Сабақтың мақсаты: Біздің өлкеміздегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебі, маңызы жайлы айту



бет1/13
Дата22.08.2017
өлшемі2,17 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бинур Абділбаева

тарих пәнінің мұғалімі

Алматы облысы

Райымбек ауданы


Біздің өлкедегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
Сабақтың мақсаты: 1.Біздің өлкеміздегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебі, маңызы жайлы айту.

2. Ұлт-азаттық көтерілістің тарихи әдеби шығармаларда алатын орны және Қарқара көтерілісі туралы естеліктерді айта отырып дамыту.

3. Оқушыларды өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Конференция сабақ

Көрнекілігі : Қазақстан Республикасы және Кеген ауданының картасы, Ереуілтөбе ескерткіші суреті, суреттер.

Пайдаланылған әдебиеттер : М.Әуезов «Қилы заман»

Т.Жұртбаев«Бейуақ»

Қарқара айбаты/ құжаттар мен материал


  • дар жинағы/

Жетісу, Қазақ батырлары ,Қарқара газеті материалдары, Парасат журналы.

Сабақтың жоспары : 1.1916 жыл Қарқара көтерілісі / тарихшы сөйлейді /

2. Қарқара көтерілісі туралы естелік әңгімелер

/ оқушылар зерттеушілер/

Қазақ халқы қадымша жыл қайырудан бергі дәуірде халықтың елдігін, ездігін, ерлігін сынайтын үш кезеңді басынан кешті. Ол 1. «Жарық дүниеге келгенде қан уыстап туған » Шыңғысханның шапқыншылығы;

2. Елді еңіретіп « ақтабан шұбырынды » еткен жоңғар ойраны;

3.Ең талмауытты – талмалы тұсы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қарсаңы.

Тарих қазақ жұртының шаңырағын үш рет шайқалтты. Халық жадында үш заманға үш қарғыс ат тағылды. 1.«Ойран заман» 2.«Зар заман» 3.«Қилы заман». Міне осы «Қилы заман » кезеңінде қоғамдағы тұрақсыздық, әлеумет-тік әділеттілік жолындағы күрес, шаруашылық жүргізудің ескі әдістерінің әлсіреуі , теңсіздіктің етек алуы Россияның алыс аймақтарына да әсерін тигізді. Қазақстанның жерінде күрес оты лаулады. Торғайдағы, Жетісудағы көтерілістермен қатар таулы өңірде де халықтың ақ патшаға деген өшпенділігі ашу болып арнаға түсті. Қарқара көтерілісіне оның басталуына қоғамдағы қалыптасқан жағдай әсерін тигізді. Ең алдымен патшаның ел ішіндегі отарлау саясатының, халықты езіп – жаншудың, алым-салықтың тағы басқа қанаудың күшейе түскендігі себеп болды. Қарқара көтерлісінің шығуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы тыл жұмысына қазақ балаларын алу туралы жарлығы сылтау болды. Жарлық халықты дүр сілкіндірді, қарсы күштің топтасуына жағдай жасады. Патша жарлығы бойынша Қазақстаннан 391065, ал Жетісу облысынан 87000 адам тыл жұмысына алынуы керек еді. Сол бір 1916 жылдың 7 шілдесінде Қарқара-ның төріне Нарынқол-Шарын учаскесінің бастығы пристав Подварков

/ М.Әуезовтың «Қилы заманындағы » Ақжелке / барлық болыстарды, ауыл ақсақалдарын жинап, патша жарлығымен таныстырды. Елдегі ашық наразылыққа, қозғалысқа Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкір, Серікбай, Тұрлығожа

секілді ел ақсақалдары басшылық жасайды. Олар майданның қара жұмысына

жігіттерді жібермеуге келісім жасап, анттасады.Жәмеңке атамыздың «Берсек

бала өледі,бермесек шал өледі» деген сөзі ереуілдің өн бойында ту болып көтеріледі, ұран болады.

Шілденің 11-де Қарқарадағы «Айттөбеге » жиналған 1,5 мыңнан астам адам алғашқы шабуылды ұйымдастырады,ереуіл ұзаққа бармады, себебі қарусыз, дайындықсыз болған еді. Ереуіл кезінде патша ұлығының «Қара жұмысқа адам алу жайлы келісеміз» деген өтірік сөзіне сенген көтеріліс басшылары Қарқара жәрмеңкесінде қолға түседі. Көтеріліс басшылары Жәмеңке, Ұзақ бастаған 18 адам 22 шілде күні Қарқарадан Қарақол қаласын-дағы түрмеге қарулы күзетпен айдалып кетті. Оларды патша жендеттері аяусыз жазалайды.

Қарқара көтерілісі осылай жеңіліске ұшырағанымен Жетісу жерінде бұл тарихи оқиғаның маңызы ерекше болды.

1926 жылы Қарқара жазығында көтерілістің 10 жылдығы атап өтілді. Ораз

Жандосов пен Ыдырыс Көшкінов секілді мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген халықтың адал ұлдары ұйымдастырды. Ереуіл төбеге тас үйді, осыдан кейін көтеріліс болған жер «Ереуілтөбе» деп аталды. 1987 жылы көктемде Ереуіл төбеге ескерткіш орнатылды. Ескерткіште екі қылыштың сабы бір-біріне қаратылып, ұштары жерге қадалған, ортасында Қазақстан туы бейнеленген. Жанынан Кеген ауылындағы өлкетану музейінің бөлімшесі ашылды, онда аудан тарихын баяндайтын материалдар жинақталды.

Батырларым, ерлерім

Ұрпаққа үлгі болғандай ...

... Қарқара десе Қарқара

Жер жоқ мұндай жалғанда,

«Ереуіл төбеге» ту тігіп-

Қан жұтқызып жауларға.... / ел аузынан /

Сабақтың екінші бөлімінде оқушылар өздері дайындап оқып келген материалдары бойынша сөйлейді.

Қарқара көтерілісі туралы естеліктер:

1 оқушы. Кәрібай Мерекеевтің / Алматы облысының Балқаш, Кеген, Ұйғыр аудандарында партия-совет және шаруашылық қызметінде болған/ Қарқара қаһармандары жайлы айтқаны: Жәмеңке Мәмбетов. Архив құжаттарындағы деректерге қарағанда ол Қарқарадағы оқиғаға байланысты қамауға алынған кезінде 78 жаста болған. Патша әкімдерінің толтырған құжаттарының бәрінде Жәмеңке есімі алдымен аталады. Сексенді алқымдаған жасына қарамастан ел жадында ол еңсегей бойлы, денесі тіп-тік, шоқша сақалды, сопақ бас қария кейпінде сақталған. Ұлық алдында еш сескенуді білмеген дегенінен қайтпаған, мойымас өр мінезді тұлға ретінде елестейді. Сотқа берген жауабында хат танымайтынын, өз кіндігінен тараған бес баласы бар екенін мәлімдейді. Жәмеңкенің Сыдық, Сыдықбек, Смағұл атты ұлдарынан тараған немере, шөберелері бұл күнде Алматы атрабының әр қиырында тұрады.

Ұзақ Саурықов - Кеген, Нарынқол өңірінде аты аңызға айналған батыр атанған кісі. Прежевальск уезінің сотына 1918 жылы 5 тамызда берген жауабындаҰзақ жасы 65-те, сауатты, әйелі, жеті баласы бар екенін көрсетеді.

Айыпкерден жауап алу протоколында сондай-ақ оның екі рет сотты болғаны, бұдан 18 жыл бұрын ат ұрлағаны үшін, кейін екі жылға кесілгені атап көрсетілген. Ұзақ турашыл, ойындағыны бетке айтатын, қайсар да ер көңілді адам болған.

Ж.Қарабаев пен Ә.Жазылбековтың « Көтеріліс көкжалдары » естелігінде Жәмеңке таң бозара дүние салғанда тұла бойын ашу кернеп кейіген Ұзақ қабағын түйіп қатуланып Жәмеңкені құшақтап жоқтау айтады:

Жан жолдасым Жәмеңке,

Сүйкімді едің әрдайым.

Жолдасым сенен ажырап,

Қайткенде мен шыдайын.

Әрі жолдас, әрі дос.

Өстік бірге туғандай

Қарақол мәңгі мекенің

Торқа болсын жатқан жай.

2 оқушы. Құрман Қожахметов.Әкелер ұлағаты.

Москва, Алматы, Фрунзе қалаларының мемлекеттік орталық архивтерінде Қарқара көтерілісі жайлы өте құнды құжаттар жатыр. Қарқара көтерілісінің ерлері келер ұрпақтың қамын ойлаған. Ұзақтың «Таңбалы тасында » Серікбайдың «Бөлексазында» Жаңабайдың Қарқара жайлауында кеңестер өтеді. Кеңеске қатысқан кедейлер «Ұзақ, Жәмеңке, Жаңабай, Серікбай елім десе еңіреген ерлерсің! Шеш мынау зар заманның түйінін. Не істейміз?» дейді. 11 шілде күні көтеріліс басшылары «Ереуіл төбеге» келеді, сол жерге ту тігеді. Қарқараның қойын-қойнауы жайлауынан 1000 атты қазақ жиналады, бала бермейміз, бұрынғыдай салық алсын дейді, іс насырға шауып патша адамдары көтерілісті басады, көтеріліс басшыларын қамауға алады.

3 оқушы. С.Қожабековтың « Көзіммен көрген қилы кезең » естелігінен .

4 оқушы. С.Байжановтың « Қанды қақтығыстар » естелігінен т.б оқушылар оқығандарын ортаға салды.

Түйін: 1991 жылы 14 желтоқсанда Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих және этнография институты «Алматы облыстық» кеңесінің аудан орталығы Кегенде ғылыми конференция ұйымдастыруы өлкеміздегі тарихи кезеңді жоғары бағалауы деп есептейміз, осы жылы көтерілістің 75 жылдығы, 2006 жылы 90 жылдығы атап өтілді, бұл елдің Қарқара қаһармандарына деген сүйіспеншілігі, құрметі. Туған халқының келешегі үшін бостандық жолында құрбан болғандардың есімдері ешқашан ұмытылмайды.



Бинур Абділбаева Меркібайқызы

3 Кеген орта мектебінің тарих пәні мұғалімі



АРАЛ, КАСПИЙ ТАЙПАЛАРЫ ТУРАЛЫ

САРАМАНДЫҚ САБАҚ

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың жаңа материалдарды оқулықтан өз бетінше оқып үйренуін ұйымдастыру, оқулық мәтінін саралау, тарихи оқиғаның уақытын біліп қана қоймай оны өзінше айтып беруге төселдіру.

  2. Өз пікірін дәлелдеу, тарихи оқиғалар туралы басқа пікірлерді де түсіну қабілетін

дамыту және жетілдіру.

  1. Экологиялық тәрбие беру және қазақтың тарихын жете білуге үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Оқушының жаңа тақырыппен өз бетінше жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі : Қазақстан Республикасы картасы, суреттер, сөзжұмбақ, экология кітабы, ҚСЭ.

Білім тексеру үш кезеңнен тұрады:

  1. Тест.

  2. Хронологиялық есеп

  3. Математикалық ойын.


Жаңа сабақ 4 кезеңнен тұрады:

  1. Сабақтың тақырыбы және мақсаты айтылады

  • оқулық мәтінімен таныстыру, жұмыстың қалай жүргізілетінін түсіндіру.

  1. Оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу тапсырмалары беріледі.

Мұғалім ұйымдастырушы , кеңес беруші.

  1. Оқушылардың жауаптарын тыңдау, түсінігін тексеру.

  2. Оқушылармен сөзжұмбақтар арқылы бекіту кезеңін жүргізу, бағалау.



Оқушылардың білімдерін тексеру:

1. Оқушыларға 5 сұрақтан тұратын тест сұрақтары таратылып беріледі. /3 мин/

2. Тақтаға хронологиялық есеп жазылған плакат ілінеді.

«Арал – Азия – Қазақстан » халықаралық комитетінің құрылған жылын тап?














1




















9















8










7

-








  1. ҚР рәміздері қашан қабылданды?

  2. Шілікті қорымындағы «Алтын қорған» қай жылы қазылды?

  3. ҚР астанасы Астанаға қай жылы көшті?

  4. Есіл обасында жерленген сақ ханзадасының жасы?


  1. Математикалық ойын / есептер шығарылады /

1- есеп. 1600 санын 4-ке бөліп, оған 1598 санын қосып, Берел қорымында жүргізілген қазба жұмысының уақытын анықтаңыз.

2 – есеп. Б.з.б. ІХ ғасырдан б.з.б. ҮІ ғасырды азайтсаңыз жебелерді қоладан жасау тоқтатылып, темірден қай ғасырда жасай бастағанын білесіз.

3 – есеп. 13 тұрақты санды екіге көбейтсеңіз Есік обасынан қанша таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған, қасық табылғанын білесіз ?



Жаңа сабақ. Оқушыларға тапсырмалар таратылып беріледі.

  1. Арал - Каспий өңірінің географиялық жағдайы / оқушыларға экология оқулығы, газет материалы берілген, сұраққа қажетті жауапқа мәтін мен қосымша материалдарды пайдаланып дайындалады./

  2. Дай / дах / массагет тайпаларының орта темір дәуіріндегі орналасқан жері жайлы жазба деректерде ...

  3. Көне дай және кейінгі адай тайпалары арасында қандай байланыс бар ?

  4. Дай - массагеттердің шаруашылығы ?

  5. Арал - Каспий тайпаларының тұрмыстық заттары ?

  6. Арал – Каспий өңіріндегі қызықты археологиялық ескерткіштер ?

ІІІ кезең. Түсініктерін тексеру кезеңі.

  1. Үстірт пен Маңғыстауға солтүстік далалы – орманды аймақтардан көшпелі тайпалар қашан келіп қоныстанды ? / б.з.б. ІҮ – ІІ ғ. /

  2. Дай – массагет тайпаларының қайда орналасқандығы туралы кімнің жазба деректерінде кездеседі ? / Герадоттың, Парсы патшасы Ксерекстің /

  3. Б.з.б.І мың жылдықта Арал – Каспий теңізі аралығын қандай тайпалар мекендеген ? / Дай, сақ-массагет /

  4. Апарн тайпасын бастаған Арсақ Парфияның үлкен бөлігі мен Гирканияның онымен шектес аймақтарын қашан басып алды ? / б.з.б. 248-247 ж. /

ІҮ кезең. Бекіту. Сөзжұмбақ. « Арал »


















А




























Р
























А































Л












  1. Дай тайпаларының бірінің көсемі ?

  2. Каспий теңізінің ежелгі атауы ?

  3. Арал – Каспий теңізі аралығын мекендеген тайпалардың бірі ?

  4. Маңғыстау жеріндегі қорым ?




І қатар



Аты – жөні

Жауап саны

Тест бағасы

Қойылатын баға

1

Советжанұлы Алмат

1 1 1 1 1

5

5

2

Кеңес Айгүл

1 1 1

5

5

3













4














І І қатар



Аты – жөні

Жауап саны

Тест бағасы

Қойылатын баға

1

Меркебай Димаш

1 1 1 1 1

5

5

2

Алмабек Аслан

1 1

3

3

3













4














Бағалау сабақтың өн бойында оқушылардың жауаптары есепке алу парағында белгіленіп отырып жүргізіледі.

Үйге тапсырма . Жұмыс дәптерінен 2 ші тапсырманы орындау, баспасөз беттерінен Арал туралы оқып келу.



Адилбаева Бинур Меркібайқызы

«№3 Кеген орта мектеп мектепке дейінгі

шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі

Кеген селосы

Қонаев көшесі 101 үй

2 – 21 - 16 , ұялы тел - 87759325185

Адамзат биігін білекпен емес,

Біліммен бағындырудың заманы

Н.Ә. Назарбаев


Ғылым

Сана



БІЛІМ

Парасат

Таным



Ақиқат

Ойлау


Логика

VІ тарау. Қазақстанның мәдениеті

( 1920-1945 жж.)



§15 Білім және ғылым

Сабақтың мақсаты :



1920 – 1945 жылдардағы ересектер арасындағы сауатсыздықты жою, халық ағарту ісінің, кәсіптік білім берудің, ғылымның даму үрдістері, ұлт зиялыларының жаңа толқынының өсіп шығуы туралы білу, өлке тарихымен байланыстырып, оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысын тыңдау.

Жоспар:

1.Ересек адамдардың сауатсыздығын

жою.

2.Халық ағарту ісінің дамуы.

3.Кәсіптік білім берудің жайы.

4.Ғылыми - зерттеу жұмыстарының

дамуы.

5.Өлкеміздің мақтаныштары

1924 жыл – «Сауаттсыздық жойылсын» қоғамы ересектерді сауаттандырумен айналысты.

1928 жылы республикада сауаттылар саны 25 пайыз болды, бұл аз еді.1931 жыл – 15 пен 50 жас аралығындағыларды міндетті түрде жаппай оқытуды енгізді.

1939 жыл – республика халықының сауаттылығы 65%-ке жетті.



Білім беруге жұмсалатын қаржы өсіп отырды.


1928 жыл

12 млн


1932 жыл

60 млн



1937 жыл

447 млн


1940 жыл

682 млн




1930-1931 жыл

Отырықшы аудандарда


Жалпыға бірдей оқу енгізілді


1931 жыл көктем

Көшпелі аудандарда







20 жылдар ортасы





73 татар


40 өзбек


35 ұйғыр


44 неміс


Бастауыш мектептер





  • 1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды.

  • Қазақ мектептерін дамытуға ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды :

  • А.Байтұрсынұлы – суретті әліппені, мысал – жұмбақтары жинақтарын;

  • Ж.Аймауытов – қостілділік және ана тілін оқыту әдістемесін;

  • Ә.Бөкейханов – география оқулығын;

  • Қ.Сәтбаев /Том университетінің студенті/ - алгебра оқулығын құрастырды.



1920-1945 жылғы ағартушылар






Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет