен шығарылатын жоғарыдағыдай есеп құрастыруды тапсыру. Тапсырманы жұппен немесе үйде орындауға болады.

Сергіту минуты «Ақ бұлақ»




Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру кесте, таблица, ....

.

101 бет Интерактивті тақтадан дәптерді көрсетіп қою.

Дәптермен жұмыс 101 беттегі тапсырманы орындау

Оқушыларға кестеде есептің шартын міндетті түрде “+” және “–” таңбаларының көмегімен жазу керектігін ескертемін. Жұпта өз ойларымен бөлісуді ұйымдастырамын. Оқушылардан тапсырманы орындағаннан кейін есептің жауабы мен талдау жолын айтып беруді сұраймын.

Секіруден жарыс.

Секіруден жарысқа тиін, қоян және түлкі жүлделі орындарды жеңіп алды.

Тиін бірінші және үшінші орындарды иеленбеді.

Қоян үшінші орынды иеленген жоқ.

Қай аң қандай орынды иеленді?




1-орын

2-орын

3-орын

Тиін

-

+

-

Қоян

+

-

-

Түлкі

-

-

+

Жауабы: қоян — 1-орын, тиін — 2-орын, түлкі— 3-орын.

Таңғы ас.

Кестені толтыр және есептің сұрағына жауап бер.

Отбасы таңғы асқа сүт, шай және шырын ішеді.

Әкесі сүт ішпейді.

Баласы шырынды жақсы көреді.

Анасы әкесіне шай құйып берді.

Отбасындағылардың қайсысы не ішті?




Әкесі

Анасы

Баласы

Сүт

-

+

-

Шай

+

-

-

Шырын

-

-

+

Жауабы: әкесі шай, анасы сүт, баласы шырын ішеді.




Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

кестені және онда қатар мен бағанның орналасатынын білді.

есептің шартын қалай жазуды және кестеден жауабын табуды үйренді.

кестемен берілген тапсырмаларды орындап үйренді.

Сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қоямын:

— Кестеде жолдар қалай орналасқан? Бағандар ше?

— Кестемен қандай есептерді шығарған қолайлы?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалатыңыз.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет