Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру



Дата08.06.2018
өлшемі16.14 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Өнер ордасы - Құрманғазы атындағы ұлттық мемлекеттік

консерваториясы


Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру.
Білімділік мәні: Халық музыкасының туындап сақталуы, дәстүрлі музыка өнерінің

(Әншілік, күйшілік, аспапты музыканың) бізге дейін жету себебі.


Дамытушылық тұрғыда: Дәстүрлі музыка өнерінің үлгілерімен танысып,

қаблеттерін қалыптастыру және аспаптың сүйемелдеуімен әндету

әдісін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық тәрбиеге, рухани мәдениеттілікке жоғары эстетикалық талғам

қалыптастыра отырып, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін

қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: топтастыру, ой шақыру, ой қозғау, өзін - өзі бағалау,

шығармашылық жұмыс.


Сабақтың көрнекілігі: Слайдты плакаттар, аспаптар.
Күтілетін нәтиже: Өнер ордасы жайлы толық мағлұматқа қанық болып, әнді үйрену.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Әуенмен амандасу.
Психологиялық тренинг:
Мұғалім: Көңіл күйлерің қалай?
Мұғалім: Ән сабағында ән айтқан ұнай ма?
Балалар: Иә! Мектептің әдемі ғой әр сабағы
Қызық – ау әсіресе ән сабағы.
Апайға ән үйреткен риза болып
Үйді – үйге өлең айтып тарасамыз.
Суретті карточкалар арқылы топқа бөліну, және топ басшыларын сайлау. (Домбырашылар тобы, қобызшылар тобы)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ақ көгершін» әні жатқа берілген. Ендеше , балалар топта осы көгершін құсы туралы ойларыңды топтастырып көрейік .
«Ақ көгершін » әні хормен қайталанады.
Өнерлі бала екендеріңе ұстаздарың тәнті болған екен. Жарайсыңдар!

Ой шақыру

1. Өнерлі жастарды қандай мамандар дайындайды? 1.Білікті өнер мамандары және мәдениет қайраткерлері

2. Кәсіби өнерлі жастарды қандай оқу орындарында оқытылады? 2. Өнер және театр институты және музыкалық колледж.

3.Ұлы күйшінің атымен аталатын өнер ордасын білесің? 3. Өнер ордасы- Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар консерваториясы.




ІІІ. Жаңа тақырып. Мағынаны тану
Ендеше өздерің пікірлеріңмен қосыла отырып, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы жайлы әңгіме өрбітейік.
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы – Қазақстан мен шет елдерде қажет білікті мамандарды дайындауды жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келе жатқан Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны. Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны. 1944 жылы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарларының Кеңесі осы жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ашу туралы қаулы қабылдады. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып өзгертілді.
1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының аты берілді. Ол жылдары консерватория құрамында 5 факультет: тарихи - теория - композиторлық, вокалды, фортепианолық, оркестрлік, дирижерлі - хорлы, ұлт аспаптар бөлімі, сонымен қатар опера студиясы мен қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасайтын және дайындайтын ғылыми - тәжірибелік шеберхана болды.
Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория екі оқу корпусында орналасқан. Оқу орнының студенттері мен оқытушыларына – кең оқу аудиториялары, 170 орындық Камералық зал, 236 орындық кіші Концерт залы, спорт залы, оқу залы, сынып абонементі қызмет етеді.
Қазіргі уақытта 500 орындық Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды.
Студенттер жапон және неміс фирмаларының ең жақсы жаңа аспаптарымен, сонымен қатар ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындық жүргізеді.
Консерватория түлектері еліміздің барлық шығармашылық ұжымдарында (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Күләш Байсейтова атындағы Ұлттық опера театры, президенттік, симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералы ансамбльдер, ұлт аспаптар оркестрлері), сонымен қатар білім мекемелерінде (Қазақ ұлттық музыкалық академия, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер және т. б.) қызмет етеді. Қазақ ұлттық консерваторияның түлектері сонымен қатар Ресей, Германия, Грекия, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т. б. жақын және алас шетелдегі профессиональді ұжымдарда табысты еңбек етуде.
Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында Қазақстанның музыка өнерін мақтанарлықтай танытатын жас ұрпақты - 50 - ден астам халықаралық және 200 - ден астам республикалық конкурстардың лауреаттарын дайындады.
Иван Васильевич Круглыхин - Консерваторияның ең алғашқы ректоры
Ахмет Қуанұлы Жұбанов - композитор, музыка зерттеушісі, этнограф, дирижер
Куддус Ходжамьярұлы Кужамьяров - консерваторияны 1957 - 1967 жылдары басқарған.
Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев - 1967 - 1975 жылдары аралығында басшылық еткен. Композитор. Өнер қайраткері.
Ғазиза Ахметқызы Жұбанова - 1975 - 1987 жылдары ректор қызметін атқарған. Композитор. Симфония жанрының шебері..
Дюйсен Курабайұлы Касеинов - Ректор қызметін 1987 жылдан 1997 жылға дейін атқарып, қазіргі ректор Ж. Әубәкіроваға тапсырды
Ж. Әубәкірова – пианист, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Талантты өнер қайраткері. Қазақстанның халық әртісі. 2014 жылы қараша айында консерваторияның 70 жылдық мерейтойы атап өтілді. Осы оқу орнының басшысын Елбасымыз өзінің кезекті кездесуіне шақырып, ыстық лебіздерін білдіріп, ұстаздық қызметте жүрген көптеген мамандарға құрмет ордендерін табыстады.
Музыка тыңдау: Тілес Қажығалиев “Қыз қуу”. Орындайтын ұлт аспаптар оркестрі
ІV. Шығармашылық жұмыс.

Домбырашылар тобы:

“Ұлттық ойындардың түрлерін ” жазу

Қобызшылар тобы:



“ Қыз қуу ойынын ” түсіндіру
V. Бағалау. Топ басшыларының бағалауы.
VI. Үйге тапсырма: Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория туралы реферат жазу.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет