Сабақтың мақсаты: Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік рәміздерін, олардың құрылу тарихын



Дата03.07.2018
өлшемі3,44 Mb.
#46231
түріСабақ

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік

  • Сабақтың мақсаты: Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік
  • рәміздерін, олардың құрылу тарихын,
  • мән – мағынасы мен идеялық мазмұнын,
  • авторларын білгізу. Талдау, салыстыру
  • және ой қорыта білу қабілеттерін дамыту.
  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге
  • үйрету; Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына
  • патриоттық сезім, отаншылдық рухты дарыту.

  • ҚР Конституциясы
  • 9-бап: “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар”
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің дербестігін танытатын негізігі белгілері. Бүгін біз сабағымызда мемлекеттік рәміздеріміздің идеялық мазмұнымен және олардың авторларымен таныс боламыз.

Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі. Әнұранымен айбатты.

Қызығушылықты ояту сатысы Мағынаны тану Ой толғаныс

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әнұраны!                               
  •      Алтын күн аспаны,       Алтын дән даласы,       Ерлiктiң дастаны,       Елiме қарашы!       Ежелден ер деген,       Даңқымыз шықты ғой.       Намысын бермеген,       Қазағым мықты ғой.
  •       Қайырмасы:       Менiң елiм, менiң елiм,       Гүлiң болып егiлемiн,       Жырың болып төгiлемiн, елiм!       Туған жерiм менiң - Қазақстаным!
  •       Ұрпаққа жол ашқан,       Кең байтақ жерiм бар.       Бiрлiгi жарасқан,       Тәуелсiз елiм бар.       Қарсы алған уақытты,       Мәңгiлiк досындай.       Бiздiң ел бақытты,       Бiздiң ел осындай!
  •   Қайырмасы:       Менiң елiм, менiң елiм,       Гүлiң болып егiлемiн,       Жырың болып төгiлемiн, елiм!       Туған жерiм менiң – Қазақстаным!
  • Мәтінмен жұмыс
  • Мәтінді тыңдау
  • Мәтінді топта талқылау
  • Мәтінді келесі топтарға барып түсіндіру,талқылау
  • Мәтінге байланысты диалог

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

  • Мемлекеттік Әнұран-елдіктің белгісі,егемендік пен еркіндіктің ресми рәмізі.Ол, әдетте, халықтың рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне бөлейді.Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны осындай қасиетті туынды.Ол 2006 жылдың 6 қаңтарында Парламент мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында қабылданды.Музыкалық-поэтикалық рәміз 11 қаңтарда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезекті сайлаудан кейін, Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісу құрметіне арналған салтанатты рәсім үстінде тұңғыш рет орындалды.Әнұранның сазын, әуенін, яғни музыкасын жазған – «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов. Ал сөзін жазған- көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов және оны бүгінгі тәуелсіздік кезеңге лайықтап өңдеген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы- тікбұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында, көгілдір түс аясында бейбітшілік рәмізі- шұғылалы күн бейнеленген.Күннің төменгі жағында бостандықтың рәмізі- қыран бейнеленген.Тудың біркелкі көгілдір түсі бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Көгілдір түс ашық аспанды бейнелейді. Тудың сол жағында дәстүрлі ұлттық өрнек бар.Шұғылалы күн, қыран құс бейнесі, өрнек алтын түсті бояумен берілген. Тудың ені-1 метр, ұзындығы-2 метр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

  • «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны киелі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.Елтаңбаның реңдік бейнесі- алтын және көгілдір түсті. Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 

  •  
  • 1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
  • А) 1991 жылы 4 шілдеде Ә) 1992 жылы 4 маусымда Б) 1990 жылы 10 қазанда
  • 2) Елтаңбаның авторлары?
  • А) Шәмші Қалдаяқов, Жандарбек Мәлібеков Ә) Шәкен Ниязбеков, Шотаман Уәлиханов
  • Б) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов
  • 3) Тудың авторы?
  • А) Шотаман Уәлиханов Ә) Шәкен Ниязбеков Б) Жандарбек Мәлібеков
  • 4) Елтаңбаның негізіне алынған
  • А) Шаңырақ Ә) Тұлпар Б) Бес бұрышты жұлдыз
  • 5) Мемлекеттік тудың түсі қандай?
  • А) Көк түсті Ә) Көгілдір түсті Б) Сары түсті
  • 6) Тудың ортасында не бейнеленген?
  • А) Ою өрнек, арайлы күн Ә) Арайлы күн, қыран Б) Алтын түсті ою өрнек
  • 7) Мемлекеттік әнұранның жаңа нұсқасы қай жылы қабылданды?
  • А) 2006 жыл Ә) 1992 Б) 2007
  • 8) Әнұранның авторлары кімдер?
  • А) Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов
  • Ә) Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов, Шәмші Қалдаяқов
  • Б) Нұрсұлтан Назарбаев,Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

Тест жауаптары:

  • 1. Ә
  • 2. Б
  • 3. Ә
  • 4. А
  • 5. Ә
  • 6. Ә
  • 7. А
  • 8. А

Тест жұмысын бағалау

  • 7-8 дұрыс жауап – «5»
  • 6-5 дұрыс жауап – «4»
  • 4-3 дұрыс жауап – «3»
  • 2-1 дұрыс жауап – «2»

«Қытайша десерт» әдісі

  • 1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
  •  
  • Әнұран, елтаңба, ту
  •  
  • 2) Қанатты пырақтар қай рәмізде бейнеленген?
  •  
  • Елтаңба
  • 3) Жаңа мемлекеттік әнұран алғаш рет қашан орындалды?
  •  
  •  
  • 11- қаңтарда 2009 жылы
  •  
  •  
  • 1) Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар?
  •  
  •  
  • «Қазақстан»
  • 2) Күн, арай, қыран және ою - өрнек қандай түсті?
  •  
  •  
  • Алтын түсті
  • 3) Әнұранның әнін кім жазды?
  •  
  • Шәмші Қалдаяқов
  • 1) Тудың өлшемі қандай?
  •  
  • Ені-1 метр,ұзындығы-2 метр
  •  
  • 2) Жаңа мемлекеттік әнұран қай әннің негізінде жазылды?
  •  
  •  
  • «Менің Қазақстаным» әнінің негізінде жазылған
  •  
  •  
  • 3) Елтаңбаның жоғарғы жағында не бар?
  • Бесбұрышты жұлдыз
  •  
  • 4) Шаңырақтың айналасында не бар?
  • Уықтар

Үйге тапсырма: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің авторлары туралы ақпарат дайындау

Қорытынды

  • «Бес жол» өлең

Қорытынды: “ Таңбасыз ел болмайды,

  • Қорытынды: “ Таңбасыз ел болмайды,
  • Найзасыз ер болмайды”
  • “Нет народа без Герба,
  • Нет героя без копья”
  • Атамекен жеріміздің тәуелсіз екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін,
  • мақсат-мұратын білдіретін осы қастерлі рәміздерімізді қастерлеу,
  • құрмет тұту, сыйлау, асқактата дәріптеу, Қазақстанда туып-өскен
  • және оны мекендейтін әрбір азаматтың борышы.
  • Қазақстан жалауы
  • Көк аспандай көкпеңбек Ақ ниеті – алтын күн ,
  • Қазақстан жалауы, Асқақ арман - қыраны
  • Көк емес ол тектен-тек- Жалауы бұл - халқымның
  • Елдің ашық қабағы Мәртебесі, Туы, Ары
  • Бұлт баспасын Күнімді,
  • Тарылмасын өрісім.
  • Биік ұстау Туымды-
  • Қасиетті борышым.

Елтаңбасы елімнің

  • Елтаңбасы елімнің
  • Елтаңбасы елімнің Құт береке – шаңырақ
  • Неткен әйбәт, әдемі! Орын алған ол төрден
  • Тұнығындай көңілдің Қанатты қос арғымақ
  • Ортада аспан әлемі Екі жақтан көмкерген
  • Тәуелсіздік жолында
  • Талай–талай тер тамған..,
  • Билігім - өз қолымда,
  • Еркіндігім – Елтаңбам.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет