Сабақтың әдіс-тәсілдері: акт, сто әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері



Дата02.07.2018
өлшемі80.87 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: Ч ч дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: 1. Ч ч дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету, ч дыбысы бар сөздердің орыс тілінен енгендігін аңғарту.

2.Сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту


3.Оқушыларды өзара сыйластық, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың әдіс-тәсілдері: АКТ, СТО әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, флипчарт, маркер, интербелсенді тақта.



Кезеңдер

Мұғалімнің әрекеті мен тапсырмалар




Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Мотивациялық

қозғаушы

Ізденушілік-ұйымдастырушы


Психологиялық дайындық

Кел, танысайық» ойыны.
Ұстаз алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады.

Ұстаз қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын сипайды.


Ұстаз сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.

Топқа бөліну.

«Чипсы, чак-чак, чупа-чупс» суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді.

Сынып ұстанымы еске түсіріледі.

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Э дыбысы


Э дыбысы қандай дыбыс?

Мәтінді әр топтан оқушыларға тізбектеп оқыту.



Миға шабуыл стратегиясы.

Ойын «Мен саған, сен маған» әр топ допты лақтыру арқылы бір-бірлеріне сұрақтар қояды.

Дыбыс дегеніміз не?

Әріп дегеніміз не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Топтарға тапсырма

1-топ «Сөз ойла, тез ойла» ойыны Э дыбысы бар сөздерді топтастырады.

2-топ Адасқан әріптер ойыны

3-топ Ойын «Қай әріпті жоғалттым?»

-

Тұсау кесер

"Ой қозғау» әдісі.

Видеоролик көрсету.

Бұл бейнетаспадан кімдерді көрдік?

Оларды кімдер дейміз?

Чемпиондар. Бұл сөзде бізге таныс емес дыбыс бар ма?

Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қандай дыбыспен танысамыз?



Негізгі бөлім

Кане бәріміз хормен ч дыбысын айтып көрелік

Қалай айтылып тұр?

Кедергіге ұшырап, қысқа айтылып тұр.

Ендеше ч дыбысы дауыссыз дыбыс. Қандай текшемен белгілейміз?

Қай дауыссыз дыбыстардың қатарына жатқызамыз айтылуына қарай?

Қатаң дауыссыз дыбыс.

Ч әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.



1-топ «Сөз ойла, тез ойла» ойыны ч дыбысы бар сөздер айту.

2-топ Чемпион сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

3-топ Чемпион сөзіне сөйлем құрайды.

Сергіту сәті






Шаттық шеңберіне тұрып, қимылдарды жасайды.

Суреттер арқылы топқа бөлінеді.


.

Допты әр топ бір-бірлеріне лақтыру арқылы сұрақтарға жауап береді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Видеороликті көреді.

Бүгінгі сабақта танысатын дыбысты анықтайды.

Хормен ч дыбысын айтады, дауыссыз дыбыс екенін түсінеді.

Баспа және жазба түрін көреді.

Би қимылдарын жасайды.



«Керемет!», «Өте жақсы!»

Топтар бір-бірін бағадаршаммен бағалайды.

Жарайсың!

Суреттер


.

флипчарт




Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы суретке қарай қояйық. Суреттегі кімдер?



Қай мезгіл? Олар не теуіп жүр? Сурет бойынша әңгіме құрап жіберейікші.

Екі бала. Далада қыс мезгілі. Балалар коньки теуіп жүр.

Дұрыс айтасыңдар. Өлеңнің тақырыбы қалай аталады?

«Болашақ чемпиондар».

Балалар, чемпиондар деген кімдер?

Үлкен чемпионаттарға қатысып, жеңімпаз болған адамды чемпион дейді.

Дұрыс-ақ. Балалар, суреттердегі мына адамдар жазда Лондон қаласында өткен олимпиададан чемпион атағын иемденген қазақстандық аға – апаларың. Сендер оларды танисыңдар ма?

Танимыз. Лондон

олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова. 

Мына өлеңдегі балалар да осы аға – апаларыңдай чемпион болғысы келеді ме екен, өлеңді оқиық.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру

Хормен оқыту

Әр топтан оқушыларға екі шумақтан оқыту.

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық,

Қолға алам алайық,

Әдемі етіп жазайық!

Дәптерге ч әрпін жазу.

Топтарға тапсырма

1-топ ч дыбысы бар сөздерді жазу.

2-топ ч дыбысы бар суреттерді жапсыру

3-топ Сәйкестендіру әдісі






Оқулықтағы суретке назарларын аударады.

Сұрақтарға жауап береді.

Сурет бойынша әңгіме құрайды.

Экранда Лондон – 2012 олимпиадасының чемпиондарының суреттері көрсетіледі.

Оқушылар үлгі дәптердегі ч әрпін жазады.

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.










Рефлексивті-түзетуші


Сиқырлы таяқша ойыны арқылы бекіту.

1.Дауысты дыбысты ата.     2.Сенің есімің қандай дыбыстан басталады?


3 Ю дыбысы бар сөз айт

4 Сенің ұлтың кім?

5 Мектеп неше қабатты?

6 Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

7 Ч дыбысы туралы не білесің?

8 Ч дыбысы бар сөздерді ата.

Үйге тапсырма

132-бет, мәнерлеп оқу. Ч дыбысы бар сөздер ойлап келу.



Мадақтау













Каталог: uploads -> konspekt -> nach-shkola
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
konspekt -> А. С. Есалина Тақырыбы: М. Шаханов "Отырар" дастаны. Мақсаты: Жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталу;Отырар қаласы туралы түсінігін молайту;поэма
nach-shkola -> Сабақ түрі: Аралас сабаќ Сабақтың әдіс-тәсілдері : түсіндіру,сұраќ-жауап,ойын,тілін дамыту
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Минералды сулар Жалпы мақсаты
nach-shkola -> 3 орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәніне арналған тоқсандық тест жинағы
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанды әлемге танытқан спортшылар
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Сабақтың мақсаты
nach-shkola -> Сан есім. Имя числительное. Күн тәртібі. Режим дня. (3 класс)
nach-shkola -> Күні: Әдебиеттік оқу Тексерілді


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет