Сабақтың атауы Ана тілінің қызметі Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі



бет1/11
Дата08.06.2018
өлшемі0,62 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ана тілінің қызметі


Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру. оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту. АКТ-ны тиімді пайдалану

Оқыту  нәтижесі

Оқушыларды ана тілді құрметтеуді ұғына білуі,АКТ пайдалана алуы

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру


Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Үй тапсырмасын сұрау


BLUB TREE-ді қолдана отырып бастауышта не үйренгендерін білу

Мағынаны тану


Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру

«Ана тілінің қызметі»

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.

Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.



Ой қозғау

Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/

Ана тілі дегеніміз не?

Ұлт тілі,ділі дегенді қалай түсінеміз?

Оқулықтағы жаттығуларды дәптерге орындату

Топқа стикерлер арқылы бөлу

І топ «Қазақ тілінің кешегісі»

ІІ топ «Қазақ тілінің бүгіні»

ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы



Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру

Оқулықтағы жаттығуды орындау

Топқа бөлініп ,пікір таластырады.


Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.


Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс

Бір біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату

Үй тапсырмасы

«Ана тілі» өлеңін жаттап келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

 Бағалау

Формативті бағалау

Өзін өзі бағалау

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Әдеби тіл туралы түсінік.


Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

«Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғындыру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тіл туралы түсініктерін кеңейте отырып,, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты оқушыларды төмндегі гүлдердің аттарына сай топқа бөлемін.

1-раушан гүлдері тобы

2-сарғалдақтар тобы

3-лала гүлдері тобы



Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау


1.Ана тілінің қызметі туралы түсінік.

2. «Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.



Мағынаны тану


Білім тексеру:

«Ана тілі» туралы А. Байтұрсынов не айтқан?

«Ана тілі» туралы Ә. Кекілбаев не деген?

Қазақ тілінің байлығы не?

«Ана тілі» туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдеп» сөзінің негізінде жасалған.

Ол «сөз әдебі» дегенді білдіреді.

Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көрке тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.

Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздерауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.


Сөз қылыштан өткір.
өнер алды-қызыл тіл.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Шешеннің сөзі ортақ.

Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындату.



Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi,
Орнымыздан тұрып алып.
Жүгiрейiк бiр уақыт,
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық,
Тiк көтерiп, қозғайық,
Тым сылбыр да болмайық.
Алға қарай озбайық,
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


  1. Әдеби тіл дегеніміз не?

  2. Ауызша тіл дегеніміз не?

  3. Жазбаша тіл дегеніміз не?

І деңгей

Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу

Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.

ІІ деңгей

Мәтіндегі ойды түсініп оқыңдар.

Адам өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңдер

Тіл, сөз туралы 2- 3 мақал ойлап жазыңдар.

ІІІ деңгей

Төмендегі пікірлерді жаттап алыңдар.

Айтылған пікірлердегі негізгі ойды анықтаңдар.



Үй тапсырмасы

Әдеби тіл туралы түсінік,тапсырманы аяқтау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшаларын арқылы өзін-өзі бағалау

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

«Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінктерін кеңейте отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазлды құрастыру арқылы,3-топқа бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасы

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады



Үй тапсырмасын сұрау

Үй жұмысы дәптерлерін тексеру.

Мағынаны тану


І топ

Өзің жазған шығарманы ата – анаңа оқып бердің делік. Осы жерде сен сөйлеудің қай түрін қолдандың? Неге?

ІІ топ

Телехабардағы диктор сөзін тыңдағанда, «Ұлан газетіне жарияланған мақалаларды оқығанда, біз тілдің қай формасын қабылдаймыз? Ойыңды дәлелде.



Тапсырма

І деңгей


Жазудың көркемдігі мен түсініктілігі не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Жалпы, жазба тілдің қажеттілігі неде?

ІІ деңгей

Төмендегі оқып жаттап алыңдар.

Олар сөйлеудің қай түріне қатысты екенін дәлелдеп айтыңдар

Көп сөйлеме.

Сөйлеп тұрғанда есінеме.

Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме.

Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама.

ІІІ деңгей

Төмендегі әдеби тілге жалпайтын сөздердің астын сыз.

Қайың, бейқұт, асық, жасық, бейіс ас, жала, бышырлату, кәмбіл, кәрлен кесе, қазы, әдемі, қара ашытпа, қарақит, көл, шалқар, саңаржақ, саң, мұра, шақалақ, шақат ,ада қылу, дәптер.

Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындату.



Сергіту сәті

Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан,
Қане, қайсы, алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


1-топ

Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазыңдар.

2-топ
Ана тілі- халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілікбіріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, оның бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.

3-топ


Сурет салу

Үй тапсырмасы

Әдеби тілге жатпайтын сөздерді қолданып, қазақтың шешен билері туралы шағын мәтін құра.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бағалау парақшалары арқылы көршісін бағалау

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:



Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Әдеби тілдің көркемдігі мен түсініктілігі


Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суреттер,таратпалар

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға әдеби тілдің ерекшелігін түсіндіру

Оқыту  нәтижесі

1.Сөйлеу тілінің ерекшелігін ұғындыру

2.Сөйлеу тіліндегі тілдік нормалардың сақталуын түсіндіру




Топқа бөлу

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Кезекшімен сұхбат

3.Оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеру.

4.Топқа бөлу (Нақыл сөздерді дұрыс құрастыру арқылы)



Ынтымақтастық атмосферасы

Орманның бiз емшiсiмiз,
Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады).
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау


  1. Миға шабуыл

-Ана тілінің неше қызметі бар?

-Тіл туралы А.Байтұрсынов не деген?

-Әдеби тіл туралы не білесің?

-Әдеби тілдің қанша түрі бар?

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтінге тән қасиеттер?



Мағынаны тану


Қазыбек би мен Бұқар жырау

Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.

Төсекте жатқан Бұқар жырау:


  • Бірден оңға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек сен айтып берші,-деген екен.

  • Сонда Қазыбектің берген жауабы:

  • Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.

  • Екі дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

  • Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

  • Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.

  • Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған хан жаман.

  • Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

  • Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.

  • Тоғыз дегеніңіз – толғаныңыз.

  • Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

Топпен жұмыс.

Әңгімені оқып, диалог не туралы екенін айтыңдар.



  • Қазыбек би мен Бұқар жырау әдеби тілдің қай формасында әңгімелесті?

  • Бұқар жырау әдеби тілдің көркемдігін танытатын қандай тапқыр сөздерді пайдаланған?

  • Әңгімедегі автор сөзін бөліп көрсетіңдер. Ол қандай мақсатпен қолданылып тұр?

3.Топтық жұмыс. Топ ішінде оқушылар берілген тақырыпта ауызша тілді қолданып әңгімелейді.

І топ: Диалог «Тіл – адамның адамдық белгісі»

ІІ топ: Монолог «Мұралардың ең қымбаты - сөз»

ІІІ топ: Диалог «Ана тілім – қазақ тілі»

ІV топ: Монолог «Жақсының соңынан сөз ереді»

Критерий:



  1. Тілдік норма

  2. Сөйлеу мәнері

Оқулықтағы тапсырмаларды,топтарға бөліп орындату.

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.

Оқушылар денелерін жатықтырады



Ой толғаныс


Мәтінде берілген сипаттамаға сүйеніп, өз көңіл күйлеріңді білдіретін осындай ауызша мәтін құраңдар.

Критерий:

1.Мәтін тақырыбы болу керек.

2.Екі абзацтан тұру керек.

3.Әдеби тіл қолданылу керек.

Құрастырған мәтіндерін оқушылар критерий бойынша өздері бағалайды.

Бағалау. Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

5. Кері байланыс.



Сабақ бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер




Үй тапсырмасы

Қосымша түсінік жаттау.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

Каталог: uploads -> doc -> 0890
0890 -> Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау. Көрнекілік: сызба, жаттығулар. Сабақтың барысы
0890 -> Сабақтың атауы Максим Зверов «Суықторғай»
0890 -> Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс жасау ерекшелігі
0890 -> З. К. Сарина Қалижан Бекхожин 3 9 «А» Р.Қ. Жайдақбаева Мәшһүр Жүсіп Көпеев 4 5
0890 -> Сабақ Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожантаева Ә. Ж амангелді орта мектебі Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
0890 -> Тақырыбы: Блум таксономиясына негізделіп құрылған сабақтар жоспары. Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Манапова Жанар Пулатовна Тақырыбы: 2-сынып. «Атасы мен немересі»
0890 -> Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
0890 -> Сабақ жоспары Дене тәрбиесі сабағынан 8а классқа арналған Тақырыбы: Эстафета таяқшасын беру техникасы
0890 -> Сабақтың тақырыбы: Традиции и фольклор 6-бөлім: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті Школа: 16
0890 -> «миф» әлеміне саяхат жүргізуші


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет