Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: презентациялық слайдтар, суреттер



бет1/3
Дата02.10.2019
өлшемі0,67 Mb.
#49060
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
валюта

Тақырыбы: Теңге-мемлекет келбеті

Мақсаты: Оқушылардың ұлттық теңгеміз туралы білімдерін жетілдіру. Өз ойларын ашық, еркін айтуға үйрету. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін көтеру. Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін шыңдау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын қазақ тілінде еркін айтуға үйренеді. Теңге туралы, басқа елдердің валюталары туралы кеңінен біліп танысады.

Іс-шараның түрі: сайыс

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: презентациялық слайдтар, суреттер.

Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)

Сайыстың өткізілу барысы:

Мақсаты:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Әр мемлекеттің егеменді ел екенін айқындайтын бірде-бір белгі ақшаның айналымында өзіндік төл валютасының болуы. Бұл мемлекеттің нағыз ел болып қалыптасуының нышаны. Қазақстан Тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңге ресми түрде ақша айналымына енгізілді. Яғни, биыл ұлттық валютамыз 25-ке толды.

Қазір теңгенің тарихы туралы видео тамашалайық. (ВИДЕО. Теңге тарихы)

Бұрынғы ақша туралы қысқаша айтып өту.

Металл теңгелер шықпай тұрып, қолдануда қағаз тиындар жүрді. Олар: 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындар.

1 теңгеде – Әбу Насыр Әл-Фараби бейнеленген;

3 теңгеде – Сүйінбай Аронұлы (ақын)

5 теңгеде – Құрманғазы Сағырбайұлы ( күйші, композитор)

10 теңгеде – Шоқан Уәлиханов (ойшыл, философ)

20 теңгеде – Абай Құнанбаев (ақын, философ, композитор)

50 теңгеде – Әбілқайыр хан ( 1718-1748 жылдар аралығында Кіші жүздің ханы болған Әбілқайыр хан бейнеленген)

100 теңгеде – бүкіл қазақ хандығының билеушісі Абылай хан бейнеленген.

Сонымен қоса, 1995 жылы Қазақстанда ақша басып шығаратын фабрика ашылған.

1.«Кім жүйрік атты» кезеңінде әр топ сұрақтарға жауап береді. Әр жауап 1 балл 

 2.«Әр елде  — өз валютасы » (әр мемлекеттің валюталарын табады)

3.Теңге туралы мақалдар сайысы.

4. «Тақпақшылар» сайысы (ақша туралы өлең шумақтарын айту)

5.« Кім жылдам» сайысы. Анаграмманы шешу. Әріптерді экономикалық мәнді сөз шығатындай етіп жазу керек.

6. «Кім көп біледі?» атты топ басшылары сайысы .

Енді қазылар алқасын сайлап алайық.

Қазылар алқасы:

1.

2.



Жүргізуші: Жеңістерден көріну ұрандары,
Көңілді және тапқыр ұлан бәрі.
Өнерлерін ортаға шығармақшы,
Ортамызда «Тиын» және «Табыс» қырандары.   

«Табыс» тобына

1.Казақстан Республикасының валютасы- Теңге


2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа теңге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6.  Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
7. Армения валютасы-Бран.

8. Теңгенің авторлары - Т. Сулейменов, Қ.Ғабжалилов, М.Әлін, А.Дүзелханов

9. Ең бірінші теңгенің долларға қарағанда бағамы - 1 АҚШ $ 4,75 теңге

10.«Теңге» сөзі қайдан шыққан? (Орта ғасырдағы түрік күміс монеталарының «таньга» атауынан )


«Тиын» тобына

1.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер-Банкнот


2. Қ.Р ең алғаш астанасы-Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
3. Үндістан валютасы-Рупии
4. Алғаш монеталар қай ғасырда  пайда болды-V ғасырда ежелгі Грецияда
5. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
6. Теңгенің Туған айы, күні, жылы - 15.11.1993

7. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген Ұлы тұлғаларды ата - Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай, Әбілхайыр, Абылайхан

8. Теңгенің бүгінгі долларға қарағанда бағамы - 1доллар-373 теңге

9.Қазақстанда банкноттық фабрика қай жылы салынды? (1995жылы)



  1. 10. Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)

Қожанасыр мен хан туралы.

Бірде хан Қожанасырды өзіне шақырып алып, алдына ақша қойыпты да, Қожеке, мынау 1 сом мен 1 тиын. Осының қайсысы көп соны айтшы маған деп сұраған екен. (ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЫН СҰРАУ) Әрине 1 тиын көп депті Қожанасыр. Сонда таң-тамаша болған хан: неге 1 тиынды көп дейсің, себебін айтшы деп сұрайды. Себебі, 1 сом дегенде алты әріп, ал 1 тиын дегенде жеті әріп бар. Енді өзіңіз айтыңызшы, алты көппе әлде жеті көппе деп жауап беріпті Қожекең.

-Бұл ел аузынан қалған әзіл-шыңы аралас аңыз әңгіме болатын.

Сендер ақша туралы қандай ырым – тыйымдарды білесіңдер? Содан кейін видео көрсету.

Құрметті, оқушылар, ақша кез-келген қажеттілікті қамтамасыз ететін құрал болып отыр. (ВИДЕО. Ырым – тыйымдар)Алайда ақша туралы қандай ырым-тыйымдар бар екен. Оны алдағы бейне көріністен көре отырайық.

Ал, енді оқушылар, сендер қандай ырымдар білесіңдер?



  1. Ақшаны таза жерде ұстау керек, және таза жолмен табу керек. Оңай келген ақша, оңай жоқ та болады.

  2. Қызыл түсті әмиян ақша шақырады деген түсінік бар.

  3. Әмиянға тек ақша ғана салыңыз. Сонымен қатар әмиянға ақшаларды рет-ретімен және өзіндік құны бойынша орналастыруға дағдыланыңыз. Сонда ақшаңыздың құны болады деген түсінік бар.

  4. Сейсенбі күні қарыз сураудан аулақ болыңыз, кем дегенде бip ай бойы қарызда жүресіз деген ұғым бар.

  5. Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз. Солар секілді бай боласың деген жақсы ырым бар.

ІІ кезең «Әр елде  — өз валютасы »

 а) «Табыс»    Италия – лира


Куба – песо
Үндістан – рупия
Иран – риал
Қырғызстанда-/сом/         

Ресейде -/рубль/ 

Германияда — /марка/    

Америкада — / доллар/                                                                       



б) « Тиын»

Ұлыбританияда/фунт/                                                                                     Украинада — /гривна/         

 Қытайда — / юань/   

Тәжікстанда — /манат/    

Өзбекстанда — /сум/      

Түркияда -/ лира /    

Латвияда —  / лат /    

Кореяда — / йена /    



Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз.
таратпа қағаз тарату

 ( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып) Әр дұрыс жауап 2 ұпай

1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.
8. _______ да сұрауы бар.
9. Ақшада ____ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.

«Кім жылдам» сайысы. Анаграмманы шешу. Әріптерді экономикалық мәнді сөз шығатындай етіп жазу керек.

«Табыс» тобына:

1.АРБСЙЫА – АЙЫРБАС.

2.ЫҚАНР – НАРЫҚ.

3.УШЫТНҰЫТ – ТҰТЫНУШЫ.

4. ЕНСИЕ – НЕСИЕ

5. ІШӨІУНДР - ӨНДІРУШІ.

6. ЕГТҢЕ – ТЕҢГЕ .

«Тиын» тобына:

ТІКҚЕЖАЛІТ – ҚАЖЕТТІЛІК

МКЭНОАКОИ – ЭКОНОМИКА

ЛҚАЫС – САЛЫҚ.

АУСДА – САУДА

АЮВТЛА- ВАЛЮТА.

ҰАСНРСЫ – СҰРАНЫС.
Капитандар сайысы

Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993 ж, 15 қараша)

Төлемді растайтын қағаз. (Чек)

Қазақстанда ақша басып шығаратын фабрика қай жылы ашылды? (1995 жылы)

1994 жылы неше теңгелер шығарылды? (Әбу Насыр әл-Фарабидің бейнесімен 500, 1000 теңгелер шығарылды).

1,3,5,10, 20 теңгелер қолданыстан шыққан жыл? (2001 жыл)

10000 теңге қай жылы шықты? (2003 жылы)

Теңгенің ең алғашқы нұсқасы қай елде жасалынып шықты? (Англияда)

Қазіргі  кезеңде Мемлекетіміз   көтеріліп келеді,  болашақта  білімді, саналы азамат   болып  өсуімізге  борлық  жағдай  жасалуда.  Осы   мүмкіндікті   дұрыс пайдаланып  еліміздің  ертеңі  жарқын болуына   сіздер  де ертең  еңбек   етесіңдер, соған  лайықты  ұлан болып   өсіңіздер! Сіздерге  қатысқандарыңыз үшін рахмет! Сау болыңыздар!

Құмжарған ЖББОМ бойынша

Ұлттық валюта теңге

күнінің 25 жылдығына орай



«Теңге-мемлекет келбеті»

тақырыбындағы сыныптан

тыс жұмысы туралы

анықтама


2018-2019 оқу жылының қараша айының 15 күні 6-7- сынып оқушыларымен «Теңге –мемлекет келбеті» тақырыбында сыныптан тыс жұмысы өткізілді. Сайысқа 2 топ қатысты «табыс», «тиын» тобы. Сайыс қорытындысында «Табыс» тобы жеңіске жетіп, марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет