Сабақтың тақырыбы: Ауаны ластаушы заттар. Ауаны қорғау Сабақтың мақсаты : Ауаны ластаушы заттар, олардың зияны туралы түсінік беру



Дата04.07.2018
өлшемі24,11 Kb.
#46520
түріСабақ
Садыбаева Индира Серикбаевна Тараз қаласы ,

№1 гимназия бастауыщ сынып мұғалімі

Пәні: Дүниетану Сынып : 4 А

Сабақтың тақырыбы: Ауаны ластаушы заттар. Ауаны қорғау

Сабақтың мақсаты : Ауаны ластаушы заттар, олардың зияны туралы түсінік беру.

Міндеттері: 1. Ауаны қорғау үшін атқарылып жатқан жұмыстармен танысу;

2. Ауаны қорғаудың маңызы туралы білімін тереңдету;

3. Экологиялық тәрбие беру

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ жауап, ойын, бақылау, салыстыру, топтық және өзіндік жұмыс

Көрнекі құрал: тақырыптық суреттер, кестелер, сызбалар, бейнефильм

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика

Болжамдалған нәтиже : ауаны ластаушы заттар, ауаны қорғау туралы білім алған,

ауа тазалығына өз үлесін қоса білетін жеке тұлға;

1.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.

2.Үй тапсырмасын тексеру Топтық жұмыс Ойын: Ол кім? Бұл не?
3.Жаңа сабақ: Кіріспе әңгіме жүргізу

1. Мұғалім түсіндірмесі:


Ауаның ластануы

2. Бейнефильм көру

Қосымша мәлімет 1. Тараз қаласының экологиялық жағдайы

2. ЭКСПО 2017- Болашақ энергиясы

3.Ой шақыру Ауаны тазартуға менің қосар үлесім қандай болмақ? ( көгалдандыру)

Әдебиеттік оқу сабағынан өткен Алмабектің ағашы туралы әңгімені еске түсіру.

Алмабектің іс әрекеті


4. Дәптермен жұмыс

орман ағаштары кесілгеннен кейін орман ағаштарының тигізер пайдасы

табиғатта болатын өзгерістер




4.Сабақты бекіту 1. Жұптық жұмыс Сәйкестендір

Рефлексия

Оқушылар білімін бағалау

Үйге тапсырма




Сабақтың тақырыбы: Ауаны ластаушы заттар. Ауаны қорғау

Сабақтың мақсаты : Ауаны ластаушы заттар, олардың зияны туралы түсінік беру.

Міндеттері: 1. Ауаны қорғау үшін атқарылып жатқан жұмыстармен танысу;

2. Ауаны қорғаудың маңызы туралы білімін тереңдету;

3. Экологиялық тәрбие беру
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ жауап, ойын, бақылау, салыстыру, топтық және өзіндік жұмыс

Көрнекі құрал: тақырыптық суреттер, кестелер, сызбалар, бейнефильм

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика

Болжамдалған нәтиже : ауаны ластаушы заттар, ауаны қорғау туралы білім алған,

ауа тазалығына өз үлесін қоса білетін жеке тұлға;


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. Қыстың күні терезеден

Бізге күле қарапты.

Сондай жақсы көңіл-күймен

Бастайық бұл сабақты.



2.Үй тапсырмасын тексеру Топтық жұмыс

Ойын: Ол кім? Бұл не? ( сұрақтарға жауап беру)

1. Ауа деген не? Ауа неге қоспаларға жатады? Ауа құрамын ата.

2.Неліктен жердің қорғаныш қабаты ауа деп айтамыз?

3. Ауа райын бақылау не үшін қажет?

4.Ауа райының қандай құбылыстарын білесің?

5.Метеорологиялық стансаларда кімдер жұмыс істейді?

6.Қазақ халқының табиғат белгілеріне қарап ауа райын болжау түрлері туралы не білесің?
3.Жаңа сабақ: Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау

Кіріспе әңгіме жүргізу: - Үзіліс кезінде неліктен терезені жиі ашамыз?



  • Далада неге таза ауа көп?

  • Егер терезені ашпасақ қандай жағдай болады?

1. Мұғалім түсіндірмесі:

- Ауаның ластануы – әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Олар жер бетіндегі жан- жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді.



Ауаның ластануы




Табиғи жолмен
1.Жанартаулар атқылағанда

2. Жел арқылы

3. Орман өртенгенде

4. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде



Адам іс-әрекетінен
1.Жылу электр стансасынан

2. Мұнай өңдеуден

3.Металл өндіруден

4.Көліктерден, зауыт, фабрикалар-

дан т.б. шығатын қалдықтар

Ірі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті .Қалаға қарағанда оның үстін түтінді тұман басып жатқанын көресің. Ол тұман газ бен тозаңның араласуынан түзіледі. Содан келіп қаланың ауасы нашарлайды. Ауаның құрамында су буы көп болады, ылғалды ауамен тыныс алу нашарлайды.

Ауаның ластануы тіршілік иелеріне өте қауіпті.Өсімдіктердің жапырағына қонған шаң оның тыныс алуын, суды буландыруын баяулатады. Ормандағыдан гөрі қалада өсетін ағаштар тіршілігі ерте тоқтайды .Орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы қала ауасында 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

Лас ауамен дем алу тыныс ауруларына әкеп соғады.

Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабығы өзінен-өзі тазарта алмайды. Оны қорғау қажет. Ол үшін арнайы шаралар жүзеге асырылады. Автокөліктерден және зауыттардан шығатын түтіннің жолына сүзгіш қондырғылар орнатылады. Сұйық отын газбен алмастырылады.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру. Бұл аса маңызды іске өздерің де қатыса аласыңдар. Сенің еккен әр ағашың ауаны тазартуға қосқан үлесің болып табылады.


2. Бейнефильм көру

Бейнефильм бойынша әңгіме жүргізу


Қосымша мәлімет 1. Тараз қаласының экологиялық жағдайы

2011 жылғы экологтардың мәлімдеуі бойынша Тараз қаласы экологиялық жағдайы төмен қалалар қатарына енгізілген екен. Қаладан 30 шақырымдай жерде Жаңа жамбыл фосфор зауыты орналасқан. Ол фосфор ұнтағын шығарады. Негізінен қаланың ауасына зиянды қалдықтарды шығарушы осындай зауыттар.



2. ЭКСПО 2017- Болашақ энергиясы

Көрмеге көптеген мемлекеттерден табиғи жолмен энергия өндіру саласындағы жаңа технологияларды көрсететін қатысушылар келіп өз өнімдерін қояды. Желден, күннен қуат өндіріп,

табиғи таза , экологияға зиянсыз көліктерді пайдалану қажеттігі үшін ұйымдастырылып отырған бұл көрменің маңызы өте зор.
3.Ой шақыру Ауаны тазартуға менің қосар үлесім қандай болмақ? ( көгалдандыру)

Әдебиеттік оқу сабағынан өткен Алмабектің ағашы туралы әңгімені еске түсіру.

Алмабектің іс әрекеті


4. Дәптермен жұмыс
Дәптеріңе орман ағаштары кесілгеннен кейін табиғатта қандай өзгерістер болатынын бір бағанға жаз. Орман ағаштарының тигізер пайдасын екінші бағанға жазып, қорытынды жаса.

орман ағаштары кесілгеннен кейін орман ағаштарының тигізер пайдасы

табиғатта болатын өзгерістер


  1. Таза ауа азаяды 1.Таза ауа береді

  2. Табиғат сәні жойылады 2.Жазда сая, қыста, дауылда пана

  3. Жел күшейеді 3.Табиғаттың сәні

  4. Орманды жерде өсетін өсімдіктер жойылады 4. Құстарға ,кейбір аңдарға баспана т.б.


Сергіту сәті: музыкалық қимыл-қозғалыс жаттығулары


Тыныс ауруларын тудырады



4.Сабақты бекіту 1. Жұптық жұмыс Сәйкестендір


Ауаны ластаушы заттар

Сүзгіш қондырғылар орнату


Көліктен шығатын газдар


Қышқылды жаңбыр жауады




Лас ауаның тіршілікке зияны




көгалдандыру



Мұнай өңдеуден шығатын қалқалдықтар


Ауаны қорғау шаралары

Жанартаулардың атқылауы


Сұйық отын газбен алмастырылады


Ағаштардың өсу мерзімі азаяды


Рефлексия Бүгінгі сабақтағы көңіл- күйіңді, алған әсеріңді бейнеле, ұпайыңды таңда


20

30

10

Сабақ түсініксіз болды Сабақ қызықты , Сабақ өте қызықты,



болды, аз мәлімет алдым көп мәлімет алдым өте көп мәлімет алдым

Оқушылар білімін бағалау

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, ауаны тазату, қорғау мақсатында жасалып жатқан істер

туралы мәлімет жинау

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет