«Сайты библиотек и социальные сети как средство общения с читателями»



Дата31.12.2019
өлшемі106.5 Kb.
түріСеминар
КГУ «Централизованная библиотечная система города Балхаш»

Семинар

«Сайты ЦБС, как платформа развития библиотек и их востребованность у удаленных пользователей»

Программа:
26 октября 2017 г.

09.00


Сотрудники ЦБС


9.00-9.40

Жолнерова К.А. – руководитель отдела автоматизации библиотечных процессов ЦГБ им.С.Сейфуллина

Тема: «Сайты библиотек и социальные сети – как средство общения с читателями»



9.40-9.50

Калиева Л.М. – библиограф информационно-библиографического отдела

Тема: «Кітапхана сайтындағы ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың негізі – қала тарихынан бастау алмақ»



9.50-10.30

Бегимова Г.А. – и.о. руководителя сектора развития библиотек и методической работы

Тема: «Кітапхана сайты – ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің құрамдас бөлігі»



10.30-10.45

Тылеубекова Г.А. – инженер системотехник отдела автоматизации библиотечных процессов

Тема: «Әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту»



10.45-11.15

Курманова Б.Д. – заведующая Центральной городской детской бибилотекой им. А.Гайдара

Тема: «Пространство развития сайта детской библиотеки»



11.15-11.45

Заключение



Библиотека вечна…, безгранична… и бесконечна…

(Хорхе Луис Борхес)
В последнее десятилетие во все сферы деятельности человечества, в том числе и в культурологическую, стремительно ворвался термин «виртуальность». Одной из ключевых тенденций современного развития человеческой цивилизации является формирование новой информационной среды. Технологическую базу этой среду составляют глобальные компьютеры сети, позволяющие получить доступ к любому виду данных в любом месте и в любое время. С развитием сети интернет, библиотеки получили новую категорию читателей – виртуальных, т.е. тех, кто пользуется услугами библиотеки виртуально, не приходя в нее. Развивая дистанционный доступ к источникам информации, библиотеки создают виртуальные пространства, на которых успешно функционируют все библиотечные технологии. А это означает, что каждая библиотека становится проводником новой культуры – культуры виртуального информационного обмена, виртуального чтения, виртуального общения и познания. В новой информационной среде требования к самой информации и способам ее получения существенно меняется. Всемирная компьютерная паутина, дает возможность доступа ко всей этой информации за считанные минуты вне зависимости от ее реального местонахождения. Виртуальный пользователь, при этом, стремиться получить как можно больше информации, не отходя от компьютера.

У читателя появилась возможность выбора между обращением в реальную библиотеку или обращением к виртуальным ресурсам сети. И поскольку, получение данных из интернета зачастую сопряжено с неизмеримо меньшими затратами времени и сил, выбор чаще будет делаться в пользу интернета. Такие технологические реалии новой информационной среды неизбежно ведут к изменению содержания библиотечной работы. Библиотека, конечно же, продолжает выполнение посреднических функций между информацией и потребителем, но вынуждена приспосабливаться к новым реалиям и изменять формы своих услуг. Уже сегодня для библиотек являются привычными услуги, которые предоставляются читателю виртуально. Это такие услуги как: виртуальные справочные службы, виртуальные путеводители по ресурсам интернет, онлайн доступ к базам данных и электронным каталогам, виртуальное обслуживание – продление книг онлайн, информационные рассылки для конкретных групп читателей – смс рассылка; и одной из традиционных форм библиотечной деятельности, переживающих эпоху модернизации и адаптации к удаленному способу обслуживания, можно назвать виртуальные книжные выставки.

Со стороны виртуальных посетителей отмечается стабильный интерес к библиотеке и ее ресурсам. В 2014 году зафиксировано 56 000 посещений нашего сайта, счет пользователей идет с того момента, как был запущен счетчик на сайте, а на данный момент 2017 года – зафиксировано уже 300 000, это еще не конец года. Это связано с тем, что ЦБС постоянно работает над улучшением организации обслуживания удаленных пользователей. Если посмотреть по географии местонахождения пользователей, то можно отметить, что наш сайт посещают не только Казахстан, но и другие страны. Также возрастная категория посетителей нашего сайта различна. Часто запрашиваемые поисковые фразы.

Регулярно проводится работа по улучшению навигации сайта, добавляются новые рубрики и баннеры. На главной странице сайта представлены новые баннеры такие как, «Галерея почетных граждан города Балхаш» - где размещен материал обо всех почетных гражданах города, с биографией и статьями; «3D галерея памятников города Балхаш», (реализовано по идеи детской библиотеки) памятники можно увидеть в реалии, прочитать описание памятника и его историю создания.

На сайте было запущено официальное мобильное приложение ЦБС «Балхаш. Библиотека рядом». Мобильное приложение – это оперативный доступ к электронному каталогу, виртуальная справочная служба, возможность удаленно подать заявку на продление книги, получить быстрый доступ к чтению электронных книг. Приложение доступно бесплатно для скачивания на Play Market.

Теперь немного по разделам: одним из важных и объемных разделов является раздел «Ресурсы» - в нем представлены рубрики: «Библиотека благодарит», «Виртуальные выставки», «Издания библиотеки», «Новые поступления», «Периодические издания», «Полезные материалы», «Электронные ресурсы». Подробнее остановимся на рубрике «Полезные материалы» - здесь представлены аудиокниги – которые находятся как в свободном доступе для прослушивания онлайн, так и для скачивания; интернет-ресурсы – представлено много полезной информации, электронные и цифровые библиотеки, периодические издания, сайты города Балхаш; калейдоскоп знаний – здесь собраны уникальные материалы из энциклопедий в алфавитном порядке.

Практика показывает, что наиболее востребованным ресурсом сайта является краеведческая рубрика. К ней обращаются не только наши соотечественники, но и пользователи из за рубежа.

Одним из популярных материалов для библиотекарей и не только, является рубрика «Методическая копилка», в которой можно найти полнотекстовые авторские сценарии наших мероприятий, а также методические пособия.

Сегодня наблюдается тенденция увеличения категории удаленных от библиотеки пользователей. Поэтому электронные услуги библиотек, рассчитанные на широкий круг удаленных пользователей, должны развиваться как содержательно, так и с точки зрения применения новых технологических возможностей, предоставляемых инструментами веба нового поколения. Развитие услуг, реализуемых в электронной среде, направленное на расширение, персонализацию, введение новых форм и обратной связи с пользователями и, соответственно, на усиление присутствия библиотеки в сетевом пространстве, способно направить по новому пути существующие взгляды на роль и возможности развития библиотек.

ЦБС зарегистрирована в  таких социальных сетях, как  Вконтакте, Одноклассники, Facebook, Мой Мир, Instagram, где активно используется возможность обсуждать с виртуальными пользователями новости, события, новые услуги, изменения в режиме работы и многое другое.

«Библиотечный сайт – необходимость нашего времени. Сегодня создать свой сайт означает для библиотеки реализовать одну из задач автоматизации – объединить традиционное книжное содержание библиотечной деятельности и высокую степень владения современными программными средствами, телекоммуникационными технологиями. Таким путём детские библиотеки находят своё место в культурной, информационной и образовательной сфере интересов подрастающего поколения и взрослых, имеющих отношение к проблемам детства, принимают активное участие в исследовании влияния чтения на формирование личности ребёнка. Именно с помощью сайта можно создать образ своей библиотеки как «гостеприимного и богатого ресурсного центра».
Кітапхана сайтындағы ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың

негізі – қала тарихынан бастау алмақ.

Қазіргі заманауи кітапханалар жұмысында өлкетану туралы еркін ақпарат алуға қол жеткізу үшін, күнделікті қызмет көрсетуден басқа, электронды басылымдар және электронды каталогтар, виртуалды анықтамалар пайдаланылатыны туралы өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан біздің ақпараттық-кітапнама бөлімінің мақсаты – өлкетану қорындағы бар құжаттарды пайдалану барысында сақтай отырып, оны оқырмандардың кеңінен пайдалануларына мүмкіндік беру. Сол үшін күнделікті мерзімді баспалардың материалдарын, кітаптарды цифрлап, қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік жасаймыз.

Өз қызметімізде халықтың әр түрлі топтарының қажеттілігін қанағаттандыру, кітапхананың мәдени, ақпараттық, білім беру, әлеуметтік сұраныстарын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды іздестіреміз және Балқаш қаласының тарихынан, онда әр уақытта өмір сүрген белгілі бір қоғам қайраткерлері мен қала дамуына еңбегі сіңген тұлғалар туралы мәлімет беру мақсатымен, өлкетану бөлімі кітапхананың сайтында екі тілде: Известные имена Прибалхашья (орыс тілінде) және Балқаш өңіріне танымал есімдер атты айдарларды орналастырдық. Біз осы айдарларға материалдар дайындау кезінде, тек қала аумағымен шектелмей, Қазақстанның басқа қалаларына немесе жақын шет елдерге көшіп кеткен жерлестерімізді іздестіріп, кейде тікелей байланысқа да түсеміз.(Мен Сіздерге қазақ тіліндегі Балқаш өңіріне танымал есімдер айдары туралы мәлімет бере кетуді жөн көрдім).


  1. Балқаш өңіріне танымал есімдер веб-сайты туралы айтып кетер болсақ ол: (сайт ашылады:)

Алғашқы құрылысшылар

Білім беру

Денсаулық сақтау

Қаланың басқару органы

Құрылыс

Металлургиялық өндіріс



Мәдениет және БАҚ

Спорт


Транспорт

ҰОС батырлары

Халыққа қызмет көрсету

Ақын-жазушылар

Басқалары (бұл бөлімге тарихшылар, қол өнерінің іскерлері және ішкі істер Департаментінің өкілдері енген).

Және де тура осындай ретпен орыс тілінде де орналастырылған.

Қазір осы сайтта біздің 100-ден аса Балқаш өңіріне танымал және Балқаш қаласының Құрметті азаматы атағын алған 55 жерлестеріміз туралы мәліметтер орналастырылып, мыңнан астам құжат цифрланды.

Алғашқы құрылысшылар қатарынан тұғыры биік тұлға, ірі қайраткер, қазақ халқының біртуар азаматы Дінмұқамед Ахметұлы Қонаевты алып қарастырсақ: институт қабырғасынан жаңа ұшып шыққан жас маман алғаш рет Алматыдан ұшақпен Балқаш өңіріне ұшып келгенде сарғайып жатқан сар даладағы жұпыны барақтарды, жер кепелерді көріп тұрып, аздаған жылдар ішінде осы арада сәулетті де әдемі қала бой көтереді деп ойлаған екен. Сондықтан осы сайтта алғашқылардың бірі болып, Дінмұқамед Қонаевтың өмірбаяны, еңбек жолы мен солш еңбегінің арқасындағы өсу жолдары, марапаттары, көне қариялар мен көз көргендердің ол кісі туралы жазған естеліктері енген. Сайтта тұрған белгілі тұлғаларымыздың бәрі де осылайша орналастырылып, әдебиеттер тізімі хронологиялық ретпен жасалынған.

Металлургиялық өндірісті алып қарасақ қара қазаны қайнаған мыс шаһарының еліне еңбегі сіңген металлургтерінің тізімі шығады. Бегалиева, Кадыржанов, Антоновский туралы айта кету.

Біздің оқырмандарымыз кітапхананың сайтына кіріп, өзіне керекті мәліметті көшіріп алып, оқиды.

«Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» айдарында Балқаш өңірінің ақын-жазушыларының әдеби шығармалары жайлы қызықты ақпарат береді. Мұнда аймақтың тарихы, өнер және мәдениеті, табиғаты, әдеби мұрасы жайлы кітаптар ұсынылады.

1.Нұрғазы Нұрмұхамбетұлы «Ақселеу дала самалы»

2.Амантай Қалымбергенов «Орысбайдың тоғаны»

3.Жанболат Башар «Қабір үсіндегі зұлмат» шығармаларына талдау жасалынды.

Сонымен бірге, қазіргі кезде жергілікті ақын-жазушылармен кітапхана арасында жасалған келісім-шарт негізінде, жергілікті авторлардың кітаптарын цифрлау жұмыстары да белсенді түрде жүргізілуде.

Кітапхана ісін автоматтандыруда елеулі орын алған:


  1. РАБИС бағдарламасы арқылы біз жаңа әдебиет шығармаларын және мерзімді басылымдағы мақалалар мен өлкетануға арналған материалдарды, қаланың тарихы мен бүгінгі өмірі туралы, осы қалада болып жатқан елеулі жаңалықтар мен оқиғаларды электронды түрде құйып, уақытымен сақтап отырамыз. Біз РАБИС бағдарламасына күнде 18-20 шамасында материалдар құямыз. Бұл сонда бір аптада қаншама құжаттардың дайын тұратындығын көрсетпей ме? РАБИСТЕН қажетті материалды іздеу кезінде, автордың тек тегі немесе дерек көзі немесе түйін сөздерін (кілт деп айтамыз ғой) жазу арқылы тауып ала аласыздар. Мысалы РАБИС бағдарламасына материалдар енгізу кезінде:

  1. Авторы

  2. Мәтіннің немесе шығарманың атауы

  3. Шығарманың шыққан жылы, айы,күні, нөмірі жазылып

  4. Мәтін бірнеше (4-5) түйін сөздермен бекітіледі де

  5. Дереккөзі (газеттің,кітаптың атауы жазылып), FDP-ке салып, РАБИСКЕ енгіземіз.

  1. «Библиографтан сұраңыз» атты виртуалды анықтама арқылы, әр оқырман өзіне қажетті тақырыптық ақпаратты іздеп, бір жолғы сауалдарына жауап ала алады. Біздің бөлім осы анықтамаға да дер уақытында жауап беріп, оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандырып отырамыз. Біз күніне әр тақырыптағы 2-3 сұрақ аламыз, көп сұрақ қала тарихы және оның тарихы туралы дереккөздері мен ондағы ескерткіштер мен көше атаулары туралы қойылады. Ол сұрақтарға тез, сапалы жауап беруге тырысамыз.

Қорытынды: Кітапхана сайтындағы ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың негізі – қала тарихынан бастау ала отырып, әрі қарай тынымсыз дами беретініне тағы да бір көз жеткіздік деп ойлаймын. Сондықтан да, біздің ақпараттық-кітапнама бөлімінің мақсаты оқырманның жұмысын жеңілдетіп, беретін ақпараттың сапасын жақсарту, ақпаратты технологиялық жолмен жеткізіп, оны оқырмандарға өз уақытында беру болып табылады.
Әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту

Әлеумет – халық, адамдар, топ болса, желі – байланыс, қарым-қатынас. Осы жердегі «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз. Әлеуметтік желілер арқылы адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін. Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.

Ал, кітапханалар үшін оның пайдасы өте зор. Кітап оқуды, кітапханаларды алға бастырудың перспективті бағыттарының бірі.

 Бастапқыда кітапханашылар әлеуметтік желілерді қарым қатынас жасау үшін қолдана бастаған. Кейін әлеуметтік желілерде өз парақшалар құруға болатынын түсінді. Кітапханашыларға көп мүмкіндіктер туғызды, олар әдебиеттердің виртуальді шолуын көруге, кітапханада өткізілетін іс-шаралар туралы және оларға шақыру алу, кітапханада бар кітаптар туралы ақпарат алу, мерзімді басылымдармен танысу, әдебиеттердің ұсынымдық тізімін алу және т.б.

Әлеуметтік желілерді қолдану кері байланыс алудың құралы, пайдаланушыларға ақпарат жеткізу, пікір алмасуға арналған шығармашылық алаңы ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер көптеген кітапханашыларға, бір-бірімен жиі тәжірибе алмаспайтындықтан, мотивация нысаны болып табылады. Бірақ, әлеуметтік желі беттеріндегі жаңа кітап көрмелерін, вертуальді көрмелерді, қызықты іс-шара есебін көрген соң, оларда өз кітапханаларында осындай іс-шаралар өткізуге деген қызығушылықтары оянады.

Біздің кітапханада 5 әлеуметтік желі бар. Олар: Facebook, ВКонтакте, Mail.Ru, Однаклассники, Инстаграм.

Біздің кітапхана 2015 жылдан Facebook-те тіркелген. Осы уақыт ішінде 465 адаммен достасқан. Олардың  көпшілігі-кітапханашылар мен шығармашылық саласындағы мамандар. Facebook беттерінде кәсіби мәселелерді талқылау, тәжірибемен алмасу болады. Facebook-жаңалық алуға, дос табуға, уақыт өткізуге, ең бастысы көптеген пайдалы нәрселер алуға ыңғайлы әлеуметтік желі. Қолданушылар жасы 20-40 жастар аралығы Біреудің бір суреті, видеосы немесе жазбасы ұнаса, оны басқалармен бөлісуге болады.

Контакте немесе VK (орыс. ВКонтакте, "байланыста" деген мағына береді) көбінесе орыстілді ғаламторда (рунет) танымал ресейлік көптілді халықаралық сайт, әлеуметтік желі. 2013 жылғы зерттеулер бойынша “ВКонтакте” сайтына күніне 43 миллион адам кірген. "Вконтакте" сайтының негізін салушы — Павел Дуров. Осы уақыт ішінде 540 адаммен достасқан. В контактенің қолданушылардың жасы 16-30 жастар аралығында.



Mail.Ru - қазіргі кезде жастар ол әлеуметтік желіні қолданбайды. Тек қана почта арқылы жұмыстарын жіберіп отырады. Және үлкен мекемеде жұмыс істейтін адамдар іс-қағаздарды почта арқылы жіберіп, байланыс жасайды. Осы уақыт ішінде 160 адаммен достасқан.

Одноклассники - тура в контакте сияқты. Бірақ ол жерде жастар көп отырмайды. Көбінесе, үлкен кісілер отырады. Осы уақыт ішінде 302 адаммен достасқан. Осы әлеуметтік желінің арқасында сыныптастардан өзге басқа бірге оқығандарды, әскердегі таныстарды, әріптестерді, өмірде кездескен жандарды да тауып алуға болады. Адамдарды аты-жөні, жас ерекшелігі, елі мен қала бойынша іздеуге болады.

Енді инстаграм туралы тоқталып кетсем, біз бұл әлеуметтік желіге кейіннен қосылдық. Казірге уақытта тіркелушілер саны 125. Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға фильтр қолдануға, сонымен қатар оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар.

Балалар сайтын дамыту кеңістігі

Слайдта А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының

сайты көрсетіліп тұрады. http://www.balkhashkidslib.kz

Өткен замандардың түңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де кітаптан табамыз. Десек те, заман талабына сай, уақытымызды үнемдеу үшін Ғаламторға жүгінуіміз басым - бұл біздің ойымызды жаңашылдыққа бұру және өзгерту болып табылады. Оқырмандарға қызмет көрсетуді басқаша ойластырып, ақпараттармен қамтамасыз ету үшін А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы 2011 жылы 27 шілде күні виртуалды пайдаланушылар үшін өз веб-сайтын ашты, 2012 жылы сайт өзгертіліп http://www.balkhashkidslib.kz

аталды.

Экранда скриншот жасалған сайттың құрылымы көрсетіледі.



Кітапхана сайты пайдаланушыға жедел, әрі сапалы кітапханалық-библиографиялық іздеу жасауға, кітапхананың ақпараттық ресурстарымен пайдалануға, сонымен қатар, қызметінің әр қырымен танысуға мүмкіндік береді:

- виртуалды көрмелерімен;

- мақсатты жобалары және бағдарламаларымен;

- олардың өткізілгені туралы мәліметтермен;

- қызығушылық клубтары және үйірмелердің жұмысымен.

Слайдта «Қызығушылық клубтары» рубрикасы көрсетіледі.

Кітапханалық қызметінің арасында оқырмандардың қарым – қатынасы үшін өте керекті жұмыс - қызығушылық клубтары. Клуб мүшелері жаңа әдебиеттермен, журналдармен танысып, керекті білім алып, өз тәжірибесімен бөліседі, ниеттес достарымен танысады, оқуды шығармашылықпен ұштастыруға мүмкіншілік туғызады.

Балалар кітапханасында 2 клуб жұмыс істейді:

• жастар бойына Отанды сүю, бабалардан мирас болып қалған ұлы мұраны.

қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтауға баулу мақсатында 2002 жылы ашылған «Рауан» клубы;

• 2003 жылы өнегелікке тәрбиелеу мақсатында жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға арналған №3 мектеп –интернатының негізінде құрылған «Шаг навстречу» клубы. Сайтта клубтардың мақсаты, жұмыстар жоспарлары берілген.

Слайдта - cкриншот жасалған «Білім сандықшасы» рубрикасы.

Бұл рубрикада кітапхана қорына келіп түскен мерзімді басылымдар мен жаңа кітаптар қысқаша аннотацияларымен, сонымен қатар, балалардың жас ерекшеліктеріне сай берілген:

Журналдар әлемінде

- 10 жасқа дейінгі оқырманға

- 16 жасқа дейінгі оқырманға

Кітаптар хит-парады

- 10 жасқа дейінгі оқырманға

- 16 жасқа дейінгі оқырманға

Экранда әр сыныпқа бейімделген «Жазда оқимыз» рубрикасы скриншотпен көрсетіледі.

Жасөспірімдер мен балалардың бос уақыттарын қалай тиімді өткізуге болады? Жазғы демалыстарын кітаппен қызықты өтуін қалай ұйымдастыру керек? - деген сұрақтардың шешімін осы бөлімнен табуға болады, бүл жерде де кітаптар бағдарламасы әр сынып оқушыларына жеке топтастырылған.

Слайдта - Вебландия рубрикасы

Виртуалды кітап көрмелері және кітапхана басылымдарына жеке тоқталу.

Виртуалды кітап көрмесі пайдаланушыдар үшін өте қолайлы. Кітапханадан тыс, кез келген уақытта осы бөлімге қойылған түрлі тақырыптардағы кітаптармен таныса алады.

Мысалы:

• балалар мен жасөспірім, ересектерге арналған қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген көркем суретті «Шығыстың ұлылары» топтамасына жасалған виртуалды көрме, немесе:

• домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі - Мағауия Хамзиннің 90 жылдығына арналған виртуалды көрме т.б.

Кітапхана басылымдары

Ақпарат қоғамындағы кітапханалардың көрсететін дәстүрлі қызметтерінің бірі – ақпарат кеңістігіне жол ашу. Бұл бөлімде кітапхана қызметкерлері құрастырған кітапхана қорын ашудағы басты құрал - библиографиялық көрсеткіштер.

Атап айтатын болсақ:

қазақ балалар әдебиетінің өкілі С.Омаровтың 110-жылдығына орай дайындалған «Халқының сүйікті қарымды қаламгері» биобиблиографиялық көрсеткіш;

балалар ақыны А.Бартоның шығармашылығына арналған «Большой мир детского поэта» библиографиялық құрал;

Ы.Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіш, кітапхананы пайдалану жадынамасы т.б. құжаттар орыс және қазақ тілдерінде берілген. Бұл көрсеткіштердің құндылығы – әр құжаттың қысқаша мазмұнының жазылуында.

Білімпаз оқырмандар патшалығы рубрикасындағы

• Мақал –мәтелдер, Жұмбақтар, Викториналар, Пазылдарға

жеке тоқталып, түсініктеме беру.

Бұл рубрикада оқырман орыс және қазақ тілдерінде берілген мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды шешіп, өз білімі мен тапқырлығын шыңдай алады.

Бұл жадығаттар:

• Бірлік, сыйластық

• Ата-ана, балаларжайында

• Ас, дәмтуралы

• Адам туралы

• О здоровье

• О доброте

• Жеміс –жидек, тағам туралы

• Алфавиттік жұмбақтар т.б. тақырыптар бойынша топтастырылып берілген.

• Пазылдар

«Ойын - баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады» деп әйгілі кеңес педагог-новаторы, жазушы В. Сухомлинский айтқандай, пайдаланушы бұл бөлімдегі Пазылдар арқылы, ойын түрінде, әр түрлі заттарды, ойынышықтарды құрастырады.

Бөлімде өмірдің әр түрлі салаларын қамтитын алуан түрлі сұрақтар мен мысалдар викторина сұрақтарына енген, атап айтсақ:

• Ертегілер елінде

• Ойлан да, сөйлемді аяқта!

• Ойлан, тап!

• Что, где, когда?

• Животный мир

• Страноведение

• Ақын-жазушылар өмірі мен шығармашылығына арналған т.б. викториналар бастауыш сыныптарға, орта және жоғары сынып оқуларына бейімделген. М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған викторинаны әріптестерге ұсынамын.

Кітапхана қызметкерлеріне http://www.balkhashkidslib.kz сайтынан М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған 23 викторина сұрақтарына жауап беру ұсынылады.

Слайд арқылы «Біз әлеуметтік желідеміз» рубрикасы.

Әлеуметтік желілерде жүктелген құжаттар көрсетіледі.

Бүгінгі күні кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалдық деңгейі мен сұраныстары күрделі, сондықтан олардың қажетті сұраныстарын орындап жаңа ақпарат көздерін, кітапханада өткен іс-шаралар, кітап оқу туралы қызықты ақпараттарды дер кезінде жедел таратып отыру, сонымен қатар, басқа адамдармен танысып, жарнамалар беріп отыру үшін ВК, Мой Мир, Facebook, Инстаграм әлеуметтік желілерге тіркеліп,ойымызбен бөлісеміз, кітапханада өткен, немесе өтетін шаралармен таныстырамыз т.б.

Интерактивті сауалнама.

Сауалнама - мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс болып есептеледі және кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара байланысты зерттеу болып табылады.

Мағлұматты қандай ақпарат көзінен алғанды қалайсыз?

• Жаңа кітап көрмелерінен

• Мерзімді басылымдардан

• Ғаламтордан

• Дискіден

• Электронды кітаптан

• Дәстүрлі кітаптан

Сауалнамаға талдау жасау барысында байқағанымыз:

Бұл сұраққа басым көпшілігі «Жаңа кітап көрмелерінен» деп жауап берген екен. Түйін: алғы уақытта да ұйымдастырылған кітап көрмелер жарқындығы мен және бейнелілігімен, өзектілігімен, маңыздылығымен оқырмандардың назарын тартуына көңіл бөлуге тырысамыз.

Интерактивті сұрақтарға сіздердің де жауап берулеріңізді өтінеміз!

Экранда - сайт парақшасының төменгі жағында орналастырылған баннерлер.

Әр уақытта пайдаланушылар үшін сайт қызықты да тартымды болу үшін барынша кең сілтемелер қойылды: Биыл Балқаш қаласына 80 жыл толып отыр, сондықтан кітапханада мерейтойға арналған біраз жұмыстар жасалды, соның ішінде Балқаш қаласының ескерткіштер 3d галереясы дайындалып, сайтқа қойылды.

Экранда Балқаш қаласының ескерткіштер 3d галереясы сайттан көрсетіледі. Сондай-ақ, Халықаралық «Көк сандық саяхаты» акциясына қатысу барысында оқырмандармен өткізген жұмысына есеп беруі; «Лаңкестік қауіпі туралы хабарламалар үшін телефондары»; «Рухани жаңғыру» баннерінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, «Туған жер» Концепциясы жобасы; Латын әліпбиіне көшу туралы «Латын әліпбиі –рухани жаңғырудың алтын діңгегі»; «Бір ел, бір кітап акциясы» сонымен қатар, 2015 жылы Елбасының бүлдіршіндерге арналған керемет сыйлығы- танымдық балалар әдебиеті сайты Tattialma.kz. баннерлері қойылды.

tattialma.kz сайтымен қысқаша таныстыру.

tattialma.kz - балаларды әдебиет әлемімен таныстыру мақсатында ашылған сайт. "Тәтті алма" жинағындағы барлық шығармалар мен қоса оқушыларға арналған түрлі қызықты мазмұндарды қамтыған жаңа сайт Мемлекеттік тілді дамыту қорының жаңа жобалары аясында ашылып отыр. Сайтқа ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың балаларға арналған «Тәтті алма» атты 2 томдық көркем шығармалар жинағына айтылған алғы сөзі орналастырылған. Мультфильмдер, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, және ата-аналарға арналған бөлім мен байқаулар бөлімі бар.

Tattialma.kz. сайтындағы мультфильмдер, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар көрсетіледі.

Сайт статистикасы диаграмма арқылы көрсетіледі.

Сайт жұмысының нәтижесін есептерде ұсынылған статистика көрсетеді. Виртуалды кітапхана жұмысы да оның статистикасынан көрінеді. Есептегіш көрсеткіштерін пайдаланып, біз кітапхана сайтын қай өңір көбірек пайдаланды, қандай веб-парақтар танымал, қай айда және қай күндері сайт көбірек/азырақ пайдаланылғанына талдау жүргіземіз. Сонымен бірге, кітапхана сайтының Ғаламтордың түрлі іздеу жүйелеріндегі рейтингін біле аламыз.

Көп оқылған беттер:

• Табиғат туралы мақал-мәтелдер

• Сценарий

• Жұмбақтар

• Викториналар

• Пословицы и поговорки

• Жеміс-жидек

• Про дружбу т.б.

Балалар кітапханасы сайтын қолданушылар саны жуық шамамен алғанда өткен жылдан екі есеге артқанын атап өтуге болады. Біз тек қана өз оқырмандарымыз үшін ғана емес, шалғайдағы пайдалануышлар үшін де қызмет етеміз. Сондықтан сайтты пайдаланушылар географиясы да кеңеюде.

Сайтқа кіргендер қатарында: Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия, Жапония, Араб Эмираты, Тайланд, Чили, Перу, Сербиядан т.б. 35 елден кірген екен.

• Сайтқа келушілер: 30911

• Бірегей келушілер: 14574

• Визиты -18592

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру барысында балалар кітапханасы сайты әрі қарай дамып, мазмұны байып, жаңартылып тұруына атсалысамыз.



Заключение

Современные информационные технологии оказывают главенствующее влияние практически на все отрасли человеческой деятельности. Не являются исключением и библиотечные системы. Компьютерные технологии значительно обогатили традиционные библиотечные сервисы, позволили сделать поиск необходимой библиотечной информации более эффективным, быстрым и удобным.

Библиотеки во всем мире перестраивают свою деятельность в соответствии с требованиями информационного века. Меняются традиционные библиотечные технологии, формы обслуживания, принципы взаимодействия библиотек друг с другом. Бурное развитие компьютерных и сетевых технологий позволяет библиотекам на качественно новом уровне удовлетворять информационные потребности пользователей, в частности – предоставить возможность для получения доступа к информационным ресурсам и услугам в сетевом режиме.

Реальностью становится удаленное обслуживание пользователей, которым предоставлена возможность получать библиотечные услуги, не приходя в библиотеку, непосредственно с рабочего места или прямо из дома. При этом посещаемость виртуальных библиотечных служб значительно превосходит посещаемость их реальных библиотечных аналогов. Ориентирование библиотечной работы не только на реального, но и на виртуального читателя расширяет аудиторию библиотеки до глобальных масштабов.



Онлайновые сервисы современных библиотек являются востребованной формой обслуживания удаленных пользователей в сетевой среде, активно развивающейся во всех типах библиотек мира.
Каталог: files -> userfiles -> metodicheskaya sluzhba -> seminary
metodicheskaya sluzhba -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
metodicheskaya sluzhba -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
metodicheskaya sluzhba -> «Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім»
metodicheskaya sluzhba -> «ГҮл мереке, КҮн мереке – 8 наурыз» халықаралық Әйелдер күніне арналған орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары арасындағы сайыстың сценарийі
metodicheskaya sluzhba -> «кітапханашының Өзін ұстау және сөйлеу мәдениеті» жас кітапханашылармен әңгімелесу Мақсаты
seminary -> Семинар-практикумының бағдарламасы: 31 наурыз 2016 ж. 09-00
metodicheskaya sluzhba -> Сценарий презентации выставки «конституция тәуелсіздік кепілі. Конституция гарант независимости»
seminary -> Семинар-практикумының бағдарламасы: 31 наурыз 2016 ж. 09-00


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет