Сабақтың тақырыбы : Н. Сералиев «Аңсау» әңгімесіндегі ата мен бала сағынышы,композициялық құрылысы



Дата17.06.2018
өлшемі19.32 Kb.
түріСабақ
Күні:2.05.2017

Пәні: әдебиет

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Н.Сералиев «Аңсау» әңгімесіндегі ата мен бала сағынышы,композициялық құрылысы

Сабақтың мақсаты: Әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасай отырып, идеясы мен тақырыбы туралы теориялық білім беру

Білімділік: Қазақтың белгілі журналисі әрі қаламгері Нәсіреддин Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесі бойынша алған әдеби білімдерін бекіту және идеялық тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, еркін ойлауға, өз бетімен шығармашылық ізденіске үйрету. Шығарманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды әңгіменің сюжеті арқылы адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке баулу, жақсылық жасауға, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:

1.Әңгімені оқып мазмұны мен идеясын анықтайды, көркемдік ерекшелігіне баға береді.

2. Шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекетін баға береді, бүгінгі өмірмен байланысын қарастырады.

3. Адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.

Оқыту технологиясы: ұжымдық оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың типі:талдау сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:блум жүйесі, «Таңда да таста» әдісі, Топтастыру, Қарлы кесек,

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

1.Құралдар: интерактивті тақта,компьютер, маркер, А1 форматты қағаз.

2.Көрнекіліктер: мәтіндік тапсырмалар ,үлестірме парақшалар

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі , тарих.

Күтілетін нәтиже: 1.Қорытынды пікір қалыптастырып бүгінгі күнмен байланысын қарастырады. 2.Кейіпкер іс-әрекетіне баға береді. Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен амандасу, түгендеу Ә) Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Нәсіреддин Серәлиев туралы оқып келген деректерін Блум жүйесі бойынша жүргіземін.

1.Топқа бөлу Сағыныш Ізет

2.Бағалау критерийлерімен таныстыру барлығы



Бағалау шкаласы

5”—10-9 балл

4”__ 8-7 балл

3”—6-5 балл



2”—4-0 балл

1.Білім.Н.Серәлиев өмірі мен шығармалары.(Топтастыру)

1. Н.Серәлиев қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданды, Қашқансу ауылы. 1930 жылы)
2. 1952 жылы «Кішкене үйшілер» атты әңгімесі қандай журналда басылды? («Пионер»)
3. Қай мектепте оқып жүрген кезіне қабырға газетіне өлең жазып «ақын бала» атанды? 
(Абай атындағы жетіжылдық мектепте)
4. 1969 жылы шыққан балалық шағын таршылық, қайғы қасіретпен өткізген балалар жайында жазылған повесі? («Ыстық күлше»)
5. Серәлиевтің шығармаларының басты тақырыбы қандай?.
2. Түсіну «Таңда да таста» әдісі(«Аңсау» әңгімесі бойынша сұрақтар)Параққа сұрақ жазып, умаждап, «қарлы кесек» ойыны арқылы жауаптарын айту.
1. Қария қалаға неге келді?
2. Қаладан қайта алмай қалған соң, қайда түнеп шықпақ болды? 
3. Бала кімді аңсап жүр еді? 
4. Ермек қартты неге үйіне ертіп келді? 
5. Ермектің қазақшаға шорқақ болуына кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
6. Қалалық келіншектің бойынан қандай қасиеттерді көре алдық?
Жаңа сабақ 

3.Талдау
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, бүгін біз Нәсіреддин Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесінің 2-іш сағатын өтеміз. «Шығармашылық талдау сабағы». Сонымен, «Аңсау» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы қандай?
- Тақырыбы – сағыныш, күту, аңсау
- Идеясы – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу, қонақжайлылық. 
- Балалар, композиция дегеніміз не?
- Композиция (латын тілінен аударғанда - құрастыру, қиыстыру) - көркем шығарманың құрылысы
А) Композициялық жоспар құру
Оқиғаның басталуы. Кешкі қала бейнесі 
Оқиғаның байланысуы. Қарияның қалаға келуі
Оқиғаның дамуы. Қарияның баламен кездесуі, атаға сағыныш
Оқиғаның шиеленісуі. Ермектің қарияны үйіне ертіп баруы, оған бауыр басуы 
Оқиғаның шарықтау шегі. Қарияның ауылға сағынышпен аттануы 
Оқиғаның шешімі. Ұйқы құшағындағы Ермектің түсі

ІІ. Композициялық талдау
Оқиғаның басталуы: Қалымбет қарттың қалаға баласының тойына жабдық алуға келіп, кешкі уақытта қалып қойғаннан кейін қонақ үйге бармақ болады. Бірақ, қонақ үй қызметкерлері төлқұжатыңыз жоқ деп кіргізбейді. Сөйтіп, амалы қалмаған қария биік үйлердің арасындағы бір орындыққа жантая кетеді.
Оқиғаның байланысы: Ойнап жүрген Ермекке бір қария кел, мұнда тығыл деп айтады сол уақытта бала қарттың жадағайының астына тығылмай, қарттың мойнына асыла кетеді де атам келді деп мәз болып қалады. Кейін Ермек Қалымбет қартты үйіне ертіп апарады да анасына: ата келді, деп қуанышты сезімін айтады. Кейін бала қариядан ауыл, ауылдағы аттар, бауырсақ туралы сұрақтар қояды.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ермек ұйықтап жатқан уақытта қарт сездіртпей ұйқыдан тұрып, кетпек болады. Сол уақытта Ермектің анасы Қалымбет қартты дастархан басына шай ішуге шақырады. Дастархан басында қария мені іздесеңдер мына мекен - жайдан таба аласыңдар деп тұрғылықты жерін айтады.
Оқиғаның шешімі: Ермек атасын сағынғаны соншалық бөтен қарияны өз атасындай көріп, оны өз үйіне алып келеді.
4.Қолдану.Жұптық тапсырма

І жұп- Қарт пен бала арасындағы диалогті рөлге бөліп оқыңдар .

ІІ жұп- Мәтіндегі орысша сөздердің баламасын табыңдар.

ІІІ жұп- Ермектің орысша араластырып сөйлеуін қалай түсіндіріп бересіңдер?



ІV жұп- Баланың шешесі не себепті ұлына бөтен қарияның жанына жатуға рұқсат берді?

V жұп-Әңгімедегі мата атауларын тап
Б) Топтастыру
5.Жинақтау. «Сағыныш». «Ата қадірі» Осы тақырыпқа ойтолғау жазу

Фрайер моделі (Қалымбет қарт пен Ермек)

Сыртқы бейнесі Мінезі


Ой ұшқырлығы Қоғамдағы орны

V. Сабақты қорытындылау
Жағдаяттан шығу
1. Сіздің ата - атаңыз қалаға кетейін деп жиналып жатса, сіз не істейсіз?
2. Ата - анаңыз ата - әжелеріңізбен кездесуге тыйым салса не істейсіз?

Рефлексия (Мендік пікір аймағына ене отырып,шығармадан алған әсерлерін жеткізу.)

Мені қинағаны...

Мені түңілдіргені...

Мені жұбатқаны...

Мені өкіндіргені...

Мені үрейлендіргені...

Мені сүйсіндіргені...

Мені қуантқаны...

Мені қайраттандырғаны...

Мені қызықтырғаны..

Менің тілегім...

Біздің түйгеніміз...
Мұғалімнің «Аңсау» әңгімесі бойынша қорытындысы.
Сонымен, оқушылар бүгінгі сабақта біз адамдар арасындағы ізгі қарым – қатынастарды үйрететін әңгімені талдадық. Ересек адам мен кішкентай баланың арасындағы байланысты көрдік. Ермек қаланың баласы болып, тілі шорқақ, көп нәрсені тереңірек түсінбесе де, көңілі пәк, адамгершілік пен мейірімділікті кішкентай жүрегіне сыйғызған жан. Атасына деген ықыласы, сағынышы ерекше.
Қалымбет қарт болса өмірдің ащы-тұщысын бірдей татқан ақсақал. Өз немересі болмаса да бала көңілін қимай кішкентай Ермекпен бірге ойнап балаша мәз болады. Ұлы педагог Ушинскийдің  «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына,  олардың жан- жақты дамуын, рухани  бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек.

Осы әңгіме арқылы халқымыздың үлкенге құрмет көрсету мен кішіге ізет білдіру салты көрсетілген. 
6.Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма  «Қарттарым-қазынам», «Үлкенге –құрмет,кішіге -ізет» тақырыбында эссе жаз
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет