Сабақтың мақсаты: Білімділік мәні:"Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің"



Дата02.02.2017
өлшемі63.06 Kb.
түріСабақ
Сабақ:Қазақстан тарихы
Сынып: 8
Тақырыбы:Абылай хан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні:"Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің" - демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету.Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Дамытушылық мәні:Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру.
Тәрбиелік мәні:"Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз"- дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, "Бабалар ерлігі - ұрпаққа үлгі", - деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас


Сабақтың типі:Жаңа білім беру
Қолданатын әдістер:Интерактивті тақта және құралдарын, тірек-схема, таблица, тест, баяндау, сұрақ-жауап.
Жоспар:
1. Абылай - аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
2. Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері.
3. Абылай тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
4. Абылайдың Қазақстан тарихындағы орны.
«Былай барсаң Қоқан бар - қоқаңдаған әкең бар,
Былай барсаң қалмақ бар - күшіңді еппен алмақ бар,
Былай барсаң қытай бар - жапырағыңды бұтай бар,
Былай барсаң орыс бар - балаңды берсең қоңыс бар»- осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Мұғалім сөзі:


Сонымен, бүгінгі сабақта біз қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға Абылай шықты.Абылай тұлғасын ашып көрсететін ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстанған кезі жоңғар тұтқынында болған уақыт.
"Ел қорғаған - ер бабаң"
Оқушылар өз ойларын айтып класстер құрайды.

Абылай - аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.


Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Абылайдың шежіресі


Әз Жәнібек
Есімхан., -------------Жәңгір
Уәлі -------------------Тәуке
Қанішер Абылай
Көркем Уәлі
Абылай хан

Кесте арқылы сөйлеу.


Абылайдың ішкі саясаты.Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын әрі ешкімге тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды.
Абылай өзінің күш –жігерін мына бағыттарға жұмсады.
Біріншіден, оның бір орталықтан басқарылатын мемлекет құруының сәті түсті.
1771 жылы ол Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды.
Абылай үш жүздің әрқайсысына өзінің ұлдары мен жақын туыстарын билеуші етіп тағайындады.
Жетісуда - Әділ және Сүйік сұлтандар.
Орталық Қазақстанда –Қасым сұлтан.
Ертіс бойы өңірінде –немере туысы Сұлтанбет сұлтан.
Шығыс Қазақстанда Әбілмәмбеттің ұлы Әбілпайыз басқарды.
Екіншіден, ол сот билігін күшейте түсті
Абылайдың кеңесшісі Бұқар жырау болды
Үшіншіден. Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс, алаусыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.Ең соңында ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен айналысуына қолдау көрсетті.
Хан қазақ даласындағы керуен саудасын күшейтуге барынша көп көңіл бөлді.Абылай хан ақын-жырау, әнші-күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды.

Қазақ қоғамын біріктіру


Шапқыншылықпен күрес
Біріккен өкімет құру.
XVIII ғасырдың 50-жылдарындағы үш мемлекеттің сыртқы саясаты
1.Ресеймен қарым - қатынасы
2.Жоңғар-қазақ қатынасы
3.Қытай-қазақ қатынасы

1.Ресеймен қарым-қатынасы

Абылай іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.
Абылай Ресеймен өзара қарым-қатынасында тату –тәтті көршілік саясатын ұстануға тырысты. Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
1759 жылы патша үкіметінің әкімшілігі Әбілмәмбетті тағынан тайдырып, оның орнына өзінің отыруын ұсынды және оған барлық жағынан қолдау көрсетуге уәде етті.
1778 жылы патша үкіметі Абылайды бір ғана Орта жүздің ханы деп таныды.
2.Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.Жоңғарлар Цин империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды.
1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бір ірі жорыққа шықты.
1742 жылы Галдан -Церенге жіберілген майор Миллер елшілігі жоңғарларға ауызекі қоқан-лоқы жасаумен шектеді.
1755 жылы Цин императоры Жоңғарияға елеулі әскер күшін жүргізді.
1758 жылы Жоңғарияны Қытай армиясы түгелдей бағындырып алды.
3.Хронологиялық кесте сәйкестендіру
1761 жылы - Қытай боғдыханы қазақтардың Аягөз өзенінің оңтүстік жағына қарай көшіп-қонуына тыйым салатыны туралы жарлық шығарды.
1755 жылы - Қытай шекара мәселелерін реттеп қайту үшін Қазақстанға, Абылай сұлтанға арнайы елшілік жіберді.
1756 жылы- Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады
1767 жылы Қытай жағы Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына рұқсат етуге мәжбүр болды.

Портреттер сөйлейді: осы суреттер арқылы осы жылдардағы көтерілісті кім басқарғаны белгілі болады.


1771-1781 жылдар аралығында қазақ хандығын кім басқарды?

Картамен жұмыс


Оқушылар Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер

Сұрақтар қойылады:


1. Абылай хан қай жылы қайтыс болды?
1781 жылы
2. Абылай хан қай жерден қай жерге келе жатқанда қайтыс болды?
Ташкенттен Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салды.
3. Абылай хан қай жерге жерленді?
Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.
4. 1788-1798 жылары аралығында қазақтар қай жердің бойына көшті?
Ертіс бойындағы оң жағалауына.

Абылай ханның күйлері: Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.


Күй ойнайды
Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған жыршылар:
Өлең жолдарын толықтыру:
Әй, Абылай, Абылай!
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің...
...Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің...
...Абылай атың жоқ еді,
"Сабалақ" атпен жүр едің...- Бұхар жырау

...Жас күніңде, Абылай,


Үргеніштен мұнда кеп,
Сарыарқаны жерім деп,
Қалың қазақ елім деп,
Келмеп пе едің жаяулай.
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда... – Үмбетей жырау

Құжатпен жұмыс -


1. Абылайдың бойында қандай қасиеттер бар еді?
2. Сендер қалай ойлайсыңдар, ол өзін Ресей мен Қытайға тәуелсіз сезіне алды ма?
3. Абылайдың 1771 жылдан бастап ерекше күшейе түсуіне не себеп болды?

Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.

Жаңа сөздер:
Боғдыхан - қытай императорының монғол тіліндегі атауы.
Стелла - ескерткіш құлыптас.
Шежіре - қазақтардың генеалогиялық кестесі, тарихи жылнама.
Кітапхана мен жұмыс ( Қосымша материалды пайдалану үшін кітапхананы ашу керек)
Бекіту: Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін осы кесте толтыру арқылы бекітеді.
Инсерт стратегиясы

Қорытындылау:


Тест (Тест (1-4) жауабын бірден лупа арқылы тексеруге болады, (5-7)келесі бетін штор жауып қою арқылы қолданасыз немесе қасындағы боялған бояуды төмен түсіресіз)
1.Абылай хан қайда жерленген?
А.Сығанақта
В.Созақта
С.Таразда
Д.Қойлықта
Е.Түркістанда
2. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғанын кейін, хан тағына мұрагерлік жолмен кім отыру керек еді?
А.Абылай
В.Әбіпайыз
С.Уәли
Д.Жақсылық
Е.Абдолла
3.Х/III ғ.Абылай ханның әмірін жырлаған қазақтың қай жырауы?
А.Ақтамберді
В.Көтеш
С.Бұқар
Д.Үмбетей
Е.Есет
4.Абылай хан қай жылдары хандық құрды?
А.1748-1786 ж.ж.
В.1718-1748 ж.ж.
С.1734-1771 ж.ж.
Д.1771-1781 ж.ж.
Е.1770-1780 ж.ж.

5.Абылайдың атасы қай қаланың билеушісі болған?


А.Ташкент
В.Сайрам
С.Әулиеата
Д.Түркістан
Е.Сауран
6.Абылай хан тұсында сыртқы саясаты Орта Азияның үлкен орны. 18 ғ. 70 ж.қазақ әскерлері тарапынан кім дерге күйрете соққы берді?
А.Бұқар әміріне
В.Ташкент құшбегіне
С.Хиуа ханына
Д.Қоқан ханына
Е.Хорезм шахына
17.18 ғ қандай атақты ақын өз шығармасында Абылайды дәріптеді?
А.Шернияз
В. Махамбет
С. Тәттіқара
Д.Сүйінбай
Е.Шөже

Үйге тапсырма


1.Абылай хан жорық жасаған елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер
2. Абылай хан туралы аңыз әңгімелерді жинауға және Абылай хан туралы бір жырға тезис жасау.
3."Абылай хан"тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңдар.
Бағалау:
Ұрпаққа өнеге!
Абылай заманы қазақ хандығының соңы екендігін ескерсек, қазақтың жаңа мемлекетінің берік негіздерін қалаған, бейбіт те бақуатты тіршілік орнатып, жарқын болашаққа бастаған, оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.Абылай есімі халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет