Сабақтың мақсаты: Білімділік: Шығарманың идеясын, тақырыбын ашқыза отырып, шығарманы құрылысына қарай талдату



бет1/3
Дата22.08.2017
өлшемі324 Kb.
түріСабақ
  1   2   3




Турсунбаева Гулбану Разаковна,

90 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.



Шымкент қаласы

Сайын Мұратбеков. «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Шығарманың идеясын , тақырыбын ашқыза отырып,

шығарманы құрылысына қарай талдату



Дамытушылық: Тақырыпты меңгерту арқылы сындарлы ойлауын ,

тіл байлықтарын дамыту, көшбасшылық қабілетін дамыту.



Тәрбиелілік: Адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: Конференциялық сабақ

Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Көрнекілігі: Инетерактивті тақта,суреттер, бейнебаян ,

маркер, стикер, плакат.т.б.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу

- Оқушыларды түгелдеу

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару

–Психологиялық дайындық.

-Балалар бүгін қай күн? (Дүйсенбі)

-Өте жақсы,бүгін аптаның алғашқы күні,бәріміздің көңіл күйіміз керемет пе?

- Иә ,өте жақсы.


Тренинг өткізу «Ыстық үстел»

2.Үй тапсырмасын сұрап тиянақтау.

Бедел Тұрсынбаевтың «Алғашқы көмек» әңгімесі

Балалар өте жақсы дайындықпен келіпсіңдер,жарайсыңдар!

Енді, жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа топ құрып алайық,жарайма.

1,2,3,4-деп ретімен санаймыз да,1-лер бірінші топ –деп,осылайша 4топ құрылады.

3.Ой қозғау:

-Қазақ халқының басынан өткен ауыр жағдай жайында не білесіңдер?

-Ұлы Отан соғысы қай жылдарды қамтиды?

-Қазақ даласындағы қасиетті өсімдік жусан жайында не білесіңдер?

(Оқушылардың білетін ақпараттарына қосымша жаңа ақпарттарды қоса отырып білімдерін толықтыру, сындарлы ойлауын дамыту)



4.Жаңа сабақ. Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

(Мұғалімнің түсіндірмесі)

Қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдердің бірі –Ұлы Отан соғысы жылдары. Бұл соғысқа Қазақстаннан бір жарым миллион адам қатысты. Оның 602932 адамы соғыс кезінде қаза тапты.Қаншама бала жетімдіктен, ашаршылықтан зардап шекті. Соның бірі - Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян тағдырымен танысасыңдар.

Әңгімені 4 бөлімге бөлеміз:



-Әр топ өздеріне берілген бөлімді іштей 2минут оқиды,

-Топпен бірігіп тағы 2минутта талқылайды, ат қояды.

-Енді отырған орындарында 1,2,3,4-деп санап, қонақтопқа барып ,мәтінді

ретімен әңгімелейді. 3минут беріледі.

-Қонақ топтан өз тобымызға қайтамыз.

Мұғалім: әр топтан бір-бір оқушының орындығына стикер жапсыру

арқылы топ лидерін анықтайды. Осы оқушылар мәтіннің мазмұнын ашады, түсіндіреді.



Оқушылардың бірлескен еңбегін бағалау, мақтау,мадақтау.

(Әңгімені қандай бөлімдерге бөлуге болады)

1бөлім «Ертең соғыс бітеді»2бөлім «Қаралы қағаз»

3бөлім «Сабырлы Аян»4бөлім «Аянмен қоштасу»

5.Дәптермен жұмыс: Жиырма жетінші қазан

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

1.Қора іші қандай? 2.Аян қандай бала?



Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет